Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МІ силлабус 2012.docx
Скачиваний:
176
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
2.89 Mб
Скачать

12. Төменде осы тақырыпқа қатысты Абайдың өлең жолдары берілген, оқып шығыңыз.

« ...Жүрегім менің қырық жамау

Қиянатшыл дүниеден... »

Өлең жолдарындағы «қырық жамау», «қиянатшыл» деген сөздердің мағынасын түсіндіріңіз.

13. Жүрек сөзіне қатысты фразалық тіркестерді оқып, мағынасын сәйкестендіріңіз. Осы сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құрыңыз.

Жүрегі айну

толқу

Жүрегі алып ұшу

жайлану, жай табу

Жүрегі тас төбесіне шығу

құсқысы келу

Жүрегі орнығу

қатты қорқу

14. Гипертониялық криз диагнозы қойылған науқасқа алғашқы көмекті қалай беру керектігі туралы баяндаңыз (мәтін бойынша).

15. Мәтінде сіз үшін жаңа ақпарат бар ма? Мәтін мазмұнына өзіңіз білетін осы тақырыпқа қатысы бар мәліметті қосыңыз.

10. Негізгі әдебиеттер:

1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Медициналық оқу орындарына арналған. Алматы, 2002 ж. 80-88 беттер.

2. Дәрменқұлова Р.Н.Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы, 2002 ж. 32-34 беттер.

3. Доскеева Б.Ж. Кәсіби медициналық қазақ тілі. Алматы, 2012 ж. 71-76 беттер.

Қосымша әдебиеттер:

1. Рақышев А. Адам анатомиясындағы халықаралық атау-терминдер. Алматы, 2011 ж.

2. Қазақша-орысша сөздік. ҚР Білім және ғылым министрлігі А. Байтұрынұлы атындағы Тіл білімі институты. – Алматы, 2001 ж.

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

Әдістемелік нұсқаулар

8 Тақырыбы: Аралық бақылау

2013 ж.

Кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілді

Хаттама №____, «_____»____________2013ж.

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, п.ғ.д. Аяпбергенова К.К.

1. Тақырыбы: Аралық бақылау

2. Мақсаты: Өтілген лексикалық және грамматикалық материалдарды қайталай отырып, студенттердің алған білімін анықтау, қорыту, бекіту.

Тапсырмалар:

А) Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Адамның кеуде қуысында қандай мүшелер орналасқан?

  2. Құрсақ қуысында қандай мүшелер бар?

  3. Бұлардан басқа тағы қандай мүшелер бар?

  4. Тірек – қимыл жүйесі неден тұрады?

  5. Қаңқа дегеніміз не?

  6. Бұлшық еттің қандай қасиеті бар?

  7. Ас қорыту жүйесі қайдан басталады?

  8. Зәр шығару жүйесіне қандай мүшелер жатады?

  9. Қан айналу жүйесі қандай қызмет атқарады?

  10. Тыныс алу жүйесі қандай мүшелерден тұрады?

  11. Адамның көзбен көретін дене мүшелеріне қандай мүшелер жатады?

  12. Адамның басында қандай мүшелер орналасқан?

  13. Көзбен көрмейтін мүшелер қандай мүшелер жатады?

  14. Халқымыз алыс сапардан оралған адамдардан не деп амандасып, жөн сұрасқан?

  15. Он екі мүшеге нелер жатады?

  16. Ауру дегеніміз не?

  17. Ауруды тудыратын қандай себептер бар?

  18. Ауру белгілерін қалай білуге болады?

  19. Ауруды анықтау үшін қандай тексерулер жасау керек?

  20. Сырқатнаманың қай бөлімінде науқастың жасы, жынысы анықталады?

  21. Аурудың шағымдары нешеге бөлінеді?

  22. Негізгі шағымда не жазылады?

  23. Қосымша шағымдар нелерді білдіреді?

  24. Аурудың даму тарихы не жайлы?

  25. Жүрек қайда орналасқан?

  26. Жүрек неше бөліктен тұрады?

  27. Құлақша мен қарынша не арқылы байланысады?

  28. Жүректің жұмысы қандай?

  29. Қан тамырлары нешеге бөлінеді? Қалай аталады?

  30. Күре тамырдың түсі қандай?

  31. Ең үлкен күре тамыр қалай аталады?

  32. Адам ағзасында қанша қыл тамыр бар?

  33. Қанның түсі неліктен өзгереді?

  34. Көк тамыр қандай тамыр?

  35. Көк тамыр қандай қызмет атқарады?

  36. Адам қанының құрамы қандай болады?

  37. Гипертония неден болады?

  38. Аурудың алғашқы кезеңі қалай өтеді?

  39. Аурудың өршу кезеңі қалай өтеді?

  40. Ауру біліне бастағанда қандай өзгерістер болады?

  41. Ауру асқынған кездегі сырқат белгілері қандай?

  42. Аурудың соңғы кезеңі қалай өтеді?

  43. Гипертониялық криз ненің салдарынан пайда болады?

  44. Гипертониялық криздерді өршітуші себептер қандай?

  45. Церебралды түрінде қандай белгілер пайда болады?

  46. Құрысу түрінде қандай белгілер пайда болады?

  47. Бұл ауруларды қалай емдейді?

Ә) Төмендегі сөздердің аудармасын айтыңыз.

құрсақ қуысы – брюшная полость

жұтқыншақ – глотка

өңеш – пищевод

кеңірдек – трахея

зәр, несеп – моча

несепағар – мочеточник

қуық – мочевой пузырь

без – желез

өзек – проток, серцевина

икемделу – приспособиться

кәмелеттік – cовершеннолетний; зрелый

асықты жілік– большеберцовая кость

тоқпан жілік – плечевая кость

кәрі жілік– локтевая кость

жауырын – лопатка

жамбас – тазовая кость

омыртқа – позвоночник

ортан жілік – бедренная кость

қуық – мочевой пузырь

өт – желчь

ұйқы безі – поджелудочная железа

дене бітімі – телосложение

қақырық – макрота

көкбауыр – селезенка

қуық – мочевой пузырь

қондырғы – установка

ақау – дефект, порок

туа пайда болған – врожденный

жүре пайда болған – приобретенный

кескін – внешний облик; черты лица

талшық – волокно

құлақша – предсердие

қарынша – желудочек

жиырылу – сокращение; сжиматься

босаңсу – расслабление

күретамыр – артерия

көктамыр – вена

қылтамыр – капилляры

қаныққан – насыщенный

алқызыл – алый; румяный

ұлпа ткань

жасуша клетка

серпімді – упругий

қажу – переутомление

елес – галлюцинация, привидение

ұю – застыть, задеревенеть

жансыздану – онемение

демікпе – одышка, астма

құрысу – судорога, корчиться

ашуланшақтық – раздражительность

күйзеліс депрессия

Б) «Сырқатнама және оның құрылысы» мәтінін пайдалана отырып гипертония ауруы бойынша сырқатнама жазыңыз не хабарлама жасаңыз.

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН