Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МІ силлабус 2012.docx
Скачиваний:
176
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
2.89 Mб
Скачать
  1. Тәжірибелік сабақтарға арналған

  2. Әдістемелік нұсқаулар

  3. 21 тақырып: Витаминдер

  4. Үстеу

  5. 2013 ж.

  6. Кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілді

  7. Хаттама №____, «_____»____________2013ж.

  8. «Бекітемін»

  9. Кафедра меңгерушісі, п.ғ.д. Аяпбергенова К.К.

  10. 1. Тақырыбы: Витаминдер.

  11. Үстеу

  12. 2. Мақсаты: Мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету, үстеулердің түрлерін орыс тілімен салыстыра отырып, практикалық жолмен меңгерту, түрлі жаттығу жұмыстары арқылы қазақша сөйлеуге дағдыландыру, мәтінде кездесетін медициналық қазақша атауларды игерту.

  13. 3. Міндеті: Мәтіннің мазмұнын өз бетінше баяндауға үйрету, үстеуді дұрыс қолданып, сөйлем құрауға, сөйлей білуге машықтандыру.

  14. Когнитивті – білім компетенциясы: үстеу туралы мағлұмат беру, мәтінде кездесетін жаңа сөздерді меңгерту.

  15. Операционалды – дағды компетенциясы: өтілген мәтін арқылы ойлау қабілеттерін дамыта отырып, өз ойын дәл нақты айтуға дағдыландыру, жаңа сабаққа байланысты арнайы тірек сөздерді қолданысқа енгізуге машықтандыру.

  16. Коммуникативті компетенция: медициналық атаулардың қазақша баламасын дұрыс қолданып, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

  17. Өзін-өзі дамыту компетенциясы: мәтінді түсініп мазмұндауға қызығушылығын арттыру, ынтасын, ойлау белсенділігін, танымдық қабілетін дамыту.

  18. 4.Негізгі ұғымдар:

  19. Үстеудің түрлері, жасалу жолдары, сұрақтары, қолданыстағы көрінісі, сары уыз, терісі құрғау, витамин жетіспеу, бүйрек, жүрек, бауыр, жүйке жүйесі зақымдану.

  20. 5. Сабақты өткізу жоспары (уақыты , минут)

  21. Ұйымдастыру кезеңі (5мин. )

  22. Үй тапсырмасын сұрау ( 45мин.)

  23. Жаңа сабақ

  24. Грмматикалық тақырып бойынша жұмыс (25 мин.)

  25. Лексикалық материалмен жұмыс

  26. Мәтін алдындағы жұмыс (10 мин.)

  27. Мәтін бойынша жұмыс ( 25мин.)

  28. Мәтіннен кейінгі жұмыс ( 15 мин.)

  29. Жаңа сабақты қорыту (10мин. )

  30. Студенттің білімін бақылау (10 мин. )

  31. Студенттің білімін бағалау (5 мин. )

  32. 6. Өткізу түрі: Аралас сабақ

  33. 7. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: сұрақ- жауап, әңгімелесу, салыстыру, түсіндіру, жаттығу, сөздік, пікірталас.

  34. 8. Көрнекі құралдар: Витаминдерге арналған кесте, үстеудің мағыналық түрлеріне арналған кесте, мезгіл үстеуіне арналған кесте, сөздіктер, үлестірмелі парақшалар.

  35. 9. Тапсырмалар

  36. Үстеу

  37. Іс-әрекет, қимылдың, заттың сынының түрлі белгілерін білдіретін сөздердің лексико-грамматикалық тобы үстеу деп аталады.

  38. Үстеу (Наречие) – это часть речи, которая обозначает признак действия и его состояния, признак и степень качества, признпк предмета, а также различные обстоятельства при которых совершается действие.

    1. Түрлері (Типы)

    1. Мысалдар (Примеры)

    1. I.Тұлғасына қарай (По способу образования)

    1. 1.Негізгі (Непроизводные)

    1. Әрең, әзер(еле),әрі(туда,дальше), бері(сюда), дәл(точно), сәл(чуть-чуть)

    1. 2.Туынды (Производные)

    1. Ескінше(по старинному), мұнша (настолько), жаялап(пешком), астыртын (подпольно)

    1. II.Құрамына қарай (По составу)

    1. 1.Дара

    2. (Простые)

    1. Ерте (рано), кеш(поздно), тым(слишком), ерекше (особенно), басқаша (по другому), қыстай (всю зиму), кешке (вечером)

    1. 2.Күрделі

    2. (Сложные)

    1. а)биыл(в этом году), бүгін(сегодня), бірталай, біраз(немало)

    2. ә)анда-санда(временами), қысы-жазы (зимой и летом),

    3. б)алдын-ала(заранее),күні кеше (только вчера)

    1. III.Мағынасына қарай (По значению)

    1. 1.Мезгіл (Времени)

    2. Қашан? (когда?), қашаннан? (с каких пор?)

    1. Кеше(вчера),бүгін(сегодня), ертең(завтра), қазір(сейчас),кешке(вечером),ертемен (с утра), ертесіне(на завтра),таңертең (утром),түнеугүні(тогда),жаздыгүні(летом), биыл(в этом году),былтыр(в прошлом году), анда-санда (временами).

    1. 2.Мекен (Места) қайда?(где? Куда?), қайдан?(откуда?)

    1. Әрі(туда), бері(сюда), жоғары(на верху), төмен(внизу), алға(вперед), артқа(назад), ішке(во внутрь), іште(внутри),ілгері(вперед), мұнда(здесь), сонда(там)

    1. 3.Мөлшер (Количество и меры) қанша? Қаншама?(сколько?)қаншадан?

    2. (по сколько?)

    1. Сонша, соншама (столько?), онша (не очень), едәуір (значительно, намного), бірталай (немало), бір-бірден(по одному).

    1. 4.Сын-бейне (образа и способа действия), қалай? Қалайша? (как?), қайтіп? (каким образом? Каким способом?)

    1. Әрең,әзер(еле), дереу (тотчас), жедел,шапшаң, тез, жылдам (быстро), кенет(вдруг), түгел (все), ауызша (устно),өзгеше (по другому), осылай (так), тіәкелей (непосредственно), бірге (вместе), зорға (насилу).

    1. 5.Күшейту (Усилительные) қалай? (как?), қайтіп? (каким образом?), қандай? (какой?)

    1. Аса(очень), нағыз(настоящий), ең(самый),тым(слишком), айырықша(особенный), әбден (совсем, окончательно).

    1. 6.Мақсат (Цели) неге?(зачем?) не үшін? (для чего?), не мақсатпен? (с какой целью?)

    1. Әдейі, біле тұра (специально), жорта (нарочно), қасақана (назло).

    1. 7.Себеп-салдар(Причины и следствия) неліктен? (почему? Отчего?) не себепті? (по какой причине?), қалай?(как?)

    1. Бекерге (напрасно), босқа, текке (зря), амалсыздан (вынужденно), лажсыздан, шарасыздан (поневоле).

    1. 8.Топтау (Разделительности) қалай? Қаншалап? (как?)

    1. Екеулеп (вдвоем), бір-бірлеп (по-одному), он-ондап (по десять), аз-аздан (по-немножку), бас-басына (на каждого), жұп-жұбымен (по-парам), рет-ретімен (по-порядку).

  39. Өз бетінше орындайтын жаттығу жұмыстары

  40. 1 – жаттығу.Төменде берілген мезгіл үстеулерін қатыстырып сөйлем жазыңыз.

  41. Жаздай, бұрын, былтыр, күні бойы, ежелден, таңертең.

  42. 2 – жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті мезгіл үстеулерін қойып, сөйлемдерді жазыңыз.

  43. 1.Науқасты ... оңаша ұстау керек. 2.Ол ... ауруханада кезекшілікте болды. 3. ... тұмау індетінен сақтану жұмыстары жүргізілді. 4.Бас сақинасымен ауырғанда ... дәрі ішті.

  44. 3 – жаттығу.Туынды үстеулерді қатыстырып, 5 сөйлем жазыңыз.

  45. 4– жаттығу.Көп нүктенің орнына тиісті мекен үстеулерін қойып жазыңыз.

  1. Самат достарымен ... кетті. 2.Жүрек бауырдан ... орналасқан. 3.Ол үнемі ... жүргенді ұнатады. 4. ... отырған науқастардың барлығы анализ тапсырған. 5.Жүйкесі ауыратын науқастарды ... шақырды.