Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МІ силлабус 2012.docx
Скачиваний:
176
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
2.89 Mб
Скачать
  1. Тәжірибелік сабақтарға арналған

  2. Әдістемелік нұсқаулар

  3. 22 тақырып: Құлақ аурулары.

  4. Сөйлемнің тұраулы және тұрлаусыз мүшелері.

  5. 2013 ж.

  6. Кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілді

  7. Хаттама №____, «_____»____________2013ж.

  8. «Бекітемін»

  9. Кафедра меңгерушісі, п.ғ.д. Аяпбергенова К.К.

  10. 1. Тақырыбы: Құлақ аурулары.

  11. Сөйлемнің тұраулы және тұрлаусыз мүшелері.

  12. 2. Мақсаты: Сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерін орыс тілімен салыстыра отырып, практикалық жолмен меңгерту, сөйлемнің тұрлаулы мүшелеріне мысалдар келтіре отырып, өз бетінше сөйлем құрастыруға машықтандыру, мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету, түрлі жаттығу жұмыстары арқылы қазақша сөйлеуге дағдыландыру.

  13. 3. Міндеті: Мәтіндегі медициналық сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасын беріп, қазақша өз ойын еркін жеткізуге үйрету.

  14. Мәтіннің мазмұнын өз бетінше баяндауға үйрету, үстеуді дұрыс қолданып, сөйлем құрауға, сөйлей білуге машықтандыру.

  15. Когнитивті – білім компетенциясы: сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері туралы білімдерін тереңдете отырып, практикада бір-бірінен ажырата білуге үйрету, мәтіндегі жаңа атауларды меңгерту.

  16. Операционалды – дағды компетенциясы: сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерін ажырата отырып, өз ойын еркін жеткізуге машықтандыру, медициналық сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасын біліп, оны дұрыс қолдануға дағдыландыру.

  17. Коммуникативті компетенция: тақырып аясында өз ойын ауызша баяндап, жазбаша дұрыс жеткізуге және өз бетінше сөйлем құрастыра білу дағдыларын қалыптастыру.

  18. Өзін-өзі дамыту компетенциясы: жаңа тақырыппен жұмыс жасау барысында студенттердің ойлау қабілетін, ой– өрісін, сөйлеу тілін дамыту, белсенділігін арттыру.

  19. 4.Негізгі ұғымдар: Науқастың жағдайы, құлақ түбіндегі сілекей бездері, тамаққа тәбеті жақсару, құлақ түбі бездері, ауруханаға жатқызып, ісінген бездер; сөйлемнің тұраулы және тұрлаусыз мүшелері түсінік, анықтауыш, пысықтауыш, толықтауыштар жасайтын сөз таптары, сұрақтары, түрлері.

  20. 5. Сабақты өткізу жоспары (уақыты , минут)

  21. Ұйымдастыру кезеңі (5 мин. )

  22. Үй тапсырмасын сұрау ( 45 мин.)

  23. Жаңа сабақ

  24. Грмматикалық тақырып бойынша жұмыс ( 25мин.)

  25. Лексикалық материалмен жұмыс

  26. Мәтін алдындағы жұмыс (10мин.)

  27. Мәтін бойынша жұмыс ( 25 мин.)

  28. Мәтіннен кейінгі жұмыс ( 15 мин.)

  29. Жаңа сабақты қорыту (10 мин. )

  30. Студенттің білімін бақылау (10 мин. )

  31. Студенттің білімін бағалау (5 мин. )

  32. 6.Өткізу түрі: ізденіс сабақ

  33. 7.Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: сұрақ- жауап, әңгімелесу, салыстыру, түсіндіру, жаттығу, сөздік, пікірталас, аударма жұмысын жасату, ойтолғау, талдау.

  34. 8.Көрнекі құралдар: Венерологиялық ауруларға арналған кесте, сөйлемнің тұраулы және тұрлаусыз мүшелері жазылған кесте, үлестірмелі парақшалар, сызбалар.

  35. 9.Тапсырмалар

  36. Сөйлем мүшелері. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері.

  37. Предложение состоит из слов, каждое из которых выполняет определенную синтаксическую функцию в предложении. Все значимые слова являются членами предложения.

  38. В казахском и русском языках сөйлем мүшелері (члены предложения) делятся на 5 видов: бастауыш – подлежащее, баяндауыш – сказуемое, толықтауыш – дополнение, пысықтауыш – обстоятельство, анықтауыш – определение.

  39. Тұрлаулы мүшелер (главные члены предложения) – бастауыш (подлежащее), баяндауыш (сказуемое).

  40. Бастауыш (подлежащее) обозначает, о ком или о чем говорится в предложении. Подлежащее отвечает на вопрос кім? кімдер? (кто?) не? нелер? (что?). Мысалы: Көктем (не?) келді. Айдар (кім?) оқыды.

  41. Бастауыш – главный член предложения, который чаще всего выражается именем существительным или местоимением, причастием, числительным в именительном падеже. Мысалы: Дәрігер айтты (Врач сказал). Төрт екіге бөлінеді (Четыре делится на два).

  42. Баяндауыш (сказуемое) обозначает, что говорится о подлежащем. Сказуемое отвечает на вопрос не істеді? не қылды? қайтті? (Что делал? Что сделал?), а также может быть выражено различными частями речи. Мысалы: Студент (кім?) жазды (не істеді?). Жел күшейді (қайтты?). Ол он сегізде (қаншада?).

  43. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері

  44. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері (второстепенные члены предложения) делятся по своим значениям на толықтауыш (дополнение), анықтауыш (определение) и пысықтауыш (обстоятельство).

  45. Дополнением (толықтауыш) называется второстепенный член предложения, который отвечает на вопросы косвенных падежей.

  46. В казахском языке различаются: тура толықтауыш (прямое дополнение) и жанама толықтауыш (косвенное дополнение).

  47. Тура толықтауыш (прямое дополнение) выражается табыс септік (винительным падежом). Тура толықтауыш (прямое дополнение) относятся к переходным глаголам и обозначает предмет, на который направлено действие. Прямой объект выражается аффиксальной и нулевой формой табыс септік (винительный падеж). Мысалы: Бала дәрі (нені?) ішті. Анаңды (кімді?) тыңда.

  48. Жанама толықтауыш (косвенное дополнение) обозначает различные отношения предмета к действию и выражается косвенными падежами, кроме винительного. Отвечает на вопросы кімге? (кому?) неге? (чему?) кімде? (у кого?) неде? (с чего?) кімнен? (от кого?) неден? (от чего?) кіммен? (с кем?) немен? (с чем?). Мысалы: Несепағар қуықпен (немен?) жалғасқан. Тыныс алу жолы мұрын қуысынан (неден?) басталады.

  49. Анықтауыш (определение) – второстепенный член предложения, который отвечает на вопросы қандай? (какой? какое? какая?) қай? (который?) қанша? неше? (сколько?) нешінші? қаншасыншы? (который?) кімнің? (чей? кого?) ненің? (чей? чего?) и выражается прилагательными, числительными, местоимениями, существительными, причастиями. Мысалы: Дәрі дәрілік (қандай?) шөптерден жасалады. Бүйректің (ненің?) қызметі күрделі.

  50. Анықтауыш, отвечающие на вопрос қай? (который?), указывают на порядок предметов при счете. Мысалы: Ол үшінші (қай?) курста оқиды.

  51. Пысықтауыш (обстоятельство) – второстепенный член предложения, относящийся к глаголу, обозначает обстоятельства, при которых совершается данное действие (время, место, цель, причина) и отвечает на вопросы қайда? (где?) қашан? (когда?) неге? (зачем? почему?) не үшін? (для чего?) қалай? (как?).

  52. Пысықтауыш может быть выражено существительным, наречием, числительным. Мысалы: Мен дәріске ерте (қашан?) бардым. Өкпе кеуде қуысында (қайда?) орналасады.

  53. Студенттердің өз бетімен істейтін жұмыс түрлері

  54. 1 – жаттығу. Сөйлемдерді оқып, жазып алыңыз. Бастауыштың астын бір сызықпен, баяндауышты екі сызықпен сызып, оларға сұрақ қойыңыз.

  55. Үлгі: Ол (кім?) дәрігерге көріну үшін емханаға барды (не істеді?)

  56. 1. Науқастың бүйрегі ауырады. 2. Несеп қаннан түзіледі. 3. Зәр шығару мүшелері екі безден тұрады. 4. Қуық жедел және созылмалы түрде қабынады. 5. Ауру дегеніміз – біртұтас анатомиялық және физиологиялық құбылыстар.

  57. 6 Денеге керексіз зиянды заттарды шығаруға белгілі мүшелер қатысады.

  58. 2-жаттығу. Сөйлемдердегі баяндауыштарды қазақ тіліне аударып, сұрақ қойыңыз.

  59. 1. Біз жұмысымызды ... (выполнили). 2. Бас дәрігер жиналыс ... (проводил). 3. Олар студенттермен ... (говорили). 4. Дәріс сағат тоғызда ... (началась). 5. Біз достарымызбен емтиханға... (готовились). 6. Бүгін қызық дәріс ... (слушали).

  60. 3-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазыңыз, пысықтауышты тауып, сұрақ қойыңыз.

  61. 1.Бүйрек немесе несеп жолдары зақымданғанда ауру сезімі бел, несеп жолдары, қуық тұсында болады. 2. Бүйректің әр түрлі ауруларында пайда болатын ісік барлық денені, не оның біршама бөлігін қамтиды, тез дамиды, сипағанда өте жұмсақ сезіледі. 3. Жіті пиелонефрит кенеттен басталады. 4. Бүйректе зәр түзіледі, ол несепағар арқылы қуыққа ағады.

  62. 4-жаттығу.Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, сөйлемдерді толықтырыңыз. Сөйлемнің қай мүшесі екенін айтыңыз.

  63. 1. 1796 жылы Э.Дженнер ең қауіпті ауру шешекті болдырмаудың ... іздеп тапты. 2. Науқас адам ұзақ жыл ... емделсе, жүрек ақауынан тез айығып кетеді. 3. Қан ағзаны түрлі зиянды ... сақтайды. 4. Полиурия - ... 2 литрден көп бөлінуі. 5. Дизурия – несеп бөлгенде несеп жолының ... ауыруы.

  64. (Керекті сөздер: сыздап, әсерлерден, жолын, несептің, ұқыптылықпен)

  65. Кім тез тауып айтар екен?

  66. 1. Кімнің? Қанша?деген сұрауға жауап болатын анықтауыш мүшесі бар 5-6 сөйлем жазыңыз.

  67. 2. Анықтауыш мүшесі бар 1-2 жұмбақ ойлап айтыңыз.

  68. 5-жаттығу. Төмендегі нақыл сөздерді оқып, жазып алыңыз. Толықтауыштың түрлерін анықтаңыз. Оларға сұрақ қойыңыз.

  69. 1. Дәрігер адамның денесін сауықтыратын болса, тәрбиеші адамның ақылын, мінезін, жанын сауықтырады.

  70. / Ж.Аймауытов/

  71. 2. Денсаулығы мықты кісі ыстыққа да, суыққа да төзе алады. Сол сияқты жаны сау адам ашуды да, қайғыны да, қуанышты да, қалған басқа сезімдерді де көтере алады.

  72. /Эпиктет/

  73. 3.Қазақтар сөз өнеріне жетік келеді. Бұл – жұрттың бәріне, оқыған адамдарға да, әліпті таяқ деп білмейтіндерге де, байға да, жарлыға да тән қасиет.

  74. 3-тапсырма.Өлеңді оқып, мазмұнын айтыңыз. Өлеңде кездесетін медициналық атауларды орыс тіліне аударыңыз.

  75. Сырқат сыры

  76. Шамадан тыс толғануды бұйыра,

  77. Зорланғанның келер зақым миына.

  78. Әр нәрсеге наразы боп үнемі,

  79. Жүргендердің ауырады жүрегі.

  80. Кім шектен тыс қызғаншақ келеді,

  81. Оның қауіп бүйрегіне төнеді.

  82. Үрейленгіш, күдікшілдің жауы-ірі,

  83. Ауыратын болар түбі бауыры.

  84. Тек сүюмен өтсе кімнің көп кеші,

  85. Ондайлардың ауырады өкпесі.

  86. Ашуланшақ, ұрыс құмар шетінен,

  87. Көресіні көреді өзі өтінен.

  88. Ауырудың себебі жүз, сыры мың,

  89. Ең бастысы – Аллаға жат қылығың.

  90. Оразақын Асқар

  91. 4-жаттығу. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз.

  92. Фельдшер

  93. Это слово происходит от немецкого «фельдшерер», что означает полевой, то есть военный цирюльник (парикмахер). В русский язык оно вошло во времена Петра Первого, приобрело смысл «помощник врача» и осталось до сих пор. В немецких армиях XVII-XVIII веков фельдшеры ставили банки, делали кровопускание и клизмы, лечили переломы костей, останавливали кровотечения.

  94. Цирюльники производили некоторые операции. В средние века их называли костоправами.

  95. Мәтін алдындағы жаттығу жұмыстары

  96. 1-тапсырма. «Құлақ аурулары және оның алдын алу» мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздермен танысып, жаттап алыңыз.

  97. Дыбыс-звук

  98. Өткізу-пропустить,провести

  99. Бұлық-гной,ушная сера

  100. Дабыл жарғағы-барабанная перепонка

  101. Жарылу-взорваться,трескаться

  102. Саябырсу-стихнуть,спокоиться

  103. Бітелу-закупорка,закрыться

  104. 2-тапсырма. «Құлақ аурулары және оның алдын алу» мәтіні бойынша кездесетін төмендегі сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.

  105. Есту қызметі, құлақтың үш бөлімі, бір-бірімен байланысты, үш бөлімі, сыртқы құлақ, есту орталығына жіберу, әр түрлі микробтардың енуі, құлақтың қатты ауруы, ірің жарылу, ауру саябырсу, ауру жазыла бастау, ас қорытудың бұзылуы, өкпе ауруларына шалдығу, тұмау эпидемиясы, құлақтан қан ағу, құлақ аурудың зардабы, инфекцияның қанға тарауы, сырқаттың алдын алу, дер кезінде емделу.

  106. 3-тапсырма. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

  107. Құлақ аурулары және оның алдын алу

  108. Есту қызметіне құлақтың бір-бірімен байланысты үш бөлімі қатысады. Мысалы, сыртқы құлақта жиналған дыбысты ортаңғы құлақ ішкі құлаққа өткізеді, ал ішкі құлақ осы дыбысты қабылдап, оны есту орталығына жібереді. Міне, осы жүйенің түрлі себептермен бұзылуы көбінесе жедел және созылмалы құлақ ауруларына әкеліп соқтырады.

  109. Әр түрлі микробтардың енуінен құлақтан бұлық ағады. Бұл аурудың жедел түріне жатады. Бастапқыда құлақ қатты ауырады, онан соң дабыл жарғағындағы ірің жарылып, ауру саябырсып, ақыры жазыла бастайды. Егер мезгілінде емделмесе, аурудың созылмалы түріне айналады. Кейде бұл сүйекті де зақымдауы мүмкін. Бұндай жағдай балалар арасында 2 пайыз, ал ересектер арасында 1 пайызға жуық кездеседі.

  110. Құлақтан бұлақ ағу емшек жасындағы сәбилерде ас қорытудың бұзылуы және өкпе ауруларына шалдығумен байланысты туындап дамиды. Ал тұмау эпидемиясы кезінде құлақ ерекше қабынады, одан қан ағып, есту бірден нашарлайды.

  111. Құлақ ауруларының зардаптары ауыр. Мысалы, инфекцияның қанға тарауына (сепсис), ми қабықтарының қабынуына(менингит), ми мен мишықтарда іріңнің(абцесс) пайда болуына, көк тамыр қуыстарының бітелуіне(трамбоз) әкеліп соғады. Дегенмен, соңғы кезде мұндай зардаптар азайып келеді. Әрине бұл сырқаттың алдын алу мен дер кезінде емделудің нәтижесі.

  112. 4-тапсырма. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

  113. 1.Есту бөліміне нелер жатады?

  114. 2.Үш бөлімнің қызыметтері қандай?

  115. 3.Есту жүйесінің бұзылуы неге әкеліп соқтырады?

  116. 4.Құлақтан қай кезде бұлық ағады?

  117. 5.Бұл аурудың қандай белгілері бар?

  118. 6. Құлақ ауруларының зардаптары қандай аурулаға себеп болуы мүмкін?

  119. 5-тапсырма.

  120. Төменде науқас адамның жауаптары берілген,соған лайықтап дәрігердің тиісті сұрақтарын жазыңыз.

  121. 1-...?

  122. -Құлағым шыңылдайды (шуылдайды).

  123. 2.-...?

  124. -Жақсы(нашар) естимін.

  125. 3-...?

  126. -Бала кезімде ауырған.

  127. 4-...?

  128. -Жрақат алған жоқпын.

  129. 5-...?

  130. -Жоқ,қазір бұлық ақпайды.Бірақ бала кезімде бұлық ағатын.

  131. 6-...?

  132. -Иә,аппараттармен қарап көріңізші.

  133. 7-...?

  134. -Ішкі құлағыма жараның орны бар дейсіз бе?Ол неден қалуы мүмкін?

  135. 8-...?

  136. -Иә,бала кезімдегі отит ауруынан қалған шығар.

  137. 9-...?

  138. -Барлық емдеріңізді(антибиотиктеорді де,физиоемдеуді де,құлаққа массаж жасауды да) орындаймын.

  139. 6-тапсырма. Жалпы мәтін бойынша түсінгеніңізді әңгемелеп беріңіз.

  140. 10.Бақылау (құзыреттілік бойынша )

  141. Когнитивті – білім компетенциясы:

  142. Тестілер:

  1. 1. Бастауышы есімшеден болған сөйлемді көрсетіңіз.

  2. а) Шешінген судан тайынбайды.

  3. ә) Көпті көргеннен сұра.

  4. б) Бітіргендерді еліне қайтарды.

  5. в) Дәрігер ауруларды емдейді.

  6. г) Кітапты көп оқиды.

  7. 2. Баяндауышы есім сөзден болған сөйлемді көрсетіңіз.

  8. а) Зәрдің түзілуі - өте күрделі үрдіс.

  9. ә) Несеп қаннан түзіледі.

  10. б) Бұлықтың жедел және созылмалы түрі болады.

  11. в) Жүрек адамның басты мүшесіне жатады.

  12. г) Басқа да әр түрлі қимылдар жасайды.

  13. 3. Бастауышы жасырын тұрған сөйлемді көрсетіңіз.

  14. а) Қан тамыры және жүйкелер де зақымдануы мүмкін.

  15. ә) Бит, бүрге, маса, кене арқылы таралатын да жұқпалы аурулар бар.

  16. б) Ауру балаға науқас баладан жұғады.

  17. в) Кешке келуі тиіс.

  18. г) Бүйрек бұршақ пішінді келеді.

  19. 4. Баяндауышы есім сөзден болған сөйлемді көрсетіңіз.

  20. а) Қуық - зәрдің уақытша жиналып тұратын мүшесі.

  21. ә) Венералық аурулардың түрі көп.

  22. б) Жұқпалы тері ауруларына тері туберкулезі жатады.

  23. в) Терінің үшінші қабаты шел мен май қабатынан тұрады.

  24. г) Орталық жүйке жүйесі неден тұрады?

  25. 5. Пысықтауыш болатын сөзді көрсетіңіз.

  26. Гигиена мен санитария тығыз байланысты.

  27. а) гигиена

  28. ә) санитария

  29. б) тығыз

  30. в) байланысты

  31. г) мен

  32. 6. Сөйлемнен анықтауышты көрсетіңіз.

  33. Бұлардың қай-қайсысында да антибиотиктер, бактериофагтар немесе антитоксиндер қолданылады.

  34. а) бұлардың

  35. ә) қай-қайсысында

  36. б) антибиотиктер

  37. в) антитоксиндер

  38. г) қолданылады

  39. 7. Жанама толықтауышы бар сөйлемді көрсетіңіз.

  40. а) Аурудың қоздырғыштары шаң-тозаң арқылы тарайды.

  41. ә) Қызылша сау балаға ауру баладан жұғады.

  42. б) Бауыр мен тамақтың ісінуі мүмкін.

  43. в) Ауруды ерекше микроб қоздырады

  44. г) Бөртпелердің пайда болуы мүмкін.

  45. 8. Тура толықтауышы бар сөйлемді көрсетіңіз.

  46. а) Тоқ бала аш баламен ойнамайды.

  47. ә) Дұшпаныңнан бір сақтан.

  48. б) Қателесу – адамға тән нәрсе.

  49. в) Қайтып кірер есікті қатты жаппа.

  50. г) Аттан тай озады, атадан бала озады.

  51. 9. Пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркесін көрсетіңіз.

  52. а) қазақша оқиды

  53. ә) барғым келді

  54. б) университеттің жаны

  55. в) созылмалы ауру

  56. г) қауіпті ауру

  57. 10. Анықтауыштық қатынастағы сөз тіркесін көрсетіңіз.

  58. а) Жанаттың кітабы

  59. ә) ауруға қарсы

  60. б) үйге бару

  61. в) жедел қабыну

  62. г) қоспаны дайындау