Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МІ силлабус 2012.docx
Скачиваний:
176
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
2.89 Mб
Скачать
  1. Мәтінге байланысты тірек сөздер:

  2. Адамзат тарихы, қыз ұзату, жастар сауық кештері, күй тарту, жоқтау айту, сайқымазақ, өнерпаздар, бейнелеу өнері, сурет өнері, салт-дәстүрлер, хаық аспаптар оркестері, мәнерлеу амалдары, негізін салушы, туындылар.

  3. Мәтінді оқып, түсінгендеріңізді айтыңыздар

  4. Мәдениет және өнер қайраткерлері

  5. Музыка адамзат тарихында қоғамдық, мәдени тәрбиелік және ұйымдастырушылық рөл атқарады. Ол ғасырлар бойы қалыптасты. Әбу Насыр әл-Фараби (10-11 ғғ), «Музыканың ұлы кітабы» деген трактат жазды. Одан бұрынғы «Қорқыт» (8 ғ.) одан кейінгі Қазтуған мен Асан Қайғы (15 ғ.) – қазақтың көне музыка өнерінің өкілдері.

  6. Халық ән-күй арқылы аңыз әңгімелер мен тарихи оқиғалар, даналық ойларды бейнеледі. Ауыл ақсақалы елге әнмен бата берді, ақсақалдар кеңесі ән немесе күймен ашылды. Жақсылық хабарларды терме түрінде жырлау, үйлену тойында, қыз ұзату, жастар сауық кештері, салтанаттарында ән айту және күй тарту дәстүрі бар. Бесік жыры, балалар әндері айтылды. Өлген адамға әнмен жоқтау арналады.

  7. Біржан, Ақан, Жаяу Мұса, Құрманғазы, Абай, Дина сияқты халық композиторлары өздерінің күйлері мен әндерінде халық өмірін суреттеді. Әнші-композитор, күйші-композитор ән мен күй шығарды. Орындаушылар жырау, жыршы, әнші, күйші, сайқымазақ, сал, сері деп аталды.

  8. Қазақ музыка мәдениетінің өсіп дамуына күш жұмсаған академик Ахмет Жұбанов, композиторлар Мұқан Төлебаев, Ғазиза Жұбанова, Латиф Хамиди, Шәмші Қалдаяқов. Әншілер: Күләш Байсейітова, Роза Бағланова, Роза Жаманова, Ермек Серкебаев, Бибігүл Төлегенова, Әлібек Дінішев т.б.

  9. Қазақ опералары, симфониялары, күйлері мен әндері жылдар өткен сайын дами түсті. Қазақтың опера және балет театры, Қазақ филармониясы, Құрманғазы атындағы академиялық халық аспаптар оркестрі, симфония оркестрі, Қазақтың хор капелласы, Қазақ республикалық ән-би ансамблі, көптеген эстрадалық оркестрлер мен ансамбльдер бар.

  10. Қазақ театр өнері ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерімізге негізделген. Үйлену салты, шілдехана тойымен байланысты өтетін ойын-сауықтар, ақындар айтысы т.б. дәстүрлеріміз театр өнерінің алғашқы көріністері болған.

  11. 1917 жылы Ойқұдық жайлауында (қазіргі Семей облысы, Абай ауданында) М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» трагедиясы тұңғыш рет қойылды. Кейіннен 1925 жылдың аяғында Қызылорда қаласында тұңғыш музыка театры ашылды. Театр шымылдығы 1926 жылы ақпанның 13-інде М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» трагедиясымен ашылды.

  12. Театр алғаш рет құрылған жылы онда Иса Байзақов, Әміре Қашаубаев, Қалибек Қуанышбаев, Елебек Өмірзақов, Серке Қожамқұлов, Жұмат Шанин, Шара Жиенқұлова және тағы басқа өнерпаздар қызмет етті. Олар театр тарихына өшпес із қалдырды. 1934 жылы қазақ драма театрының ашылуына негіз болды.

  13. Қазақ өнерінің қара шаңырағы – М.Әуезов атындағы драма театры, Абай атындағы опера және балет театры, Ғ.Мүсірепов атындағы Жасөспірімдер мен балалар театры, Ж.Жабаев атындағы филармония т.б. өнер ошақтары бүгінгі таңда халыққа қызмет көрсетуде.

  14. Кино өнері – өнердің бір түрі, әдебиет пен театрдың, бейнелеу өнері мен музыканың көркемдік қасиеттерін көрсетеді. Кино өнері – өзіне тән мәнерлеу амалдары, көркемдеу тәсілдері, эстетикалық заңдары мен шығармашылық дәстүрлері бар дара өнер. Кино өнері негізінен төрт салаға бөлінеді: көркем фильм, деректі фильм, мультипликациялық кино және ғылыми-көпшілік кинематография. Кино өнерінде өзіндік орны бар – Ш.Айманов. «Қазақфильм» киностудиясы осы кісінің атымен аталады.

  15. Бейнелеу өнері де жақсы дамыған. Сурет өнерінде көптеген атақты суретшілер бар. Әбілхан Қастеев – кескіндемеші-график, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. Қазақстан Республикасының халық суретшісі. Оның «Мектепте», «Автопортрет», «Көгілдір көйлекті қыз» т.б. туындылары бар. Оның мұражайы Қ.Сәтбаев көшесінде орналасқан. Одан кейін бейнелеу өнерінде атағы шыққан суретшілер - Б.Түлкиев, Қ.Айтбаев, Т.Тыныбеков, Е.Тоғысбаев т.б. Қазақ тарихында бірінші рет ең үлкен картина салған – Бексейіт Түлкиев. Оның ең үлкен «Ұлы көш» эпопеясына арналып салынған полотносы Президент Резиденциясында ілулі тұр.

  16. Студенттердің оқытушымен бірлесіп орындайтын жұмыс түрлері:

  17. 1-тапсырма. Мәтінге сұрақтар жазыңыздар.

    1. Күләш Байсейітова

    2. Қазақ халқының әйгілі әншісі, қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам қайраткері. Ол 1912 жылы Қарағанды облысының Шет ауданында дүниеге келген.

    3. М.Әуезовтің «Еңлік – Кебегіндегі» – Еңліктің, «Айман – Шолпанда» – Айман, «Қыз Жібек» операсындағы Жібектің рөлдерін ойнаған. Күләш Байсейітова концерттік әнші ретінде де дүние жүзіне танылған қайталанбас дарын иесі болды. КСРО халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

  18. 2-тапсырма. Мәтінді аударыңыз, мазмұны не жайлы екенін әңгімелеңіздер.

  19. Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер мұражайы – өнеріміздің мақтан тұтар қара шаңырағы. Елімізге аты мәлім мұражай өзінің қоры жағынан да іргелі мәдени орындардың бірінен саналады.

  20. Оған бұрынғы КСРО және шет ел шеберлерінің авторлық көрмелерінің жиі-жиі ұйымдастырылуы да куә. Бұл мұражайдың үлкен бір залына суретші Ә.Қастеевтің жұмыстары қойылған. Осы залға кірген сәтте қазақ сурет өнерінің биік шыңына шыққандай сезінесің.

  21. 3-тапсырма. Төмендегі суреттер бойынша әңгіме құраңыздар.

  22. Қорытынды бақылау.

  23. «Түртіп алу» стратегиясы

    1. Білемін

    1. Білдім

    1. Білгім келеді

  24. 10. Бақылау (тапсырмалар, тестілер, т.Б.):

  25. 1-тапсырма.Көп нүктенің орнына керекті сөздер мен сөз тіркестерін қойыңыз.

  1. Әнші-композитор, күйші-композитор ... ... ... шығарды. 2. Халық композиторлары өздерінің күйлері мен әндерінде ... ... суреттеді. 3. Қазақ театр өнері ежелден келе жатқан ... негізделген. 4. «Қазақфильм» киностудиясы ... атымен аталады.

  1. Тестілер

  1. 1. Музыка адамзат тарихында қандай қызмет атқарады?

  2. а) қоғамдық

  3. ә) мәдени тәрбиелік

  4. б) ұйымдастырушылық

  5. в) сөздік

  6. г) шығармалар

  7. 2. “Художник” сөзінің қазақша баламасын көрсетіңіз.

  8. а) әнші

  9. ә) биші

  10. б) күйші

  11. в) суретші

  12. г) ақын

  13. 3. Табыс септігі жалғауларын көрсетіңіз.

  14. а) -ды, -ты, -ны, -н

  15. ә) -да, -де, -нда, -нде

  16. б) -қа, -ке, -на, -не

  17. в) -ға, -ге, -нің, -дың

  18. г) –мен, -бен, -ты

  19. 4. Көп нүктенің орнына керекті жалғауларды көрсетіңіз.

  20. Әсем алма...., ал Қанат нан..... жеді.

  21. а) -ды, -ты

  22. ә) -н, -ды

  23. б) -ны, -ды

  24. в) -ның, -ны

  25. г) –і, -мен

  26. 5. «Әнші-композитор, күйші-композитор»-лар қандай қызмет атқарды?

  27. а) айтысты

  28. ә) биледі

  29. б) ән мен күй шығарды

  30. в) көріністер қойды

  31. г) сурет салды

  32. 6. «Орындаушылар»-ды қалай атайды?

  33. а) жыршы, жырау

  34. ә) әнші, күйші

  35. б) сайқымазақ

  36. в) суретші

  37. г) сал, сері

  38. 7. Театр шымылдығы тұңғыш қай жылы ашылды?

  39. а) 1926 жылы

  40. ә) 1895 жылы

  41. б) 1933 жылы

  42. в) 1986 жылы

  43. г) 1917 жылы

  44. 8. Театр шымылдығы тұңғыш қандай қойылыммен ашылды?

  45. а) «Абай» трагедиясы

  46. ә) «Еңлік-Кебек» трагедиясы

  47. б) «Қыз Жібек»

  48. в) «Ләйлі-Мәжнүн»

  49. г) «Турандот Ханшайым»

  50. 9. «Қазақфильм» киностудиясы кімнің атымен аталады?

  51. а) Ә.Қастеев

  52. ә) Ш.Айманов

  53. б) К.Бәйсейітова

  54. в) Б.Түлкиев

  55. г) Ғ.Мүсірепов

  56. 10. Жатыс септігі жалғауларын көрсетіңіз.

  57. а) -ды, -ты, -ның, -нің

  58. ә) -да, -де, -нда, -нде

  59. б) -қа, -ке, -на, -не

  60. в) -ға, -ге, -нің, -дың

  61. г) –мен, -бен, -ты,- н

  62. 11. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз.

  63. Сурет өнерінде көптеген атақты ... бар.

  64. а) суретшімен

  65. ә) суретшілер

  66. б) суреттің

  67. в) суретке

  68. г) суреттермен

  69. 12. Көп нүктенің орнына қандай жалғаулар жалғанады?

  70. Аман... көп кітап... бар.

  71. а) -мен, -ты

  72. ә) -нда, -дар

  73. б) -да, -тар

  74. в) -ды, -тың

  75. 13. Қай сөз тіркесінде жатыс септігі бар?

  76. а) дүкенге дейін

  77. ә) дәріханаға шейін

  78. б) шығысқа қарай

  79. в) кітапта бар

  80. 14. Бейнелеу өнеріне нелер жатады?

  81. а) сурет өнері

  82. ә) кино өнері

  83. б) театр өнері

  84. в) музыка өнері

  85. г) кескіндеме-графика өнері

  86. 15. Қазақ опералары, симфониялары, күйлері мен әндері дамуына үлес қосатындар:

  87. а) Қазақтың опера және балет театры

  88. ә) Республика сарайы

  89. б) Қазақ филармониясы

  90. в) Құрманғазы атындағы академиялық халық аспаптар оркестрі

  91. г) Қазақтың хор капелласы

  92. 16. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойыңыз.

  93. Әбілхан Қастеев –.., қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі.

  94. а) ақын, жыршы

  95. ә) халық суретшісі

  96. б) кескіндемеші-график

  97. в) әнші-композитор

  98. г) сал, сері

  99. 17. Ә.Қастеев атындағы өнер-мұражайы қай көшеде орналасқан?

  100. а) С.Сейфуллин даңғылында

  101. ә) Қ.Сәтбаев көшесінде

  102. б) Достық даңғылында

  103. в) М.Әуезов көшесінде

  104. г) Құрманғазы көшесінде

  105. 18. Атақты суретшілерді көрсетіңіз.

  106. а) Б.Түлкиев

  107. ә) Қ.Айтбаев

  108. б) Ш.Айманов

  109. в) Е.Тоғысбаев

  110. г) Т.Тыныбеков

  111. 19. Қазақ тарихында бірінші рет ең үлкен картина салған кім?

  112. а) Б.Түлкиев

  113. ә) Ә.Қастеев

  114. б) Қ.Айтбаев

  115. в) Т.Тыныбеков

  116. г) Е.Тоғысбаев

  117. 20. Президент Резиденциясында ілулі тұрған ең үлкен полотно қалай аталады?

  118. а) Мектепте

  119. ә) Автопортрет

  120. б) Еңлік-Кебек

  121. в) Ұлы көш

  122. г) Көгілдір көйлекті қыз

  1. 11. Әдебиеттер:

  2. 1. Исаева Ж.Т. Тәттібаева А.Е. Қазақ тілі. Алматы, 2011 ж., 70-72 бб.

  3. 2. Ш.Бектұров., А.Бектұрова Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 2004 ж.101 б.

  1. ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН СТУДЕНТТІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН (ОСӨЖ)

  2. ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

  3. Тақырыбы: «Университет – білім ордасы».

  4. 2013 ж.

  5. Кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілді

  6. Хаттама №____, «_____»____________2013ж.

  7. «Бекітемін»

  8. Кафедра меңгерушісі, п.ғ.д. Аяпбергенова К.К.

  1. Сабақтың тақырыбы: «Университет – білім ордасы».

  1. Мақсаты: Ауыспалы осы шақ тұлғаларын студенттерге меңгерту. Сөздік қорын молайту. «Университет – білім ордасы» тақырыбында әңгіме-сұхбат өткізу, қазақ тілінде әңгімелету. Университеттің тарихы, оқу базасы туралы мағлұматтарды қазақ тілінде таныстыру.