Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МІ силлабус 2012.docx
Скачиваний:
176
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
2.89 Mб
Скачать

9. Бақылау жұмыстары:

Когнитивті – білім компетенциясы бойынша

Г) Төмендегі мысалдарда қалың, бас, қисық, суық, жылы, ауыр деген сөздердің қандай мағынаны білдіретінін айтыңыз.

Қалың дәптер, қалың қар, қалың шөп, қалың тұман, қалың жылқы, қалың жаңбыр, қалың киім. Малдың басы, таудың басы, өзеннің басы, жиналыстың басы, жұмыс басы. Қисық ағаш, қисық мінез. Суық күн, суық сөз, суық хабар. Жылы су, жылы сөз. Ауыр тас, ауыр жұмыс, ауыр сөз, мінезі ауыр.

Ғ)Қарамен терілген сөздерді жақша ішіндегі сөздермен тіркестіріп айтқанда, мағыналарында қандай өзгеріс болатынын түсіндіріңіз.

Қоңыр (сиыр, жіп, дауыс, салқын, күз, қаз, жел, аю, тарту); қара (қарындаш, сөз, жүрек, тер, дауыл, су, көлеңке); қалың (киім, жұрт, қамыс, бет); жуан (жіп, кісі, ауыл, сіңірлі); жылы (су, сөз, киім, өң); суық (су, сөз, хабар, өң); сары (май, маса, уайым, уыз, қотыр, қарын, ауыз, бауыр, балақ, аяқ, су); бет (әжімі, моншақ, алды, перде, бұрыс, алыс, ашылу, бақтырмау, ашар, қайту, орамал); арам (шөп, тамақ, тер, ойлы, ас); адал (ас, адам, жүрек, кәсіп, құс, ойлы, тілек, сөз, дос).

Операционалды – дағды компетенциясыбойынша

Д)Мәтіндегі сөйлемдерді мағынасына қарай толықтырып, мазмұнын айту.

1. Әрбір ... белгілі қызмет атқарады. 2. Адамның кеуде ... өкпе, жүрек орналасқан. 3. ... қуысында зәр шығару, көбею мүшелері орналасқан. 4. Қаңқа әр түрлі сүйектерден құралған ... . 5. Сүйектерге ... бекиді. 6. Зәр шығару жүйесіне бүйрек, несепағар, жатады. 7. Жүйке жүйесі мүшелердің ... реттейді. 8. Тыныс алу жүйесінде оттегінің сіңіру және көмірқышқыл газын бөлу процесі ... . 9. Ас ... арқылы өңешке, асқазанға барады.

Коммуникативті компетенциябойынша

Е) Сөйлемдердің шын, өтірік екенін анықтаңыз.

Адамның бас мүшесінде жауырын, кеуде, иық, омыртқа, иек, тіс, тіл, таңдай сияқты мүшелер орналасқан.

Көзбен көретін мүшелер бар, оларға асқазан, ішек-қарын, бауыр, бүйрек, жүрек т.б. жатады.

Халқымыз он екі мүше дегенді адамның дене бітіміне байланысты айтқан.

Он екі мүшеге мыналар жатады: бас (біреу), омыртқа (біреу), жамбас (екеу), жауырын (екеу), тоқпан жілік (екеу), асықты жілік (екеу), кәрі жілік (екеу).

Бір жыл 365 күннен тұрса, қытай емшілерінің айтуынша, адамның да буыны соншама.

Мұның бәрі адамның табиғатпен тығыз байланысты екендігін айғақтайды.

Таңғы сағат 3 – 5-тердің шамасында өкпесінің қуаты артады.

Таңғы сағат 5-тен 7-ге дейін бауырдың қуаты күшейеді.

Өзін-өзі дамытубілім компетенциясы бойынша

Ж)Төмендегі фразалық тіркестердің мағынасын табыңыз және солармен сөйлем құрыңыз.

1. Тілінен тапты. 2. Құлағын шулатты. 3. Алақанына салды. 4. Бас десең құлақ дейді. 5. Мойны жар бермеді. 6. Жүрегі қарс айрылды. 7. Тізесін жазбады. 8. Санын соқты. 9. Бауырына басты. 10. Аяғы жерге тимеді.

10. Негізгі әдебиеттер:

1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Медициналық оқу орындарына арналған. Алматы, 2002 ж. 5-8 беттер.

2. Дәрменқұлова Р.Н.Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы, 2002 ж. 9-11беттер.

3. Доскеева Б.Ж. Кәсіби медициналық қазақ тілі. Алматы, 2012 ж. 6-13 беттер.

Қосымша әдебиеттер:

1. Рақышев А. Адам анатомиясындағы халықаралық атау-терминдер. Алматы, 2011 ж.

2. Қазақша-орысша сөздік. ҚР Білім және ғылым министрлігі А. Байтұрынұлы атындағы Тіл білімі институты. – Алматы, 2001 ж.