Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МІ силлабус 2012.docx
Скачиваний:
176
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
2.89 Mб
Скачать

18. Төмендегі суреттер туралы әңгімелеңіз (ненің суреті, қайда орналасады, пішіні қандай т.Б.).

20. Мағынасына қарай екі бағанды сәйкестендіріңіз.

Өзін-өзі дамыту білім компетенциясы бойынша

Бас сөзі қазақ тілінде өте көп қолданылады. Бас сөзінен туындаған бірліктер де жиі кездеседі, сондай-ақ, омоним, антоним қатарында да, фразалық тіркестер құрамында да мол қолданыс тапқан.

23. Бас сөзінің омонимдік қатарын есіңізге сақтаңыз және мысалдар келтіріңіз.

Аяғыңды бас ________________________________________________________________

Кітап бас (баспадан шығару) ____________________________________________________

Мөр бас _____________________________________________________________________

Бас (дауысы) __________________________________________________________________

29. Тірек-қимыл жүйесінің мүшелеріне қатысты фразалық тіркестердің беретін мағыналарын сәйкестендіріп, олармен сөйлем құрыңыз.

а

Иыққа шығу

1

жақын жер

ә

Аяғы ауыр

2

жалқаулығы ұстау, еріну

б

Қол созым жер

3

бір нәрсенің көптігінен аяқ басуға болмайды

в

Мойны жар бермеу

4

екіқабат, жүкті болу

г

Аяқ алып жүргісіз

5

соңынан қалмау

ғ

Басын айналдыру

6

басыну, менсінбеу

6. Негізгі әдебиеттер:

1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Медициналық оқу орындарына арналған. Алматы, 2002 ж. 42-45 беттер.

2. Дәрменқұлова Р.Н.Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы, 2002 ж. 9-11беттер.

3. Доскеева Б.Ж. Кәсіби медициналық қазақ тілі. Алматы, 2012 ж. 34-38 беттер.

Қосымша әдебиеттер:

1. Рақышев А. Адам анатомиясындағы халықаралық атау-терминдер. Алматы, 2011 ж.

2. Қазақша-орысша сөздік. ҚР Білім және ғылым министрлігі А. Байтұрынұлы атындағы Тіл білімі институты. – Алматы, 2001 ж.

Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар

13 тақырыбы: Дене зақымданғанда көрсетілетін алғашқы көмек

Етістіктің райлары

2013 ж.

Кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілді

Хаттама №____, «_____»____________2013ж.

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, п.ғ.д. Аяпбергенова К.К.

1.Сабақтың тақырыбы: Дене зақымданғанда көрсетілетін алғашқы көмек.

Етістіктің райлары

2.Сабақтың мақсаты: Қазақ тілінің медицинаға және күнделікті өмірге қажетті сөздерін, сөз тіркесін үйрету. Сөздік қорларын дамыту және ойларын дұрыс жеткізу үшін етістік райларын дұрыс қолдана алуға машықтандыру. Етістіктің райлары туралы мағлұмат беру. «Дене зақымданғанда көрсетілетін алғашқы көмек» мәтіні арқылы медициналық терминдерді үйрету, түсінгенін қазақ тілінде дұрыс айта білуге, өз ойларын дұрыс жеткізе білуге дағдыландыру.

3.Сабақтың міндеті.

1. Когнитивті – білім компетенциясы бойынша студенттердің сөйлеу, сауатты жазу дағдысын қалыптастыру. Етістіктің райларын дұрыс қолдануды практикалық жолмен меңгерту. «Дене зақымданғанда көрсетілетін алғашқы көмек» мәтіні бойынша жаңа сөздерді игерту.

2. Операционалды – дағды компетенциясы бойынша лексикалық – грамматикалық ерекшеліктердің қолдану аясын білуге машықтандыру, терминдердің жазылу үлгісін, оларға қойылатын талаптарды, біліктілікті қалыптастыру. Мәтінмен еркін аударма жасай отырып, қысқаша мазмұнын айтуға машықтандыру, мәтінді түсініп, соның негізінде, оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылымға студенттің жігерін қалыптастыру.

3. Коммуникативті компетенция бойынша ғылыми мәліметтерді, әдебиеттерді қолдана алу, мәтінді түсініп, оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым, қатысымға түсу ниетін қалыптастыру. Болашақ маманның мемлекеттік тілде қарым-қатынас жасау біліктілігін арттыру. Студенттер арасында ашық, еркін шығармашылық қатынас орнату