Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МІ силлабус 2012.docx
Скачиваний:
176
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
2.89 Mб
Скачать

1. Бұйрық рай тұлғалы етістікті көрсетіңіз.

Дәрінің барлығын баланың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.

а) барлығын

ә) жетпейтін

б) жерде

в) сақтаңыз

г) қолы

2. Етістіктің бұйрық рай тұлғасындағы сөзді көрсетіңіз.

а) көрінді

ә) көрінейік

б) көрінеді

в) көрін

г) көр

3. Бұйрық рай жасайтын жұрнақтарды көрсетіңіз.

а) -айын, -айық

ә) -са, -се

б) -дық, -дік

в) -ма, -ме

г) -ба, -бе

4. Сөйлемді аяқтаңыз.

Қай жеріңіз ... .

а) барады

ә) келеді

б) кетеді

в) келді

г) ауырады

5. Бұйрық райда тұрған сөйлемді көрсетіңіз.

а) Ол үйге қайтсын.

ә) Дәрігерге барыңыз.

б) Кино көреміз

в) Емханада болдың ба?

г) Ауруханада болдық

6. Сөйлемді аяқтаңыз.

Науқастың көзі ... .

а) арықтайды

ә) жасаурайды

б) қайнайды

в) алқынады

г) дүрсілдейді

 7. Көп нүктенің орнына қойылатын сөзді көрсетіңіз.

Асқа ... болмады.

а) тәбетіне

ә) ынтасын

б) зауқы

в) уақытқа

г) көңілге

9. Бұйрық райлы сөйлемді көрсетіңіз.

а) ... әсерінен аяқ-қол сал ауруына ұшырайды.

ә) Науқас ауруханада жатып емделсін.

б) Науқасқа дәрумендері көп тамақ беру керек.

в) Несеп қалай түзеледі?

г) Жеке бастың гигиенасын сақтау керек№

10. Бұйрық райлы тіркесті көрсетіңіз.

а) театрға бардық

ә) ақылды екен

б) бүгін келдім

в) сабаққа барсын

г) көрген жақсы

11. Қалау рай тұлғасында тұрған сөз тіркестерін көрсетіңіз.

а) емделгім келеді

ә) оқып болды

б) айтып берді

в) көріп келді

г) кеткім келеді

12. Қалау райлы сөз тіркестерін көрсетіңіз.

а) сурет сал

ә) ескерткіш орнатты

б) дәрігер болғысы келеді

в) ауруханада жатып емделді

г) сурет салғысы келеді

13. Қалау рай жасайтын жұрнақтарды көрсетіңіз.

а) -қы, -кі

ә) -ғы, -гі

б) -тық, -тік

в) -па, -пе

г) -са, -се

14. Қалау райлы сөйлемді көрсетіңіз.

а) Сенің кім болғың келеді?

ә) Ол емханада жүр.

б) Сен үйге қайт.

в) Біз келсек, кино бітіп қалыпты.

г) Олар дәріханаға барды.

15. Қалау райлы сөйлемдерді көрсетіңіз.

а) Бүгін «Арман» кинотеатырда «Мұстафа Шоқай» фильмі көрсетіледі.

ә) Менің осы фильмді көргім келеді.

б) Әсел досының туған күніне ерекше сыйлық жасады.

в) Сіздің қандай кітаптарды оқығыңыз келеді ?

г) Қай тілді үйренгіңіз келеді.

16. Қалау райлы сөз тіркесін көрсетіңіз.

а) емделгісі келмеді

ә) көргім келді

б) емханаға барды

в) айтып бер

г) жазылып кетті

17. Сөйлемді аяқтаңыз.

Мұғалім бала оқытса, дәрігер адамдарды .... .

а) емдейді

ә) емдеу

б) қарау

в) көру

г) сұрау

18. Қалау райда тұрған сөзді көрсетіңіз.

Мен кітапханаға күнде барғым келеді.

а) мен

ә) кітапханаға

б) күнде

в) барғым

г) келеді

11. Әдебиеттер:1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Медициналық оқу орындарына арналған. Алматы: Қайнар, 2002 ж. 102-106 беттер. 2. Ш.Бектұров. Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 1994 ж.

3. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Жалғастырушыларға арналған. Алматы, 2000 ж, 96-107 беттер.

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

14 тақырыбы: Буынның шығуы

Көмекші етістіктер

2013 ж.

Кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілді

Хаттама №____, «_____»____________2013ж.

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, п.ғ.д. Аяпбергенова К.К.

1.Сабақтың тақырыбы: Буынның шығуы

Көмекші етістіктер

2.Сабақтың мақсаты: Қазақ тілінің медицинаға және күнделікті өмірге қажетті сөздерін, сөз тіркесін үйрету. Сөздік қорларын дамыту және ойларын дұрыс жеткізу үшін көмекші етістіктерді дұрыс қолдана алуға машықтандыру. Көмекші етістіктер туралы мағлұмат беру. «Буынның шығуы» мәтіні арқылы медициналық терминдерді үйрету, түсінгенін қазақ тілінде дұрыс айта білуге, өз ойларын дұрыс жеткізе білуге дағдыландыру.