Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МІ силлабус 2012.docx
Скачиваний:
176
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
2.89 Mб
Скачать
  1. Тәжірибелік сабақтарға арналған

  2. Әдістемелік нұсқаулар

  3. 20 тақырып: Эндокриндік жүйе. Сыртқы және ішкі секреция бездері.

  4. Есімдік

  5. 2013 ж.

  6. Кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілді

  7. Хаттама №____, «_____»____________2013ж.

  8. «Бекітемін»

  9. Кафедра меңгерушісі, п.ғ.д. Аяпбергенова К.К.

  10. 1. Тақырыбы: Эндокриндік жүйе. Сыртқы және ішкі секреция бездері.

  11. Есімдік

  12. 2. Мақсаты: Есімдік түрлерін практикалық жолымен меңгерту; мәтінде кездесетін медициналық, терминдердің мағынасын түсіндіріп, мазмұнын өз бетінше баяндауға үйрету. Медициналық термин сөздердің аудармасын беріп, жазылуын үйрету, мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, өз бетінше мазмұнын айтуға баулу.

  13. 3. Міндеті:Мәтіндегі медициналық сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасын беріп, қазақша өз ойын еркін жеткізуге үйрету.

  14. Когнитивті – білім компетенциясы:

  15. Мәтінде кездесетін жаңа сөздер мен сөз тіркестердің аудармасын беріп, жазылуын үйрету, дұрыс сөйлеуге үйрету; сөйлеу барысында есімдіктерді дұрыс қолдануға машықтандыру; есімдіктердің қызметін тани білу, сипатын ажырата білу.

  16. Операционалды – дағды компетенциясы: сөздік қорын байытып, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру, оқыған мәтіннің мамұнын жан-жақты талдау арқылы студенттің білім, білік дағдыларын жетілдіру.

  17. Коммуникативті компетенция: тілдік категорияларды дұрыс қолданып, шығармашылық ойлау қабілеттерін арттыру.

  18. Өзін-өзі дамыту компетенциясы: студенттердің танымдық деңгейін көтеру, ауызекі сөйлеуге, өз ойын еркін жеткізуге үйрету, сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту.

  19. 4.Негізгі ұғымдар: эндокриндік бездер, адам ағзасы, ішкі секреция бездері, ұйқыбез, қалқанша без, айырбез, бүйрек үсті без, он екі елі ішек; есімдіктің түрлері, жасалу жолдары, сұрақтары, септелуі.

  20. 5. Сабақты өткізу жоспары (уақыты , минут)

  21. Ұйымдастыру кезеңі (5 мин. )

  22. Үй тапсырмасын сұрау ( 45 мин.)

  23. Жаңа сабақ

  24. Грмматикалық тақырып бойынша жұмыс ( 25мин.)

  25. Лексикалық материалмен жұмыс

  26. Мәтін алдындағы жұмыс (10 мин.)

  27. Мәтін бойынша жұмыс ( 25 мин.)

  28. Мәтіннен кейінгі жұмыс ( 15 мин.)

  29. Жаңа сабақты қорыту (10 мин. )

  30. Студенттің білімін бақылау (10 мин.)

  31. Студенттің білімін бағалау (5 мин. )

  32. 6.Өткізу түрі: Аралас сабақ

  33. 7.Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: сұрақ- жауап, әңгімелесу, салыстыру, түсіндіру, жаттығу, сөздік, пікірталас.

  34. 8.Көрнекі құралдар: Эндокриндік жүйе және сыртқы және ішкі секреция бездеріне арналған кесте, есімдіктің түрлеріне арналған кесте, үлестірмелі карточкалар.

  35. 9.Тапсырмалар

  36. Жаңа сабақ

  37. Есімдік

  38. Жіктеу есімдіктері: мен, сен, сіз, ол, біз, сендер, сіздер, олар

  39. Сілтеу есімдіктері: осы, сол, бұл, осында, мұнда,

  40. Өздік есімдіктері: өз, өзім, өзің, өзіңіз, өзі.

  41. Белгісіздік есімдіктер: әрбір, кейбір, біреу, әлдекім, әлдене, әлдеқашан, бірдеңе

  42. Болымсыздық есімдіктер

  43. Болымсыздық есімдіктер негізінде еш деген сөзбен кейбір есімдіктердің бірігуі арқылы жасалады. Мысалы: еш, ешкім, ешбір, ештеме, дәнеңе, ешқашан, ешқандай, ешқайсы. Болымсыздық сөйлемде болымсыздық мағына білдіретін емес, жоқ деген сөздермен және етістіктің болымсыз түрімен байланысты қолданылады (ешкім айтқан емес; ешкім айтқан жоқ; ешкім айтпады т. б.).

  44. Бұлардың ішінен заттық ұғым білдіретіндері - ешкім, ештеңе(ештеме), ешқайсы дегендер. Ешбір, ешқандай дегендер - аттрибутивтік ұғымдағы сөздер.

  45. Жалпылау есімдіктері

  46. Жалпылау есімдіктеріне бәрі, барлық, барша, бар (бар адам), күллі, бүкіл, түгел деген сөздер ғана жатады.

  47. Жалпылау есімдіктері деп мағына жағынан кем дегенде екі я онан көп заттар мен құбылыстарды жинақтай атау үшін қолданылатын сөздерді айтамыз. Мысалы: Асқазан, бауыр, ішектер, ұйқы безі- барлығы ас қорыту мүшелеріне жатады.

  48. Жалпылау есімдіктерінің ішінен бәрі деген атау формада субстанциялық (заттық) ұғымды білдіреді де, басқалары атау формада аттрибутивтік (анықтау) ұғымдарды білдіреді. Жалпылау есімдіктерінің ішінен бар, бүкіл, күллі сөздері лексикалық жолмен өзге сөз таптарынан ауысқан, бәрі, барлық барша сөздері морфологиялық тәсіл арқылы бар есімдігінен жасалған.

  49. Бар, барлық, барша есімдіктеріне тәуелдік жалғаулары оңаша және ортақ түрінде де жалғана береді де, бүкіл, күллі, бүтін есімдіктеріне ешқашан да жалғанбайды. Жіктік жалғаулары да жалпылау есімдіктерінің ешбіріне жалғанбайды.

    1. А.бәрі

    2. І. бәрінің

    3. Б. бәріне

    4. Т. бәрін

    5. Ж.бәрінде

    6. Ш.бәрінен

    7. К. бәрімен

    1. А.барлығы

    2. І. барлығының

    3. Б.барлығына

    4. Т.барлығын

    5. Ж.барлығында

    6. Ш.барлығынан

    7. К.барлығымен

  50. Өз бетінше орындайтын жаттығу жұмыстары

  51. 1 – жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті есімдіктерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңыз.

  1. ... студенттер салауатты өмір салтын жақсы ұстайды. 2. Науқастардың ... анализді толық тапсырған жоқ. 3. Ол ... кеш келді. 4. ... халық бейбітшілікті қалайды. 5. Дәрігер ... жұмысын бастап кеткен.