Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МІ силлабус 2012.docx
Скачиваний:
176
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
2.89 Mб
Скачать
  1. ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН СТУДЕНТТІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН (ОСӨЖ)

  2. ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

  3. Тақырыбы: Дәрігердің міндеттері мен құқықтары

  4. 2013 ж.

  5. Кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілді

  6. Хаттама №____, «_____»____________2013ж.

  7. «Бекітемін»

  8. Кафедра меңгерушісі, п.ғ.д. Аяпбергенова К.К.

  9. 1. Сабақтың тақырыбы: Дәрігердің міндеттері мен құқықтары

  10. 2. Мақсаты:

  11. - Дәрігердің міндеттері мен құқықтары туралы мағлұмат беру

  12. - Қазақстан Республикасының дәрігер анты туралы мағлұмат беру және мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету;

  13. -мәтінде кездесетін жаңа сөздердің мағнасын түсіндіру;

  14. -түрлі жаттығу жұмыстары арқылы қазақша сөйлеуге дағдыландыру;

  15. -өз бетінше сөйлем құрастыруға машықтандыру;

  16. - өз ойларын қазақ тілінде еркін жеткізе білуге дағдыландыру.

  17. -жаңа сөздер арқылы сөздік қорын байыту

  18. 3. Міндеті:

  19. - болашақ маманның мемлекеттік тілде қарым-қатынас жасау біліктігін арттыру;

  20. -студентке оқып, үйренуге өз әрекетінің жемісті екендігін сезінетін жағдай жасау;

  21. -студенттер арасында ашық, еркін, шығармашылық қатынас орнату;

  22. -практикалық жолмен дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуға дағдыландыру.

  23. 4. Негізгі ұғымдар:

  24. - Дәрігердің міндеттері мен құқықтары туралы мағлұмат беру

  25. - Қазақстан Республикасының дәрігер анты туралы мағлұмат беру және мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету;

  26. 5.Сабақ өткізу жоспары:

  27. А) Ұйымдастыру (2-3 минут).

  28. Ә) Үй тапсырмасын сұрау (40-45 минут).

  29. Б) Жаңа сабақты түсіндіру.

  30. -Мәтін бойынша жұмыс (55-60 минут). Жаңа сөздермен. Сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, мәтін бойынша сұрақтарға жауап, салыстыру жүргізу, аударма жұмысын жасату.

  31. -Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс (30-35 минут).

  32. -Жаңа сабақты қорыту (10-15 минут).

  33. В) Студенттердің білімін бағалау (2-5 минут).

  34. 6. Өткізу түрі: Тәжірибелік

  35. 7. Білім берудің және оқытудың эдіс- тәсілдері:

  36. Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, салыстыру, аударма жұмысын жасату, жағдаяттық тапсырма

  37. 8. Көрнекті құралдар: Кестелер, суреттер, көркем суретті кітаптар, Қазақстан Республикасының дәрігер анты.

  38. 9. Тапсырмалар

  39. 1-тапсырма. Болашақ дәрігер ретінде дәрігердің міндеттері мен құқықтары қандай болуы керек деген тақырыпта өз ойларыңызбен беріңіздер.

  40. 2-тапсырма. Мәтінді оқу. Түсінгенін айту.

  41. Қазақстан Республикасының дәрігер анты

  42. Медицина қауымдастығына өз еркіммен кіріп, мен (аты-жөні) жазбаша міндеттеме алып, оны адал орындауға салтанатты түрде ант етемін. Болашақта халқымыа қалтқысыз қызмет етіп, медициналық қауымдастықты дәстүрлі мейірбандылықпен дамыта отырып сақтауға және науқастың жазылып, дені сау болуы – қызметімнің басты принципі, менің жоғарғы бағам үшін ант етемін.

  43. Өзіме дәрігерлік өнерді үйреткен кісіні, оған деген ізгі ниетімді, сый-құрметімді мәңгі-бақи сақтайдығым үшін ант етемін.

  44. Кез-келген адамға дәрігерлік көмегім қажет болғанда бастартпай орындаймын; ең алдымен аурудың қамын ойлаймын; дәрігерлік өнерге қызығушылық адамдар немесе әріптестерім менен көмек талап етсе, оларға ақыл-кеңесімді, керек болса, тегін, әрі ешқандай шарт жасаспай-ақ көмектесемін деп ант етемін.

  45. Жариялауға мүлдем болмайтын дәрігерлік құпияны, сондай-ақ маған сеніп айтқан жеке сырларын ешкімге тіпті, ол қайтыс болып кетсе де жарияламайтындығым үшін ант етемін.

  46. Медицина жетістіктерімен үнемі танысып, дәрігрелік шеберлігімді үздіксіз дамытып, «адамгершілік» атты ардан өзімді жоғары ұстаймын деп ант етемін.

  47. Барлық іс-қимылдарымды Қазақстан Республикасының Дәрігерлік Этика қағидаларына сай жасаймын деп міндеттеме аламын.

  48. Осы антты өз еркіммен, адал жүрегіммен беремін. Дәрігерлік парызымды ар-ожданыма сүйеніп орындаймын.

  49. Аударған: М.Қожанұлы, Ш.М.Үмбетова

  50. 10. Бақылау (жағдаяттық тапсырма және т.б.).

  51. Дәрігердің міндеттері мен құқықтары туралы және Қазақстан Республикасының дәрігер анты туралы мағлұмат беру және мазмұнын жүйелі баяндап, топпен бірге қалайша талқылар едіңіздер.

  52. Тест тапсырмалары:

  1. 1. Сөйлемді аяқтаңыз.

  2. Науқастың денсаулығы ... .

  3. а) ұлғайды

  4. ә) көтерілді

  5. б) араласты

  6. в) түзелді

  7. г) терледі

  8. 2. Адамның мінезіне байланысты жағымсыз қасиетін көрсетіңіз.

  9. а) іскер

  10. ә) жауапты

  11. б) ақкөңіл

  12. в) ұқыпты

  13. г) арам

  14. 3. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойыңыз.

  15. Науқастың кеудесі ... ауырады.

  16. а) бүлкілдеп

  17. ә) шаншып

  18. б) айғайлап

  19. в) сырқырап

  20. г) тұншығып

  21. 4. Сөйлемді аяқтаңыз.

  22. Науқастың терісі ... .

  23. а) естиді

  24. ә) түлейді

  25. б) шыңылдайды

  26. в) табылады

  27. г) естіледі

  28. 5. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойыңыз.

  29. Ас – адам... арқауы.

  30. а) -ның

  31. ә) -дің

  32. б) -тың

  33. в) -тің

  34. г) -нің

  35. 6. Дұрыс құрылған сөз тіркесін көрсетіңіз.

  36. а) қабынуы қарсы

  37. ә) әсер етеді

  38. б) мүшелерді арқылы

  39. в) дәріні дайындалады

  40. г) емхана айтты

  41. 7. Дұрыс құрылған сөз тіркесін көрсетіңіз.

  42. а) біз шаршайды

  43. ә) жүйкесі тозады

  44. б) ашуаншақ байқалады

  45. в) дәріхананың сатылу

  46. г) әкесін қайтты

  47. 8.Сөйлемді аяқтаңыз.

  48. Науқас қатты ауырған соң, .... .

  49. а) киімін киді

  50. ә) сабақ оқыды

  51. б) сөйлем аударды

  52. в) еден жуу керек

  53. г) дәрігер шақырды

  54. 9. Антонимдік жұпты көрсетіңіз.

  55. а) аласа-төмен

  56. ә) ауыр-жеңіл

  57. б) кең-мол

  58. в) кір-лас

  59. г) денсаулық-байлық

  60. 10. Қазақтың ұлттық ойындарын көрсетіңіз.

  61. а) алтыбақан

  62. ә) қымыз

  63. б) төбелес

  64. в) доп ойнау

  65. г) мазмұндама

  1. 11. Әдебиеттер:

  2. 1. «Егемен Қазақстан» газеті. 2011 жыл. 5 б.

  3. 2. Ш.Бектұров., А.Бектұрова Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 2004 ж.