Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МІ силлабус 2012.docx
Скачиваний:
176
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
2.89 Mб
Скачать
  1. 5-тапсырма. «Сыртқы және ішкі секреция бездері» мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздермен танысып, жаттап алыңыз.

    1. Сыртқы-внешний

    2. Ішкі-внутренний

    3. Сөл-сок, выделяющие вещества

    4. Өзек-проток, ствол

    5. Тікелей-непосредственно,прямо

    6. Бөлу-выделять, деление,разделить

    7. Ұйқы безі-поджелудочная железа

    8. Қалқанша без-щитовидная железа

    9. Түтікше-сосуд

    1. Тіршілік-жизнь,существование

    2. Ұлпа-ткань

    3. Зиянды-опасный, вредный

    4. Мінез-құлық-характер

    5. Құбылмалы-изменчивый, переменчивый

    6. Бейімделу-адаптация, припособиться

    7. Қуану-радоваться, восторг

    8. Үрейлену-тревожиться,бояться,паника

  2. 6-тапсырма. Төмендегі сөз тіркестерін оқып шығыңыз. Орыс тіліне аударыңыз.

  3. Ағзадағы бездер, өзектері бар бездер, өзектері жоқ бездер, сөлді қанға бөлу, сөлді ас қорыту мүшелеріне бөлу, адамның тіршілік етуі, адамның өсуі, адамның дамуы, ішкі секрециясы бездерінің маңызы, гормон бөліп шығару, ағзаның түрлі әрекеті, күшті биологиялық заттар, қан арқылы, бүкіл денеге таралу, мүшелердің қызметін реттеу, ұлпалардың қызметін реттеу, психологиялық іс-әрекетін қалыптастыру, адамның қуануы, адамның үрейленуі, адамның мінез-құлқы, адамның іс-әрекеті.

  4. 7-тапсырма. Төменде берілген мәтінді оқып шығыңыз.Орыс тіліңе аударыңыз. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыз. Сұрақтарыңыз бен жауаптарыңызды дәптерге жазыңыз.

  5. Сыртқы және ішкі секреция бездері

  6. Ағзадағы бездер негізінен екі топқа:сыртқы және ішкі секреция бездеріне бөлінеді. Сыртқы секреция бездері деп сөл бөліп шығаратын өзектері бар бездерді айтады. Ал ішкі секреция бездерінің сөл бөлетін өзектері болмайды. Сондықтан олар сөлді қанға бөледі. Сыртқы секреция бездеріне сілекей, ұйқы безі және ішек бездері мен бауыр жатады. Бұлар сөлді ас қорыту мүшелеріне бөледі.

  7. Ішкі секреция бездеріне мидың төменгі қосалқы безі(гипофиз) және жоғары қосалқы без (эпифиз), қалқанша без, оның қасындағы бездер, тимус, бүйрек бездері жатады. Бұларда түтікше болмағандықтан, олар сөлін қанға бөледі. Адамның тіршілік етіп, өсіп, дамуына ішкі секреция бездерінің маңызы ерекше. Себебі бұл жүйеге жататын бездер гормон бөліп шығарады. Гормон-ішкі секреция безінің қанға бөліп шығаратын биологиялық заттар. Гормондар қан арқылы бүкіл денеге таралады және барлық мүшелер мен ұлпалардың қызметін реттеуге әсер етеді.

  8. Ішкі секреция бездерінің қызметі бұзылып, гормондарды аз немесе көп бөлсе, дененің өсуіне, оның дамуына зиянды әсерін тигізеді, ауру пайда болады. Ішкі секреция бездері дене мүшелерінің атқаратын қызметін және мінез-құлық, яғни психологиялық іс-әрекетін қалыптастырады. Ішкі секркция бездері бөлетін гормондар адамның мінез-құлқына, іс-әрекетіне әсер етеді.

  9. 8-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті қосымшаны қойып, сөйлемді толықтырыңыз.

  10. 1.Бездер екі топ ... бөлінеді.2.Ішкі секреция бездері сөл ... қанға бөледі.3. Сыртқы секреция без ... сөлді өзектері арқылы бөледі.4. Адамның дамуы... әсерін тигізеді.5.Бұл жүйе... жататын безден гормон бөледі.6.Гормондар қан арқылы бүкіл дене... тарайды.7.Ішкі секреция бездері... қызметін жүйке жүйе... басқарады.

  11. 9-тапсырма. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

  12. 1.Бездер нешеге бөлінеді?

  13. 2.Сыртқы секреция бездері деген не?

  14. 3.Олар қандай қызмет атқарады?

  15. 4.Сыртқы секреция бездеріне қандай бездер жатады?

  16. 5.Ішкі секреция бездеріне қандай бездер жатады?

  17. 6.Олар сөлін қайда бөледі?

  18. 7.Гормон деген не?

  19. 8.Ішкі секреция бездерінің қызметі қандай?

  20. 10-тапсырма

  21. Неліктен адамның тіршілік етіп, дамуына ішкі секреция бездерінің маңызы ерекше екендігі туралы абзацты тауып оқып беріңіз. Түсінгеніңізді дәптерге жазыңыз.

  22. 11-тапсырма.

  23. Төмендегі берілген мәтінді оқып шығыңыз. Ерекше дыбыстырға, оқу жылдамдығына көңіл бөліңіз. Мәтінге тақырып қойыңыз, түсінгеніңізді әңгімелеп беріңіз.

  24. Бүйрек үсті безі екі бүйректің үстінде жатады. Әр бездің салмағы 12граммнан. Бұл бездер бірнеше гормондар бөліп шығарады. Бүйрек безі сыртқы және ішкі қабаттан құралады. Ішкі қабат адреналин гормонын бөледі. Сыртқы қабатта гормондар өте көп болады. Олар минералды заттардың, көмір сулардың, ақуыздың, майдың алмасуын реттеп оттырады.

  25. Адреналин жүрек жұмысына, қан тамырларға әсер еттеді. Ол жүректің жұмысын жылдамдатады. Зат алмасу әрекетін арттырады. Әсіресе көмірсулардың алмасуын жылдамдатады, оның нәтижесінде қоректік заттар көбейеді. Осыдан бұлшық еттер жұмысы жақсарып, адамға энергия- күш пайда болады.

  26. 10.Бақылау(сұрақтар, жаттығулар, тапсырмалар, тестілер және т.Б.)

  27. Когнитивті – білім компетенциясы:

  28. Тестілер:

  1. Жалпылау есімдігін табыңыз.

  2. а) күллі

  3. ә) ешкім

  4. б) мынау

  5. в) осы

  6. г) кейбір

  7. Дұрыс септелген есімдікті табыңыз.

  8. а) өзі

  9. ә) баршасына

  10. б) барлыққа

  11. в) сеннің

  12. г) менге

  13. Белгісіздік есімдіктер қатарын табыңыз.

  14. а) әлдеқайда, кейбір, әркім

  15. ә) ешкім, әрине, сол

  16. б) өзі, өзім, мына

  17. в) кім? не? қанша?

  18. г) мен, сен, ол

  19. Белгісіздік есімдігін көрсетіңіз.

  20. а) қайсыбір

  21. ә) саған

  22. б) түгел

  23. в) осынау

  24. г) ештеңе

  25. Жалпылау есімдігі қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

  26. а) Саған қандай сыйлық берді?

  27. ә) Әрбір атқарған ісің нәтижелі болсын.

  28. б) Ешқайда барушы болма.

  29. в) Қандай анализ тапсырдыңыз?

  30. г) Күллі халық дағдарысты жақсы түсінеді.

  31. 6. Белгісіздік есімдігі бар сөйлемді көрсетіңіз.

  32. а) Бұл дәрілер қызуды баса бермейді.

  33. ә) Сондықтан дәрілерді қоса бермейді.

  34. б) Қандай дәрі қабылдадыңыз?

  35. в) Қызылмайды пайдаланғанда ешқандай кері әсерлер байқалмайды.

  36. г) Бірталай дәрілердің сапасын анықтайды.

  37. 7. Жалпылау есімдігі бар сөйлемді көрсетіңіз.

  38. а) Үнемі қажет болатын дәрілерді сақтаңыз.

  39. ә) Дәрілердің барлығын баланың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.

  40. б) Дәрі пайдаланылмады.

  41. в) Студенттер сабаққа келмеді.

  42. г) Мерзімі өтіп кеткен дәріні қабылдамаңыз.

  43. 8. Жалпылау есімдік қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

  44. а) Қалыпқа келтіруші заттарды майдың негізі деп атайды.

  45. ә) Алоэ - көп жылдық өсімдік.

  46. б) Балды бауыр ауруларына пайдаланады.

  47. в) Майлардың барлығы ағзаға пайдалы бола бермейді.

  48. г) Дәріханада майды шыны сауыттарға салып береді.

  49. 9. Жалпылау есімдікті табыңыз.

  50. а) осы, сол, ана, мынау

  51. ә) отыр, жүр, тұр, кел

  52. б) өзім, өзің, өзі

  53. в) барлық, бәрі, барша, бүкіл

  54. г) мұнай, темір, көмір

  55. 10. Есімдікті көрсетіңіз.

  56. Медицинада дәрілік өсімдіктердің кейбіреуінен дәрі дайындалмайды.

  57. а) медицинада

  58. ә) дәрілік

  59. б) өсімдіктердің

  60. в) кейбіреуінен

  61. г) дәрі дайындалмайды

  62. 6. Септеліп тұрған сілтеу есімдігін көрсетіңіз.

  63. а) осыған

  64. ә) бұл

  65. б) мынаны

  66. в) бүгін

  67. г) осыдан

  68. 7. Болымсыздық есімдігін табыңыз.

  69. а) біз, сендер

  70. ә) ешкім, ешқашан

  71. б) кім, не

  72. в) бәрі, күлі

  73. г) түгел, барлық

  74. 8. «Ешкім келген жоқ» сөйлемінде қандай есімдік бар?

  75. а) болымсыздық

  76. ә) жалпылау

  77. б) сілтеу

  78. в) жіктеу

  79. г) белгісіздік

  80. 9. Сөйлемдегі сұрау есімдігін көрсетіңіз.

  81. Аурудың алдын алудың қандай жолдары бар?

  82. а) алдын алу

  83. ә) қандай

  84. б) жолдары бар

  85. в) аурудың

  86. г) бар

  87. 10. «Біреу есік қағып тұр» сөйлемінде қандай есімдік бар?

  88. а) болымсыздық

  89. ә) жалпылау

  90. б) сілтеу

  91. в) жіктеу

  92. г) белгісіздік

  93. 11. Есімдіктің түрлерін көрсетіңіз.

  94. а) болымсыздық

  95. ә) оның

  96. б) топтау

  97. в) салыстырмалы

  98. 12. Есімдікті тіркесті көрсетіңіз.

  99. а) бірінші адам

  100. ә) бір-бірден

  101. б) біреу секілді

  102. в) бірдене айтты

  103. 13. Жіктеу есімдіктерін табыңыз.

  104. а) біз, сендер

  105. ә) ешкім, ешқашан

  106. б) кім, не

  107. в) бәрі, күллі