Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МІ силлабус 2012.docx
Скачиваний:
176
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
2.89 Mб
Скачать
  1. Тәуелсіздік күні

  2. 1986 жылы 16-17 желтоқсанда дүниені дүр сілкіндірген оқиға болды. Ол еркіндік пен теңдікті талап еткен жас жігіттер мен қыздардың бас көтеруі еді. Империялық үстемдікке қарсы бетпе-бет келіп, наразылық көрсетудің айқын көрінісі еді. Қазақ жастарының үстемдікке бас көтеруі мен қозғалысының дүмпуі алып держава – КСРО-ның ыдырауына әкеліп соқты. 1991 жылы 16 желтоқсанда ғана қазақ елі көптен аңсаған арманына жетті. Өз алдына тәуелсіз мемлекетке айналды. Тәуелсіздік жолында көптеген жастарымыз құрбан болды. Қайрат Рысқұлбеков пен Ләззәт Асанова сияқты көптеген жастарымыз қаза тапты.

  3. Халықаралық Наурыз мейрамы

  4. Наурыз атауы қазақ халқына парсы тілінен келіп сіңген, ноу-«жаңа», руз-«күн» деген сөз. Бұл қазақ ұғымында жыл басы, жыл тойы деген мағына береді. Наурыз мейрамы күн мен түннің теңеліп, көктем күш алып, күн нұры ерекше төгілетін, жер ана жасыл желекке малынып, адам да, табиғат та жаңғырып жаңаратын ғаламат жарқын күн. Наурыз мейрамында ұлттық салт-дәстүріміз бен ойын-сауығымыздың бәрі тегіс қамтылып, зор ықыласпен тойланып, үлкен мерекелік салтанаттар өткізіледі. Наурыз мейрамында әр адам өзіне, отбасы немесе жақын туыстарына туған-туыстары мен дос-жарандарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, жақсы тілектер тілейді. Наурыз мерекесіне ғана тән көпшілікке арналған тағам - Наурыз көже дайындалады. Оның ішіне 7 түрлі тағам қосылады. Наурыз көже мерекемен құттықтап келгендерге ерекше ықыласпен ұсынылады. Бұл мереке барлық адамдарды жомарттыққа, ізгілікке, ұйымшылдыққа, татулыққа, бірлікке шақырады.

  5. 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні

  6. 1857 жылдың 8 наурызынан бастап әлемдегі күллі еркектер бұл күні әйелдерге ерекше көңіл бөледі. Ежелгі римдіктер көктемнің алғашқы айын әйелдер мейрамы деп таңдап алған. Бұл күні әйелдер сүйіктілерінен сыйлық алып, мәре-сәре болып жатады. Мереке күні әр жерде демалыс жарияланып келеді.

  7. Бұл мереке тарих сахнасына әйелдер құқығы үшін күресу күні ретінде шыққан еді.

  8. Астана күні

  9. Республика Президентінің Жарлығымен және Парламенттің қаулысымен 1997 жылы 10 желтоқсанда Ақмола қаласы Қазақстанның астанасы болып жарияланды.Кейін Ақмола қаласы Астана атанды.

  10. Бүгінде Тәуелсіздігіміздің Перзенті – Астана қаласы күннен –күнге көркейіп, құлпырып келеді. Оны қазір барша жұрт қызыға тамашалауда. Халқымыз бүгінде онымен мақтанатын болды.

  11. Ал еліміздің тұңғыш Президенті – Н.Ә.Назарбаевтың туған күні 6-шілде – Астана күні аталатын болды.

  12. Айт мейрамы

  13. Айт мейрамы қазақ халқы үшін қасиетті мейрамдардың бірі болып саналады. Мейрамда халық отыз күн ораза ұстап, үш күн бойы Айыт мейрамын тойлайды. Айт мерекесінде адамдар бір-бірінің үйіне қонаққа барады. Бұл бұрыннан келе жатқан Мұсылман халықтарының салттарына жатады.

  14. Сол сияқты христиан халқында да діни мейрам бар. Бұл – Пасха деп аталады.

  1. б) мәтінді аударып, мәтінге жоспар құрыңыз.

  2. 1-тапсырма. Қарамен жазылған сөздердің қандай мағынада қолданылып тұрғанын айтыңыздар. Орыс тіліне аударыңыздар.

  3. 1.Нысапсызға не керек істің ақ пен қарасы. (А.) 2. Абай бұл арада үлкен түйін түйілгенін білді. (М.Ә.) 3. Аспан қою бұлттан айығып, таң белгі бере бастады (С.Б.) 4. Науқасынан тез айығып кете алмады. (С.Қ.)

  4. 2-тапсырма. Төмендегі мысалдарда қалың, бас, қисық, суық, жылы, ауыр деген сөздердің қандай мағынаны білдіретінін айтыңыздар. Орыс тіліне аударыңыздар.

  5. 1.Қалың дәптер, қалың қар, қалың шөп, қалың тұман, қалың жылқы, қалың жаңбыр, қалың киім. 2. Малдың басы, таудың басы, өзеннің басы, жиналыстың басы, жұмыс басы. 3. Қисық ағаш, қисық мінез. 4. Суық күн, суық сөз, суық хабар. 5. Жылы су, жылы сөз. 6. Ауыр тас, ауыр жұмыс, ауыр сөз, мінезі ауыр.

  6. 3-тапсырма. Төмендегі сөздерді қатыстырып сөйлем құраңыздар, онда әр сөз кемінде екі түрлі мағынада қолданылатын болсын.

  7. Ағаш, темір, саңырау, алыс, жол, ойыншық, бұлақ, көз, ащы, тәтті, қол, жал, жар, қабақ, жаға, тұнық, жалын, ұшқын, жеу, қақпақ, қармақ, аю, қасқыр, түлкі, бұлт, күн.

  8. 4-тапсырма. Қарамен терілген сөздерді жақша ішіндегі сөздермен тіркестіріп айтқанда, мағыналарында қандай өзгеріс болатынын түсіндіріңіздер.

  9. Қоңыр (сиыр, жіп, дауыс, салқын, күз, қаз, жел, аю, тарту); қара (қарындаш, сөз, жүрек, тер, дауыл, су, көлеңке); қалың (киім, жұрт, қамыс, бет); жуан (жіп, кісі, ауыл, сіңірлі); жылы (су, сөз, киім, өң); суық (су, сөз, хабар, өң); сары (май, маса, уайым, уыз, қотыр, қарын, ауыз, бауыр, балақ, аяқ, су); бет (әжімі, моншақ, алды, перде, бұрыс, алыс, ашылу, бақтырмау, ашар, қайту, орамал); арам (шөп, тамақ, тер, ойлы, ас); адал (ас, адам, жүрек, кәсіп, құс, ойлы, тілек, сөз, дос).

  10. 5-тапсырма. Қара мен терілген сөздердің тура я ауыспалы мағынада қолданылып тұрғандығын ажыратып, егер ауыспалы мағынада қолданылса, оның тура мағынасын өздеріңіз ойлап табыңыздар.

  11. I. 1. Қалың қызыл матадан жасалған сахна шымылдығы шам сәулесін өзіне тартып алып, оны өз түсімен бояп, кең залды ал қызыл нұрмен толқытады. (М.И) 2. Қайрақбайдың «әне!»- деген жағына қарасақ, дауыл көтерген сияқтанып қалың шаң көрінеді. 3. Даусы бұрынғыдан қалыңдаған сияқты. (С.М) 4. Пар айдап жатқандарға өзің бас-көз бол. ( Б.М) 5.Қағазыңыз мықты екен, Боқа . 6. Бірақ ісіне мықты бол, шырақ. 7. Ол жағын сұрай көрме, ағатай, ішіме мықтап түйгем. 8. Осы денедегі есіл қайрат көзі ашық адамға бітсе, тау қопарар еді. 9. Өмірдің бетінде қалқып жүрген сияқтымын. 10. Көруге бар, ұстауға жоқ сағым болдың, Ардақ. 11. Солар менің оқитын, сенімен әнгімелесетін қымбатты уақыттарымды да ұрлап жатыр, Ардақ. 12. Тек алысқа шап, Ермек Борантаевич.(Ғ.Мұст.)

  12. II. 1. Осы ашудың әлегімен Раушанның өтінішіне саңырау болды. 2. Қожар беттің ашумен таяғын сындырып алғаны былайғылардың күлкісін келтірді. 3. Осы жаманмен біраз күн өмір өткіздің ғой. (Б.М) 4. Айнала қарап тұрғанында, жердің семіз қара топырағы жасыл ала шөптен көрінбейді. 5. Енді торғындай майда ескектің жібектей жұмсақ гүлден алған жас демі балбыраған денені сергітіп тастады (С.С) 6. Осы өлең аса бір аяулы шағымның белгісіндей маған әлі ыстық.(Т.Ақт) 7.Қол ұшы тиесі, не үзіліп кетердей, не өзі әлі істемеген соншалықты ыстық үн төгіп жіберердей. (С.Шайм) 8. Сендер болсаң мынау, осындайда дұрыстап қол ұшын да бермейсіңдер. 9. Тамағына әлдене тұрып қалғандай, сөзі шорт- шорт үзіліп, үні бітті.(М.И)

  1. Бақылау

  1. Қандай мейрамдарды білесіздер?

  2. ҚР тәуелсіздігін қашан алды?

  3. Тәуелсіздік алу жолында қандай қиындықтар болды?

  4. 16 желтоқсанда құрбан болған жастар туралы не білесіздер?

  5. 22-наурыз халықаралық наурыз мейрамы туралы не білесіздер?

  6. Наурыз сөзі қазақ тіліне қай тілден енген?

  7. Наурыз мейрамының ерекшелігі қандай?

  8. 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні қашаннан бастап тойланады?

  9. Астана күні болып қай күн белгіленді?

  10. Астана бұрын қалай аталған?

  11. Айт мейрамы туралы не білесіз?

  12. Сөздің тура мағынасы дегеніміз не?

  13. Сөздің ауыспалы мағынасы дегеніміз не?

  14. Сөздің тура және ауыспалы мағыналарына мысал келтіріңіздер.