Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МІ силлабус 2012.docx
Скачиваний:
176
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
2.89 Mб
Скачать
  1. Керекті сөздер: әлдеқашан, барша, әлдеқайдан, кейбір, кейбіреуі.

  2. 2-жаттығу. Есімдіктердің қай септікте тұрғанын айтыңыз.

  3. Өзіңді, ешкімнен, баршасына, осында, мынадан, нешеуіне, кейбірінің, мынаған.

  4. 3 – жаттығу. Төменде берілген белгісіздік есімдіктеріне сөйлем құрастырыңыз.

  5. Біреу, әрбір, әлдеқайдан, әлдене, кейбір, әркім.

  6. 4-жаттығу.Берілген өлеңді оқып, мазмұнын айтып беріңіз.

  7. Медбикелер

  8. Дәрігерлерге қолғанат,

  9. Ақ халатты абзал жан.

  10. Ауру келсе тыным жоқ,

  11. Қасынан дәйім табылған.

  12. Дауа жасап кеселге,

  13. Күндіз-түні сабылған.

  14. Медбикелер мейірімді,

  15. Қолдары шипа асыл жан.

  16. Құтты болсын мереке,

  17. Емшілер даңқын асырған! (Бекемгүл Батырбекқызы)

  18. Мәтін алдындағы жаттығу жұмыстары

  19. 1-тапсырма.Мәтінде кездесетін жаңа сөздер мен сөз тіркестерін оқып, жаттап алыңыз.

    1. без -железа

    2. құрылысы - строение

    3. өнім - выработка, продукция

    4. қалқанша без - щитовидная железа

    5. қалқан серік бездері –

    6. паращитовидные железы

    7. айыр без - вилочковая железа

    8. бүйрек үсті - надпочечник

    9. көк бауыр - селезенка

    1. үйлесімділік – совместимость,

    2. соответствие

    3. талшық - волокно

    4. түзілу- образоваться

    5. бәсеңдеу - приутихнуть, ослабить

    6. күшейту - усилить

    7. мағлұмат - сведение

    8. он екі елі ішек - двенадцатиперстная кишка

  20. 2-тапсырма. Мәтін бойынша берілген сөз тіркестерін оқытушының көмегімен орыс тіліне аударыңыз. Курсивпен берілген сөздерге сұрақ қойыңыз. Қарамен жазылған сөз тіркестеріне құрмалас сөйлем құрастырыңыз

  21. Жүйке талшықтары, жыныс бездері, кеңірдектің алдында, гормондар түзіледі, шеткі бездердің қызметі, бездерге тікелей әсер ету, қоршаған ортаның өзгерістері, белсенділігін өзгерту, жүйелердің үйлесімділігі.

  22. 3–тапсырма. «Эндокриндікжүйе» мәтінін оқып, орыс тіліне аударыңыз.түсінігіңізді

  23. Эндокриндік жүйе

  24. Эндокринология (грек. endon – ішкі, krino – бөліп шығарамын және logos - ілім) - эндокриндік бездердің құрылысы, қызметі, олар бөліп шығаратын өнімдер-гормондар, сондай-ақ осы бездердің қызметі бұзылуы салдарынан туатын аурулар туралы ғылым.

  25. Адам ағзасында эндокриндік жүйе маңызды қызмет атқарады. Эндокриндік бездерге гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқан серік бездері, айырбез, бүйрек үсті, ұйқыбез және жыныс бездері жатады. Ағзадағы жүйке жүйесі мен ішкі секреция бездері тығыз байланыста болып, әр түрлі қызметтер мен жүйелердің үйлесімділігін қамтамасыз етеді.

  26. Жүйке талшықтарымен келген қозулар гормондардың түзілуі мен олардың белсенділігін өзгертіп, бездерге тікелей әсер етеді. Эндокриндік функцияның орталық буыны – бездер. Бездерде гормондар түзіледі және қанға шығарылады. Ішкі секреция бездері қоршаған ортаның өзгерістеріне өздерінің функциясын күшейту немесе бәсеңдету арқылы жауап қайтарады.

  27. Ішкі секреция бездерінің өнімдерін гормондар деп атайды. Гормон гректің horman- қоздыру, активтендіру деген сөзінен алынған. Гормон деген терминді 1902 жылы ағылшын зерттеушілері Бейлисс пен Старлинг енгізген. Ішкі секреция бездері жүйесінде гипофиздің алатын орны ерекше. Гипофизді ішкі секреция бездерінің «орталық безі» деп атайды. Өйткені, ол өзінде түзілетін тропты гормондары арқылы ағзадағы шеткі бездердің қызметін реттейді.

  28. Қалқанша без эндокриндік жүйенің ішіндегі аса маңызды бездердің бірі. Ол туралы алғашқы мағлұматтарды 1543 жылы Везалий жазған. 1656 жылы Вартон оны «қалқанша без» деп атады. 1827 жылдан бастап оның ағзада атқаратын қызметі эксперименттік жолмен зерттеле бастады. Қалқанша без мойын аймағында, кеңірдектің алдында орналасқан.

  29. Бүйрек үсті бездері бүйректердің жоғарғы жағында (полюсінде) орналасқан. 1849 жылы Аддисон бүйрек үсті бездерінің физиологиялық және функционалдық маңызын ғылыми тұрғыдан дәлелдеп шықты.

  30. Ұйқы безі денедегі аса ірі бездер қатарына жатады және қарынның артын ала он екі елі ішек пен көкбауырдың арасында орналасады. Ұйқы безі ішкі (эндогендік) және сыртқы (экзогендік) секрециялық қызмет атқарады.

  31. 4–тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

  32. Сұрақтар:

  1. Эндокриндік бездерге қандай бездер жатады?

  2. Қалқанша без туралы не білесіз?

  3. Ұйқы безі қайда орналасқан?

  4. Сыртқы секреция бездеріне қандай бездер жатады?

  5. Олар сөлін қайда бөледі?

  6. Ішкі секреция бездерінің қызметі қандай?