Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МІ силлабус 2012.docx
Скачиваний:
176
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
2.89 Mб
Скачать

6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:

Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, грамматикалық тапсырмалар, сұхбат құрғызу, пікірталас, аударма жұмысын жасату, жағдаяттық тапсырма.

7. Көрнекі құралдар: Тақта, ноутбук, туберкулезге қатысты суреттерді, тәуелдік жалғаудың кестесін, оқу құралдарын, үлестірмелі карточкалар пайдалану.

8. Тапсырмалар:

А) Мәтін бойынша кездесетін төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасымен танысыңыз.

денесі шынықпаған –незакаленный

мүгедек – инвалид

ми қабығы – оболочка мозга

Ә) Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріңіз.

Кох таяқшасы, төмпешік, сәл иіліп келген таяқшалар, аурушаң адам, дұрыс тамақтанбайтын адам, тез жұқтырып алу, салмақ жоғалту, кеуденің ауруы, түнгі терлеу, қан аралас қақырық, уақытылы емделу, тез арада, туберкулезге қарсы.

Б) Мәтінді оқыңыз, мәтін бойынша сұрақтарға дайындалыңыз.

Туберкулез – жұқпалы ауру, бұл адам ағзасына «Кох таяқшасы» деп аталатын қоздырғыш – микобактериясы енгенде пайда болады.Туберкулез латын тілінде tuberculum – төмпешік дегенді білдіреді, қазақтар «құрт ауруы» немесе «көксау» деп атаған созылмалы жұқпалы ауру. Туберкулездің қоздырғышы – микобактерияны (“Кох таяқшасын”) неміс микробиологы Р.Кох ашты (1882 ж.). Туберкулез микобактериялары жіңішке, түзу не сәл иіліп келген таяқшалар, ұзындығы 1 – 10, ені 0,2 – 0,6 мкм.Жұғудың негізгі көзі – науқас адамдар. Ауру ауа-тамшы жолымен науқастар түшкіргенде, жөтелгенде беріледі.

Инфекция жұқтырған адамдардың бәрі бірдей ауырмайды, 5-10 пайызы ғана ауруы мүмкін. Көптеген адамдардың иммундық қорғаныс жүйелері туберкулез ауруына қарсы тұра алады. Ал денесі шынықпаған, аурушаң, үнемі аш жүретін, дұрыс тамақтанбайтын адамдар туберкулезді тез жұқтырып алады. Адамның ішкі құрылысына енген туберкулез таяқшасы көбінесе өкпені мекендейді. Туберкулездің белгілеріне мыналар жатады:

  • ұзаққа созылған жөтел;

  • салмақ жоғалту;

  • кеуде қуысының ауыруы;

  • тұрақты дене қызуы;

  • түнгі уақыттағы терлеу;

  • әлсіздік пайда болу;

  • қан аралас қақырық түсу.

  • қатты шаршау;

  • тəбеттің төмендеуі.

Егер уақытылы емделмесе, мұндай аурудың 50 пайызына жуығы 5 жыл ішінде өліп кетуі, ал қалғандары өмір бойы мүгедек болып қалуы мүмкін. Туберкулез адам ағзасының кез келген мүшесін зақымдай алады. Бұның нәтижесінде өкпе, бронх, сүйек-буын, бүйрек және жыныс мүшелерінің туберкулезі пайда болады. Әр түрлі лимфа жолдарына, көз, ми қабығына да зиян келтіруі мүмкін. Туберкулезге шалдыққан адам диагнозы анықталғаннан кейін тез арада емделуі керек. Қазіргі уақытта бұл ауруды емдеп жазуға болады.

Туберкулездің ашық және жабық түрлері болады. Ашық түрінде қақырықта туберкулез таяқшалары болады, сондықтан туберкулездің мұндай түрімен ауыратын адамдар өте қауіпті деп есептелінеді. Ал, жабық түрінде қақырықта туберкулез таяқшалары болмайды, бірақ дерт асқынатын болса, туберкулездің мұндай түрімен ауыратын науқастар да ауру жұқтырады.

Ауруды анықтау түрі:

  • манту реакциясы,

  • тері астына дәрі жіберіп, жаппай тексеру;

  • қақырықты зерттеу;

  • флюорография немесе рентгенография

Қазіргі кезде туберкулездіңкең таралуы бүкіл елімізді қатты алаңдатып отыр. Туберкулез ауруы анықталған адам ең басты екі мәселені – санитарлық және емдік шараларды мұқият орындап отыруы керек.

Санитарлық шараларға тазалық, жеке бастың гигиенасын сақтау жатады. Науқас жататын бөлменің еденін хлорамин ерітіндісі қосылған сумен жуып, шаңын дымқыл шүберекпен сүртіп тұру керек. Терезенің желдеткішін жиі-жиі ашып, ауасын тазартып, бөлмеде шаң-тозаң болмауына көңіл аударған жөн. Ауру жататын бөлмеге артық зат, бұйымдар, кілем ілудің қажеті жоқ. Науқастың ыдысын отбасындағылардың ыдысымен араластырмай, бөлек ұстап, қайнатып тұрған дұрыс.

Емдік шаралары аурудың сауығуын қамтамасыз етеді. Науқас міндетті түрде ауруханаға жатқызылып, оған туберкулезге қарсы қолданылатын арнайы дәрі-дәрмектермен ем жүргізіледі.

Тамақтану мәселесіне үлкен мән беру қажет: уақытында құнарлы, витаминдерге бай азық- түліктерді пайдалану керек, ұйқы мен серуендеу арқылы ағзаның сырқатқа қарсыласу күшін нығайтуға болады. Зиянды әдеттер – ішімдік пен темекі, есірткіден аулақ болған жөн.

Профилактикасы: санаторийлерде емделу өте пайдалы. Жеке бас гигиенасын сақтау және уақытында туберкулезге қарсы егулерді қабылдау керек.

В) Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің синонимдік қатарын есте сақтаңыз.

ену – кіру

үнемі – ылғи – ұдайы

мекендеу – тұрақтану – түрі

уақытылы – уақытымен – мезгілмен – дер кезінде

мүгедек – кемтар

туберкулезге шалдыққан – туберкулезбен ауырған

дәрігердің белгіленуімен – дәрігердің тағайындауымен

тез арада – жылдам – шапшаң

Г) Мағынасына қарай екі бағанды сәйкестендіріңіз.

Инфекция жұқтырған адамдардың бәрі бірдей ауырмайды,

адамдар туберкулезді тез жұқтырып алады.

Науқас жататын бөлменің еденін хлорамин

оған туберкулезге қарсы қолданылатын арнайы дәрі-дәрмектермен ем жүргізіледі.

Тамақтану мәселесіне үлкен мән беру қажет: уақтысында құнарлы, витаминдерге бай азық түліктерді пайдалану керек,

қазақтар «құрт ауруы» немесе «көксау» деп атаған созылмалы жұқпалы ауру.

Денесі шынықпаған, аурушаң, үнемі аш жүретін, дұрыс тамақтанбайтын

5-10 пайызы ғана ауруы мүмкін.

Туберкулез латын тілінде tuberculum – төмпешік дегенді білдіреді,

ұйқы мен серуендеу, зиянды әдеттер – ішімдік пен темекі пайдаланбау арқылы ағзаның сырқатқа қарсыласу күшін нығайтуға болады.

Науқас міндетті түрде ауруханаға жатқызылып,

ерітіндісі қосылған сумен жуып, шаңын дымқыл шүберекпен сүртіп тұру керек.