Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МІ силлабус 2012.docx
Скачиваний:
176
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
2.89 Mб
Скачать
  1. Мәтін алдындағы жаттығу жұмыстары

  2. 1-тапсырма.“Витаминдер” мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздер мен сөз тіркестерін оқып, жаттап алыңыз.

    1. Ерекше - особый

    2. Қалыпты - нормальный

    3. Жеткіліксіз - недостаточно

    4. Қорғаныш - защита

    5. Алабұға - окунь

    6. Шаршау - усталость, утомляться

    1. Жүйкесі тозу - повышенная нервозность

    2. Ашуланшақтық - вспыльчивость, раздражительсноть

    3. Өнімдер -продукты

    4. Құрамы -состав

    5. ұнтақ- порошок

  3. 2-тапсырма.“Витаминдер” мәтіні бойынша берілген тіркестерді орыс тіліне аударыңыз.

  4. Мал өнімдері, өсімдік, қалыпты тіршілік, жүрек қызметі, көмірсу, зат алмасу, тез шаршау, витаминдердің жетіспеуі, ағза, көз жанары нашарлау.

  5. 3-тапсырма.Төмендегі берілген мәтінді оқып шығып, орыс тіліне аударыңыз.

  6. Витаминдер

  7. Витаминдер - ерекше органикалық заттар. Адам олардың аз мөлшерін ғана пайданалады. Бірақ витаминсіз біздің ағзамыздағы мүшелердің қалыпты жұмыс істеуі мүмкін емес. Витаминдер ағза үшін қажетті зат, ол адамның дене және ой еңбегін артырады, оның өсуі мен дамуын, ауруға қарсы тұруын қамтамасыз етеді. Тағам құрамында витаминдер жеткіліксіз болса, ағзаның жұмысы нашарлап, адам ауруға шалдығуы мүмкін.

  8. Витаминдер өсімдік пен мал өнімдерінен алынатын азық-түліктерде болады. Адам әр түлі тағам ішу арқылы өзіне қажетті витаминдерді алып отырады. Витаминдер латын алфавитіндегі А, В, С, Д және т.б. әріптермен белгіленеді.

  9. А витамині ағзаның өсуі дамып жетілуіне әсерін тигізеді. Ол-дененің қорғаныш қасиетін арттырады, көздің көргіштін жақсартады, теріде зат алмасуды реттеуге қатысады. А витамині треска балығының бауырында, теңіз алабұғасында, сары майда, сәбізде көп кездеседі.

  10. В витаминінің түрлері өте көп. В1, В2, В6, В12, В15.Сондықтан оларды В витаминдер тобы деп айтады. Олар нанда, жемістерде және әсіресе ашытқыда болады. В витаминдерінің тобы бұлшық ет пен жүйке жүйесінің жұмысына әсер етеді. Бұл витамин жеткіліксіз болса адам тез шаршайды, жүйкесі тозады, ашуланшақ болады. В12 витамині жетіспесе қан аздық ауруының тууына себеп болады. В15 витамині жүрек, қан тамырларының жұмысына және бауырдың ауруына әсер етеді.

  11. С витамині ағзаның түрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұруын арттырады. Бұл витаминдер ағзада жеткілікті болу үшін көкөністер мен жемістерді, ашыған қырыққабатты тағамға көбірек пайдаланған жөн.

  12. Д витамині денемізде күн сәулесінің әсерімен түзіледі. Бұл витаминнің жетіспеуінен жас нәрестелер мешел ауруымен ауырады. Ал дайын витаминдер таблетка, драже, ұнтақ т.б. қалыптарда дәріханаларда сатылады.

  13. 4-Тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

  14. 1.Қалыпты тіршілік үшін не қажет?

  15. 2. С витамині қандай жеміс пен көкөністерде болады?

  16. 3.В12 витамині жетіспесе қандай ауруға шалдығады?

  17. 4.В15 витамині қандай мүшелерге әсер етеді?

  18. 5.Көздің көргіштігін жақсартатын қандай витамин?

  19. 5-тапсырма. «Дені саудың – жаны сау» тақырыбына әңгіме құраңыз.

  20. 6-тапсырма.Төмендегі мүшелердің қай жүйеге жататынын көрсетіңіз.

  21. Жүрек, тіс, ішек, қуық, қолқа, саусақ, көмей, бауыр, қылтамыр, өкпе, бүйрек, асқазан, жұлын, несепағар, ми, омыртқа, ұйқы безі, жұтқыншақ, ұлтабар, ортан жілік, мұрын, сегізкөз.

  22. 10.Бақылау (құзыреттілік бойынша )

  23. Когнитивті – білім компетенциясы:

  24. Тестілер:

  1. 1. Мезгіл үстеулі тіркесті көрсетіңіз.

  2. а) жоғары өрледі

  3. ә) ышқына соқты

  4. б) қысы-жазы үзілмейді

  5. в) ілгері кетті

  6. г) сабақ бітті

  7. 2. Туынды үстеуді көрсетіңіз.

  8. а) былтыр барды

  9. ә) әрең жүру

  10. б) қазақша оқу

  11. в) жоғары тұру

  12. г) кеш кел

  13. 3. Қай сөйлемде мезгіл үстеу бар?

  14. а) Қазір кәсіпорындарда дәрінің 300 түрі жасалады.

  15. ә) Фармакология жалпы және жеке болып екіге бөлінеді.

  16. б) Дәрілер фармацевтика зауыттарында жасалады.

  17. в) Дәріні қажет болғанда ғана қолданыңыз.

  18. г) ЖИТС – ғасыр дерті.

  19. 4. Мезгіл үстеуі бар сөйлемді көрсетіңіз.

  20. а) Қай бағыт екенін білсе де ілгері жылжи берді.

  21. ә) Сол кеткеннен бүгін келіп тұр.

  22. б) Артта қалмай алға да кетпей қатар келеміз.

  23. в) Кешігіп келгендіктен, еркін отырып сөйлесе алмадық.

  24. г) Жоғары қараған сайын басы айнала берді.

  25. 5. Туынды үстеуді көрсетіңіз.

  26. а) ескіше

  27. ә) ерте

  28. б) күз

  29. в) тым

  30. г) жоғары

  31. 6. Үстеудің мағыналық түрін көрсетіңіз.

  32. а) сапалық

  33. ә) жанама

  34. б) мақсат

  35. в) қатыстық

  36. г) тура

  37. 7. Сын-бейне үстеуді көрсетіңіз.

  38. а) етпетінен

  39. ә) күні кеше

  40. б) ала жаздай

  41. в) таңертең

  42. г) күні ертең

  43. 8. Сын бейне үстеуді табыңыз.

  44. а) сонша тұнба жасау

  45. ә) амалсыздан дәрі ішу

  46. б) науқасты шалқасынан жатқызу

  47. в) кейінге қалдыру

  48. г) шөптен дәрі жасау

  49. 9. Негізгі үстеуді көрсетіңіз.

  50. а) ерте

  51. ә) артқа

  52. б) күздей

  53. в) жаңаша

  54. г) таңертең

  55. 10. Туынды үстеудің жұрнақтарын көрсетіңіз.

  56. а) -ша; -ше

  57. ә) –дап; -деп

  58. б) -са; -се

  59. в) -дың; -дің

  60. г) -ын; -ін

  61. 11. Күшейткіш үстеу арқылы жасалған сөйлемді көрсетініз.

  62. а) Әдейі сізге жолығайын деп келдім.

  63. ә) Шақырғанда дереу жетіп барды.

  64. б) Ол өте жақсы білсе де,жорта білмегенсіп отырды.

  65. в) Мұнда кілең жастар отыр екен.

  66. г) Бұл енді қасақана істегендері.

  67. 12. Күшейткіш үстеудікөрсетіңіз.

  68. а) дереу

  69. ә) бекерге

  70. б) балаша

  71. в) тым

  72. г) амалсыздан

  1. Операционалды – дағды компетенциясы: .

  2. 1– жаттығу.Сөйлемнен үстеулерді тауып, түріне қарай ажыратыңыз.

  3. 1.Науқастың кешке дейін дене қызуы көтерілді. 2.Аурудың белгілерін әдейі айтпады. 3.Ол жұмысқа қасақана кешігіп келді. 4.Таңертең алынған мәліметтер аурудың түрін анықтауға көмектесті.

  4. Коммуникативті компетенция:

  5. а) Лексикалық тақырып бойынша:

  6. 1. Витаминдер деген не?

  7. 2. Витаминдердің маңызы қандай?

  8. 3. Витаминдер нелерде болады?

  9. 4. Витаминдер қалай белгіленеді?

  10. 5. А витаминінің қаситеті қандай?

  11. 6. В витаминінің қаситеті қандай?

  12. 7. С витаминінің қаситеті қандай?

  13. 8. Д витаминінің қаситеті қандай?

  14. ә) грамматикалық тақырып бойынша:

  15. 1. Үстеудің қандай түрлерін білесіз?

  16. 2. Туынды үстеу қалай жасалады?

  17. 3. Мезгіл үстеулерін атаңыз.

  18. 4. Ертең, бүрсігүні, күндіз үстеулеріне мысал келтіріңіз.

  19. 11.Негізгі әдебиеттер:

  20. 1. Дәрменқұлова Р.Н. Медициналық мәтіндер жинағы. А., 2001. 129-130-бб.

  21. 2. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі медициналық оқу орындарына арналған. А., 2002. 265-267б.

  22. 3. Бектұров Ш., Бектұрова А. Қазақ тілі для начинающих. Алматы. «Рауан», 1994. 273-277- бб.

  23. Қосымша әдебиеттер:

  24. 1. Бектаев Қ. Үлкен қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздік. Алматы, 2001.

  25. 2. Құлмағамбетова Қ., Елемисова Ж., Қазақ тілін үйренушілерге көмек. Алматы, 1990.104-108-бб.

  26. 3. Қожахметова Х. 40 уроков казахского языка. Алматы, 1989.173-174-бб.