Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МІ силлабус 2012.docx
Скачиваний:
176
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
2.89 Mб
Скачать

4. Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша тақырыпты әр түрлі бағытта, жазу мәдениетін, дағдысын дамыту

4.Негізгі ұғымдар:

грамматика бойынша:

1. Рай категориясы туралы түсінік.

2. Рай категориясының түрлері.

3. Олардың ерекшелігі.

4. Олардың жасалуы.

Лексика бойынша: Оқыс қимылдау, буын ойысынан шығу, буын пішіні өзгеру, қолды қозғалту, аяқты қозғалту, қозғалту қиындау, таңу, орамалмен таңу, мұз салған құты, зардап шеккен адам, ашық сынық, жабық сынық, жарақаттанған жер, етпетінен жату, шалқасынан жату, басын көтеру, басын аздап көтеру, жедел дәрігер шақыру, емханаға жеткізу.

5.Сабақты өткізу жоспары (уақыты, минуты)

Ұйымдастыру барысы– 5мин

Үй тапсырмасын сұрау – 30мин

Өткен сабақты қорыту – 15мин

Жаңа грамматикалық тақырып – 15мин

Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс түрлері – 15мин

Жаңа сөздермен жұмыс – 10мин

Мәтінмен жұмыс – 20мин

Жаңа тақырыпты бекіту жұмысы – 15мин

Бақылау жұмыстары – 15мин

Үй тапсырмасын беру – 5мин

Студенттің білімін бағалау – 5мин

6.Оқытудың әдіс-тәсілдері: Коммуникативтік қарым-қатынас, түсіндіру, талдау, жинақтау, салыстыру, баяндау, пікірталас, бақылау т.б.

7.Көрнекі құралдар: Кесте, үлестірмелі карточкалар.

8.Тапсырмалар.

1-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті қосымшаны қойыңыз.

Дәріні іш... келмейді. Дәрігерге қарал... келеді. Тісімді емдет... келеді. Кітапханаға бар... келіп тұр. Емханаға барып, сұра... келіп тұр. Ауруханаға жат... келмейді. Тамақ іш... келмейді. Апама бар... келеді.

 2-тапсырма. Орыс тіліндегі баламасын беріңіздер.

Отырыңыздар, дәптерлерді үстелге қойыңыздар. Сіз мына мәтінді оқыңыз, ал сіздер мәтін бойынша сұрақтар қойыңыздар. Талғат сөйлемді тақтаға жазсын, ал Марат пен Әлия тексерсін. Қазір біз мәтінді тыңдайық. Келесі сабақта диктант жазайық.

3 – тапсырма. Төмендегі сөздерді шартты рай тұлғасында жазып, сөйлемдер құраңыздар.

бар, айт, көр, ұйықта, бер, оқы, суретте, биле, тыңда, сөйле, аудар

4-тапсырма. Төмендегі Абай өлеңінен үзінді берілген өлең жолдарын қалай түсінетініңізді айтыңыз. Рай тұлғасын ажыратыңыз.

Малда да бар жан мен тән,

Ақыл, сезім болмаса.

Тірішіліктің несі сән,

Тереңге бет қоймаса,

Атымды адам қоған соң,

Қайтіп надан болайын....

сөйлеуге дағдыландыру.

5-тапсырма. Сөздікпен жұмыс. Берілген сөздерді бірнеше рет оқып естеріңізде сақтаңыздар.

Буын ойысы – суставная впадина

Сіңір созылу – растяжение сухожилий

Жарылу – разрыв; трескаться

Зембіл – носилка

6-тапсырма. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіру немесе синонимдік қатарын көрсету.

Оқыс қимылдағанда, буын ойысынан шығу, буын пішіні өзгеру, қолды қозғалту, аяқты қозғалту, қозғалту қиындайды, таңу, орамалмен таңу, мұз салған құты, зардап шеккен адам, емханаға жеткізу, ашық сынық, жабық сынық, жарақаттанған жер, етпетінен жату, шалқасынан жату, басын көтеру, басын аздап көтеру, жедел дәрігер шақыру, емханаға жеткізу.

7-тапсырма. Мәтінді оқу, мәтін бойынша сұрақ құрастыру,сұрақтарға жауап беру.

Дене зақымданғанда көрсетілетін алғашқы көмек.

Оқыс қимылданғанда буын таюы, яғни буынның шығуы мүмкін. Буын шыққанда бір буынның басы екінші буынның ойысынан шығады. кейде сіңір созылуы немесе буын қалтасы жарылып кетуі мүмкін. Мұндай кездерде буынның пішіні өзгереді, зақымданған аяқ немесе қолды қозғалту қиындайды. Буынның жаны ісіп, қызарады, өте қатты ауырады. Жәрдем көрсету үшін зақымданған буынды қозғалмайтын жағдайға келтіру керек. Буынды бинт, дәке немесе орамалмен мықтап таңып, буын шыққан жерге суық су құйған немесе мұз салған құты басу керек. Зардап шеккен адамды жедел емханаға жеткізу қажет.

Қатты құлағаннан, соғылғаннан сүйектер сынуы мүмкін. Сынықтың ашық немесе жабық түрлері болады. Ашық сынықта сүйек ұштары бұлшық еттерді, қан тамырларын, теріні жарақаттауы мүмкін. Жарақаттанған жерге ауру қоздыратын микробтар тусуі мүмкін. Сондықтан, адам алдымен жараны тазалап,зарарсыздандырылған таңғышпен байлап, шендеуіш салып таңу керек. Арнайы шендеуіштер дәріханаларда сатылады немесе шендеуіш ретінде таяқ, тақтай, қатты қағаз және т.б. заттарды да пайдалануға болады. Омыртқа жотасы зақымданғанда науқасты етпетінен тақтайға немесе зембілге жатқызып,емханаға жедел жеткізу керек. Егер бас сүйегі сынса, онда шалқасынан науқасты жатқызып, басын аздап көтеріп, жедел дәрігер шақыру қажет.

8-тапсырма. Оң жақтағы етістіктермен (сұрақ арқылы) керекті сөздерден сөз тіркесін құру.

буын ойнасынан

өте қатты

дәкемен

үйге

оқыс

таяқты

дәрігерді

теріні

қимылдау (қалай?)

шығу (қайдан?)

ауыру (қалай?)

таңу (немен?)

жеткізу (қайда?)

жарақаттану (нені?)

пайдалану (нені?)

шақыру (кімді?)

9-тапсырма. Қазақ тіндегі «Сынықтан өзгенің бәрі жұғады», «Бас жарылса, бөрік ішінде, қол сынса жең ішінде» деген мақалалардың мәнін түсіндіру

Бақылау

Коммуникативті компетенция бойынша

1. Қай кезде буын шығуы мүмкін?

2. Сіңір созылғанда, буын шыққында не болады?

3. Қандай жәрдем көрсетіледі?

4. Қай кезде сүйек сынуы мүмкін?

5. Сынықтың қандай түрлері бар?

6. Ашық сынықта алдымен не істеу керек?

7. Омыртқа жотасы зақымданғанда не істеу керек?

8. Бас сүйек сынса не істеу керек?

Операционалды – дағды компетенциясы бойынша

Төмендегі берілген дәрігердің сұрақтарына жауап әзірлеу.

1. – Аяғыңызды (қолыңызды) қашан зақымдап алдыңыз?

- ...

2. – Қозғалғанда ауыра ма?

- ...

3. – Буыныңыздың қызарған жоқ па?

- ...

4. – Буыныңыз қызарған жоқ па?

- ...

5. – Алғашқы жәрдемді кім көрсетті?

- ...

Төмендегі берілген науқастың шағымдарына орай дәрігердің сұрақтарын әзірлеу.

1. - ...?

- Қолымды сындырып алдым.

2. - ...?

- Құлап қалдым.

3. - ...?

- Қан көп кеткен жоқ.

4. - ...?

- Жараны досым (туысым) тазалап берді.

5. - ...?

- Шендеуіш ретінде тақтай пайдаландық.

6. - ...?

- Иә, тезірек емханаға апарыңыз.

Когнитивті – білім компетенциясы бойынша

Тестілер: