Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МІ силлабус 2012.docx
Скачиваний:
176
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
2.89 Mб
Скачать
  1. 11. Әдебиеттер:

  2. 1. «Егемен Қазақстан» газеті. 2011 жыл. 2-6 бб.

  3. 2. Ш.Бектұров., А.Бектұрова Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 2004 ж.

  4. ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН СТУДЕНТТІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН (ОСӨЖ)

  5. ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

  6. Тақырыбы: ҚР Денсаулық сақтау жүйесі туралы

  7. 2013 ж.

  8. Кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілді

  9. Хаттама №____, «_____»____________2013ж.

  10. «Бекітемін»

  11. Кафедра меңгерушісі, п.ғ.д. Аяпбергенова К.К.

  12. 1. Сабақтың тақырыбы: ҚР Денсаулық сақтау жүйесі туралы

  13. 2. Мақсаты:

  14. - Қазақстан Республикасының бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі туралы мәлімет

  15. - Қазақстан Республикасының бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін құру тұжырымдамасының мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету;

  16. -мәтінде кездесетін жаңа сөздердің мағнасын түсіндіру;

  17. -түрлі жаттығу жұмыстары арқылы қазақша сөйлеуге дағдыландыру;

  18. -өз бетінше сөйлем құрастыруға машықтандыру;

  19. - өз ойларын қазақ тілінде еркін жеткізе білуге дағдыландыру.

  20. -жаңа сөздер арқылы сөздік қорын байыту

  21. 3. Міндеті:

  22. - болашақ маманның мемлекеттік тілде қарым-қатынас жасау біліктігін арттыру;

  23. -студентке оқып, үйренуге өз әрекетінің жемісті екендігін сезінетін жағдай жасау;

  24. -студенттер арасында ашық, еркін, шығармашылық қатынас орнату;

  25. -практикалық жолмен дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуға дағдыландыру.

  26. 4. Негізгі ұғымдар:

  27. - Қазақстан Республикасының бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі туралы мәлімет

  28. - Қазақстан Республикасының бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін құру тұжырымдамасының мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету;

  29. 5.Сабақ өткізу жоспары:

  30. А) Ұйымдастыру (2-5 минут).

  31. Ә) Үй тапсырмасын сұрау (40-45 минут).

  32. Б) Жаңа сабақты түсіндіру.

  33. -Мәтін бойынша жұмыс (50-55 минут). Жаңа сөздермен. Сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, мәтін бойынша сұрақтарға жауап, салыстыру жүргізу, аударма жұмысын жасату.

  34. -Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс (20-40 минут).

  35. -Жаңа сабақты қорыту (10-15 минут).

  36. В) Студенттердің білімін бағалау (2-3 минут).

  37. 6. Өткізу түрі: Тәжірибелік

  38. 7. Білім берудің және оқытудың эдіс- тәсілдері:

  39. Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, салыстыру, аударма жұмысын жасату, жағдаяттық тапсырма

  40. 8. Көрнекті құралдар: Кестелер, суреттер, көркем суретті кітаптар, Қазақстан Республикасының бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі туралы мәлімет

  41. 9. Тапсырмалар

  42. 1-тапсырма. Мәтінді оқу. Түсінгенін айту.

  43. Қазақстан Республикасының бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін құру тұжырымдамасы

  44. Осы Қазақстан Республикасының бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін құру тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) Мемлекет Басшысының тапсырмаларына сәйкес әзірленді (2008 жылғы мамыр, қазан).

  45. Халықтың дамуы, нығаюы мен өсіп-өркендеуінің ұзақ жылдарға арналған бағыт-бағдары 1997 жылы Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясымен бекітілді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 19 наурыздағы «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» атты Қазақстан халқына Жолдауын орындау мақсатында 2004 жылы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама) қабылданды. Іске асырылатын Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 2008 жылы денсаулық сақтау саласының ұзақ мерзімге арналған үлгісін қалыптастыру көзделді.

  46. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің (ТМККК) медициналық қызметтерін орталықтандырылған мемлекеттік төлеушіні денсаулық сақтау жүйесіне кезең-кезеңмен енгізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1213 қаулысымен бекітілген Денсаулық сақтау министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында қарастырылған болатын. Азаматтардың медициналық ұйым мен дәрігерді ерікті түрде таңдау, сондай-ақ сапалы және уақтылы медициналық көмек алуға құқығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде айқындалған.

  47. Тұжырымдаманы құру халықтың денсаулығын жақсартуға бағытталған денсаулық сақтау саласын жүйелі өзгерту қажеттілігінен туындады.

  48. 2-тапсырма. Төмендегі мәтіннің орысша баламасын жазыңыздар. Өз ойларыңызбен толықтырыңыздар.

  49. Тұжырымдама қорытындысы

  50. Осы тұжырымдаманы іске асыру Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін құруға және ұлттық денсаулық сақтаудың беделін көтеруге мүмкіндік береді. Ұсынылып отырған шаралардың басты идеясы денсаулық сақтау қызметтерінің профилактикалық бағытын нақты басымдыққа көшіру болуы тиіс, жүйе пациентке және түпкі нәтижеге бағдарланған қызмет көрсету сапасына қауіпсіздік кепілдігі мен жаңа деңгейі арқылы денсаулық сақтау саласына сенімділікті арттыру, мемлекет ресурстарын тиімді пайдалануды арттыру, Өз денсаулығының мәдениетін қалыптастыру, кадрлардың жаңа нысанын және еңбек уәжділігін қалыптастыру.

  51. Пациенттің дәрігерді және медициналық ұйымды еркін таңдауына жағдай жасау бәселекестіктің дамуына, медициналық қызмет көрсету үдерісінің айқындылығын көтеруге мүмкіндік береді. Денсаулық үшін ортақ жауапкершілікке негізделген жаңа қаржылық модельді енгізу медициналық қызметті ұсынушыларды, медицина қызметкерлерін нақты экономикалық ынталандыруға және осы саладағы сыбайлас жемқорлықтың азаюына әкеледі. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсетуді қаржыландыру жүйесінде түпкілікті қайта құру медициналық қызметтің сапасын және оның деңгейін мемлекеттік стандарттарға дейін көтеруге мүмкіндік береді. Бұл ретте Қазақстан азаматтарының қолжетімді әрі сапалы медициналық көмек алу құқығын іске асыру мүмкін болады.

  52. Жағдаяттық тапсырма.

  53. Қазақстан Республикасының бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін құру туралы тұжырымдамамен танысып, топпен бірге қалайша талқылар едіңіздер.

  54. Тест тапсырмалары:

  1. 1. Науқастың халы нашар. Қандай сөздермен баяндайсыз?

  2. а) Түнде терлемейді.

  3. ә) Тәбеті ашылды.

  4. б) Есін жоғалтты.

  5. в) Көңіл-күйі жаман емес.

  6. г) Ас қорытуы жақсарды.

  7. 2. Науқастың жағдайының жақсарғанын хабарлаңыз.

  8. а) Науқас аяқ-қолын қозғалта алмайды.

  9. ә) Науқас әлсіз.

  10. б) Науқас ішкен асын құсып тастайды.

  11. в) Науқас есін жиды.

  12. г) Науқастың көңіл-күйі төмен.

  13. 3. Қай сөздер бөлек жазылады?

  14. а) Асқармен келеді.

  15. ә) Студенттен сұрадым.

  16. б) Трамваймен жеттім.

  17. в) Әкесімен бірге.

  18. г) Басымда ауырады.

  19. 4. Қай сөздер бөлек жазылады?

  20. а) Басыңмен ойласаңшы.

  21. ә) Басымен әуре.

  22. б) Көрермен айтсын.

  23. в)+Армен ұят болсын.

  24. г) Әрмен кетші.

  25. 5. да (де) бөлек жазылатын сөйлемді көрсетіңіз.

  26. а) Сізде қатысасыз

  27. ә) Ауылда жүрген.

  28. б) Әлияда білім жоқ.

  29. в) Оқуда баласы бар.

  30. г) Сенде шаруам бар.

  31. 6. Дұрыс жазылмаған сөздерді көрсетіңіз.

  32. а) Жүрегіңіз қағама?

  33. ә) Асқазаным қыжылдайды.

  34. б) Ауру жылдам сауықты.

  35. в) Көрдіңіз ғой.

  36. г) Ауылға кетемін.

  37. 7. Сұрақтың керекті жауабын көрсетіңіз.

  38. - Биылғы жылдан не күтесіз?

  39. а) - Көпшілік

  40. ә) - Арзан

  41. б) - Сәтті

  42. в) - Артық

  43. г) - Табыс

  44. 8. Мағынасы жақын, синоним сөздерді көрсетіңіз.

  45. а) дереу, жылдам

  46. ә) қисық, дөңгелек

  47. б) қыңыр, қоңыр

  48. в) салмақты, жеңіл

  49. г) күңгірт, бұлтсыз

  50. 9. Бағытты білдіретін сөздерді көрсетіңіз.

  51. а) жұмсақ

  52. ә) баяу

  53. б) лас

  54. в) алға

  55. г) кең

  56. 10. Адамның ниетін білдіретін сөздерді көрсетіңіз.

  57. а) түсті

  58. ә) бармақшы

  59. б) білімпаз

  60. в) кірген

  61. г) жолығады

  1. 11. Әдебиеттер:

  2. 1. «Егемен Қазақстан» газеті. 2011 жыл. 3 б.

  3. 2. Ш.Бектұров., А.Бектұрова Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 2004 ж.