Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МІ силлабус 2012.docx
Скачиваний:
176
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
2.89 Mб
Скачать

Буынның шығуы

Буын – бір сүйекті екінші сүйекпен жалғастырушы аралық. Сүйектер бір-бірімен кірігіп немесе қозғалмалы болып жалғанады. Буын кірігіп жалғасқанда, сүйек аралығында дәнекер немесе шеміршекті ткань болады. Ондай буын нашар қозғалады.

Буын қозғалмалы болып жалғасса, ол мүше жақсы қозғалады. Буынның шығуы-буын сүйектерінің әдеттегі орнынан қозғалуы. Буын толық және жартылай шығуы мүмкін. Әдетте екі сүйек буын қалтасында бір-бірімен түйісіп, беттесіп тұрады. Кейде баланың буыны іштен шығып тууы, күнделікті өмірде жарақаттанудан және түрлі ауру салдарынан шығуы мүмкін.

Буынның іштен шығып тууы көбінесе жамбас, иық, шынтақ буынынан жиі кездеседі. Ол буынның толық өсіп жетілмеуіне байланысты болады. Буын шығуының өте жиі кездесетінтүрі оқыс жағдайда жарақаттанудан болады. Буын шыққанда оны қоршаған сіңірлер,қалталар, сүйектің түйіскен жеріндегі тері зақымданып, тіпті сүйегінің сынуы да мүмкін. Мұндай сүйек қана тайып қоймайды,сонымен қатар буынға жақын орналасқан өқан тамыры және жүйкелер де зақымдануы мүмкін. Буынның патологиялық шығуы түрлі буын ауруының салдарынан (артрит,полиартрит,жүйке аурулары) болады. Шыққан буынды тек маман дәрігерге көрсетіп емдеу қажет. Тайған буынды орнына таңғышпен байлау керек. Мезгілінде емделмеген,орнына түспеген буын «ескірген шығу» деп аталады. Мұндай буын тек операция арқылы қалпына келтіріледі.

Бақылау

Коммуникативті компетенция бойынша

а) лексикалық тақырып бойынша

  1. Алғашқы қазақ дәрігерлерінен кімдерді білесіз?

  2. Алғашқы қазақ фельдшерлері қайда даярланып шықты?

  3. С.Асфендияров кім? Қайда оқып білім алған?

  4. Х.Досмұхамедұлы туралы не білесіз?

  5. Ақын С.Торайғыровқа күрделі ота жасаған дәрігер кім?

  6. Дәрігер М.Қарабаев медицинаның қай саласында еңбек етті?

ә) грамматикалық тақырып бойынша

Тілімізде көмекші етістіктердің атқаратын қызме

  1. Тілімізде көмекші етістіктердің атқаратын қызметі қандай?

  2. Қандай көмекші етістіктерді білесіз?

  3. Ал, баста, қой, бол көмекші етістіктеріне мысал келтіріңіз.

  4. Тілімізде жиі қолданатын көмекші етістіктерді атаңыз.

Операционалды – дағды компетенциясы бойынша

тапсырма. Берілген көмекші етістіктерді қатыстырып сөйлем құрастырыңыз.

Құлап кетті, шығып кетті, жауып қойды, алып қойды, бара тұр, тұра тұр, тоқтай тұр.

Когнитивті – білім компетенциясы:

Тест тапсырмалары:

1) Етістікті көрсетіңіз:

а) қалақай

б) дәне

в) сораң

г) еру

д) жұмыс

2) Дара етістікті сөйлемді көрсетіңіз:

а) Балалар ойнап жүр.

б) Олар сөйлесіп отыр.

в) Балалар доп ойнады.

г) Балалар доп ойнап жатыр.

д) Мен театрға барып келдім.

3) Күрделі етістікті сөйлемді көрсетіңіз:

а) Сәуле орындықта отыр.

б) Сәуле кеше келді.

в) Сәуле келе жатыр.

г) Сәуле келді.

д) Сәуле мектепке барды.

4) Сөйлемді аяқтаңыз:

Егер адам тыныс жолы арқылы уланса, ...

а) көмек көрсету үшін.

б) өте сақ болған.

в) бір жүйеге келтіру

г) таза ауаға шығару керек

д) тындау керек

5) Етістікті көрсетіңіз:

а) тыңдайды

б) жаздай

в) жемдей

г) сіздей

д) озіндей

6) Етістіктің сұрағын көрсетіңіз:

а) қашан?

б) не қылды?

в) не үшін?

г) қандай?

д) не?

7) Етістікті көрсетіңіз:

а) ауыр, жеңіл

б) ақылды, сергек

в) бар, жоқ

г) он, жетпіс

д) келді, кетті

8) Көмекші етістікті тіркесті көрсетіңіз:

а) келе бастады

б) сұраған жоқ

в) біреу келді

г)жағдай бар

д) бару керек

9) Етістікті көрсетіңіз:

а) әрбір

б) қоғам

в) оқыды

г) жеміс

д) мектеп

Негізгі әдебиеттер:

1.Бектұров Ш.К. Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 1994. 47-б.

2. Хабдин Қ.Е., Тәттібаева А.Е. Қазақ тілі сабақтары. А, 2004 .

3. С.Жиенбаев, Г.Бегалиев, И.Уюкбаев. Қазақ тілі. А.,1988.123-124 бб.

Қосымша әдебиеттер:

1.Бектаев Қ. Үлкен қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздік. Алматы, 2001.

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

15 тақырып: Жүйке жүйесі, аурулары, диалог

Етіс категориясы

2013 ж.

Кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілді

Хаттама №____, «_____»____________2013ж.

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, п.ғ.д. Аяпбергенова К.К.

1. Тақырыбы: Жүйке жүйесі, аурулары, диалог

Етіс категориясы

2. Мақсаты: Етіс категорияларын практикалық жолымен меңгерту; мәтінде кездесетін медициналық, терминдердің мағынасын түсіндіріп, мазмұнын өз бетінше баяндауға үйрету. Медициналық термин сөздердің аудармасын беріп, жазылуын үйрету, мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, өз бетінше мазмұнын айтуға баулу.

3. Міндеті:Мәтіндегі медициналық сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасын беріп, қазақша өз ойын еркін жеткізуге үйрету.

Когнитивті – білім компетенциясы:

Мәтінде кездесетін жаңа сөздер мен сөз тіркестердің аудармасын беріп, жазылуын үйрету, дұрыс сөйлеуге үйрету; сөйлеу барысында есімдіктерді дұрыс қолдануға машықтандыру; есімдіктердің қызметін тани білу, сипатын ажырата білу.

Операционалды – дағды компетенциясы: сөздік қорын байытып, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру, оқыған мәтіннің мазмұнын жан–жақты талдау арқылы студенттің білім, білік дағдыларын жетілдіру.

Коммуникативті компетенция: тілдік категорияларды дұрыс қолданып, шығармашылық ойлау қабілеттерін арттыру.

Өзін-өзі дамыту компетенциясы: студенттердің танымдық деңгейін көтеру, ауызекі сөйлеуге, өз ойын еркін жеткізуге үйрету, сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту.

4.Негізгі ұғымдар: Жүйке жүйесі, қамтамасыз етеді, реттеп отырады, сезім жүйкелері, есту жүйкелері, омыртқа жотасының өзегінде, сыртқы ортамен байланыстырады, ішкі мүшелердің жұмысы, адамның қимылын басқару, аймақтарға тарайды