Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МІ силлабус 2012.docx
Скачиваний:
176
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
2.89 Mб
Скачать

9. Бақылау жұмыстары:

Когнитивті – білім компетенциясы бойынша

К) Мағынасына қарай екі бағанды сәйкестендіріңіз.

Адам деген – ардақты ат, қазақ халқы оны ежелден қастерлеп,

бала қырқынан шыққанша созылады.

Жүйке жүйесі мүшелердің жұмысын реттеп отырады және

қайта қалыптасады, тіршілік әрекеттерінде айтарлықтай өзгерістер болады.

Жаңа туған (неонаталдық) кезең – туған күннен 4 аптаға дейін,

ас қорыту бездерінің әсерінен ішек-қарын жолында қорытылады.

Бұл кезде олардың жүйке және эндокриндік жүйелері өзгеріп,

өзектер арқылы үздіксіз кең көлемде мәлімет алмасу жүріп жатады.

Ас жұтқыншақ арқылы өңешке, одан асқазанға түсіп,

табиғаттың ерекше сыйы деп бағалайды.

Ағзадағы барлық жүйелер арасында әр түрлі жолдар мен

ағзаның біртұтастығын қамтамасыз етеді.

Қ) Берілген тұжырымдардың дұрыс не қате екенін анықтаңыз.

Қан айналу жүйесі мүшелерге оттегі мен көмірқышқыл газын жеткізіп тұрады.

Тыныс алу жүйесі мүшелеріне мұрын, көмей, кеңірдек, өкпе, бронхылар жатады.

Бүйректе ас қорытылады.

Тірек-қимыл жүйесі қаңқа мен бұлшық еттен тұрады.

Қаңқа – денедегі бұлшық еттен құралған мықты тірек.

Адам бұлшық еттің көмегімен жүреді, жүгіреді, әр түрлі қимылдар жасайды.

Ас қорыту жүйесі мұрын қуысынан басталады.

Асты қорыту бездерінің әсерінен ас ішек-қарын жолында қорытылады.

Адам өмірі құрсақта даму, балалық шақ және ересектік шақ болып үш сатыға бөлінеді.

Ағзадағы барлық жүйелер арасында үздіксіз мәлімет алмасу жүріп жатады.

Адам өмірі тек қуаныш пен бақыттан тұрады.

Коммуникативті компетенциябойынша

Л) Мәтінде сіз үшін жаңа ақпарат бар ма? Мәтін мазмұнына өзіңіз білетін осы тақырыпқа қатысы бар мәліметті қосыңыз. Мәтіннен алған жаңа мәліметті пайдалана отырып, өз сөзіңізбен қысқаша айтып көріңіз.

М) Төменде Абай өлеңінен үзінді берілген, қарамен жазылған өлең жолдарын қалай түсінесіз? Көзқарасыңызды білдіріңіз.

Малда да бар жан мен тән

Ақыл, сезім болмаса.

Тіршіліктің несі сән,

Тереңге бет қоймаса.

Атымды адам қойған соң,

Қайтіп надан болайын… .

Өзін-өзі дамытубілім компетенциясы бойынша

Н) Төмендегіфразалық тіркестерді оқып, мағынасын сәйкестіріңізжәне осы тіркестерді қатыстыра отырып сөйлемдер құрастырыңыз.

1

Тілге жүйрік

а

әлпештеп өсіру

2

Бас болу

ә

шапшаң қимыл

3

Алақанына салу

б

алда, бірінші қатарда жүру

4

Санын соғу

в

сөзге шешен, тілі бай

5

Көз ілеспеу

г

өкіну

10. Негізгі әдебиеттер:

1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Медициналық оқу орындарына арналған. Алматы, 2002 ж. 5-8 беттер.

2. Дәрменқұлова Р.Н.Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы, 2002 ж. 9-11беттер.

3. Доскеева Б.Ж. Кәсіби медициналық қазақ тілі. Алматы, 2012 ж. 6-13 беттер.

4. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Жалғастырушы топ студенттеріне арналған. Алматы, 2000 ж. 12-17 беттер.

Қосымша әдебиеттер:

1. Рақышев А. Адам анатомиясындағы халықаралық атау-терминдер. Алматы, 2011 ж.

2. Қазақша-орысша сөздік. ҚР Білім және ғылым министрлігі А. Байтұрынұлы атындағы Тіл білімі институты. – Алматы, 2001 ж.

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН