Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МІ силлабус 2012.docx
Скачиваний:
176
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
2.89 Mб
Скачать
  1. Оқытушының жетекшілігімен студенттің өз бетінше атқаратын (осөж)

  2. Жұмысының тақырыптық жоспары

  3. Тақырыбы: Халық қаһармандары –ел мақтанышы (Б.Момышұлы, Т.Әубәкіров).

  4. 2013 ж.

  5. Кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілді

  6. Хаттама №____, «_____»____________2013ж.

  7. «Бекітемін»

  8. Кафедра меңгерушісі, п.ғ.д. Аяпбергенова К.К.

  9. Сабақтың тақырыбы: Халық қаһармандары –ел мақтанышы (Б.Момышұлы, Т.Әубәкіров).

  10. 2. Мақсаты: Студенттерге халық қаһармандары туралы мәлімет беру. Олардың ерлігі

  11. туралы айту. Сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

  12. 3.Міндеті: Қазақ тілінде сөйлеп, өз ойын толық жеткізуге дағдыландыру. Мәтінді дұрыс

  13. оқуға, мазмұнын айтуға, тапсырмаларды дұрыс орындауға, жаңа сөздерді

  14. білуге үйрету.

  15. 4.Негізгі ұғымдар:

  16. 1. Б.Момышұлы кім?

  17. 2. Б.Момышұлының қандай шығармаларын білесіңдер?

  18. 3. Оның даңқы, батырлығы туралы қай кітапта суреттеледі?

  19. 4. Ол кітап қай тілдерге аударылды?

  20. 5. Ұлы Отан соғысының қандай батырларын білесіңдер?

  21. 6. М.Ғабдуллин шығармалары туралы айтып беріңіздер

  22. 7. Халық қаһармандары туралы әңгімелеңіз

  23. 8. Алғашқы ғарышкер Т.Әубәкіров қайда дүниеге келді?

  24. 9. Ол қандай жұмыстар жүргізді?

  25. 10. Кеңес Одағының батыры деген атақ қай жылы берілді?

  26. 5.Сабақ өткізу жоспары:

  27. А) Ұйымдастыру (2-3 минут).

  28. Ә) Үй тапсырмасын сұрау (45-48 минут).

  29. Б) Жаңа сабақты түсіндіру.

  30. -Мәтін бойынша жұмыс (60-65 минут). Жаңа сөздермен. Сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, мәтін бойынша сұрақтарға жауап, салыстыру жүргізу, аударма жұмысын жасату.

  31. -Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс (25-30 минут).

  32. -Жаңа сабақты қорыту (10-15 минут).

  33. В) Студенттердің білімін бағалау (2-3 минут).

  34. 6.Өткізу түрі - тәжірибелік

  35. 7.Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері

  36. Ситуациялық тапсырмалар, сабақ үстіндегі жұмыс, сұрақ-жауап, сөздердің баламасын табу, топпен жұмыс, сөйлесу т.б.

  37. 8.Көрнекі құралдар. Кестелер, карточкалар, рөлдік /іскерлік ойын түрлері.

  38. 9.Тапсырмалар

  39. 1- тапсырма. Сөз тіркестерін орыс тіліне аударып, сөйлем құрастырыңыз.

  40. Дүниежүзілік соғыс, халық қаһарманы, баға жетпес мұра, кітабында суреттелді, шет тілдеріне аударылды, ғылыми жұмыстар, халық өлеңдері, ддүниеге келді, алтын әріппен жазылды, ерлікпен орындалды, ғылыми – зерттеу жұмыстары, атақ алды.

  41. 2 -тапсырма: Сөйлемдерді аяқтаңыз.

  42. 1.Б.Момышұлы – екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, ... . 2.Соғыстан кейін ... . 3.Ел тәуелсіздік алғаннан кейін жылдарда ... . 6.Тоқтар Әубәкіров ... . 7. 1990 жылы ... . 8. Ал, Кеңес Одағының батыры ... .

  43. 3 -тапсырма. Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз.

  44. Халық қаһармандары – Б.Момышұлы, Т.Бигальдинов, М.Ғабдуллин, Т.Әубәкіров, Т.Мұсабаев – еліміздің мақтанышы. Б.Момышұлы – әскери педагогика мен әскери психологияны байытушы баға жетпес мұра қалдырған дара тұлға. М.Ғабдуллин – Кеңес Одағының Батыры, қазақ фольклорисі, жазушы, педагог, ғылым қайраткері. Ұлы Отан соғысындағы ерлігі үшін оған Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі. Тоқтар Әубәкіров 45 жасында ғарышкер атанды. Есімі облыстық Құрмет кітабына алтын әріппен жазылады. Т.Әубәкіров Қазақстандағы ғарыштық зерттеулердің негізін қалауға, отандық Қарулы күштердің әскери даярлығын жетілдіруге, әскери – патриоттық тәрбие жұмыстарын жолға қоюға белсене араласты.

  45. 4 -тапсырма. Мәтінді оқып, түсінгендеріңізді айтыңыздар.

  46. Халық қаһармандары – ел мақтанышы

  47. (Б.Момышұлы, т.Әубәкіров т.Б).

    1. Жерге тер төгіп, халыққа қан төгіп

    2. Қызмет етуден аянба.

    3. Б. Момышұлы

  48. Бауыржан Момышұлы(1910-1982) – әскери қайраткер, ержүрек қолбасшы, жазушы, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның «Халық қаһарманы». Ол 1932 жылы әскерге алынып, мергендік өнерді игереді. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталысымен генерал-майор И.Панфиловтың басшылығымен Алматыда жасақталған 316-атқыштар дивизиясы құрамында майданға аттанады. Батальон, полк командирі болған Б.Момышұлы соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарады. 1956 жылы демалысқа шығып шығармашылық қызметпен айналысады. Б.Момышұлы шығармаларын қазақ, орыс тілінде жазып, қазақ әдебиетіндегі әскери проза жанрының негізін қалады. Жазушы шығармаларының басты тақырыбы Ұлы Отан соғысы кезіндегі жауынгерлердің тұлғасын жан-жақты суреттеп сомдау болды. Осы шығармашылық мақсаттың айғағы ретінде жазушы қаламынан туған «Офицер жазбалары», «Артымызда Москва», «Ұшқан ұя», «Қанмен жазылған кітап» т.б. туындыларын айтуға болады. «Ұшқан ұя» кітабы үшін жазушы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанды.

  49. Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров - қазақтың тұңғыш ғарышкері, техника ғылымдарының докторы, профессор, авиация генерал-майоры, Кеңес Одағының батыры, Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы, Қазақстан Республикасының ұшқыш-ғарышкері. 1946 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы 1-Май ауылында туған. Әубәкіров 1988 жылы Кеңес Одағында тұңғыш рет әуеде қонбай ұшаққа 2 рет жанармай құйдыру арқылы солтүстік полюске ұшу сапарын ерлікпен орындады.1990 жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты. Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал теңізі аймағы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.

  50. Тоқтар Әубәкіров 45 жасында ғарышкер атанды... Ал, Кеңес Одағының батыры деген жоғарғы атақты 1988 жылы алды. Онда оған бұл биік мәртебе, зор қуаныш дыбыстан да шапшаң ұшатын, мүлде жаңадан жасалған, әлі сынақтан жөнді өтпеген, тағдыры беймәлім «МиГ» ұшақтарын сынауды және оларды кеме палубасына қондырып, одан ұшып шығуды қамтамасыз еткені үшін берілді.

  51. 5-тапсырма. Көмекші есімдерді пайдаланып сөйлем құрастырыңыз.

  52. Астыңда, үстінде, жанында, маңында, қасында, басында, ішінде, сыртында.

  53. 6-тапсырма. Сөйлемдерге тиісті көмекші есімдерді қойып жазыңыз.

  54. Ауылдың ... қалың орман бар. Таудың ... қар бар. Үйдің ... үлкен демалыс орталығы орналасқан. Өзеннің ... көптеген адамдар серуендеп жүр. Оның ... әдемі пальтосы бар. Қала ... әдемі йын – сауық комплексі салынып жатыр.

  55. 10. Бақылау (тестілер, тапсырмалар т.б.):

  1. Тест тапсырмалары:

  2. 1. Көп нүктенің орнына керекті көмекші есімді қойыңыз.

  3. Үстелдің ... нде кітап жатыр.

  4. а) арты

  5. ә) үсті

  6. б) жаны

  7. в) қасы

  8. г) маңы

  9. 2. Б.Момышұлы қай жылы дүниеге келген?

  10. а) 1900ж

  11. ә) 1910ж

  12. б) 1912ж

  13. в) 1915ж

  14. г) 1913ж

  15. 3.Көмекші есімдерді табыңыз.

  16. а) кейін

  17. ә) туралы

  18. б) жанында

  19. в) сондықтан

  20. г) дегенмен

  21. 4. Б.Момышұлына ҚР Презтденті Н.Ә.назарбаевтың жарлығымен қандай атақ берілді?

  22. а) Қоғам қайраткері

  23. ә) Халық әртісі

  24. б) Халық қаһарманы

  25. в) Мәдениет қайраткері

  26. г) ғылым қайраткері

  27. 5. Қай сөйлемде көмекші есім бар?

  28. а) Менің пәтерім таза.

  29. ә) Студент кітап алды.

  30. б) Университет жанында ағаш көп.

  31. в) Ол өте білімді дәрігер.

  32. г) Сейіткәрім кездесуге келді.

  33. 6. М.Ғабдуллин қай жылы Ғылым академиясының мүшесі болды?

  34. а) 1956ж

  35. ә) 1958ж

  36. б) 1960ж

  37. в) 1959ж

  38. г) 1962ж

  39. 7. М.Ғабдуллин қай жылы еңбек сіңірген ғылым қайраткері атағына ие болды?

  40. а) 1960ж

  41. ә) 1957ж

  42. б) 1961ж

  43. в) 1965ж

  44. г) 1963ж

  45. 8. М.Ғабдуллин кім?

  46. а) жазушы

  47. ә) тарихшы

  48. б) дәрігер

  49. в) суретші

  50. г) мүсінші

  51. 9. М.Ғабдуллин қай жылы «Қазақ халқының ауыз әдебиеті» тақырыбында докторлық диссертация қорғады?

  52. а) 1950ж

  53. ә) 1954ж

  54. б) 1956ж

  55. в) 1958ж

  56. г) 1952ж

  57. 10. Алматыда М.Ғабдуллин атында не бар?

  58. а) театр

  59. ә) мұражай

  60. б) көше

  61. в) кітапхана

  62. г) мектеп

  63. 11. Б.Момышұлының туған жерін атаңыз.

  64. а) Шығыс Қазақстан облысы

  65. ә) Алматы облысы

  66. б) Жамбыл облысы

  67. в) Ақмола облысы

  68. г) Оңтүстік Қазақстан облысы

  69. 12. Т.Әубәкіров кім?

  70. а) спортшы

  71. ә) педагог

  72. б) дәрігер

  73. в) ғарышкер

  74. г) зерттеуші

  75. 13. Т.Әубәкіров қай жылы туылған?

  76. а) 1945ж

  77. ә) 1943ж

  78. б) 1947ж

  79. в) 1940ж

  80. г) 1946ж

  81. 14. Т.Әубәкіров тұңғыш рет әуеге қай жылы ұшты?

  82. а) 1990ж

  83. ә) 1989ж

  84. б) 1988ж

  85. в) 1987ж

  86. г) 1991ж

  87. 15. Т.Әубәкіров неше жасында ғарышкер атанды?

  88. а) 30 жасында

  89. ә) 35 жасында

  90. б) 40 жасында

  91. в) 45 жасында

  92. г) 42 жасында

  93. 16. 1988 жылы Т.Әубәкіров қандай атаққа ие болды?

  94. а) Кеңес Одағының батыры

  95. ә) Қоғам қайраткері

  96. б) Ғылым қайраткері

  97. в) Халық қаһарманы

  98. г) Мәдениет қайраткері

  99. 17. Сөйлемді қазақ тіліне аударыңыз.

  100. Университет находится возле театра.

  101. а) Театр жанында орналасқан университет

  102. ә) Университет орналасқан жанында театр

  103. б) Университет театр жанында орналасқан

  104. в) Жанында университет театр орналасқан

  105. г) Орналасқан университет театр жанында

  106. 18.Сұрақтың дұрыс жауабын көрсетіңіз.

  107. Жаңа асхана қай жерде?

  108. а) Ғимаратта сол орналасқан

  109. ә) Келесі үйде тұрады

  110. б) Көшенің қиылысына келді

  111. в) Мына мекеменің артында

  112. г) Саябақта кездесейік

  113. 19.Б.Момышұлы кім?

  114. а) жазушы

  115. ә) ғарышкер

  116. б) тарихшы

  117. в) суретші

  118. г) этнограф

  119. 20. Көмекші есімді көрсетіңіз.

  120. а) соң

  121. ә) бірақ

  122. б) өйткені

  123. в) шейін

  124. г) үсті

  1. 11.Әдебиет:

  2. 1. Исаева Ж.Т., Тәттібаева А.Е. Қазақ тілі. Алматы, 2011 ж.47-48 бб.

  3. 2. Ш.Бектұров, А.Бектұрова. Қазақ тілі (для начинающих). Алматы, 1994 ж.