Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МІ силлабус 2012.docx
Скачиваний:
176
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
2.89 Mб
Скачать

9. Тапсырмалар:

А) Мәтінде кездескен төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріңіз.

Қимыл-қозғалысқа келтіру, ішкі мүшелерді қорғау, омыртқа жотасы, оның негізгі ерекшелігі, қолдың құрлысы, икемделу, еңбек етуге икемделген, жүріп-тұруға бейімделген, жіліктің екі басы, тығыз зат, көлбеу орналасқан, таяныш болу, қозғалмайтын, қозғалмалы және жартылай қозғалмалы, иілімді.

Ә) Мәтінде кездескен төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасын еске сақтаңыз.

қаңқа – скелет

сіңір – сухожилие

жілік – трубчатая кость

сүйек кемігі – красный костный мозг

жамбас сүйегі – тазовая кость

жауырын – лопатка

төс – грудина

тұлға – туловище

сасай – висок

төбе сүйегі – теменная кость

шүйде сүйегі – затылочная кость

бұғана – ключица

иық белдеуі – плечевой пояс

сегізкөз – крестец

құйымшақ – копчик

шеміршек – хрящь

тоқпан жілік – плечевая кость

кәрі жілік – локтевая кость

ортан жілік –бедренная кость

тізе – колено

асықты жілік – большеберцовая кость

омыртқа жотасы – позвоночный столб

Б) Мәтінді оқыңыз.

Қаңқа мен бұлшық ет тірек-қимыл жүйесін құрайды. Денені қимыл-қозғалысқа келтіреді және ішкі мүшелерді қорғайды. Адамның қаңқасы өзара буындар қалтасы және сіңірлер арқылы жалғасады. Адамның қаңқасында 220-дай сүйек бар. Қаңқа омыртқа жотасын, кеуде қуысын, бассүйек, иық белдеулері мен қол сүйектерін және жамбас белдеулері мен аяқ сүйектерін құрайды.

Қаңқа – дененің тірегі, ал бұлшық ет қимыл-қозғалысты қамтамасыз етеді. Адамның қаңқасының өзіне тән ерекшілігі бар. Оның негізгі ерекшелігі мынау: қолдың құрылысы адамның еңбек етуіне байланысты икемделген. Ал, аяқ сүйектері дененің салмағын ұстап, жүріп-тұруға бейімделген, сондықтан бұл сүйектер жуан және мықты болады.

Адамның денесіндегі сүйектер бірімен-бірі байланысты болады. Сүйек байланысының 3 түрі болады: қозғалмайтын, қозғалмалы және жартылай қозғалмалы. Қозғалмайтын сүйектерге – бас сүйек және жамбас, жартылай қозғалмалы – омыртқа жотасы, қозғалмалы сүйектерге буын арқылы жалғасқан сүйектер, яғни қол, аяқ, иық және қабырғалар жатады. Денедегі барлық сүйектер пішіні, мөлшері жағынан ұзын сүйектер, қысқа сүйектер, жалпақ сүйектер деп бөлінеді.

Ұзын сүйектерге қол-аяқ сүйектері жатады. Ұзын сүйектер – жілік деп аталады. Жілік денеге таяныш болады. Бұл сүйек тығыз заттан тұрады. Оның іші қуыс болады, онда жілік майы бар. Жіліктің екі басы сүйек кемігінен түзіледі. Сүйек кемігінде қан жасушалары түзіледі.

Жалпақ сүйектердің ұзындығы мен ені әр түрлі, олар жұқа болады. Бұларға жауырын, бас сүйек, қабырға, төс, жамбас сүйектері жатады.

Қысқа сүйектер денеге мықтылық қасиет береді және иілімді жерлерде орналасады. Олар: омыртқа, табан және қол сүйектері.

Бас сүйек ми сауыты мен бет сүйегі бөлімдерінен тұрады. Ми сауыты жұмыртқа тәрізді. Оның ішінде ми болады. Ми сауыты қозғалмайтын сүйектерден құралады. Оларға төбе, самай, маңдай және шүйде (қарақұс), жақ сүйектері жатады. Бет сүйектері үстіңгі және астыңғы жақ сүйектерінен, мұрын, таңдай, көз ұясы, тіл асты сүйектерінен тұрады. Бұлардың ішінде тек астыңғы жақ сүйек қана қимылдайды.

Тұлға қаңқасы омыртқа жотасы мен қабырғалар және төссүйектен тұрады.

Омыртқа жотасы – тұлғаның негізгі тірегі. Адамда омыртқалардың саны 33-34, олар:

7 мойын омыртқа, 12 арқа омыртқа, 5 бел омыртқа, 5 сегізкөз, 4-5 құйымшақ.

Арқа омыртқаларымойын омыртқаларынан ірілеу, көлбеу орналасқан, олар қабырғалармен жалғасады.Бел омыртқаларыбасқа бөлімнің омыртқаларымен салыстырғанда жалпақ, әрі үлкен, бұл – бел бөлімінің көбірек қозғалуына әсер етеді. Сегізкөз омыртқаларының 4 жұп тесіктерінен жұлын жүйкелерінің тарамдалған ұштары шығады. Құйымшақ омыртқалары қалдық ретінде тұтасып кеткен. Тек бірінші омыртқада омыртқаның кейбір белгілері ғана сақталған. Қалғандары біртіндеп кішірейген. Барлық омыртқалар бірімен-бірі шеміршек, бұлшық ет, сіңірлер арқылы байланысып, омыртқа жотасын құрайды. Омыртқа жотасы тұлғаны алға, артқа, бүйіріне қарай иіп-қозғалту арқылы түрлі қимылға келтіреді.

Бұғана мен жауырын бірігіп иық белдеуін құрайды. Кеуденің сыртқы жағына орналасқан жалпақ, үшбұрышты сүйек жауырын деп аталады. Иық белдеуі қол сүйектерден тұрады. Қол сүйектері екі ұзын сүйектен: тоқпан жілік пен кәрі жіліктен тұрады. Білезік сүйек, алақан және саусақ сүйектері – қол басы сүйектері болып саналады. Жамбас белдеуі жалпақ жамбас сүйегінен, ортан жіліктен, тізе, асықты жіліктен, өкше сүйектен (толарсақ), табан сүйектері мен башпай сүйектерінен құралады.

Сүйектің құрамында минералды тұздар мен микроэлементтер болғандықтан, минералды алмасуға қатысады.