Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МІ силлабус 2012.docx
Скачиваний:
176
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
2.89 Mб
Скачать

5. Сабақты өткізу жоспары (уақыты , минут)

Ұйымдастыру кезеңі (5 мин. )

Үй тапсырмасын сұрау ( 45мин.)

Жаңа сабақ

Грмматикалық тақырып бойынша жұмыс ( 25мин.)

Лексикалық материалмен жұмыс

Мәтін алдындағы жұмыс (10 мин.)

Мәтін бойынша жұмыс ( 25 мин.)

Мәтіннен кейінгі жұмыс ( 15 мин.)

Жаңа сабақты қорыту (10 мин. )

Студенттің білімін бақылау (10 мин.)

Студенттің білімін бағалау (5 мин. )

6.Өткізу түрі: Аралас сабақ

7.Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: сұрақ- жауап, әңгімелесу, салыстыру, түсіндіру, жаттығу, сөздік, пікірталас.

8.Көрнекі құралдар: Жүйке жүйесі және сыртқы және ішкі секреция бездеріне арналған кесте, етістер түрлеріне арналған кесте, үлестірмелі карточкалар.

9.Тапсырмалар

Жаңа сабақ

Мәтін алдындағы жаттығу жұмыстары

1-тапсырма. «Жүйке жүйесі» мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздер мен сөз тіркестерін оқып, есіңізге сақтаңыз.

жұлын-спинной мозг

қоршаған орта-окружающая среда

сопақша ми-продолговатый мозг

біріккен-объединенный

қимыл-движение

түйін-узел

реттеу-регулировать

басқару-управлять

байланыстыру-связывать аймақтық жүйке жүйесі-периферическая нервная система

құрылысы-строение

мишық-мозжечок

үлкен ми сыңарлары-большие полушария

тін-ткань

аралық ми-промежуточный мозг

ортаңғы ми-средний мозг

орталық жүйке жүйесі-центральная нервная система

өзара-между собой

қоздырғыш-возбудитель

2-тапсырма. Мәтін бойынша берілген сөз тіркестерін оқытушының көмегімен орыс тіліне аударыңыз. Курсивпен берілген сөз тіркестеріне сөйлем құрастырыңыз.

Жүйке жүйесі, қамтамасыз етеді, реттеп отырады, сезім жүйкелері, есту жүйкелері, омыртқа жотасының өзегінде, сыртқы ортамен байланыстырады, ішкі мүшелердің жұмысы, адамның қимылын басқару, аймақтарға тарайды, қоректік заттарды шығарады, қоздырғыш әрекеттерді сезу, қабықпен қапталған, қоршаған орта.

3-тапсырма. Мәтінді оқып шығып, орыс тіліне аударыңыз.

Жүйке жүйесі

Жүйке жүйесі мүшелердің жұмысын реттеп отырады және ағзаның біртұтастығын қамтамасыз етеді.

Жүйке жүйесі орталық жүйке жүйесі және аймақтық жүйке жүйесі болып екіге бөлінеді. Орталық жүйке жүйесі ми және жұлыннан тұрады. Ми мен жұлын қабықпен қапталған. Ми сауытында тамырлар өте көп. Бұл қабықтың тамырлары жүйке тіндеріне өтеді де, сол арқылы миға оттегін және қоректік заттарды жеткізеді.

Аймақтық жүйке жүйесіне жүйкелер мен жүйке түйіндері, жүйке ұштары жатады. Ми жүйкелері мидан басталып, бас аймақтар мен мойынға таралады. Ми жүйке жүйесіне сезім жүйкелері, есту жүйкелері жатады. Ми бес бөліктен тұрады: үлкен ми сыңарлары, аралық ми, ортаңғы ми, сопақша ми және мишық. Жұлын жүйкелері жұлыннан шығып, дененің барлық аймақтарына тарайды. Жұлын омыртқа өзегінде орналасқан.

Бүкіл жүйке жүйесі соматикалық және вегетативті болып екіге бөлінеді. Соматикалық жүйке жүйесі негізінен денені сыртқы ортамен байланыстырады.

Соматикалық жүйке қоздырғыш әрекетттерді сезіп, қаңқа бұлшық еттерінің қызметін реттейді. Аймақтық жүйке жүйесі зат алмасу мен ағзаның ішкі мүшелерінің жұмысын бір қалыпты реттеп отырады.

Жүйке түйіндері - өзара біріккен, байланысқан жүйке жасушаларының жиынтығы. Жүйке жасушасын нейрон деп атайды. Нейронның құрылысы күрделі. Жүйке жүйесі қоршаған ортамен байланыстыру, ағзалардың қызметін реттеу, адамның қимыл, қозғалысын басқару т.б. қызметін атқарады.

Жүйке жүйесінің құрылысын, қызметін, дамуын зерттейтін ғылымды неврология деп атайды.

4-тапсырма. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Жүйке жүйесі қандай қызмет атқарады?

2. Орталық жүйке жүйесіне нелер жатады?

3. Жүйке түйіндері дегеніміз не?

4. Соматикалық жүйке жүйесі қандай қызмет атқарады?

  1. Аймақтық жүйке жүйесіне нелер жатады?

5-тапсырма. Мәтіннен құрмалас сөйлемдерді тауып, бағыныңқы мүшесіне сұрақ қойыңыз.

6-тапсырма. Мәтіннен төмендегі сөз тіркестерін тауып, сөйлемді оқыңыз.

  1. ағзаның біртұтастығы

  2. қабықпен қапталған

  3. жүйке түйіндері

  4. мойынға таралу

  1. сопақша ми

  2. сыртқы орта

  3. жүйке жасушалары

  4. нейронның құрылысы

7-тапсырма. Оң жақтағы етістіктермен сол жақтағы керекті сөздерден (сұрақ арқылы) сөз тіркесін құрыңыз.

айналаны

ми мен жұлыннан

белсене

тұтастығын

балаға

бас сүйекте

қызмет

қамтамасыз ету (нені?)

орналасады (қайда?)

зерттеп жүр (нені?)

құралады (неден?)

араласады (қалай?)

атқарады (не?)

бағынбайды (кімге?)

8-тапсырма.Мәтінді тірек ете отырып, берілген сөйлемдерді толықтырыңыз.

1. Жүйке жүйесі мүшелердің ...реттейді. 2. Мидың ... салмағы 1300-1400 гр. 3. Жұлынның ... 1 см. 4. Жүйке жүйесі арқылы адам ... танып, біледі. 5. Жұлын ... қызмет атқарады. 6. Соматикалық жүйке жүйесі арқылы адам ... меңгереді. 7. Адамның ... 20 жасқа дейін өседі. 8. Жүйке жүйесінің бір бөлігі ... мүшелердің жұмысын реттейді. 9. ... жүйке жүйесінің қызметі адам ... бағынбайды. 10. Аймақтық бөлімге жүйкелер мен ... түйіндері жатады.

(Керекті сөздер: жүйке, жұмысын, миы, автономиялық, диаметрі, орташа, ортаны, ішкі, рефлекстік, іс-әрекетті, еркіне)

9- тапсырма. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз.

1. Мозг расположен в черепе. 2. Нервная система делится на центральную и периферическую. 3. Центральная нервная система состоит из головного и спинного мозга. 4. Головной и спинной мозг покрыты оболочкой. 5. К периферической относятся нервы и нервные узлы. 6. В мозге очень много кровеносных сосудов.

10-тапсырма. Мәтінді оқып шығып, үстеулерді табыңыз. Орыс тіліне аударыңыз.