Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МІ силлабус 2012.docx
Скачиваний:
176
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
2.89 Mб
Скачать
  1. 8-тапсырма. Оқып, аударыңыз.

  2. Кез – келген, тіпті ең бір күтпеген, қауіпті жағдайларда, дәрігер қатты қобалжып, қорқып немесе жіберген қатесі үшін қатты жабырқап тұрса да, науқасқа көрсетпеуі, сездірмеуі тиіс.

  3. Әрқашан дәрігер өзіне сенімді болу керек. Дәрігердің қиын жағдайда өзін-өзі ұстап, барлығы жақсы, дұрыс болады деген үміті науқастың сенімін сақтайды.

  4. Коммуникативті және экспрессивті қимылдар, сенімділікті, ілтипаттылықты білдіретін мимикалық реакциялар, эмоционалды жақындықты білдіретін ара қашықтық, дәрігердің сыртқы келбеті, сөйлеу мәнері, кәсіби біліктілігі науқастың сенімін арттырып, үмітін оятады.

  5. Медицина қызметкерінің тағы бір кәсіби маңызды жоғары қасиеті, бұл кәсіби іс – әрекет барысында қалыптасатын коммуникативті толеранттылық болып табылады.

  6. Коммуникативтік толеранттылық коммуникативті біліктіліктің маңызды бір құрамдас бөлігі, шыдамдылық, төзімділік дегенді білдіреді.

  7. Коммуникативтік толеранттылық дәрігердің науқас бойындағы жағымсыз қасиеттері мен әдеттерін, жеке ерекшеліктерін, ойлау стереотиптерін, тіпті сөйлеу мәнерін қаншалықты төзіммен қабылдайтынын айғақтайды.

  8. Науқас түрлі ойлар мен сезімдер туғызуы мүмкін. Ол дәрігерге ұнауы, ұнамауы, жағымды немесе жағымсыз әсер қалдыруы мүмкін. Дегенмен, дәрігердің кәсіби дайындығы жанжал, қақтығыс жағдайын болдыртпайды.

  9. 10. Бақылау:

  10. 1. Қазақтың қандай атақты дәрігерлерін білесіз?

  11. 2. Қазіргі кездегі қандай көрнекті дәрігерлерді білесіз?

  12. 3. Т.Шарманов туралы не білесіз?

  13. 4. Қ.Ормантаевтың қандай еңбектерін білесіз?

  14. 5. А.Рақышовтың еңбек жолы қалай және қашан басталды?

  15. 6. Анатомия нені зерттейді?

  16. 7. М.Әлиевтің қандай еңбектерін білесіз?

  17. 8.Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, уролог-дәрігер О.Жарбосынов туралы не білесіз?

  18. 9. А.Н.Сызғанов кім?

  19. 10. Дәрігер мамандығы туралы не айтасыз?

  20. 11. Әдебиет:

  21. 1. Ақыжанова А.Т. Қазақ тілі мәтіндер мен жаттығулар. Алматы, 2005ж.

  22. 2. ИсаеваЖ Т,Тәттібаева А.Е.,.Т. Қазақ тілі Алматы, 2011ж.