Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МІ силлабус 2012.docx
Скачиваний:
176
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
2.89 Mб
Скачать
  1. Оқытушының жетекшілігімен студенттің өз бетінше атқаратын (осөж)

  2. Жұмысының тақырыптық жоспары

  3. Тақырыбы: Қазақтың көрнекті дәрігер-ғалымдары.

  4. 2013 ж.

  5. Кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілді

  6. Хаттама №____, «_____»____________2013ж.

  7. «Бекітемін»

  8. Кафедра меңгерушісі, п.ғ.д. Аяпбергенова К.К.

  9. 1. Тақырыбы: Қазақтың көрнекті дәрігер-ғалымдары.

  10. 2. Мақсаты: Мәтінді сапалы меңгеру уәжін қалыптастыру. Тақырыпты қатысымдық тұрғыда меңгеру, сөздік қорын тұрмыс-тіршілікте, қоғамдық-әлеуметтік салада еркін пайдаланып, сауатты жаза білуіне көрініс беру.

  11. 3. Міндеті:

  12. 1. Когнитивті – білім компетенциясы бойынша тіл жүйесін, кәсіби бағытта сауатты жазуға, мамандығына сәйкес сөйлеу тілін үйретіп, ғылыми-қоғамдық және медициналық терминологияларды қалыптастыру.

  13. 2. Операционалды – дағды компетенциясы бойынша лексикалық – грамматикалық ерекшеліктердің қолдану аясын білуге машықтандыру, терминдердің жазылу үлгісін, оларға қойылатын талаптарды, біліктілікті қалыптастыру.

  14. 3. Коммуникативті компетенция бойынша ғылыми мәліметтерді, әдебиеттерді қолдана алу, мәтінді түсініп оқу.

  15. 4. Негізгі ұғымдар: сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, қазіргі дәрігерлердің өмірбаяны, еңбектері.

  16. 5. Сабақты өткізу жоспары:

  17. 1.Ұйымдастыру кезені-5 минут

  18. 2. Өткен материалдарды сұрау-15 минут

  19. 3. Жаңа сабақты түсіндіру-30 минут

  20. 4. Тақырыпты қорытыңдылау

  21. а)лексика-грамматикалық тақырыптар бойынша-50 минут

  22. б)сөйлеу мадениетінін қалыптастыру-30 минут

  23. 5. Білім дағдыларын, деңгейлерін бақылау жұмыстары-20 минут

  24. 6.Өткізу түрі:Тәжірибелік сабақ.

  25. 7. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:

  26. Коммуникативтік қарым-қатынас, дискуссия, түсіндіру, талдау, жинақтау, салыстыру, баяндау.

  27. 8. Көрнекі құралдар: Кестелер

  28. 9. Тапсырмалар :

  29. 1-тапсырма. Мәтінді аударып, ішінен медициналық терминдерді табыңыз.

  30. Сызганов Александр Николаевич родился в 1896 году в г. Татарской АССР. Русский. Хирург, доктор медицинских наук (1936), профессор (1934), заслуженный деятель науки КазССР (1941), действительный член АН КазССР, академик (1954). В 1934-1936 гг.он организовал Республиканскую станцию переливания крови, которой руководил в течение 11 лет.

  31. В КазГМИ возглавил кафедру оперативной хирургии с топографической анатомией. А.Н.Сызганов уделял большое внимание изучению гнойной хирургии.В 1957 г. в институте впервые в республике организован онкологический сектор с лабораторией экспериментального рака. В 1960г. на базе сектора был создан НИИ онкологии и радиологии. В результате научно-клинических и экспериментальных исследований были разработаны методика оригинального способа пищеводно-желудочного анастомоза после резекции пищевода, пораженного раком, способ внутритканевой терапии с использованием радиоактивного препарата, рассасывающегося по лимфатическим путям, изучен процесс малигнизации узловых форм зоба.

  32. По инициативе и при непосредственнном участии А.Н.Сызганов в институте были созданы отделения хирургического лечения заболеваний легких, приобретенных и врожденных пороков сердца, кровеносных сосудов, заболеваний щитовидной железы, лаборатория анестезиологии и реанимации, лаборатория медицинской радиологии.

  33. 2- тапсырма. Сөздерді аударып, сөйлем құраңыз.

  34. Врач, операция, труд, ученый, почки, больной, витамины, здоровья, деятель, наука, сердца, заболевания, желудок, пищевод, организм.

  35. 3 – тапсырма. Сөздерді аударып, қажеттілік мәнінде сөйлем құраңыз..

  36. Протекать, опухать, оздоровление, колоться, загнить, всасывать, впитывать, стремиться, хрипнуть, чувствовать, утруждать, не начинать, изменяться, торопить, голодать, заинтересовать, руководить, рассуждать.

  37. 4 – тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойыңыз.

  38. ... емделуіңіз керек.

  39. ... емханаға баруы қажет.

  40. ... емдеулері керек.

  41. ... дәрігерге қаралуыңыз қажет.

  42. ... көп оқуым керек.

  43. ... бүйрегіңізді емдеу керек.

  44. ... жүрегін тексерту қажет.

  45. ... дәрігердің кеңесін тыңдауыңыз керек.

  46. 5 – тапсырма. Мағынасын түсіндіріңіз.

  47. Тілі байлану, тілін тыю, аузына құм құйылу, құлағының етін жеу, тілдеу, ауыз-аузына жұқпау, миға тоқу, ала көзбен ату, көз жазып қалу, көз жүгірту, көз жеткізу.

  48. 6 – тапсырма. Мына етістіктерді толықтырыңыз.

  49. Үлгі: Сөйлеу мәнді етістіктері: сұрау, үндеу, деу, сөйлету т.б.

  50. Хабарласу етістіктері:

  51. Сөйлесу етістіктері:

  52. Сұрақ-жауап етістіктері:

  53. Ойлау мәнді етістіктері:

  54. Көңіл-күй етістіктері:

  55. Жұмыс істеу етістіктері:

  56. 7. Мәтінді оқып, аудару

  57. Қазақтың көрнекті дәрігер-ғалымдары

  58. «Елдің атын ер шығарар» демекші, сол ерлердің есімдері, елінің есінде мәңгі жүретін қазақтың қазіргі кездегі танымал дәрігерлері Т.Шарманов, М.Әлиев, К.С.Ормантаев, А.Р.Рақышев, О.Жарбосынов т.б. Қазақ медицинасының қалыптасуы мен дамуына ғалымдарымыздың сіңірген еңбектері өте зор.

  59. Солардың ішінде ардақты азаматымыз, атақты ғалым, ұлағатты ұстаз, денсаулық саласында жан аямай еңбек еткен, академик Төрегелді Шарманов 1930 жылы Қарағанды облысының Ұлытау елді мекенінде дүниеге келген. Еліміздің денсаулық сақтау жүйесіне, медициналық ғылым саласына сіңірген еңбегі ұлан-ғайыр. Ол өз елімізде ғана емес, сонымен қатар дүниежүзілік денсаулық сақтау жүйесіне де қомақты үлес қосты. Әсіресе, ең алғаш біздің елде туберкулез ауруының теміртапшылығынан болатын қан аздығының, біраз а витаминоздардың, әсіресе, С, А витаминдерінің тапшылығының жиі таралып кеткенін анықтап жазып, үлкен мәселе көтерді. Т.Шармановтың ең түбегейлі, жан-жақты тексеріс жүргізіп жүрген ғылым саласы - тағамтану ілімі. Жас балаларға және ауру адамдарға арналған диеталық және емдік тағамдардың көптеген түрлерін жасап шығарғанының мәні өте үлкен. Елімізде алғаш нутрициология ғылымының ірге тасын қалады. 1971-1982 жылдары Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрі болған. Ол ҚР еңбек сіңірген қайраткер, «Платина тарлан» сыйлығының және Леон Бернард атындағы ДДҰ-ның лауреаты. Халқымыздың біртуар ұлы, көрнекті тұлға Т.Шарманов биыл 80 жасқа толды.

  60. Балалар хирургиясының атасы Камал Сәруарұлы Ормантаев 1936 жылы дүниеге келген. Ол кісі бар еңбегін медицина саласына арнаған. Қазіргі кезде Алматыдағы 1 балалар ауруханасында дәрігер-хирург болып қызмет атқаруда. Камал Сәруарұлының Мәскеудегі өмірі өзін көп арманға жетелеген еді. Өзі ұйымдастырған Қазақ Педиатрия институтының директоры болып қызмет атқарады. Көптеген медициналық кітаптар мен ғылыми еңбектердің авторы. Қазір аталмыш дәрігер-ғалымдардың бастауымен Шри-Ланкадан екі балалар үйін салып жатқаны үлкен ерлік. Алматыда Т.Шарманов пен К.Ормантевтың ұйымдастыруымен республикадағы жетім балаларға көмек көрсету мақсатында «Қамқор» атты қор ашылған. Ол балаларға қиын оталар жасап, емдейтін нағыз шипагер дәрігер. Өзінің қыруар еңбегімен балалар хирургиясының атасы аталған академик, алаштың азаматы, ұлы перзенті. Ол Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Тарлан» сыйлығының иегері, республикада екі дүркін «Алтын адам» атағын алған академик.

  61. Ғылым Академиясының академигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Алшынбай Рақышев 1931 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, қазіргі Т.Әубәкіров атындағы ауылда туылған.

  62. 1950-1956 жылдары Қарағандыдағы медицина институтында оқыған. 1966 жылы Ленинградтағы физиология институтында аға ғылыми қызметкер болып істеді.

  63. А.Р.Рақышев – 1969-1976 жылдары Алматы медицина институтының оқу істері жөніндегі проректоры, 1994-1995 жылдары Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің вице-президенті болған. 1977 жылдан бері С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде қалыпты анатомия кафедрасының меңгерушісі.

  64. А.Р.Рақышев 150-ден астам ғылыми жұмыстар мен 12 монографияның авторы. Ол 1980 жылы Парижде лазер сәулесін медицина саласында қолдану жөніндегі Дүниежүзілік қауымдастықтың құрметті президенті болып сайланған. .

  65. Қазақстанның Халық Қаһарманы, ғалым, хирург, медицина ғылымының докторы, профессор Мұхтар Әлиев 1933 жылы Қызылорда облысында туылған. Негізгі ғылыми еңбектері торакальды, абдоминальды, қан тамыры хирургияларына т.б арналған. Жеке өзі он үш мыңнан астам ота жасаған. Ол Қазақстан мен Орта Азияға бірінші болып бүйректі, бауырды, бала бүйрегін т.б ауыстырып салу (трансплантация) оталарын жасаған. 1980 жылдан өзі негізін қалаған А.Н.Сызғанов атындағы хирургия ғылыми орталығының директоры және кафедра меңгерушісі болды. 1982-1987 жылдары Денсаулық сақтау министрі болған.

  66. Аталған дәрігерлер ҚР Денсаулық сақтау саласы тарихында ғана емес, дүниежүзінің денсаулық сақтау жүйесінде де өзіндік үлестерін қосқан, медицина саласына мол мұра қалдырған дарынды тұлғалар.

  67. Сөздік

  1. ұлан-ғайыр - огромный

  2. теміртапшылықты - железодефецитная

  3. қомақты үлес – значительный вклад

  4. қан аздық - анемия

  5. түбегейлі – основательно, важно

  6. ірге тасын – основание, фундамент

  7. шипагер – целитель, исцеляющий

  8. қауымдастық – общество

  9. еңбек сіңірген – заслуженный

  10. қайраткер – деятель

  11. мәні – значение

  12. тұлға – личность

  13. қор – фонд

  14. ота – операция

  15. қыруар – множество

  16. ғалым – ученый

  17. ғылым – наука

  18. сала – отрасль

  19. екі дүркін – дважды

  20. ауыстырып салу-трансплантация