Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МІ силлабус 2012.docx
Скачиваний:
176
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
2.89 Mб
Скачать
  1. 2-тапсырма. Мәтін бойынша берілген сөз тіркестерін оқытушының көмегімен орыс тіліне аударыңыз.

  2. Жұқпалы аурулар, дәрігерлік ережелер, соз зардабынан, дымқыл қабаты, қан арқылы, алғашқы кезең, жыныс қатынасы, ересек адамдар, үйқысы қашу, дене ауыр тарту, өзіне тән қоздырғыш, мерездің белгілері, сау адамға жұғу, ауру тез тарайды, сүйектері сырқырайды, бақылаудан өткізу, іріңдеп ойылады, теңге қотыр, лимфа түйіні ұлғаяды, қаны азаяды, адам ағзасында өмір сүру, зәрдің тоқтап қалуы, адамның жарасында өсіп-өну, боз спирахет.

  3. 3-тапсырма. Мәтінді оқып шығып, орыс тіліне аударыңыз. Қазақ тіліне тән дыбыстардың айтылуына назар аударыңыз.

  4. Венерологиялық аурулар

  5. Венерологиялық аурулар – жыныс қатынасы арқылы таралатын жұқпалы аурулар. Бұл аурудың бірнеше түрі бар: мерез, соз, жұмсақ шанкр, трихомониаз. Әрбір аурудың өзіне тән қоздырғыш микробы бар.

  6. Х ғасырдағы атақты ғалым, дәрігер Әбу Әли Ибн Сина өзінің дәрігерлік ережелері деген шығармасында мерездің белгілері мен соз зардабынан адамның зәрі тоқтап қалуы мүмкін екендігін атап жазған.

  7. Тұңғыш рет мерездің белгілерін 1494 жылы Испания дәрігерлері тапқан. 1905 жылы Ф.Шаудин, Э.Гофман мерез ауруының қоздырғышы боз спирахетті ашты. Венерологиялық аурулар науқас адамнан сау адамға жұғады. Аурудың микробтары тек адам ағзасында ғана өмір сүреді. Венерологиялық аурулардың шап пен басқа мүшелердің бездерінде, ауыз бен көмекейдің дымқыл қабатында ұялаған микробтары қан, лимфа арқылы дененің барлық мүшелеріне өтіп, тез тарайды. Ауру іштегі балаға анасының қаны арқылы жұғады. Кездейсоқ жыныс қатынасы және жезөкшелік венерологиялық аурулардың көбірек таралуына себеп болады.

  8. Венерологиялық аурулардың бірі – мерез. Оның ақ спирохета деп аталатын микробы болады. Аурудың микробы адамның жарасында, қанында, сілекейінде және шәуһетінде өсіп өнеді. Ауру микроб жұққаннан 21-28 күн өткеннен кейін ғана білінеді. Денеге жара шығуымен мерездің алғашқы кезеңі басталады. Бұл кезде, әсіресе, жараға жақын жердегі лимфа түйіні ұлғая бастайды, науқастың денесі ауыр тартып, дене қызуы көтеріледі, басы ауырады, сүйектері сырқырайды, ұйқысы қашып, қаны азаяды. Аурудың ақырғы кезеңінде ауырған жер іріңдеп ойылады. Ондай жараны теңге қотыр (гумма) дейді.

  9. Соз – гонококк микробы қоздыратын және ересек адамдарда тек жыныс қатынасы арқылы жұғатын ауру.

  10. Венерологиялық аурулардан сақтандыру мақсатымен науқас адамның отбасын, туған-туыстарын т.б. бақылаудан өткізеді.

  11. 1932 жылы Алматыда тері және венерологиялық аурулар ғылыми-зерттеу институты ашылды.

  12. Венерология – жыныс қатынасы арқылы жұғатын ауруларды зерттейтін ғылым.

  13. Мәтіннен кейінгі жаттығу жұмыстары

  14. 4-тапсырма. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

  15. 1. Қандай венерологиялық ауруларды білесіз?

  16. 2. Ибн Сина еңбегінде не туралы жазды?

  17. 3. Венерологиялық аурулар қалай жұғады?

  18. 4. Мерез ауруы туралы не білесіз?

  19. 5. Венерологиялық аурулардан қалай сақтануға болады?

  20. 5-тапсырма. Мәтін бойынша сөз тіркестерінің сыңарын табыңыз.

  21. 1. аурудың ____________,

  22. 2. іштегі ______________,

  23. 3. алғашқы ____________,

  24. 4. лимфа ______________,

  25. 5. ересек ______________,

  26. 6. науқас ______________,

  27. 7. әрбір ________________,

  28. 10.Бақылау(сұрақтар, жаттығулар, тапсырмалар, тестілер және т.Б.)

  29. Когнитивті – білім компетенциясы:

  30. Тестілер:

  1. 1. Болжалдық санды көрсетіңіз.

  2. а) бір

  3. ә) бірнеше

  4. б) біреу

  5. в) бір-екі

  6. г) бірталай

  7. 2. Болжалдық санды көрсетіңіз.

  8. а) тоқсан бес

  9. ә) тоқсаныншы

  10. б) тоқсаннан бір

  11. в) сексен-тоқсан

  12. г) тоқсандай

  13. 3. Болжалдық санды көрсетіңіз.

  14. а) бес алдым

  15. ә) бестерде келемін

  16. б) беске бол

  17. в) бестікке оқыды

  18. г) беске жуық

  19. 4. Дұрыс жазылмаған сөзді көрсетіңіз.

  20. а) қырқыншы

  21. ә) жетінші

  22. б) жиырманшы

  23. в) алпыс

  24. г) отыздай

  25. 5. Дұрыс жазылмаған санды көрсетіңіз.

  26. а) жетпыс

  27. ә) сексен

  28. б) тоғыз

  29. в) тоғыз

  30. г) қырұқ

  31. 6. Реттік сан есім жұрнақтарын көрсетіңіз.

  32. А) -ау, -еу

  33. Ә) -сыншы

  34. Б) -дан, -ден

  35. В) –ақ

  36. Г) -нші

  37. 7. Реттік сан есім жұрнақтарын көрсетіңіз.

  38. А) -ты, -ті

  39. Ә) -тан, -тен

  40. Б) -ыншы,- інші

  41. В) –у

  42. Г) –дай, -дей

  43. 8. Сан есімнің сөйлемде атқаратын қызметі не?

  44. а) бастауыш

  45. ә) баяндауыш

  46. б) толықтауыш

  47. в) анықтауыш

  48. г) пысықтауыш

  49. 9. Қай қатардағы сан есімдер арасына дефис қойылмайды?

  50. а) он оннан

  51. ә) жеті сегіздерде

  52. б) екеу үшеу

  53. в) алпыс төрт

  54. г) отыз қырық

  55. 10.Күрделі сан есімді табыңыз.

  56. а) мыңдап

  57. ә) елулерде

  58. б) жүз

  59. в) екеу

  60. г) екі бүтін оннан бес

  1. Операционалды – дағды компетенциясы:

  2. 1- жаттығу. Берілген сөздерді орын тәртібі бойынша қойып, сөйлем құрастырыңыз.

  3. 1. қамтамасыз етеді, сақтауын, бұлшық ет, тік қалпын, дененің қозғалтауын, оның және.

  4. 2. айтады, көмір қышқыл, шығару, газын, тыныс алу, деп, сіңіріп, оттегін, ауадан.

  5. 3. мүмкін, жұғуы, ағзаға, туберкулез микобактериялары, арқылы, тамақ.

  6. 4. болады, пайда, жұқпалы аурулар, ағзасына, адам, енуінен, микроорганизмдердің.

  7. 5. сақтану, байланысты, адамның, өзіне, аурулардан, әр түрлі.

  8. Коммуникативті компетенция

  1. Венералогиялық аурулар қандай ауру?

  2. Аурудың қандай түрлері бар?

  3. Тұңғыш рет мерездің белгілері қашан белгілі болған?

  4. Мерез қандай ауру, белгілері қандай?

  5. Соз ауруы туралы не білесіз?