Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
gig_pitan_kds_kz.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.6 Mб
Скачать

IV. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Ағзаның энергияға деген қажеттілігі неге байланысты?

2. Жасына, жынысына байланысты ағзаның қоректік заттарға деген қажеттілігі қандай?

3. Еңбекке жарамды ересек адамдарды жасына және атқаратын жұмысының ау ырлығына байланысты неше топқа бөледі?

4. Энергияның және қоректік заттардың физиологиялық қажетті мөлшері қандай?

V. Білім берудің және оқытудың әдістері: Кіші топтармен жұмыс, пікірталас.

1- топ

1. 7-10 жас аралығындағы балалар ағзасына қажетті энергия мен қоректік заттар мөлшерін анықтаңыздар..

2-топ

1. 20 жастағы студент қыздың ағзасына қажетті энергия мен қоректік заттар мөлшерін анықтаңыздар..

3- топ

1. 35 жастағы хирург дәрігер ағзасына қажетті энергия мен қоректік заттар мөлшерін анықтаңыздар..

VI. Әдебиет:

Негізгі:

1. Серлиева М.Ш. Илакбаева У.С. «Тағам гигиенасы» Шымкент, 2009ж-298 бет

2. Торгаутов Б.К. Сералиева М.Ш. «Жалпы гигиена» Шымкент, 2009ж-426 бет.

Орыс тілінде:

1. Терехин С.П., Ахметова С.В. «Лечебное питание» (учебно-методическое пособие). Караганда 2005-385 бет.

2. Шарманов Т.Ш. Казахстан в контексте глобальных проблем питания. Алматы Баспа, 2000-224 бет.

3. Гигиена питания: учебник для студентов ВУЗ/Королев А.А. М.: Издательский центр «Академия», 2006-528 бет.

4. Тутельян В.А., Онищенко Г.Г. Государственная политика населения, Задачи и

пути реализации на региональном уровне. Учебное пособие.-М.,2008-257 бет.

5. Тутельян В.А. Государственная политика здорового населения: руководство.М., 2008-256 бет.

Қосымша:

1. Нормативные и правовые акты, нормативно-методические документы Государственной санитарно-эпидемиологической службы, санитарные правила и нормы по гигиене питания, действующие на территории РК.

2. Химический состав российских продуктов. Справочник/ Под ред. И.М. Курихина и В.А. Тутельяна Москва ДеЛи принт, 2002г 236стр.

VII. Бақылау:

1. Ағзаға қажетті энергия мөлшері неге байланысты?

2. Ағзаның қоректік заттарға деген қажеттілігі жасына, жынысына байланысты ма?

3. Еңбекке жарамды ересек адамдарды жасына, жынысына және атқаратын жұмысының ауырлығына байланысты неше топқа бөледі?

4. Энергияның және қоректік заттардың физиологиялық қажетті мөлшері қандай?

5. Ағзада энергиялық тепе-теңдіктің бұзылуы қандай өзгерістерге әкеледі?

7

I. Тақырыбы: Халықтың әртүрлі топтарының тамақтануын зерттеу әдістері.

II. Мақсаты: Халықтың әртүрлі топтарының тамақтануын зерттеу әдістерін оқытып үйрету.

III. Оқыту мақсаты:

Студент білуі тиіс:

- халықтың әртүрлі топтарының тамақтануын зерттеу әдістерін;

- отбасының тамақтануын зерттеу әдістерін;

- жеке адамдардың тамақтануын зерттеу әдістерін;

- өртүрлі ұжымдардың тамақтануын зерттеу әдістерін;

- тамақтанудың өлеуметтік-экономикалық негіздерін.

Студент істей алуы тиіс:

- сауалнама әдісін жүргізуді;

- сұрақ-салмақ өдісін жүргізуді;

- ас-мәзірін статистикалық өңдеу әдістерін;

- зертханалық зерттеу жүргізуді;

- зерттеу нәтижесі бойынша қорытынды жасауды.

IV. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Тамақтануды зерттеу әдістерін таңдау неге байланысты?

2. Отбасылық және жеке адамдардың тамақтануын бағалауда қандай әдістерді қолданған жөн?

3. Сұрақ-салмақ әдісі арқылы тамақтануды қалай бағалайды?

4. Әртүрлі топтағы адамдардың тамақтануын бағалауда қолданылатын әдістерді атаңыз.

5. Тамақтануды бағалауда зертханалық әдістің ролі қандай?

6. Баланстық және бюджеттік әдістер қай кезде қолданылады?

V. Білім берудің және оқытудың әдістері: Кіші топтармен жұмыс, пресс-конференция.

1- топ

Студенттердің тамақтануын бағалау үшін 10 сұрақтан тұратын сауалнама дайындаңыздар.

2- топ

Әртүрлі топтағы адамдардың жыл бойғы тамақтануын бағалау үшін қажетті ас мәзірін есептеңіздер.

3- топ:

Тамақтануды бағалау үшін қолданылатын зерттеу әдістеріне сипаттама беріңіздер.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]