Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
gig_pitan_kds_kz.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.6 Mб
Скачать

4.Жағдайлық есептерді құрастыруға қойылатын талаптар:

жағдайлық есеп берілген тақырыпқа сай, қосымша материалдарды қолдануға мүмкіндік беретін, өзекті, қойылған сұрақтар (3-4) нақты әрі толық болуы шарт. Жағдайды сипаттау, берілген сандар мен фактілер түсінікті, нақты болуы керек. Құрастырылатын жағдайлық есептің саны 5-тен кем емес. . Формат А4 Times New Roman, шрифт 14, шеті жоғары, төмен, оң жағы- 2 см, сол жағы - 3 см;

5.Санитариялық-гигиеналық шаралар құрастыру: адекваттылық, негізделуі, нақтылығы, ұсынылған шаралардың таңдалып алынған тақырыпқа сәйкестігі, санитариялық ережелерді қолдануы. Алдан алу шараларының саның 5-тен кем болмауы. . Формат А4 Times New Roman, шрифт 14, шеті жоғары, төмен, оң жағы - 2 см, сол жағы - 3 см;

6.Есеп беру: Есеп беру құрылымы: титул беті, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, әдебиет тізімі. Сызба - тақырып, мақсаты және міндеттері, өзектілігі, берілген тақырып бойынша зерттелген нақты сұрақтар тізімі. Қорытынды және ұсыныстар. Есеп беру көлемі 5-8 бет. Мазмұнына кіріспе, негізгі бөлім, тараулар мен тармақшалар, қорытынды, әдебиеттер тізімі кіреді. Кіріспе 1 беттен тұрады, онда тақырыптың қысқаша негіздемесі, мақсаты және міндеттері, өзектілігі беріледі. Тақырыптағы сілтеме әдебиет тізіміндегі реттік нөмірге сәйкес болатындай, жақшада санмен белгіленеді. Қорытынды 2-3 тармақшадан тұрады.Қойылатын талап: сауаттылық, нақтылық, дәлдік және материалды берудің логикалық кезеңділігі; аргументтің сенімділігі; формурлировканың қысқалығы және дәлділігі.Форматы: А4 шрифт Times New Roman, шрифт көлемі 14, үстінгі жағы, оң жағы, төменгі жағы 2 см-ден, сол жағы 3 см-ден.

7. Баяндама: Баяндама құрылымы: титул беті, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, әдебиет тізімі. Сызба - тақырып, мақсаты және міндеттері, өзектілігі, берілген тақырып бойынша зерттелген нақты сұрақтар тізімі. Қорытынды және ұсыныстар. Есеп беру көлемі 5-8 бет. Мазмұнына кіріспе, негізгі бөлім, тараулар мен тармақшалар, қорытынды, әдебиеттер тізімі кіреді. Кіріспе 1 беттен тұрады, онда тақырыптың қысқаша негіздемесі, мақсаты және міндеттері, өзектілігі беріледі. Тақырыптағы сілтеме әдебиет тізіміндегі реттік нөмірге сәйкес болатындай, жақшада санмен белгіленеді. Қорытынды 2-3 тармақшадан тұрады. Қойылатын талап: сауаттылық, нақтылық, дәлдік және материалды берудің логикалық кезеңділігі; аргументтің сенімділігі; формурлировканың қысқалығы және дәлділігі.Форматы: А4 шрифт Times New Roman, шрифт көлемі 14, үстінгі жағы, оң жағы, төменгі жағы 2 см-ден, сол жағы 3 см-ден.

8. Жоба: өз бетінше немесе топпен орындалады, тақырып бойынша зерттеу жүргізіледі. Жобада келесі тараулар болуы тиіс: ақпаратты іздеу (әбеди шолу); ақпаратты жинау; ақпаратты талдау. Қойылатын талап: Жоба тақырыптың мазмұнын ашуы тиіс, барынша ақпаратты болғаны жөн, зерттеу қортындысы болуы тиіс, 8-10 беттен кем болмауы тиіс. Автор 7 кем емес әдебиет көздерін қолдануы керек, тақырып бойынша сызбалар, кестелер, диаграммалар келтіріледі. Қолданылған әдебиеттер тізімі болуы керек. Жобаны қорғау барысында мәтін оқылмайды. Автор барлық сұрақтарға сенімді және қатесіз жауап береді. Форматы: А4 шрифт Times New Roman, шрифт көлемі 14, үстінгі жағы, оң жағы, төменгі жағы 2 см-ден, сол жағы 3 см-ден.

Қосымша №2

Бағалау белгілері

Бақылау түрі

Баға

Бағалау белгілері

Ауызша жауап

Өте жақсы

А ( 95-100%);

А- ( 90-94%) баға сәйкес.

Егер студент жауап беру кезінде ешқандай қате және түсінбеушілік жібермесе қойылады. Пән бойынша теориялар, концепциялар мен бағыттарға сүйене отырып, оған критикалық баға беріп, басқа пәндердегі ғылыми жетістіктерді қолданса қойылады.

Жақсы

В+ ( 85-89%);

В ( 80-84%);

В- ( 75-79%) баға сәйкес.

Егер студент жауап беру кезінде дөрекі қате жібермесе, қағидасыз түсінбеушіліктер не болмашы қате жіберіп, оны студенттің өзі жойса, оқытушының көмегімен бағдарламаны материалдарды жүйелендірсе қойылады.

Қанағаттанарлық

С+ ( 70-74%);

С ( 65-69%);

С- ( 60-64%);

D+ ( 50-54%) баға сәйкес.

Егер студент жауап беру кезінде қағидасыз түсінбеушіліктер не қате жіберіп, тек оқытушы ұсынған оқу әдебиеттерімен шектелсе, материалдарды жүйелендіруде үлкен қиындықтарға тап болса қойылады.

Қанағаттанарлықсыз

F ( 0-49%) баға сәйкес.

Егер студент жауап беру кезінде қағидалы түсінбеушіліктер жіберіп,

тақырып бойынша тақырыпқа сай негізгі әдебиеттермен жұмыс жасамаса, пән бойынша ғылыми терминологияны қолдана алмай, дөрекі стилистік және логикалық қателермен жауап берген жағдайда қойылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]