Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
gig_pitan_kds_kz.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

5) Әдебиет:

1. Сералиева М.Ш., Илақбаева Ү.С. Тағам гигиенасы. Оқулық.-Шымкент,2009.-300бет.

2. П.Терехин., С.В.Ахметова, Г.Н.Талиева. Емдік тамақтану (оқу-әдістемелік құрал). Қарағанды.-2006.-276 бет.

3. Ахметов М. Тағам гигиенасы терминдерінің орысша-қазақша сөздігі: -Алматы: Сөздік. Словарь, 1998 -240 бет.

4. Қазақстан Республикасы территориясында істейтін тағам гигиенасы бойынша санитарлық ережелер мен нормалар, Мемлекеттік санитарлы-эпидемиологиялық қызметінің нормативтік және құқықтық актілері, нормативтік-әдістемелік құжаттар.

  1. Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):

  1. Дәнді азық – түліктердің тұрғындардың тамақтануындағы маңызы қандай?

  2. Дәнді азық – түліктердің химиялық құрамы қандай?

  3. Жарманың тағамдық және биологиялық қасиеті неге байланысты?

  4. Жарманың сапасына қандай талаптар қойылады?

  5. Ұнның сапасына қандай талаптар қойылады?

№12

1) Тақырыбы: Сүт және сүт өнімдеріне қойылатын гигиеналық талаптар.

2) Мақсаты: Студенттерді сүт және сүт өнімдерінің тағамдық және биологиялық құндылығымен және оларға қойылатын гигиеналық талаптармен таныстыру.

3) Дәріс тезистері: Сүт – сүт қоректі жануарлардың сүт бездері арқылы бөлінетін, жаңа туылған нәрестенің тіршілігі мен өсуін қамтамасыз ететін биологиялық сұйықтық.

Сүт өндірісінде шикізат көзі ретінде табиғи сүт пен оның жеке компоненттері, мысалы, май, ақуыз, казеин, лактоза пайдаланылады. Сүтті өңдеу барысында оның құрамындағы компоненттердің құрамы мен қасиеті өзгереді.

Сүт су мен құрғақ қалдықтардан тұрады, оның құрамына май, азотты заттар, ақуыз, сүт қанты, минералды тұздар мен микроэлементтер, дәрумендер кіреді.

Су биохимиялық үрдістерде өте маңызды роль атқарады. Ол органикалық және бейорганикалық заттарды ерітеді. Сүттің құрамындағы судың мөлшері 87-88% құрайды.

Құрғақ қалдық дегеніміз – сүтті кептіргеннен кейін қалатын тұрақты массасы. Құрғақ қалдықтың үлес салмағы оның құрамына байланысты шамамен 12-13% құрайды. Сүттің құрамындағы құрғақ қалдықтың деңгейіне май мөлшерінің әсері мол. Тағамдық тұрғыдан алғанда сүттің ең құнды бөлігін құрғақ қалдық құрайды. Майсыз құрғақ қалдықты құрғақ заттардан майдың пайыздық көрсеткішін алып тастау арқылы есептейді. Майсыз құрғақ қалдықтың мөлшеріне байланысты сүттің табиғылығын анықтайды.

Сүт майы эмульсия немесе супензия түрінде майда түйіршек тәріздес болып келеді. Май түйіршіктерінің саны мен өлшемі малдың тегіне, жемі мен жағдайына, сауын маусымының кезеңіне байланысты. Сүт майында А, Д, Е дәрумендері еріген күйінде кездеседі.

Сүттегі ақуыздың мөлшері 3,05-тен 3,85% аралығында. Олардың құрамында 82% казеин, 12% альбумин, 6% глобулин кездеседі.

Казеин – иісі және дәмі жоқ, ақ түсті аморфты ұнтақ. Қышқылдар, тұздар мен ферменттердің әсерінен казеин ұйып (коагуляцияланады), тұнбаға түседі. Казеиннің ұюы сүт қышқылының ашуы нәтижесінде болады. Сыр мен ақ ірімшік өндірісінде казеинді мәйекті ферментпен (сычужный фермент) тұндырады.

Сүт қанты немесе лактоза тек сүтте ғана кездеседі. Қант қызылшасына қарағанда тәттілігі төмен. Сүт қанты сүт қышқылды бактериялардың негізгі азығы, олар сүт қантын сүт қышқылына дейін ашытады. Сүт қышқылы казеиннен кальцийді бөліп алған соң, сүтті ұйыту т.б. өндірістерінде қолданылады.

Сүтте (0,6-0,8%) кальций, магний, темір тұздары кездері. Олардың ағза үшін маңызы өте зор. Сүтте мыс, йод, марганец, алюминий, хром, мырыш, кобальт, мышьяк, титан, күміс, гелий т.б. микроэлементтер кездеседі. Олардың мөлшері өте аз болғанымен, ағзаның тамақтануында атқаратын ролі өте маңызды.

Дәрумендер зат алмасуға қатысып, биохимиялық үдерістерде катализатор қызметін атқарады. Тағамда дәрумендердің жетіспеушілігі немесе жоқ болуы ағзада зат алмасудың бұзылуына әкеледі. Сүтте А,В1,В2, В12, Д, С, РР, Н, дәрумендері мен фоли қышқылы, холин және т.б. кездеседі.

А дәрумені көздің көру қабілетін жақсартады, бойды өсіреді, тері және шырышты қабаттарды қалыпты жағдайда ұстауға мүмкіндік береді. В2 дәрумені өсу факторы болып саналады. Оның жетіспеушілігі бойдың өсуін тежеп, көз ауруларын тудырады. В12 дәрумені қан жасау мүшелерінің қызметін жақсартады, жетіспеушілігі қан аздыққа әкеледі. РР дәрумені ағзадағы тотығу – тотықсыздану үрдістеріне қатысатын дегидраз ферментінің құрамына кіреді. С дәрумені ағзаға темірдің сіңірілуін жақсартып, токсиндердің белсенділігін төмендетеді. С дәруменінің жеткіліксіздігінен тістің қызыл иегі қанап, қырқұлақ ауруы дамиды. Д дәрумені ағзаны мешел ауруынан қорғайды. Бұл дәруменге деген қажеттілік балаларда өте жоғары. С дәрумені зат алмасудың аралық реакцияларына қатысады.

Фоли қышқылы ішекте сіңірілу үрдістерінің бұзылуымен байланысты аурулардың алдын алуға мүмкіндік береді. Холин бауырдың дұрыс жұмыс атқаруы үшін қажет. Н дәрумені зат алмасуға қатысады.

Сүттің органолептикалық қасиеті. Жаңа сауылған сүт өзіне тән органолептикалық қасиеттерімен сипатталады: түрі, түсі, консистенциясы, иісі, дәмі. Сау сиырдан алынған сүттің түрі мен консистенциясы ақ немесе әлсіз сарғыш түсті, тұнбасыз болады. Шикі сүттің түсі жыл мезгіліне байланысты өзгеріп отырады. Жаз бен күзде сүт сарғыштау болса (майлылығына байланысты), қыста керісінше ақшылдау болады. Шикі сүттің дәмі ұнамды, сәл тәттілеу тұзды болып келеді.

Тағамдық және энергетикалық құндылығы.

Сүттің тағамдық құндылығы оның сапасымен бағаланады. Тағамдық азықтардың ішінен сүт барлық жас категориясындағы адамдарға ұсынылатын, алмастыруға болмайтын заттарға мол, үйлесімді азық болып саналады.

Сүттің тағамдық құндылығы оның құрамындағы ақуыз, май, көмірсулар мен минералды заттардың, дәрумендердің тиімді мөлшерде және үйлесімді арақатынасында болуында, сонымен бірге олардың ағзада сіңімділігі өте жоғары. Сүттегі ақуыз пластикалық қызмет атқарады, ол жаңа жасушалар мен тіндердің, биологиялық белсенді заттар мен ферменттердің, гормондардың пайда болуы үшін қажет. Сүт құрамындағы 18 аминқышқылдарының 8-і алмастырылмайды, яғни ағзада синтезделмейді, оларсыз ақуыз молекулаларын құру мүмкін емес.

Сүт майының температурасы төмен болғандықтан сіңімділігі жоғары. Құрамында қаныққан және қанықпаған май қышқылдары мен фосфолипидтер мол болғандықтан майдың сіңімділігі жоғары, ол сүттің тағамдық құндылығын арттырады.

Сүттің құрамында көмірсудың компоненттері де мол, оның 90% сүт қантының үлесіне тиеді. Лактоза – энергия көзі болып табылады. Ағзаға түскен сүт минералды заттардың көзі, тіндегі қышқылдық – сілтілік тепе-теңдікті сақтап, қанның осмостық қысымын реттейді, ағзаның физиологиялық қызметін реттейді.

Сүт – дәрумендердің қайнар көзі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]