Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
gig_pitan_kds_kz.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.6 Mб
Скачать

III. Оқыту мақсаты:

Студент білуі тиіс:

- дәрумендер мен минералды заттардың физиологиялық маңызын және жіктелуін;

- дәрумендер мен минералды заттардың жетіспеушілігі немесе шамадан артуы жағдайының нәтижесінде дамитын ауруларды;

- ұтымды тамақтанудың қағидаларын;

- ұтымды тамақтану теориясының негізгі постулаттарын.

Студент істей алуы тиіс:

- адам ағзасының дәрумендерге деген қажеттілігін бағалауды;

- адам ағзасының минералды заттарға қажеттілігін бағалауды;

- ұтымды тамақтануды бағалауды.

IV. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Адам ағзасы үшін дәрумендердің маңызы неде?

2. Дәрумендердің адам ағзасындағы жетіспеушілігі немесе

шамадан тыс артуы нәтижесінде қандай аурулар пайда болады?

3. Адам ағзасындағы минералды заттардың маңызы неде?

4. Минералды заттардың адам ағзасындағы жетіспеушілігі немесе шамадан тыс артуы нәтижесінде қандай аурулар пайда болады?

5. Ұтымды тамақтану дегеніміз не?

6. Ұтымды тамақтанудың негізгі қағидаларын атаңыз.

V. Білім берудің және оқытудың әдістері: Бақылау сұрақтарымен жұмыс,тесттік бақылау.

VI. Әдебиет:

Негізгі:

1. Сералиева М.Ш. Илакбаева У.С. «Тағам гигиенасы» Шымкент, 2009ж-298 бет

2. Торгаутов Б.К. Сералиева М.Ш. «Жалпы гигиена» Шымкент, 2009ж-426 бет.

Орыс тілінде:

1. Терехин С.П., Ахметова С.В. «Лечебное питание» (учебно-методическое пособие). Караганда 2005-385 бет.

2. Шарманов Т.Ш. Казахстан в контексте глобальных проблем питания. Алматы Баспа, 2000-224 бет.

3. Гигиена питания: учебник для студентов ВУЗ/Королев А.А.М.: Издательский центр «Академия», 2006-528 бет.

4. Тутельян В.А., Онищенко Г.Г. Государственная политика населения, Задачи и пути реализации на региональном уровне. Учебное пособие.-М., 2008-257 бет.

5. Тутельян В.А. Государственная политика здорового населения: руководство.М., 2008-256 бет.

Қосымша:

1. Нормативные и правовые акты, нормативно-методические документы

Государственной санитарно-эпидемиологической службы, санитарные правила и нормы по гигиене питания, действующие на территории РК.

2. Химический состав российских продуктов. Справочник/под ред. И.М. Курихина и В.А. Тутельяна Москва ДеЛи принт, 2002г 236стр.

VII. Бақылау– сұрақтары:

  1. Дәрумендер дегеніміз не?

  2. Дәрумендердің көздерін атаңыз.

  3. Дәрумендердің адам ағзасындағы маңызы қандай?

  4. Дәрумендер қалай жіктеледі?

  5. Қандай дәрумендер суда еритін дәрумендерге жатады?

  6. Қандай дәрумендер майда еритін дәрумендерге жатады?

  7. Дәрумендердің жетіспеушілігі немен түсіндіріледі?

  8. Дәрумендерге қажеттілік неге байланысты?

  9. Минералды заттар қалай жіктеледі?

  10. Минералды заттардың ағзада тепе-теңдігінің бұзылу себептерін көрсетіңіз.

  11. Әр-түрлі минералды элементтердің тағамдағы көздерін атаңыз.

  12. Минералды заттардың ағзада шамадан тыс артуы немен түсіндіріледі?

  13. Ағзада минералды заттардың жетіспеушілігі немен түсіндіріледі?

  14. Ұтымды тамақтану дегеніміз не?

  15. Ұтымды тамақтану концепциясын кім ұсынған?

  16. Ұтымды тамақтану теориясының негізгі қағидаларын атаңыз.

Тест тапсырмалары:

1. Дәрумендердің алиментарлық жетіспеушілігінің себебі ...

  1. тағамдық азық-түліктердің антидәруменділік факторы әсерінен.

  2. ксенобиотиктер мен дәрілік препараттардың антидәруменділік әсері.

  3. тиімсіз химиотерапияның әсерінен.

  4. жиі жүйкелік-психикалық жүктеме, күйзелістің әсері.

  5. тағамдық азық-түліктердегі аз сіңірілетін дәрумендердің болуынан.

2. Дәрумендердің жіктелуі ... негізделген.

  1. суда және майда ерігіштігіне

  2. үлылық дәрежесіне

  3. сіңірілу дәрежесіне

  4. тағамда ерігіштігіне

  5. беріктік дәрежесіне

3. Тағамдық майлардың құрамына кіретін ... Д дәруменінің синтезі үшін қажет.

  1. холестерин+

  2. көп қанықпаған май қышқылы

  3. лецитин

  4. майда еритін дәрумендер

  5. қаныққан май қышқылдары

4. А дәруменінің биологиялық ролі ...

  1. ағзаның өсу үдерісін стимуляциялайды.

  2. ағзаның арнайы резистенттілігін жоғарылатады.

  3. коллаген талшықтарының синтезіне қатысады.

  4. холестериннің ағзадан шығарылуына ықпал етеді.

  5. биофлавоноидтардың құрамына кіреді.

5. Д дәруменінің биологиялық ролі ...

  1. фосфор-кальций алмасуын реттейді.

  2. ағзаның арнайы резистенттілігін жоғарылатады.

  3. коллаген талшықтарының синтезіне қатысады.

  4. холестериннің ағзадан шығарылуына ықпал етеді.

  5. биофлавоноидтардың құрамына кіреді.

6. ... В тобы дәрумендерінің негізгі көзі болып табылады.

  1. Нан

  2. Жұмыртқа

  3. Ет

  4. Сүт

  5. Жасыл бұршақ

7. Суда еритін дәруменге ... жатады.

  1. С аскорбин қышқылы

  2. Д(кальциферол)

  3. А (ретинол)

  4. К(филлохинон)

  5. Е(токоферол)

8. Майда еритін дәрумендер қатарына ... жатпайды.

  1. РР

  2. А

  3. Д

  4. Е

  5. К

  1. В1 (тиамин) дәрумені ... мол.

  1. сыра ашытқысы, қара нан, сәбіз, алмада

  2. балық майы, сары май, жұмыртқаның сары уызында

  3. орамжапырақ, сәбіз, картоп, шошқаның бауырында

  4. картоп, күріш, сұлыда

  5. сары май, сүт, жидекте

10.А дәруменінің толығымен аталуы-

  1. ретинол.

  2. токоферол.

  3. эргокальциферол.

  4. пиридоксин.

  5. тиамин.

5

I. Тақырыбы: Негізгі қоректік заттардың мөлшерлік қарым-қатынасына байланысты тағам рационының сәйкестілігі. Тамақтану тәртібі- ұтымды тамақтану-дың негізгі элменті ретінде.

II. Мақсаты: Негізгі қоректік заттардың мөлшерлік қарым-қатынасының үш дәрежесін, сонымен қатар тамақтану тәртібі мен шарттарының маңызын оқытып үйрету.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]