Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
gig_pitan_kds_kz.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.6 Mб
Скачать

1. Тақырыбы: Аралық бақылау 1-7 тақырыптар бойынша

2. Мақсаты: 1-7 аптада студенттердің дәріс, тәжірибелік сабақ және СӨЖ өткен материалдары бойынша алған білімдерін және дағдыларын бағалау.

3. Тапсырма:

1. 1-7 аптада өткен дәріс, тәжірибелік сабақ және СӨЖ тақырыптарын қайталау.

2. Берілген СӨЖ дайындау және өткізу

4. Өткізу түрі: Тестілеу, жағдайлық есептер шығару, жазбаша бақылау

5. СӨЖ-ді орындау және бағалау критерилері: 1, 2 қосымшаны қараңыз.

6. Тапсыру мерзімі : 8 - апта

7. Әдебиет:

Негізгі:

1. Сералиева М.Ш. Илакбаева У.С. «Тағам гигиенасы» Шымкент, 2009ж.

2. Торгаутов Б.К. Сералиева М.Ш. «Жалпы гигиена» Шымкент, 2009ж.

Орыс тілінде:

1.Терехин С.П., Ахметова С.В. «Лечебное питание»(учебно-методическое

пособие). Караганда 2005ж.

2.Шарманов Т.Ш. Казахстан в контексте глобальных проблем питания.

Алматы Баспа, 2000ж.

3.Гигиена питания: учебник для студентов ВУЗ/ Королев А.А. М.: Издательский центр «Академия», 2006ж.

4.Тутельян В.А., Онищенко Г.Г. Государственная политика населения, Задачи и пути реализации на региональном уровне. Учебное пособие.-М.,2008ж.

5.Тутельян В.А. Государственная политика здорового населения: руководство.М., 2008ж.

Қосымша:

  1. Нормативные и правовые акты, нормативно-методические документы

Государственной санитарно-эпидемиологической службы, санитарные правила и нормы по гигиене питания, действующие на территории РК.

  1. Химический состав российских продуктов. Справочник/ Под ред. И.М.

Курихина и В.А. Тутельяна Москва ДеЛи принт, 2002г.

8. Бақылау - сұрақтар:

  1. Тағам гигиенасы нені зерттейді?

  2. Тағам гигиенасының зерттеу нысандарын атаңыз.

  3. Бұл ғылым қашан пайда болды?

  4. Ғылымның негізін салушыларды атаңыз.

  5. КСРО кезіндегі тағам гигиенасының дамуы қалай жүрді?

  6. Қазіргі кезде тағам гигиенасының дамуы қалай жүруде?

  7. Тамақтану сипаты дегеніміз не?

  8. Халықтың нақты тамақтануын зерттеу және талдау қандай реттілікпен іске асырылады?

  9. Халықтың нақты тамақтануы қандай тағамдық өнімдер жиынтығынан тұрады?

  10. Халықтың нақты тамақтануын зерттеу қанша топқа бөлінеді?

  11. Әр топты сипаттап беріңіз.

  12. Сауалнама әдісі арқылы қандай мәліметтерді алуға болады?

  13. Жеке адамдардың тамақтануын қандай әдістер арқылы бағалауға болады?

  14. Ақуыздар дегеніміз не?

  15. Ақуыздардың құрылысы қандай?

  16. Ақуыздың қандай негізгі көздерін білесіздер?

  17. Ағзаның ақуыздарға қажеттілігі немен айқындалады?

  18. Ақуыздық тамақтанудың және ақуыздық метаболизмнің жетіспеушілігі және шамадан тыс артуы кезінде қандай аурулар пайда болады?

  19. Қандай тағам өнімдері ақуыздың дәстүрлі емес көздеріне жатады?

  20. Тұрғындар үшін ақуыздың тағамдық проблемаларын шешудің негізгі жолдарын атаңыз.

  21. Дәрумендер дегеніміз не?

  22. Дәрумендер қалай жіктеледі?

  23. Дәрумендердің қандай негізгі көздерін білесіз?

  24. Дәрумендердің ағзаға қажеттілігі немен айқындалады?

  25. Дәрумендердің жетіспеушілігі немесе шамадан тыс артып кетуінен

қандай аурулар дамиды?

  1. Халықты дәрумендердің жеткілікті мөлшерімен қамтамасыз

етудегі қандай мемлекеттік шараларды білесіз?

  1. Адам ағзасының тәуліктік энергия шығыны дегеніміз не?

  2. Энергия шығынын қамтамасыз ететін факторларды атаңыз.

  3. Балалар мен жасөспірімдердің тәуліктік энергия шығындарының ерекшілігін атаңыз.

  4. Реттелмейтін энергия шығынына не жатады?

  5. Реттелетін энергия шығынына не жатады?

  6. Негізгі зат алмасу дегеніміз не? Ол қалай анықталады?

  7. Тағамның арнайы- динамикалық әсері дегеніміз не?

  8. Энергетикалық тепе-теңдік, түрлері.

  9. Тәуліктік энергия шығыны қандай әдістермен анықталады?

  10. Макро - Микроэлементтерге не жатады?

  11. Макро және микроэлементтердің қандай негізгі көздерін білесіз?

  12. Ағзаның макро және микроэлементтерге қажеттілігі немен айқын-далады?

  13. Макро- және микроэлементтердің жетіспеушілігі немесе шамадан тыс артып кетуі нәтижесінде қандай аурулар дамиды?

  14. Йодтың тамақтанудағы маңызы неде?

  15. Фтордың тамақтанудағы маңызы неде?

  16. Йод пен фтордың қандай негізгі көздерін білесіз?

  17. Ағзаның йод пен фтордың қажеттілігі немен айқындалады?

  18. Йод пен фтордың жетіспеушілігі немесе шамадан артық мөлшерде

болуынан қандай аурулар дамиды?

  1. Ас мәзірі-сұрыптама дегеніміз не?

  2. Ас мәзірі-сұрыптамада көрсетілген мәліметтерді атаңыз.

  3. Ас мәзірі-сұрыптама қандай көрсеткіштерге байланысты қарастыры-лады?

  4. Ас мәзірінің тиімді нұсқасы дегенді қалай түсінесіз?

  5. Тағамдық заттардың химиялық құрамы неден тұрады?

  6. Тағамдық заттардың химиялық құрамын анықтау қалай және қай жағдайда жүргізіледі?

  7. Жас топтарына қарай тағам рационына қандай талаптар қойылады?

  8. Алиментарлық аурулар, этиологиясы, жіктелуі.

  9. Тамақтанудың балалар ағзасы үшін маңызы неде?

  10. Тамақтанудың жасөспірімдер ағзасы үшін маңызы неде?

  11. Нәрестелердің ана сүтімен тамақтануының маңызы неде?

  12. Балалар мен жасөспірімдердің тамақтануын ұйымдастыру қалай

жүргізіледі?

  1. Балалар мен жасөспірімдердің дұрыс тамақтанбауынан қандай аурулар дамиды?

  2. Тағамның энергиялық құндылығын не себепті есептейді?

  3. Жалпы рацион бойынша тағамның энергиялық құндылығы қалай есептеледі?

  4. Тағамның құрамындағы негізгі қоректік заттардың энергиялық құндылығы қанша?

  5. Тамақтану тәртібін, соның ішінде рационның энергиялық

құндылығын гигиеналық бағалау қалай жүргізіледі?

  1. Қарт және егде жастағы адамдардың денсаулығы қандай факторлармен анықталады?

  2. Қарт және егде жастағы адамдардың ағзасына тамақтанудың маңызы неде?

  3. Қарт және егде жастағы адамдардың энергияға және тағамдық заттарға

қажеттілік немен айқындалады?

  1. Қарт және егде жастағы адамдардың тамақтануы қалай ұйымдастыры-лады?

  2. Қарт және егде жастағы адамдардың дұрыс тамақтанбауының

нәтижесінде қандай аурулар пайда болады?

  1. Энергетикалық статус дегеніміз не?

  2. Энергетикалық статусты бағалаудың негізгі критерийлерін атаңыз.

  3. Дене салмағы мен адамның бойын қалай өлшейді?

  4. Дене-бой көрсеткіштері қалай бағаланады?

  5. Тері-май қабаттарының қалыңдығын қалай өлшейді және осы көрсеткіштерге сәйкес ересек тұрғындарды неше топқа бөледі?

  6. Терідегі қылтамырлардың резистенттілігі қалай анықталады?

  7. Дәрумендер статусы туралы не білесіз?

  8. Дәрумендер жетіспеушілігінің негізгі клиникалық белгілерін атаңыз.

  9. Ой еңбегімен айналысатын адамдардың денсаулық жағдайы немен сипатталады?

  10. Ой еңбегімен айналысатын адамдардың тамақтану ерекшеліктері қандай?

  11. Ой еңбегімен айналысатын адамдардың энергияға және тағамдық заттарға физиологиялық қажеттілігі кандай?

  12. Ой еңбегімен айналысатын адамдардың тамақтануын ұйымдастыру кезінде неге назар аудару керек?

  13. Дененің қандай өлшемдері арқылы тамақтануды бағалауға болады?

  14. Тағамдық статус дегеніміз не?

  15. Тағамдық статус қандай көрсеткіштер бойынша бағаланады?

  16. Тағамдық статустың түрлерін атаңыз

  17. Физикалық еңбекпен айналысатын адамдардың денсаулық жағдайы

немен сипатталады ?

  1. Физикалық еңбекпен айналысатын адамдардың тамақтану ерекшеліктері қандай?

  2. Физикалық еңбекпен айналысатын адамдардың энергияға және тағамдық заттарға физиологиялық қажеттілігі кандай?

  3. Физикалық еңбекпен айналысатын адамдардың тамақтануын ұйымдас-тыру кезінде неге назар аудару керек?

  4. Тамақтық жетіспеушілік дегенді қалай түсінесіз?

  5. Алиментарлық аурулар дегеніміз не?

  6. Дұрыс тамақтанбаудан пайда болатын ауруларды неше топқа бөледі және ол топтарды атаңыз.

  7. Спортшылардың денсаулық жағдайы немен сипатталады?

  8. Спортшыларды тамақтану ерекшеліктері қандай?

  9. Спортшылардың энергияға және тағамдық заттарға физиологиялық қажеттілігі кандай?

  10. Спортшыларға тамақтануды ұйымдастыру кезінде неге назар аударған жөн?

  11. Тағамда ақуыз жетіспеушілігінен қандай аурулар туындайды?

  12. «Май жетіспеушілігі» ауруының белгілері қандай?

  13. Дәрумендер жетіспеушілігінен ағзада қандай өзгерістер болады?

  14. Минералды заттар жетіспеушілігі ағзада қандай өзгерістерге әкеледі?

  15. Тамақтануды түзету (коррекциялау) дегеніміз не?

9.

1. Тақырыбы: Жүкті әйелдердің тамақтануы. Азық-түліктерді гигиеналық сараптаудан өткізудің кезеңдері Гигиеналық сараптауға азық-түліктердің үлгісін алу әдістемесі. Зерттелген азық-түліктің сапасы бойынша қорытынды құрастыру.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]