
- •Силлабус
- •1.8 Пәннің саясаты:
- •2. Бағдарлама:
- •2.2Пәннің мақсаты:
- •2.3 Оқыту міндеттері:
- •2.4 Оқытудың нәтижелері
- •2.5 Реквизитке дейінгі:
- •2.7 Тәжірибелік сабақтың тақырыптық оқу жоспары
- •2.8 Студенттің өз бетінше атқаратын жұмыстарының (сөж) тақырыптық жоспары
- •2.9 Пайдаланылатын әдебиеттердің тізімі
- •2.10 Оқыту әдістері:
- •2.11 Білімдерін бағалау белгілері және ережелері:
- •Әрбір құзыреттілік 100 балмен бағаланады.
- •Тәжірибелік сабақты бағалау критериі
- •Аралық бақылауды бағалау критериі
- •Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Мамандығы – 5в110100 Мейірбике ісі
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •1. Тақырыбы: Гиппократ анты. Қр дәрігерінің анты.
- •2. Мақсаты:
- •3. Міндеті:
- •4. Негізгі ұғымдар:
- •Қазақстан Республикасы дәрігерінің анты
- •Үндестік заңы
- •Буын үндестігі
- •Дыбыс үндестігі
- •9. Бақылау жұмыстары:
- •10. Негізгі әдебиеттер:
- •Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •1. Тақырыбы: Адам ағзасы
- •2. Мақсаты:
- •3. Міндеті:
- •4. Негізгі ұғымдар:
- •5. Сабақ өткізу жоспары:
- •6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:
- •8. Тапсырмалар:
- •9. Бақылау жұмыстары:
- •10. Негізгі әдебиеттер:
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •1. Тақырыбы: Дене мүшелері. Сөздің тура және ауыспалы мағыналары.
- •2. Мақсаты:
- •3. Міндеті:
- •4. Негізгі ұғымдар:
- •5. Сабақ өткізу жоспары:
- •6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:
- •8. Тапсырмалар:
- •9. Бақылау жұмыстары:
- •10. Негізгі әдебиеттер:
- •Тәжірибелік сабақтарға арналған
- •4. Негізгі ұғымдар:
- •5. Сабақ өткізу жоспары:
- •6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:
- •8. Тапсырмалар:
- •10. Негізгі әдебиеттер:
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •1. Тақырыбы: Cырқатнама, оның құрылысы
- •2. Мақсаты:
- •3. Міндеті:
- •4. Негізгі ұғымдар:
- •5. Сабақ өткізу жоспары:
- •6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:
- •8. Тапсырмалар:
- •9. Бақылау жұмыстары:
- •10. Негізгі әдебиеттер:
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •1. Тақырыбы: Жүрек-қан тамырлар жүйесі
- •2. Мақсаты:
- •3. Міндеті:
- •4. Негізгі ұғымдар:
- •5. Сабақ өткізу жоспары:
- •6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:
- •8. Тапсырмалар:
- •9. Бақылау жұмыстары:
- •10. Негізгі әдебиеттер:
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •1. Тақырыбы: Гипертония мен гипертониялық криздер.
- •2. Мақсаты:
- •3. Міндеті:
- •4. Негізгі ұғымдар:
- •5. Сабақ өткізу жоспары:
- •6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:
- •8. Тапсырмалар:
- •9. Бақылау жұмыстары:
- •8. Мәтін бойынша науқастың жауаптарына дәрігердің сұрақтарын әзірлеңіз.
- •12. Төменде осы тақырыпқа қатысты Абайдың өлең жолдары берілген, оқып шығыңыз.
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •1. Тақырыбы: Аралық бақылау
- •2. Мақсаты: Өтілген лексикалық және грамматикалық материалдарды қайталай отырып, студенттердің алған білімін анықтау, қорыту, бекіту.
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •1. Тақырыбы: Тыныс алу жүйесі. Зат есімнің жіктелуі.
- •2. Мақсаты:
- •3. Міндеті:
- •4. Негізгі ұғымдар:
- •5. Сабақ өткізу жоспары:
- •6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:
- •8. Тапсырмалар:
- •9. Бақылау жұмыстары:
- •10. Негізгі әдебиеттер:
- •Тәжірибелік сабақтарға арналған
- •4. Негізгі ұғымдар:
- •5. Сабақ өткізу жоспары:
- •6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:
- •8. Тапсырмалар:
- •9. Бақылау жұмыстары:
- •10. Негізгі әдебиеттер:
- •Тәжірибелік сабақтарға арналған
- •4. Негізгі ұғымдар:
- •5. Сабақ өткізу жоспары:
- •6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:
- •8. Тапсырмалар:
- •10. Бақылау жұмыстары:
- •11. Негізгі әдебиеттер:
- •Тәжірибелік сабақтарға арналған
- •4. Негізгі ұғымдар:
- •5. Сабақ өткізу жоспары:
- •7. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:
- •9. Тапсырмалар:
- •17. Қалып қойған сөздерді жазып, өзіңізді тексеріңіз.
- •16. Сөйлемдерді бастаңыз.
- •22. Анатомиялық атауларды (мүшелерді) жазыңыз.
- •10. Бақылау жұмыстары:
- •15. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
- •11. Берілген тұжырымдардың дұрыс не қате екенін анықтаңыз.
- •18. Төмендегі суреттер туралы әңгімелеңіз (ненің суреті, қайда орналасады, пішіні қандай т.Б.).
- •Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •3.Сабақтың міндеті.
- •4. Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша тақырыпты әр түрлі бағытта, жазу мәдениетін, дағдысын дамыту
- •4.Негізгі ұғымдар:
- •5.Сабақты өткізу жоспары (уақыты, минуты)
- •8.Тапсырмалар.
- •1. Бұйрық рай тұлғалы етістікті көрсетіңіз.
- •3.Сабақтың міндеті.
- •4. Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша тақырыпты әр түрлі бағытта, жазу мәдениетін, дағдысын дамыту
- •4.Негізгі ұғымдар:
- •5.Сабақты өткізу жоспары (уақыты, минуты)
- •8.Тапсырмалар. Көмекші етістіктер
- •Буынның шығуы
- •1) Етістікті көрсетіңіз:
- •5. Сабақты өткізу жоспары (уақыты , минут)
- •9.Тапсырмалар
- •Мәтін алдындағы жаттығу жұмыстары
- •Ми шайқалғанда
- •10.Бақылау(сұрақтар, жаттығулар, тапсырмалар, тестілер және т.Б.)
- •6. Белгісіздік есімдігі бар сөйлемді көрсетіңіз.
- •6.Негізгі әдебиеттер:
- •Тәжірибелік сабақтарға арналған
- •4. Негізгі ұғымдар:
- •5. Сабақ өткізу жоспары:
- •6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:
- •8. Тапсырмалар:
- •1. Септік жалғауы бар сөздерді көрсетіңіз.
- •1. Тәуелденіп септелген сөз тіркесін көрсетіңіз.
- •4. Негізгі ұғымдар:
- •5.Сабақты өткізу жоспары (уақыты, мннуты):
- •7. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:
- •9. Тапсырмалар
- •Зәр шығару жүйесі, аурулары
- •11. Әдебиеттер:
- •Тәжірибелік сабақтарға арналған
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •2. Мақсаты:
- •3. Міндеті:
- •4. Негізгі ұғымдар:
- •5.Сабақты өткізу жоспары (уақыты, мннуты):
- •7. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:
- •9. Тапсырмалар
- •10. Бақылау (сұрақтар, жаттығулар, тапсырмалар т.Б.):
- •11. Әдебиеттер:
- •Тәжірибелік сабақтарға арналған
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •1. Тақырыбы: Жұқпалы аурулар. Венерологиялық аурулар, диалог
- •5. Сабақты өткізу жоспары (уақыты , минут)
- •9.Тапсырмалар
- •Сан есім, түрлері
- •Мәтін алдындағы жаттығу жұмыстары
- •Жұқпалы аурулар
- •Мәтіннен кейінгі жаттығу жұмыстары
- •Жұқпалы аурулар бойынша сұхбатқа дайындық жұмыстары:
- •Жұқпалы аурулар бойынша сұхбат
- •Мәтін алдындағы жаттығу жұмыстары
- •Венерологиялық аурулар
- •Мәтіннен кейінгі жаттығу жұмыстары
- •10.Бақылау(сұрақтар, жаттығулар, тапсырмалар, тестілер және т.Б.)
- •11.Негізгі әдебиеттер:
- •Тәжірибелік сабақтарға арналған
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •1. Тақырыбы: Эндокриндік жүйе. Сыртқы және ішкі секреция бездері.
- •5. Сабақты өткізу жоспары (уақыты , минут)
- •9.Тапсырмалар
- •Болымсыздық есімдіктер
- •Өз бетінше орындайтын жаттығу жұмыстары
- •Мәтін алдындағы жаттығу жұмыстары
- •Эндокриндік жүйе
- •Сыртқы және ішкі секреция бездері
- •10.Бақылау(сұрақтар, жаттығулар, тапсырмалар, тестілер және т.Б.)
- •6. Белгісіздік есімдігі бар сөйлемді көрсетіңіз.
- •6.Негізгі әдебиеттер:
- •Тәжірибелік сабақтарға арналған
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •1. Тақырыбы: Витаминдер.
- •4.Негізгі ұғымдар:
- •5. Сабақты өткізу жоспары (уақыты , минут)
- •6. Өткізу түрі: Аралас сабақ
- •9. Тапсырмалар
- •Өз бетінше орындайтын жаттығу жұмыстары
- •Мәтін алдындағы жаттығу жұмыстары
- •Витаминдер
- •10.Бақылау (құзыреттілік бойынша )
- •11.Негізгі әдебиеттер:
- •Тәжірибелік сабақтарға арналған
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •1. Тақырыбы: Құлақ аурулары.
- •5. Сабақты өткізу жоспары (уақыты , минут)
- •9.Тапсырмалар
- •Сөйлем мүшелері. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері.
- •Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері
- •Сырқат сыры
- •Фельдшер
- •Мәтін алдындағы жаттығу жұмыстары
- •Құлақ аурулары және оның алдын алу
- •10.Бақылау (құзыреттілік бойынша )
- •2. Баяндауышы есім сөзден болған сөйлемді көрсетіңіз.
- •5. Пысықтауыш болатын сөзді көрсетіңіз.
- •7. Жанама толықтауышы бар сөйлемді көрсетіңіз.
- •1.Негізгі әдебиеттер:
- •Тәжірибелік сабақтарға арналған
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •1. Тақырыбы: Аралық бақылау
- •Мақсаты: Өткен лексикалық және грамматикалық маериалдарды қайталай отырып, студенттердің алған білімін анықтау, қорыту, бекіту.
- •4. Өткізу түрі: бақылау
- •5. Аралық бақылау бойынша негізгі сұрақтар:
- •Лексикалық материал бойынша сұрақтар
- •Кровоизлияние в мозг (инсульт)
- •1. Медициналық термин қолданылған сөйлемдерді көрсетіңіз.
- •Лексикалық материал бойынша сұрақтар
- •Если случился обморок
- •1. Сөйлемді толықтырыңыз.
- •5. Сабақты өткізу жоспары (уақыты , минут)
- •9.Тапсырмалар
- •Жай сөйлем, түрлері
- •Мәтін алдындағы жаттығу жұмыстары
- •Қант диабеті
- •10.Бақылау (құзыреттілік бойынша )
- •1. Лепті сөйлемді көрсетіңіз.
- •11.Негізгі әдебиеттер:
- •Тәжірибелік сабақтарға арналған
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •1.Тақырыбы: Емдеу сақтандыру мекемелерінің түрлері
- •5. Сабақты өткізу жоспары (уақыты , минут)
- •9.Тапсырмалар
- •Құрмалас сөйлем
- •«Сыңарыңды тап» ойыны
- •Емдеу - сақтандыру мекемелерінің түрлері
- •Тақырыпқа қатысты нақыл сөз
- •10. Бақылау (құзыреттілік бойынша )
- •1. Құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
- •3. Құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
- •11.Негізгі әдебиеттер:
- •Тәжірибелік сабақтарға арналған
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •1. Тақырыбы: Салауатты өмір салты - денсаулық кепілі
- •5. Сабақты өткізу жоспары (уақыты , минут)
- •9. Тапсырмалар
- •Салалас құрмалас сөйлем
- •Өз бетінше орындайтын жаттығу жұмыстары
- •Мәтін алдындағы жаттығу жұмыстары
- •Салауатты өмір салты – денсаулық кепілі
- •Тақырыпқа қатысты нақыл сөз
- •Дене тәрбиесі – дәрісіз ем
- •1. Салалас кұрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
- •2. Салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.
- •3. Жалғаулық шылау қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.
- •9. Салалас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
- •11.Негізгі әдебиеттер:
- •Тәжірибелік сабақтарға арналған
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •1. Тақырыбы: Ағзаны шынықтыру
- •5. Сабақты өткізу жоспары (уақыты , минут)
- •9.Тапсырмалар
- •Жаңа сабақ
- •Мәтін алдындағы жаттығу жұмыстары
- •Ағзаны шынықтыру
- •Мәтіннен кейінгі жаттығу жұмыстары
- •1. Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем жасайтын сыңарды табыңыз.
- •5. Көп нүктенің орнына тиісті баяндауышты қойып, мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем жасаңыз.
- •6. Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмаластың бағыныңқысының баяндауышы болатын сөзді көрсетіңіз.
- •Аурудың интоксикация құбылыстары ..., антибиотиктерді 7-8 күн бойы қабылдайды.
- •7. Сөйлемнің алдыңғы сыңарын табыңыз.
- •11.Негізгі әдебиеттер:
- •Тәжірибелік сабақтарға арналған
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •1. Сабақтың тақырыбы: житс - ғасыр дерті
- •4.Негізгі ұғымдар:
- •5. Сабақты өткізу жоспары (уақыты , минут)
- •9.Тапсырмалар
- •Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
- •(Сложноподчиненные предложения с придаточными образа действия)
- •Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем.
- •Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
- •(Сложноподчиненное предложения с придаточными цели)
- •Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
- •(Сложноподчиненное предложения с придаточными условия)
- •Мәтін алдындағы жаттығу жұмыстары
- •Житс (спид) – ғасыр дерті
- •Мәтіннен кейінгі жаттығу жұмыстары
- •Дәрі-дәрмексіз әдіс
- •10.Бақылау (құзыреттілік бойынша )
- •1. Құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
- •3. Құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
- •11.Негізгі әдебиеттер:
- •Тәжірибелік сабақтарға арналған
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •1. Тақырыбы: Дәрігер этикасы
- •5. Сабақты өткізу жоспары (уақыты , минут)
- •6.Өткізу түрі: ізденіс сабақ
- •9.Тапсырмалар
- •Сөздіктану. Терминтану.
- •Мәтін алдындағы жаттығу жұмыстары
- •Дәрігер этикасы
- •Дәрігер қандай болу керек?
- •1.Мағынасы жақын, синоним сөздерді көрсетіңіз.
- •11.Негізгі әдебиеттер:
- •4. Өткізу түрі: бақылау
- •5. Аралық бақылау бойынша негізгі сұрақтар:
- •Лексикалық материал бойынша сұрақтар
- •Краснуха
- •2. Сабақтас құрмалас сөйлем жасайтын сыңарды көрсетіңіз.
- •Лексикалық материал бойынша сұрақтар
- •1. Сабақтас құрмалас сөйлем жасамайтын сыңарды көрсетіңіз.
- •Студенттердің өз бетінше атқаратын жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқаулар
- •3. Тапсырмалар:
- •5. Орындалу талаптары:
- •8. Әдебиеттер:
- •Студенттердің өз бетінше атқаратын жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқаулар
- •3. Тапсырмалар:
- •5. Орындалу талаптары:
- •8.Әдебиеттер:
- •Студенттердің өз бетінше атқаратын жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқаулар
- •1. Тақырыбы: Орта ғасыр ойшылдары.
- •3. Тапсырмалар:
- •5. Орындалу талаптары:
- •8.Әдебиеттер:
- •Студенттердің өз бетінше атқаратын жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқаулар
- •3. Тапсырмалар:
- •5. Орындалу талаптары:
- •Оқытушының жетекшілігімен студенттің өз бетінше атқаратын (осөж)
- •Жұмысының тақырыптық жоспары
- •1. Тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан. Қазақтың ұлттық мейрамдары.
- •2. Мақсаты:
- •4. Негізгі ұғымдар:
- •Менің Отаным – Қазақстан
- •Қазақтың ұлттық мейрамдары (Наурыз, Құрбан айт, Тәуелсіздік күні т.Б.)
- •Тәуелсіздік күні
- •Халықаралық Наурыз мейрамы
- •8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні
- •Астана күні
- •Айт мейрамы
- •11. Әдебиеттер:
- •Оқытушының жетекшілігімен студенттің өз бетінше атқаратын (осөж)
- •Жұмысының тақырыптық жоспары
- •Тұғыры биік – тәуелсіз Қазақстан (рәміздері)
- •1.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нышандары туралы» Жарлығы қашан шықты?
- •3. Антоним дегеніміз ....
- •7. Әнұранның сөзін жазған кім?
- •4. Негізгі ұғымдар:
- •Қазақстанның тарихи ескерткіштері
- •10. Бақылау(тестілер,ситуациялық тапсырмалар, сұрақтар т.Б.)
- •10.Бақылау (сұрақтар, тестілер, тапсырмалар т.Б.):
- •4. Негізгі ұғымдар:
- •5. Сабақты өткізу жоспары:
- •Әлия молдағұлова
- •Әкелері жайында балалары не ойлайды?
- •(Если бы)
- •1.Тіл дыбыстарын зерттейтін тіл білімінің саласын көрсетіңіз
- •Оқытушының жетекшілігімен студенттің өз бетінше атқаратын (осөж)
- •Жұмысының тақырыптық жоспары
- •4.Негізгі ұғымдар:
- •6.Өткізу түрі - тәжірибелік
- •7.Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері
- •9.Тапсырмалар
- •Халық қаһармандары – ел мақтанышы
- •(Б.Момышұлы, т.Әубәкіров т.Б).
- •2. Б.Момышұлы қай жылы дүниеге келген?
- •5. Сабақты өткізу жоспары (уақыты , минут)
- •9. Тапсырмалар.
- •Жаңа сабақ
- •Толық түрі
- •Мәтін алдындағы жаттығу жұмыстары
- •Қазақтың танымал қоғам қайраткерлері
- •1.Жіктік жалғауындағы сөзді көрсетіңіз.
- •Оқытушының жетекшілігімен студенттің өз бетінше атқаратын (осөж)
- •Жұмысының тақырыптық жоспары
- •1. Тақырыбы: Қазақтың көрнекті ақын-жазушылары
- •Қазақтың көрнекті ақын-жазушылары
- •( М.Мақатаев, ж.Молдағалиев, ә.Кекілбаев, м.Шаханов т.Б. )
- •11. Негізгі әдебиеттер:
- •Оқытушының жетекшілігімен студенттің өз бетінше атқаратын (осөж)
- •Жұмысының тақырыптық жоспары
- •1. Тақырып: Адамзаттың Абайы
- •4. Негізгі ұғымдар:
- •5. Сабақты өткізу жоспары:
- •9. Тапсырмалар:
- •Адамзаттың Абайы
- •10. Бақылау ( біліктілікті, коммуникативтік, практикалық дағдыларды, өзін-өзі дамытуға арналған сұрақтар, тапсырмалар).
- •1. Барыс септігі бар сөйлемді көрсетіңіз.
- •7.Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:
- •9.Тапсырмалар
- •Мәдениет және өнер қайраткерлері
- •10. Бақылау (тапсырмалар, тестілер, т.Б.):
- •7.Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:
- •9.Тапсырмалар
- •Университет – білім ордасы
- •10. Бақылау (сұрақтар, тестілер)
- •4.Негізгі ұғымдар:
- •5. Сабақты өткізу жоспары (уақыты , минут)
- •9. Тапсырмалар.
- •Жаңа сабақ
- •Көмекші етістіктер
- •Мәтін алдындағы жаттығу жұмыстары
- •Алғашқы қазақ дәрігерлері
- •1) Етістікті көрсетіңіз:
- •Оқытушының жетекшілігімен студенттің өз бетінше атқаратын (осөж)
- •Жұмысының тақырыптық жоспары
- •1. Тақырыбы: Қазақтың көрнекті дәрігер-ғалымдары.
- •3. Міндеті:
- •5. Сабақты өткізу жоспары:
- •9. Тапсырмалар :
- •7. Мәтінді оқып, аудару
- •10. Бақылау:
- •4. Негізгі ұғымдар:
- •10.Бақылау
- •11.Әдебиеттер:
- •4. Негізгі ұғымдар:
- •5. Сабақты өткізу жоспары:
- •9. Тапсырмалар
- •1. Келер шақты көрсетіңіз.
- •1. Аудармасы дұрыс сөзді көрсетіңіз.
- •3. Міндеті:
- •Тұжырымдама қорытындысы
- •1. Науқастың халы нашар. Қандай сөздермен баяндайсыз?
- •Қазақстан Республикасының дәрігер анты
- •1. Сөйлемді аяқтаңыз.
- •10. Бақылау.
- •11. Әдебиеттер:
- •Мейірбике ісі мамандығына арналған
- •Емтихан сұрақтары
- •Кітапханадағы кітаптар тізімі
ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН СТУДЕНТТІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН (ОСӨЖ)
ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
Тақырып: Тарихи тұлғалар
2013 ж.
Кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілді
Хаттама №____, «_____»____________2013ж.
«Бекітемін»
Кафедра меңгерушісі, п.ғ.д. Аяпбергенова К.К.
1. Тақырыбы: Тарихи тұлғалар
2. Мақсаты:
1. Қазақ халқының қалыптасуына үлес қосқан адамдар туралы мәлімет беру.
2. Мәтін арқылы жаңа сөздер мен сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды меңгерту.
3. Студенттердің назарын мәтіндегі басты оқиғаларға аудару.
3. Міндеті:
1. Мәтінде орыс тіліне аударту.
2. Мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беруге дағдыландыру.
3. Мәтінді қысқаша мазмұндай алуға машықтандыру.
4.Негізгі ұғымдар:
Лексикалық тақырып бойынша:
1. Қазақ хандығының ірге тасын кімдер қалады?
2. Қасым хан қазақ хандығына қандай еңбек сіңірді?
3. Тәуекел, Есім хандар туралы не білесіздер?
4. Әз Тәукенің шығарған заңдары қалай аталады және онда қандай мәселелер қарастырылған?
5. Сабақты өткізу жоспары (уақыты, минут): 3 сағат (50-минуттан)
6.Өткізу түрі - тәжірибелік
7.Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері
Аударма жұмысын жасату, тест тапсырмаларын орындту, тапсырмалар мен жаттығу, жұмыстары, сұрақ-жауап.
8.Көрнекі құралдар. Кестелер, әртүрлі дәрілердің қорапшалары, карточкалар, рөлдік /іскерлік ойын түрлері.
9.Тапсырмалар
Тарихи тұлғалар
Тарихты жеке адамдар жасамаса да, сол тарихи кезеңге олардың ықпалы аз болмайды. Олар әр халықтың қалыптасуына, дамуына айтарлықтай үлес қосады. Қазақ халқының тарихында да ондай тұлғалар көптеп кездеседі. Бұл орайда қазақ хандығының құрылуына себеп болған Жәнібек пен Керей ханды айрықша атап өтуге болады. Олардың жеке хандық құруының себебі туралы дулат руынан шыққан тарихшы Мұхамед Хайдар былай деп жазады: «Дәшті-Қыпшақтың бұл кездегі әміршісі Әбілхайыр хан еді. Әбілхайыр Жошы әулетінен тараған сұлтандарға көп теперіш көрсетті, сондықтан олардың екеуі ─ Жәнібек хан мен Керей хан Моғолстанға ауып кетті». Керей мен Жәнібек сұлтандар қоғамдық-әлеуметтік өмірдің бағыт-бағдарын ойластырып, халық, ел тағдырана байланысты шешім қабылдады. Тарихшылар осы оқиға болған XV ғасырдың екінші жартысын (1456 ж.) қазақ хандығының құрылған кезі деп есептейді. Әрине, ешбір халық бір күнде құрыла салмаған. Өйткені, қандай да болмасын жаңа бір халықтың құрылуы ─ аса күрделі үрдіс. Қазақтарға жаңа рулардың қосылуы бұдан соңғы жылдары да жүріп жатты.
Жаңадан құрылған қазақ хандығының іргесінің бекуіне Жәнібек ханның баласы Қасым көп еңбек сіңірді. Ол билік құрған кезде қазақ халқы өзінің осы күнгі мекен тұрағының негізгі аймақтарын біріктірді. Қасым ханның тұсында Орта Азия, Еділ бойы және Сібірмен сауда және елшілік байланыс жасалды. Ол көшпелі қазақ өміріне лайықталған заң шығарды. Халық бұл заңғы «Қасым ханның қасқа жолы» (Светлый путь Касым хана) деген атау берді. Бұл заң қазақ даласында бұрыннан қалыптасқан әдет-ғұрып, ережелер негізінде жасалды.
Қасым ханның баласы Ақназар қазақ хандығының жағдайын жақсартып, ұлан-байтақ жерге ие болуына мүмкіндік жасады. Ол сыртқы жауларды жеңіп қана қоймай, қазақ халқының ішік саяси өмірінің нығаюына, басқа елдермен бейбіт сауда қатынасының жандануына үлес қосты.
Қазақстанның оңтүстік өңірі үшін күрескен Тәуекел хан Ташкент, Андижан, Ақсу; Самарқанд сияқты қалаларды қазақ хандығына қаратты. Ол Бұқар қаласын қоршауға алған кезде жараланып, қайтыс болды. Онан кейін билік құрған Есім хан кезінде қазақ елінің ішікі саяси өмірі тұрақсыз болып тұрған еді, сондықтан ол ел басқаруға қажетті заң шығаруға мәжбүр болды. Ол шығарған заңда ханның, билер мен батырлардың құқықтары мен міндеттері көрсетілді. Бұл заң бойынша ханның билігі біраз шектелді, дегенмен ол бас қолбасшы болып қала берді. Басқа мемлекетпен бітім шартын жасау немесе соғыс ашу, сондай-ақ елші жіберу мәселелерін хан енді тек Мәслихаттың келісімі арқылы ғана жүзеге асыратын болды. Бұл заңдар жинағы халық арасында «Есім ханның ескі жолы» (Древний путь Есим хана) деген атқа ие болды. Қазақ халқының тәуелсіздігі үшін жоңғарлармен, Бұқар хандығымен тынбай соғысқан Есім ханды қазақ халқы аса құрметтеп «Еңсегей бойлы ер Есім» (Высокорослый Есим богатырь) деп атады.
XVII ғасырдың екінші жартысынан бастап шығыстан көшпелі, жауынгер тайпалар одағы жоңғар хандығы қазақ жеріне шабуыл жасай бастады. Оларға қарсы соғыста Тәуке хан айрықша еңбек сіңірді. Тарихи деректерде айтылғандай, Тәуке ханның билігінде 80 мыңдай жауынгердің болуы, оның сыртқы және ішкі жаулармен күресте жеңістерге жетуіне мүмкіндік берді. Тәуке хан елдің бірлігін, ынтымағын ойлап, елдің ру-руға бөлінуін шектеуге бар күшін салды. Осы мақсатта ол ұлы жүзден Төле биді, орта жүзден Қазыбек биді, кіші жүзден Әйтеке биді шақырып, арнайы заң қабылдады. Бұл қазақ халқының этникалық, шаруашылық ерекшелігіне сай жасалған маңызды құжат болды. «Жеті жарғы» (Семь Установлений) деп аталатын осы заңда негізгі жеті мәселе (жер дау, отбасы заңдары, әскери заң, сот үрдістері, қылмыстық заң, құн төлеу, жесір дауы) қаралды. Әділдігі, көрегендігі және еліне істеген қызметі үшін халық Тәуке ханды «Әз Тәуке» деп құрмет тұтты.
Сөздік
теперіш көрсету - ел тағдыры – судьба страны
күрделі үрдіс – сложный процесс іргесінің бекуі – укрепления границ
жандану - возраждение сыртқы жаулар – внешние враги
тұрақсыз – не стабильный шектелу – ограничиться
билік - власть ынтымақ – солидарность
қарату – подчинить көрегендік – дальнозоркость
құрмет тұту – восславить, почитать маңызды - важный
1-жаттығу. Көп нүктенің орнына қажетті сөз тіркестерін қойыңыздар.
1.Тарихты жеке адамдар жасамаса да, сол ... ... олардың ықпалы аз болмайды. 2.Қазақ хандығының құрылуына себеп болған Жәнібек пен Керей ханды айрықша ... ... болады. 3.Ол көшпелі ... ... лайықталған заң шығарды. 4.Ақназар хан басқа елдермен бейбіт ... ... жандануына үлес қосты. 5.Тәуекел хан Бұқар қаласын ... ... кезде жараланып, қайтыс болды.. 6. Ол ... ... ханның, билер мен батырлардың құқықтары мен міндеттері көрсетілді. 7.Тәуке ханның билігінде 80 мыңдай жауынгердің болуы, оның ... ... ... жаулармен күресте жеңістерге жетуіне мүмкіндік берді.
Көп нүктенің орнына қажетті сөз тіркестері: қоршауға алған, сауда қатынасының, қазақ өміріне, атап өтуге, тарихи кезеңге, сыртқы және ішкі, шығарған заңда
2-тапсырма. Мәтігді қазақ тіліне аударыңыздар.
Удачно складывались отношения Касым хана с могульскими правителями. Основные районы Могулистана ─ Жетісу и Притяньшанье были уже давно для них потеряны, так как входили в состав Казахского ханство. Могульские ханы фактически имели власть только в Юго-Западном Могулистане и постоянно искали союза с казахским ханом.
Число подданных хана Касыма современники определяют миллионом человек. Казахское ханство постепенно втягивалось в международные отношения того времени. Одним из первых государств, вступивших в дипломатические связи с Казахским ханством, было Московское государство. При Касым хане казахи, как самостоятельный этнос, стали известным и в Западной Европе.
правитель – билеуші поданные- бағыныштылар
международные отношения – стали известным - белгілі болды
халықаралық қатынастар
связь – байланыс, қарым-қатынас
10.Бақылау (сұрақтар, тестілер, тапсырмалар т.Б.):
Сұрақтар:
1. Қазақ хандығының құрылуынап не себеп болды?
2. Тарихшылар қай ғасырды қазақ хандығының құрылған кезі деп есептейді?
3. Қасым хан кезінде қазақ хандығында қандай өзгерістер болды?
4. Қазақстанның оңтүстік шекарасы үшін соғыс қанша уақытқа созылды және оларды кімдер жүргізді?
5. Қазақ халқы үшін Тәуке хан қандай еңбек сіңірді?
Тестілер
1. Сұрақтың дұрыс жауабын көрсетіңіз.
Қазақ хандығын кімдер құрды?
а) Тарихи кезеңге жеке тұлғалардың ықпалы аз болмайды.
ә) Қазақ хандығының Жәнібек пен Керей хандар құрды.
б) Жәнібек хан мен Керей хан Моғолстанға ауып кетті.
в) Қазақ хандығының іргесінің бекуіне Қасым хан көп еңбек сіңірді.
г) Ешбір халық бір күнде құрылған жоқ.
2. Көп нүктенің орнына қойылатын сөз тіркесін көрсетіңіз.
Жеке адамдардың ... .... ықпалы аз болмайды.
а) тарихи кезеңді
ә) тарихи кезеңмен
б) тарихи кезеңнің
в) тарихи кезеңнен
г) тарихи кезеңге
3. Дұрыс құрылған сөз тіркесін көрсетіңіз.
а) жекеше адамдар
ә) тарихи кезең
б) болған себеп
в) құрылып салмаған
г) күрделіге үрдіс
4. «Укрепиться» сөзінің аудармасын көрсетіңіз.
а) азаю
ә) әлсіреу
б) нығаю
в) босу
г) биікьеу
5. Көп нүктенің орнына қойылатын сөзді көрсетіңіз.
Қасым ханның баласы Ақназар қазақ хандығының ... жақсартты.
а) шекараға
ә) аумақтан
б) көлемі
в) іргесіне
г) жағдайын
6. Сөз тіркесінің дұрыс аудармасын көрсетіңіз.
очень сложный процесс
а) өте ұзақ уақыт
ә) өте күрделі үрдіс
б) өте күрделі жағдай
в) өте қиын үрдіс
г) өте көп үрдіс
7. Сөйлемді аяқтаңыз.
Есім хан қазақ халқының тәуелсіздігі үшінжоңғарлармен ...
а) ұзақ соғысып
ә) тынбай соғысты
б) көп шайқастың
в) тынбай шайқастыңыз
г) аянбай шайқас
8. Дұрыс құрылған сөйлемді көрсетіңіз.
а) Тарихтан жеке адамдар жасамайды.
ә) Әбілхайыр сұлтандармен көп теперіш көрсетті.
б) Қасым хан сібірмен елшілік байланыс жасады
в) Ол қазақ өмірімен лайықталған заң шығарды.
г) Есім хан Ташкентке қазақ хандығына қаратты.
9. « международные отношения» сөз тіркесінің дұрыс аудармасын көрсетіңіз.
а) халықтармен қатынастартар
ә) халық және қатынастар
б) халықаралыққа қатынастар
в) халықаралықтан қатынастар
г) халықаралық қатынастар
10. Қарамен жазылған сөз тіркесіне қойылатын сұрақты көрсетіңіз.
Ол Бұқар қаласын қоршауға алған кезде қайтыс болды.
а) қандай?
ә) қалай?
б) қайтіп?
в) қанша?
г) қашан?
11. Көп нүктенің орнына қойылатын сөзді көрсетіңіз.
Қазақ хандығы ... себебі туралы Мұхамед Хайдар дулати жазды.
а) құрылуының
ә) құрылса
б) құрудың
в) құрылғаны
г) құрылып
12. «главные территории» сөз тіркесінің аудармасын көрсетіңіз.
а) шеткі аймақтары
ә) орталық аймақтары
б) бұрынғы аймақтары
в) негізгі аймақтары
г) соңғы аймақтары
13. Көп нүктенің орнына қойылатын сөз тіркесін көрсетіңіз.
Бұл заң ... ... әдет-ғұрып, ережелер негізінде жасалды.
а) бұрынғы бері
ә) бұрыннан қалыптасқан
б) ежелмен қалыптасқан
г) бұрыннан кейін
14. Дұрыс құрылған сөйлемді көрсетіңіз.
а) Ақназар хан сауда қатынасымен жандануына үлес қосты.
ә) Ақназар хан сауда қатынасының жандануына үлес қосты.
б) Ақназар хан жандануына сауда қатынасының үлес қосты.
в) Ақназар хан сауда үлес қосты қатынасының жандануына.
г) Ақназар хан сауда қатынасының үлес қосты жандануына.
15. Сұрақтың дұрыс жауабын көрсетіңіз.
Қасым хан қандай заң шығарды?
а) Қасым хан тұсында қазақ хандығы нығайды.
ә) Қасым хан орта азиямен сауда байланысын нығайтты.
б) Қасым хан қазақ өміріне лайықталған заң шығарды.
в) Қасым хан тұсында қазақ хандығы күшейді.
г) Қасым хан қазақ жерінің шекарасын кеңейтті.
16. Дұрыс құрылған сөз тіркесін көрсетіңіз.
а) оңтүстіктен өңір
ә) қайтыс болды
б) әлсіреді біраз
в) үлеске қосты
г) заңға шығарды
17. Сөйлемді аяқтаңыз.
Бұл заң бойынша ханның билігі біраз ....
а) тоқтап
ә) тоқталса
б) шектелді
в) шектелдің
г) азайғаны
18. Көп нүктенің орнына қойылатын қосымшаны көрсетіңіз.
Есім хан сыр бойында.. қалаларды азат етті.
а) да
ә) дың
б) ғы
в) мен
г) ге
19. Қарамен жазылған сөзге қойылатын сұрақты көрсетіңіз.
Тарихи деректерде Тәуке ханның 80 мыңдай тұрақты әскері болғаны айтылады.
а) қанша?
ә) неше?
б) неліктен?
в) қалай?
г) қандай?
20. Көп нүктелердің орнына қойылатын қосымшаларды көрсетіңіз.
Қазақтарға жаңа рулар... қосылуы бұдан соң.. жылдары да жүріп жатты.
а) дан, қы
ә) мен, гі
б) дың, ғы
в) дан, ғы
г) дің, кі
Әдебиеттер:
1. Тәттібаева А.Е., Хабдин Қ.Е. Қазақ тілі сабақтары. Алматы, 2004 ж.
1. Қожахметова Х. 40 уроков казахского языка. Алматы, 1989 ж.