Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ксіби аза тілі, УМК, СТУДДЕНТТЕРГЕ.doc
Скачиваний:
132
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
3.18 Mб
Скачать

Кен орындарын жерасты арқылы қазудың болашағы

«Тау-кен жұмыстарының технологиясы» дегеніміз кен инженерін қалыптастыратын арнайы пән. Оны үйрену геологиялық цикл, сызба геометрлік, инженерлік графика, сондай-ақ экономика ғылымдары сияқты жалпы теориялық және жалпы техникалық пәндерді білумен негізделген. Тау-кен өндірісінің технологиясын білу, мамандық бойынша негізгі пәндерді оқығанда, бастапқы ақпараттық информация болып табылады.

Қатты пайдалы қазындыларды өндіретін кәсіпорындарын жобалағанда, салғанда және жаңғыртқанда технологиялық про-цестерді білуді, кен-геологиялық жағдайларды түсінуді, қажет жұмыстарының ерекшеліктерін ескеруді, қауіпсіздік техника-сының және еңбек қорғау талаптарын сақтауды қажет етеді.

Пәнді оқығаннан кейін студент барлық кен қазбаларының кеңістікте өзара орналасуын білуі керек, өйткені ол кенді ашу және шахта алаңын дайындау, көмір және руда кен орындарында әртүрлі кен-геологиялық жағдайларда қолданылатын қазу жүйелерін таңдау кездерінде, керекті жағдайда осыларды ескере отырып қатты пайдалы кен орындарын ғылыми әдістері арқылы қазуды студенттерге үйрету мақсаты қарастырылады, яғни еңбек шығыны аз және кен жұмыстары қауіпсіздігін, экономикалық дәлелді өндіру. Бұл қойылған мақсат мына жағдайда жетіледі: жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың тәжірибесін жан-жақты қорыту арқылы; кен жұмыстарын жүргізу кезінде кеннің және жанас жыныстардың қыртысында болатын физикалық процестердің заңдылығын зерттеу арқылы; еңбек қорғау, қауіпсіздік ережелерін сақтау, жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау шараларын толық игеру арқылы; өндірістік процестерді комплексті механикаландыру және автоматтандыру негізінде жұмыскерлерге ауыр күш жұмсауды болдырмау арқылы.

Осыған байланысты пәнді оқу барысында студенттерге мынандай талаптар қойылады:

  • кен өнеркәсібінің қазіргі кездегі жағдайын және оның болашақтағы дамуын білу;

  • пәннің барлық бөлімдеріндегі кен терминологияларын толық меңгеру;

  • шахта аландарын ашу және дайындау технологиялық үлгілерінің әртүрлі тәсілдерінің қажет жүйелерінің түрлерін, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін және тиімді пайдалану аймақтарын зерттеу;

  • кен қазбалардың тау жыныстарының қыртысында орналасуын көз алдына елестету;

  • кен жұмыстарында осы кезде қолданатын құрал-жабдықтарын және өндірістік процестер технологияларын, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техника жөніндегі ережелерді білу;

  • кен жұмыстарын жүргізу технологиясын шиеленістіретін арнайы кен-геологиялық жағдайларды ескеру;

  • қабылдаған техникалық шешімдерді дәлелдеу үшін керекті инженерлік есептерді шығара білу.

Біздің ел көптеген көмір, қара және түсті металл запастарының иесі, сирек кездесетін және асыл металдар, калий тұздары, асбест, графит, күкірт және басқа да пайдалы қазындылар кен орындары бар.

Жер қойнауын қорғау және пайдалы қазындыларды өндіргенде оның толық алынуын қамтамасыз ету міндеті мен шарасы мына жағдайлармен анықталады және реттеледі: «Табиғатты қорғау», «Жер туралы заң негіздері», «Табиғат туралы заң негіздері» заңдары. Табиғатты қорғауды күшейту және табиғаттағы ресурстарды пайдалануды жақсарту қосымша шаралары қаулысымен, сондай-ақ кен және санитарлық бақылау мекемелерінің салалық нормаларымен және ережелерімен. Пайдалы қазындыны жер қойнауынан толық алу, оны тиімді және комплексті пайдаланудың халық шаруашылығында өте маңызды мәні бар.

Бақылау сұрақтары:

  1. Қатты пайдалы қазындыларды өндіретін кәсіпорындарын

салғанда, жобалағанда қандай талаптарды ескеру қажет?

  1. Кен инженерін қалыптастыратын арнайы пәнді атаңыздар.

  2. Кен инженері мамандығын игеру барысында студенттерге

қойылатын қандай талаптар болуы мүмкін?

Сөздік:

шиелену – быть туго завязанным; осложняться

жаңғырту – реставрация

73-тапсырма. Мәтіннен етістің түрлерін ажыратыңыздар, қалай жасалып тұрғанын айтыңыздар (негізгі, өздік, өзгелік етістер).

Тау-кен өндірісінің технологиясын білдіру, бастапқы ақпараттық дерек болып табылады. Қатты пайдалы қазындыларды өндіретін кәсіпорындарын жобалатқанда, салғызғанда және жаңғыртқанда еңбекті қорғау талаптарын сақтауды қажет етеді. Пәнді оқығаннан кейін студент барлық кен қазбаларының кеңістікте өзара орналасуын біледі. Студенттер кен қазу кезінде әр түрлі жағдайлардан қорғануды, сақтануды үйренеді. Болашақ мамандарға кен өнеркәсібінің қазіргі кездегі және оның болашақтағы дамуын меңгерткізу маңызды мәселе. Кен терминологияларын тәжірибеде пайдалану білімділікті білдіреді. Инженерлік есептерді шығара бастағандарынан-ақ, олардың білікті мамандар екені білінеді.

74-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.

  • «Тау-кен жұмыстарының технологиясы» деген қандай пән?

  • Оны үйрену үшін басқа да қандай пәндерді оқу керек?

  • Қатты пайдалы қазындыларды өндіретін кәсіпорындарын

жобалағанда, салғанда нені қорғау талаптарын сақтау керек?

  • Пәнді оқығаннан кейін, студент кен қазбаларының қандай

жағдайын білуге тиіс?

  • Пәнді оқу барысында студенттерге қандай талаптар қойылады?

  • Біздің еліміз қандай металдардың қорына бай?

75-тапсырма. Төмендегі етістерді қолдана отырып, сөйлемдер құрастырыңыздар.

Пісір, аш, киінді, таранды, жаздырды, айтқыздырды, кескіз, жүгірт, оқы, қызмет ет, ойла, жазғыз.

76-тапсырма. Сөйлемдегі көп нүктенің орнына өздік, өзгелік етістерінің жұрнақтарын қойып жазыңыздар.

Әсет таңертең ерте тұрып, жаттығулар жасап, жу...ып, ки...іп, тамақта...ып университетке кетті. Кеншілер тез шеш...ді де, басқа киімдерін киіп жұмысқа кірісіп кетті. Мен досыма үйіне хат жаз...дым. Данияр әкесіне кітап бер...ді. Көшедегі көп көліктен сақта... . Бір топ студенттер асханадан тамақта...дық. Әлия белін бу...ды. Бастық жиналыста жұмысшыларды сөйлет...ді.

77-тапсырма. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар. Етістерге көңіл бөліңіздер.

1. Мама попросила дочь вытереть пыль. 2. Гости попросили меня сыграть на фортепиано. 3. Карим позволил Алие купить шубу. 4. Мы заставили Асию спеть. 5. Отец попросил меня нарисовать портрет. 6. Студенты заставили учителя рассказать о его поездке за рубеж.

78-тапсырма. Төмендегі етістіктерге грамматикалық талдау жасаңыздар.

Ү л г і: аударғызды: аудар – етістіктің түбірі, -ғыз – өзгелік етістің жұрнағы, -ды – етістіктің жедел өткен шағының жұрнағы. Үйренеді, істетеді, бергізеді, аудартқызады, айтқызады, қырын, таран, сылан.

79-тапсырма. Төмендегі етістіктерден өзгелік етіс жасаңыздар.

Ойнау, ішу, жабу, ашу, кесу, пісіру, бару, алу, әкелу, жуу, үтіктеу, отыру, жату, емделу, тұру, беру, шақыру, қуану, ойлау, жазу, оқу.

80-тапсырма. Кестені пайдаланып, досыңызбен өзара әңгімелесіңіздер.

Қазақша сұраңыздар

Жолдасыңыздың жауабын тексеріңіздер

1. Ты какой язык

изучаешь?

1. Мен қазақ тілін үйреніп жүрмін.

2. Изучать язык трудно

или легко?

2. Тіл үйрену қиын.

3. Ты готовишься к уроку казахского языка каждый день?

3. Иә, мен қазақ тілі сабағына күнде

дайындаламын: кәсіби сөздерді жаттаймын,

мәтінді оқимын, аударамын, жаттығуларды жазбаша орындаймын.

4. Используете ли вы

технические средства?

4. Иә, біздің университетте ауызша сөйлесу

зертханасы бар. Сабақта біз магнитофонды

қосып, әңгімелер тыңдаймыз, сұрақтарға

жауап береміз және мазмұндап айтып береміз.

5. Вы хорошо говорите

по-казахски?

5. Біз жазғанда көп қате жібереміз. Оқытушы

қателерді түзейді. Біз қазақ тілін, әдебиетін,

тарихын, мәдениетін білуге тырысамыз.

81-тапсырма. Мәтіннен тәуелдік жалғаулы сөздер мен сөз тіркестерін табыңыздар.

Қазақстанның пайдалы қазба кен орындары шексіз де, шетсіз кең даланы алып жатыр. Кен орнын сипаттайтын белгілердің ішінен, кен орнының өлшемдері және жату жағдайлары қазу жүйесін және қазу технологиясын таңдауға едәуір әсер етеді. Кен денелерінің пішіні үш топқа бөлінеді. Штоктың өлшемдері ондаған және жүздеген метрлерге жетеді. Оралдың мысы колчеданды кен орны болып есептеледі. Үшінші топтағы кен денелері – шектелген тақталы кен денелері болып есептеледі. Кен сілемдерін тақта тәріздес кен денелері деп атайды.

82-тапсырма. Төмендегі мақал-мәтелдердің мағынасын түсініп, тәуелдік жалғаулы сөздерге назар аударыңыздар.

Қарға баласын аппағым дер, кірпі баласын жұмсағым дер. Ворона говорит о своем дитяти: мой беленький, ежиха говорит о своем дитяти: мой мягонький.

Су ішкен құдығыңа түкірме. Не плюй в колодец, из которого пил воду.

Тағасының күмісіне мақтанба, жүрісіне мақтан. Хвались не серебром подковы, а ходом коня.

Күлме досыңа, келер басыңа. Не смейся над другом, придет (беда) и на твою голову.

Бетің қисық болса, айнаға өкпелеме. Не пеняй на зеркало, коль рожа крива.

Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол. Чем быть в чужом краю султаном, лучше в своем краю быть подошвой.

Жатқан жыланның құйрығынан баспа. Не наступай на хвост спокойно лежащей змеи.

83-тапсырма. Сөйлемдерден тәуелдік жалғауларын тауып, олардың қай жақта тұрғанын ажыратып, жекеше және көпше түрде жіктеңіздер.

Руда деп құрамындағы металдар мен басқа да минерал (апатит, слюда, графит; дала шпаты және тағы басқалар) заттарды техника–экономикалық деңгейде бөліп алғанда өнеркәсіп мұқтажын өтейтіндей кеніштегі пайдалы қазбаларды айтады. Құрамында ешқандай пайдалы қазбалары кездеспейтін немесе металға өте кедей кенішті бос тау жынысы дейді. Руда мен тау жынысы қарама–қарсы мағынада қолданылады. Дегенмен, «руда және бос тау жынысы» техника мен экономиканың даму деңгейіне байланысты өзгеріп отыратын салыстырмалы ұғым. Мысалы, (Оралдағы Кичкенер) құрамында 16-17 % темір бар руда тасы металға кедей болғандықтан және оны қоршап жатқан әктас сол аймақта қажет болмағандықтан бос тау жынысы санатында тұр. Себебі домна пешіне және цемент заводтарына қажет дәл осындай әктас басқа жерде пайдалы қазба ретінде арнаулы карьерлерде өндіріледі.

Сөздік:

деңгей - уровень

мұқтаж – запрос; нужда; надобность; нуждающийся

өтеу – возмещение; выкуп; оплата; погашение; исполнить;

погасить; отбывать

салыстырмалы – сравнимый; сравнительный; сопоставимый

аймақ – зона; край; область; окрестность; район; регион; страна; территория

өндіру – взыскать; добывать; производить; взимать; вырабатывать

84-тапсырма. Кен байыту саласында қолданылатын терминдердің

мағынасын есте сақтаңыздар.