Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ксіби аза тілі, УМК, СТУДДЕНТТЕРГЕ.doc
Скачиваний:
132
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
3.18 Mб
Скачать

1. Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus

    1. Оқытушылар туралы мәліметтер:

Сабақ жүргізетін оқытушылар: Тұрсынова Г.Т. – п.ғ.к., профессор,

тегі, аты, әкесінің аты

Шүленбаева Ұ.Р. – ф.ғ.к., доцент, Әбдісүлейменова Р.Ш.– п.ғ.к., доцент,

Итемирова А.С. – аға оқытушы

Байланыс түрі 257-71-82, 257-72-70 .

телефон, E-mail

Кафедрада болатын уақыты БОҒ, кафедра 610, 612 .

аудитория, уақыты

1.2 Пән туралы мәліметтер:

Пән атауы Техникалық қазақ тілі .

Кредит саны 3 .

Өткізу орны Бас оқу ғимараты

Оқу жоспарының көшірмесі

Курс

Семестр

Кредиттер

1 аптадағы академиялық сағаттар

Тәжірибелік/

семин. сабақт.

СӨЖ*

СОӨЖ*

Барлығы,

1 аптадағы академ. сағаттар

Бақылау

түрі

1

1-2

3

3

3

3

9

Емтихан

1.3. Пререквизиттері: Жоғары техникалық оқу орындарының студенттеріне арналған «Техникалық қазақ тілі» пәні бойынша жазылған кешен оларды кәсіби мамандықтарына бағыттап оқытады, болашақта кәсіби тілді қатынас құралы ретінде игеріп шығуларына көмектеседі. Бұл пәнді білу үшін техника саласының даму тарихын, өндіріс технологиясының негіздерін, әртүрлі тәсілдерін оқып білулері қажет. Студенттерге өздерінің таңдап алған техникалық мамандықтарына сай тау-кен, металлургия, құрылыс-сәулет, экономика, машинажасау, ақпараттану технологиясы, автоматика және басқару жүйесі, мұнай-газ және т.б. салалардан мәлімет алып, меңгереді.

1.4. Постреквизиттері: Техника саласындағы кәсіби мамандықтарға қажетті пәндерді білу үшін оқу бағдарламасы бойынша арнайы дайындалған курсты меңгеру қажет.

1.5. Пәннің мазмұнында әр техника саласындағы мамандықтарға

негізделген материалдар қамтылған. Сан-салалы жұмыстың түрлерін орындау арқылы студенттер тілді дамытудың жан-жақты қамтылған көптеген шараларын іске асыруға өз үлестерін қосады, мамандықтарына деген сүйіспеншіліктерін қалыптастырып, кәсіби сөздерді меңгеріп, тіл заңдарын орындауға атсалысады.

Студенттер кешеннің мазмұнында қамтылған жұмыстарды орындау арқылы техникалық ғылым тіліндегі ұғымдарын жетілдіреді. Ал мәтіндер арқылы танымдық, тәрбиелік мақсаттарын жүзеге асырады, кәсіби мамандықтарынан нақты деректер алады. Осы айтылғандарға орай аталған пәнді меңгерулері үшін, төмендегі мәліметтерді білу қажет:

  • Дүниежүзілік және Ресейдегі тау-кен ісінің даму тарихын;

  • Қазақстандағы тау-кен ісінің ғылыми даму жолдарын;

  • Тау-кен өнеркәсібінің өркендеу тарихын;

  • Кен орындарын жерасты арқылы қазудың болашағын;

  • Пайдалы қазынды кен орындарының кен-геологиялық сипаттамасын;

  • Металлургия саласының зерттелуін;

  • XVIII ғасырға дейінгі Ресейдегі металлургияның дамуын;

  • Қазақстандағы металлургияның дамуын;

  • Геология ғылымын;

  • Гелогияның даму тарихын;

  • Өздері оқитын институттың ашылу тарихын;

  • Геологиялық зерттеу әдістерін;

  • Геологияның халық шаруашылығындағы маңызын;

  • Мұнай мен газ көздерінің пайда боуын;

  • Қазастандағы мұнай өнеркәсібінің дамуы мен зерттелуін;

  • Экология ғылымы мен оның құрылымын;

  • Экологиялық шараларды;

  • Дүниежүзіндегі және Қазақстандағы қазіргі экологиялық мәселелерді;

  • Қазіргі замандағы экологияның пәні мен міндеттерін;

  • Қоршаған ортаны қорғаудың аймақтық проблемаларын;

  • Сәулет өнері мен оның зерттелуін;

  • Ғимараттар мен имараттардың түрлерін;

  • Сәулеттік құрылыс жүйелерін;

  • Экономикалық дамудың жалпы негіздерін;

  • Машинажасау ғылымы саласының дамуын;

  • Ақпараттық технология саласын;

  • Автоматика және басқару жүйесін және т.б.