Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ксіби аза тілі, УМК, СТУДДЕНТТЕРГЕ.doc
Скачиваний:
132
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
3.18 Mб
Скачать

Полиграфиялық басылымдардың түпнұсқалары

Редакцялық дайындықтан өткеннен кейін өндіріске түсетін және полиграфиялық құралдармен өндірілуге жататын түпнұсқалардың бәрі баспалық деп аталады. Олар мазмұн-дары, көлемдері, боямалылығы және техникалық орындалуы жағынан әр түрлі болып келеді. Бұлардың репродукциялау тәсілін таңдап алуда (экономикалық сипатты фаторларды есепте-мегенде) шешуші маңызы бар.

Түпнұсқалар ең алдымен мәтіндік, суреттік және аралас болып бөлінеді.

Мәтіндік түпнұсқа көбінесе техникалық ережелері (стандартты мөлшерлі қағаз парағының бір жағына екі сырғылтпалы етіп басу, мәтіндік жолда белгілі таңбалар санын сақтау, сондай-ақ жанжағының тиесілі ашық орын қалдыру, т.т.) сақталып, компьютерде басылған қолжазбалар болып келеді.

Суреттік көркемдеу түпнұсқалары – барынша түр-түрлі топты болып келеді және олар әр түрлі белгілерімен сарапталады.

Олар кескіндерінің сипатына қарай штрихты және реңді түпнұсқалар болып бөлінеді. Штрихтыларға кескіндері сызықтрмен (штрих), берілетін түрлі – түсті суреттер бірдей түсті болып келетін (мысалы: чертеждер, қаламұшпен салынған суреттер т.т.) түпнұсқалар жатады. Реңді (тоновые) – кескіндерінің элементтері бірдей ақтан қоңырға қарай біртіндеп ауысып (фотография, акварель, бояу қарындашпен салған сурет т.т.) отыратын түпнұсқалар. Әлгі екуінің де элементтері де аралас түпнұсқаларда кездеседі.

Штрихты түпнұсқалар да, реңді түпнұсқалар да бір не бірнеше түсті болуы ықтимал.

Түпнұсқаларды өңдеу технологиясы мен таралымды басу тәсілін таңдап алуды қамтамасыз ететін шешуші факторлардың бірі – түпнұсқаның орындалу техникасы мен ол оның материалы болып табылады. Оның негізі мөлдір (калька, балауыз т.т.) материал болуы ықтимал.

217-тапсырма. Мәтінге жоспар құрып, жоспар бойынша әңгімелеп беріңіздер.

218-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

  1. Редакциялық дайындықтан өткеннен кейін өндіріске түсетін және

полиграфиялық құралдармен өндірілуге жататын түпнұсқалардың бәрі қалай аталады? 2. Түпнұсқалар қандай түрлерге бөлінеді? 3. Мәтіндік түпнұсқалар деп қандай нұсқаларды айтамыз? 4. Суреттік түпнұсқаларға қандай түпнұсқалар жатады? 5.Суреттік түпнұсқалар неше түрге бөлінеді? 6. Оның түрлерін атаңыз? 7. Түпнұсқаларды өңдеу технологиясы мен таралымды басу тәсілін таңдап алуды қамтамасыз ететін не?

219-тапсырма. Мәтіндегі көсемше тұлғасында тұрған сөздердің астын сызып, олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

220-тапсырма. Төмендегі берілген қысқаша мәтіннен қандай мәлімет алдыңыздар, оған не қосасыздар? Өзара ой бөлісіңіздер.

Соңғы он жылдықта мәтінді компьютерде теру барынша даму үстінде және компьютердің мүмкіндіктері мен тамаша жетістіктері молая түсуде. Компьютердің көмегі арқылы текстік диапозитивтерді тек шығыңқы және ойыңқы басу әдістерінде ғана емес, сондай-ақ бірсыпыра жағдайда да қолдануға алып келіп отыр.

Фототеру автоматтарында мәтіндер мен суреттердің фотоформалары шығарылады. Егерде пленка мөлдір емес негізді (маселен, фото қағазда) жасалынса, оны позитив деп атайды. Ал, мөлдір негіздіде (фотопленкада) жасалынса – диапозитив делінеді.

Түсті репродукцияның ең қарапайым түрі – екі бояулы репродукция –

д у п л е к с деп аталады.

221-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер.

  1. Копьютердің мүмкіндіктері туралы не айтар едіңіз? 2. Мәтіндер мен

суреттердің фотоформалры неде шығарылады? 3.Позитив деп нені атаймыз? 4.Диапозитив деп нені атаймыз?

222-тапсырма. Түпнұсқалардың түрлерін меңгеріп алыңыздар.