Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ксіби аза тілі, УМК, СТУДДЕНТТЕРГЕ.doc
Скачиваний:
132
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
3.18 Mб
Скачать

Пайда болуы

Мұнай грек халқының “Нафта” деген сөзінен шыққан. “Нафта” жарып шығарлық қасиеті бар деген мағынаны білдіреді. Шынында, жер бетінде кездесетін мұнай мен газ көздерінің терең орналасқан қабаттарымен байланысты екені белгілі. Бірақ бұл жағдай алғашқы кездерде адам баласына жұмбақ болып келді. Кейбір ойпаттарда жер қойнауын жарып шығып атқылап, кейде бұлақ болып ағып жататын “қара май” немесе үзілмес от болып жанып тұратын таңғажайып жаратылыс құбылыстары халыққа әр заманда “құдірет күші” деп танылды.

Ерте дәуірлерде адам баласы Терістік Италия мемлекетінде жер қойнауын жарып шығып, қайнар болып ағып жатқан мұнайды тастан жасалған ыдыстарға құйып, қараңғы мезгілдерде жарық ретінде пайдалана білген.

Плутарх “Александрдың өмірі туралы” шығармасында мәңгі бақи лаулап жанып тұратын көгілдір жалын туралы әсірелеп жазған.

Византия мемлекетінің жауынгерлері өздерінің дұшпандарына қарсы соғыстарда тарқатылған кендірді (пакля) ағаш басына орап, оны мұнайға малып алып тұтатып, жау кемелеріне лақтыру арқылы жеңіске жетіп отырған. Бұл оқиға “Грек оты” деген атпен қалды.

Француздар Пенсильванияның терістік батыс жағын жаулап алғаннан кейін жергілікті халықтардың мұнайды дәрі-дәрмек есебінде пайдаланатынын сезіп, сол кездегі ағаш пен шегенделген тайыз құдықтардың мұнайын өз еліне тасыған.

Түстік Америкадағы Тринидад аралында да көптеген мұнай және газ көздері анықталған.

Сондай-ақ, мұнай және газ бұлақтары Кубань облысы мен Тамань түбегінде де кездескен. Жер қабаттарын өз күшімен жарып шыққандай зор күшпен лаулап жанған газ көздері Түрікменстан, Қазақстан, Шығыс Мексика, Қытай, т.б. көптеген елдерде болғандығы тарихтан мәлім.

324-тапсырма. Ауыспалы мағынада қолданылып тұрған қара май, құдірет күші, көгілдір отын тіркестерінің мағынасын түсіндіріңіздер.

*** Білгенге маржан!!! Біліп алыңыздар!

1899 жылдың қараша айында Атырау облысы, Жылыой ауданына қарасты Қарашүңгіл алаңындағы № 7 ұңғыдан мұнай фонтаны атқылап, тәулігіне 20 тоннадан өнім берді. Бұл бүгіндері дүние жүзіне мәлім болған Қазақстан мұнайының алғашқы тамшылары еді. Бір ғасырлық тамаша тарих, міне, осыдан бастау алады.

325-тапсырма. Мәтіннен жуан буынға жалғанған сөздерді бір бағанаға, жіңішке буынға жалғанған сөздерді екінші бағанаңа бөліп жазыңыздар.

326-тапсырма. Сөйлемдерді оқып, мазмұндап, орыс тіліне аударыңыздар.

Ерте дәуірлерде адам баласы Терістік Италия мемлекетінде жер қойнауын жарып шығып, қайнар болып ағып жатқан мұнайды тастан жасалған ыдыстарға құйып, қараңғы мезгілдерде жарық ретінде пайдалана білген.

Плутарх “Александрдың өмірі туралы” шығармасында мәңгі бақи лаулап жанып тұратын көгілдір жалын туралы әсірелеп жазған.

Византия мемлекетінің жауынгерлері өздерінің дұшпандарына қарсы соғыстарда тарқатылған кендірді (пакля) ағаш басына орап, оны мұнайға малып алып тұтатып, жау кемелеріне лақтыру арқылы жеңіске жетіп отырған. Бұл оқиға “Грек оты” деген атпен қалды.

327-тапсырма. Берілген сөздер және сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Ерте дәуірде, жер қойнауы, құбылыс, құдықтардың мұнайы, құдірет күші, жаратылыс, терең орналасқан, мұнай және газ көздері, қалдық, тау жыныстары, көгілдір жалын

328-тапсырма. Сөз тіркестерінің мағынасын әр түрлі мысалдармен бір-біріңізге түсіндіріңіздер.

Кен орындары, мұнай алаңдары, барлау жұмыстары, игеру жобалары, кешенді ұйымдастыру, мұнай-газ кеніштері, негізгі қор.

329-тапсырма. Сөйлемдерді қазақша баламасымен салыстырып, олардың сөздігін жасаңыздар.

Игерулік барлау кенді ұқсату кезінде жүргізілетін геологиялық барлау жұмыстарының сатысы. Иірімдердің құрылысы, таралу мөлшері, ішкі құрылысы, мұнайдың, газдың құрамы, физика-химиялық қасиеттері жөнінде нақты барлау кезінде алынған деректерді дәлелдейді.

Эксплуатационная разведка стадия геолого-разведочных работ, проводимых в процессе разработки месторождения. Уточняет полученные при детальной разведке данные о строении, контурах распространения, внутреннем строении залежей, состава, физико-химических свойсвах нефти, газа.

330-тапсырма. Берілген сөз тіркестерінің мағынасын әртүрлі мысалдармен түсіндіріңіздер.

Халық шаруашылығы, шикізат қоры, экономикалық тиімділігі, геологиялық ұйымдар, кенорындары, геологиялық карта, жер қойнауы, жоғарғы қабат, қамтамасыз ету.

331-тапсырма. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Мұнай сөзі қалай пайда болған? 2. Алғашқы кездерде адам баласы жұмбақ

құбылыстарды қалай ашқан? 3. Ерте дәуірлерде мұнайды, газды қалай және не үшін пайдаланған? 4. Кендірден не істеген? 5. Жауға қарсы қолданған әрекеттерін қалай атаған? 6. Француздар мұнайды не үшін пайдаланған?

7. Италияда ертеде жарықты қалай жасаған?

9-апта. 26-тәжірибелік сабақ

332-тапсырма. Мәтінді екі мағыналық бөліктерге бөліп, әр бөлігіне тақырып қойыңыздар.

333-тапсырма. Мәтіннің бірінші мағыналық бөлігіне сұрақ-жауап құрастырыңыздар.

334-тапсырма. Мәтіннің екінші мағыналық бөлігін орыс тіліне аударыңыздар.

335-тапсырма. Мәттіннен түсініксіз сөздерді теріп жазып, олардың сөздігін жасаңыздар.