Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ксіби аза тілі, УМК, СТУДДЕНТТЕРГЕ.doc
Скачиваний:
132
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
3.18 Mб
Скачать

Тау жынысы және пайдалы қазбалар Сұхбат

  • Жер қабыршағы немесе литосфера деп нені атайды?

  • Жердің сыртқы қатты қабатын жер қабыршағы немесе литосфера деп атайды.

  • Жер қабыршағының қалыңдығы қандай тереңдікте болады?

  • Оның қалыңдығы материктерде 30-40 км., тау жоталарында 70 км., ал мұхит астында 6-15 км.

  • Литосфераға көп тараған элементтерді атаңыздар.

  • Литосфераға ең көп тараған химиялық элементтер: оттегі – 49%; кремний – 26%; алюминий – 7,45 %; темір – 4,2%; кальций – 3,25% және басқалар.

  • Ал табиғатта қандай элементтер жеке кездеседі?

  • Табиғатта жеке кездесетін элементтер некен-саяқ. Олар: алтын, платина, мыс, күкірт.

13-тапсырма. Берілген сұхбаттың жалғасынан түсінгендеріңізді айтып беріңіздер.

  • Минерал деп аталатын химиялық қосылыстарға қай элементтер жатады?

  • Жеке кездесетін элементтерден басқалары көбіне минерал деп аталатын химиялық қосылыс күйінде кездеседі (мысалы, кварц, кальцит, магнетит және т.б.).

  • Тау жынысы дегеніміз не?

  • Құрамы көбінесе тұрақты болып келетін минерал агрегаттары тау жынысы деп аталады.

  • Тау жыныстары неше минералдардан құралады?

  • Тау жыныстары бір немесе бірнеше минералдардан құралады. Мысалы, мәрмәр тек кальциттің кристалл түйіршіктерінен ғана тұрады. Ал бірнеше минералдардан тұратын граниттің құрамына кварц, дала шпаты және слюда кіреді.

Сөздік:

жер қабығы – земная кора тұрақты – местный; коренной

тау-жыныстары – горные породы (житель); постоянный

некен-саяқ – редко; редкостный мәрмәр – мрамор

қабыршақ – пленка; чешуя; оболочка

14-тапсырма. Сөз тіркестерімен қысқаша мәтін құрастырып, орыс тіліне аударыңыздар.

Қ.И.Сәтбаев – қоғам қайраткері, Қазақ политехникалық институты, тау-кен металлургия институты, қопару жұмыстары, Қазақстанның кен байлықтары, кен өндіру технологиясы, рудалы кендер, мен студентпін, сен тау-кен инженерісің.

1-апта. 2-тәжірибелік сабақ

15-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын өздеріңіз білетін мәліметтермен толықтырып, айтып беріңіздер.

16-тапсырма. Мәтіндегі түсініксіз сөздердің сөздігін есте сақтаңыздар.

17-тапсырма. Мәтінді үш мағыналық бөліктерге бөліп, мәтіннің мазмұнына сәйкестендіріп, оларға тақырыптар қойыңыздар.

18-тапсырма. Мәтіннен тау-кен саласындағы терминдерді теріп жазып, оларға түсіндірме сөздіктің негізінде түсініктеме беріңіздер.

19-тапсырма. Ресей мемлекетіндегі тау-кен ісінің даму тарихынан алған мәліметтеріңізбен бөлісіп, пікірталас ұйымдастырыңыздар.

Ресей мемлекетіндегі тау-кен ісінің даму тарихы

Ұлы Октябрь революциясының алдында (1917 ж.) бұрынғы советтер одағында (Ресейде-Қазақстанда) бірен-саран ғана ғалымдармен жоғары оқу орындарында шамалы ғылыми жұмыстар атқарылып тұрды. Октябрьден кейін көп өзгерістер болды: табиғи табиғат ғылымдарында (геология, химия, физика, механика және с.с. пәндерде).

1890 жылдан 1900 жылға дейін тас көмірдің қазылуы 3,5-нан 12,0 млн. т., былайша айтқанда 3,4 есе өсті. Донецк бассейнінің көмірлерінің ең бай жерлері қазыла бастады, Криворожье темір және Никополь-марганец кендері қазыла бастады.

Қара металлургия толық, тас көмір өндірісі және түсті металлургия кен байлықтары шет ел инвесторларының қолында болды. Шамалы ғана француз банктері шойын құюының 55,8% (ал Ресейдің оңтүстігінде – 83,4% дейін), темір кен байлығының 51,6% (оңтүстікте – 71,5%) билеп тұрды. Олар капиталға шабуыл жасап отырды: өйткені мұнда ең арзан жұмыскерлер еңбегі болып барлық байлықты өздері алып отырды. Мұндай табысты бұлар өз елінде таба алмаған!

Петербург өндірістері және Ресей солтүстік-батыс райондары ағылшын көмірін өте қымбат бағамен сатып алып тұрды, ал Ресейдің көмір орындары қазылмай жатты (өйткені, олар шет елден келгендерге керегі жоқ болды!).

Марганец кен байлығы Чиатура мен Никополь райондарында шет елдердің қол астында болды, олар кенді шет елдерге таси бастады.

1913 жылдың аяғында Донецк бассейнінде тек қана 68 үңгірлеу машиналары қолданылды, көмірді көбінесе қайла мен кетпен арқылы қазуға тура келді, арту жұмыстары күрекпен істелді, тасымалдау жұмыстары – жылқы көлігімен тасылды.

Жұмыс уақыты 11 сағатқа жетті, ал еңбек ақы өте төмен болды. Жұмыскерлердің тұратын жері өте нашар болды: жылынбайтын барактар мен сарайларда (мал қораларына ұқсас) жерлерде тұрды. Лена өзенінің бойында құрылған алтын табатын жеке меншік ұйымында жылына 7 млн. рубль пайда тапса, 1916 жылы емдеу жұмыстарына 70 мың рубль, ал оқуға 12 мың рубль ғана шығарылды.

Көмір мен темір кендерін өте алысқа тасығандықтан олардың сату бағасы тым жоғары болды.

Сөздік:

шойын – чугун

кетпен – мотыга; кетмень

тасымалдау – перевозка; транспортировка; перевозить

ұлғайту – расширить; увеличить; преувеличить

20-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Ұлы Октябрь революциясына дейін Ресей-Қазақстанда ғылым қалай дамыған? 2. XIX ғасырдың аяғында қандай кен орындары қазыла бастады? 3. Қара металлургия, тас көмір өндірісі, түсті металлургия кен байлықтары кімдердің қолдарында болды? 4. Жергілікті кен байлықтарын кімдер билеп тұрды? 5. Марганец кен байлықтары кімдердің қол астында болды? 6. XX ғасырдың басында көмірді немен қазып алып отырған? 7. Көмір, темір, жез қазуда Ресей дүниежүзінде нешінші орында болды?

21-тапсырма. Мәтіннің бірінші мағыналық бөлігіндегі етістіктерді бір бағанаға келер шақ формасына салып, екінші бағанаға өткен шақ формасына салып бөліп жазыңыздар да, олармен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырыңыздар.

Ү л г і: Қарастырылу: қарастырыл+ған ( бұрынғы өткен шақ ); Үш кезеңге бөлініп қарастырыл+ған. Болу: бол+ды; ауыр бол+ды.

22-тапсырма. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударып, өткен шақтың түрлерін анықтаңыздар.

Мой друг когда-то жил в Ташкенте. Оказывается, она говорила правду. Она когда-то, давно училась в университете. Оказывается, когда-то я его видела. Я когда-то писала стихи. Ты, оказывается, родилась в Оренбурге. Я был в Таллине. Оказывается, Сакен сидел в читальном зале. Они когда-то катались на коньках. Дети, оказывается, написали письмо учителю. Сания поступила в университет, а ты?

23-тапсырма. Сөйлемдердегі өткен шақта тұрған етістіктерді болжалды келер шаққа айналдырыңыздар.

Ашу деген ағын су, алдын ашсаң ақырады. Ақыл деген дария, алдын тоссаң, арқырайды. Көп шаңды құлан көтереді, боранды тұман көтереді. Ордаңды талқан қылып шабамын (М.Ө.). Кешке жақын дүкенге барамыз. Кешке шамамен сағат төрттерде футбол ойнаймыз. Біз мейрамханада кездесу өткіземіз. Лекция сағат екілерде аяқталады. Университетке ертең барамын.

24-тапсырма. Нақыл сөздердің мағынасын түсініп, есте сақтаңыздар. Мақсатты келер шақ жасап тұрған жұрнақтардың астын сызыңыздар.

Мақсатым – тіл ұстартып, өнер таппақ,

Наданның көңілін қойып, көзін ашпақ.

Өзіне сенбе, жас ойшыл, Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы,

Тіл өнері дертпен тең. Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.

(Абай)

25-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті өткен шақ категориясының жұрнақтарын қойып, олардың түрлерін ажыратып, жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

Бұрынғы советтер одағында бірен-саран оқу орындарында ғана шамалы ғылыми жұмыстар атқарылып тұр... . Донецк бассейнінің көмірлерінің ең бай жерлері қазыл... . Түсті кен металлургия кен байлықтары шет ел инвесторларының қолында бол... . Мұндай табысты олар өз елдерінде таба алма... . Ағылшын көмірін өте қымбат бағамен сатып ал... еді. Олар кенді шет елге тасы... еді.

26-тапсырма. Тау-кен саласындағы терминдердің мағынасын түсініп, меңгеріңіздер.

Магнитті байытумагнитное обогащение. Бұл байыту әдісі кен ішіндегі бағалы минералдардың магнитті қасиеттері болса ғана қолданылады. Мұндай кендерге негізінде темір кендері жатады.

Кеннің байытылуыобогатимость руды. Кеннің байытылуы оның құрамындағы минералдардың қасиеттерінің арасындағы айырмашылықтарының мөлшеріне қарай өзгереді. Кеннің байытылуына үлкен әсер ететін кен қасиеті – сепкілдік. Бағалы минералдардың сепкілдігі неғұрлым ірі болса, оны солғұрлым оңай бөлуге болады.

Тотықты кенруда окисленная. Бағалы минералдар кен ішінде тотықты минералдар түрінде болса, онда кен тотықты болып саналады.

Жинақталу дәрежесістепень концентрации. Кеннен алынған концентраттың ішіндегі бағалы заттың проценттік үлесінің кендегі проценттік үлеске қатынасы.

Кеннің қаттылығытвердость руды. Ұсату және ұнтақтау процестеріне үлкен әсер ететін кеннің физикалық қасиеті.

Ұсақ сепкілді кен – тонковкрапленная руда. Кенде бағалы минерал түйіршіктерінің диаметрлері 0,1-0,074мм-ден төмен болса, онда олар ұсақ сепкілдікке жатады да, мұндай кендер тек флотациялау әдісімен байытылады.

Вал вал. Барлық машиналардың басты бөлшегінің бірі. Ол электро – қозғалтқыштан не басқа бір энергия көзінен айналымға келіп, басқа бөлшектерді қозғалысқа келтіреді.

Бұрандавинт. Әр түрлі бөлшектерді бір-біріне бекіту үшін қолданылады.

Тұтқыр ортавязка среда. Тұтқырлық барлық сұйық заттарға тән қасиет. Олардың құрамдарына қарай тұтқырлықтары кең шекте өзгереді.

Малта тас, ұсақ тасгалька (в обогащении). Ұнтақтау процесінде кей жағдайда шарлардың орнына қолданылатын кеннен бөлінген белгілі ірілік класы.

Сөздік :

темір – железо; железный бөлшек – доля; дробное число; частица

ұнғы – вруб бекіткіш патрон – зажимной патрон

бекітуші – крепильщик бекіту – закрепить; укреплять;

ұнтақ – заштыбовка ұнтақтау – перемалывание

тұтқырлық – вязкость размельчение

тотық – окись; ржавчина; коррозия

27-тапсырма. Болымды етістіктерді етістіктің болымсыз формасына қойып, көшіріп жазыңыздар.

1890 жылдан 1900 жылға дейін тас көмірдің қазылуы 3, 4 есе өсті. Олар капиталға шабуыл жасап отырды. Ең арзан жұмыскерлер еңбегін өздері алып отырды. Марганец кен байлығы шет елдердің қол астында болды. Көмір мен темір кендерінің бағасы тым жоғары болды.

28-тапсырма. Сөйлемдерден келер шақ категориясының жұрнақтарын тауып, олардың түрлерін ажыратып, жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

Көліктің барлық түрі ғарыш техникасы тәрізді басқа да салаларды дамытудағы ғылыми-техникалық прогресс негізі болып табылмақ. Кен жұмыстары технологиясы мен ұйымдастыру жұмыстарын экономикалық негіздеу арқылы таңдамақ. Кенді қазу технологиясы мен тәсілі тау-кен саласы бойынша шығарылатын арнаулы ережелермен реттелмек.

29-тапсырма. Өлеңді мұқият оқып, мағынасын түсіндіріңіздер.

Өмір деген кен екен

Өмір деген кен екен, Арман деген құс екен,

Алтыны бар, мысы бар. Төмені бар, өрі бар;

Дүние деген кең екен, Жастығың көрген түс екен,

Неше түрлі кісі бар. Басып кеткен мөрі бар.

Өткен-кеткен көп екен,

Әрқайсысының парқы бар.

Адамгершілік дегеннің,

Салмағы бар, нарқы бар.

(М.Нұрпейісова)

30-тапсырма. Төмендегі сөздерді бір-бірімен мағынасына қарай орналастырып, сәйкестендіріңіздер.

1. байыту

а) заттар

2. минералдық

ә) кеніш

3. тотықты

б) кен

4. ұсату

в) қабыршығы

5. минерал

г) кеңістіктер

6. магнитті

ғ) процестері

7. сұйық

д) әдісі

8. ашық

е) тиімділік

9. бай

и) минералдар

10.жер

ж) қасиеттері

11.бос

з) түйіршіктері

12.экономикалық

й) сепкілдігі

31-тапсырма. Төмендегі етістіктерді болымсыз формаға қойыңыздар.

Өндіру, қопару, бұрғылау, байыту, қалыптастыру, анықтау, пайдалану, енгізу.

32-тапсырма. «Кен байлықтарының елдің экономикасындағы рөлі» деген тақырыпқа оқытушы мен студенттің арасында шағын әңгіме құрастырыңыздар.

33-тапсырма. Зат есімнен етістік тудыратын -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтарымен сөйлемдер құрастырып, олардың сөйлемдегі қызметін түсіндіріңіздер.

Ү л г і:

Жастарды балалықты тастап, білім алыңдар, дүниенің кілті білімде, оқу керек, надандықпен күресу керек, – деп сендіреді Абай.

Тас - камень (зат есім), -та етістік тудыратын жұрнағының жалғануы арқылы зат есімнен етістік жасалып тұр, та жұрнағы жаңа мағыналы сөз тудырушылық қызмет атқарып тұр.

34-тапсырма. Көп нүктенің орнына мақсатты келер шақтың тиісті жұрнақтарын қосып жазып, олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

Жезқазған комбинатының құрылысы да тез қарқынмен салынып жатыр, оның бірінші кезегі бір-екі жылдан кейін-ақ пайдалануға беріл... . Өзінің көлемі мен қуаты жөнінен бұл комбинат Одақта бірінші орын ал... . Қияқты көмір кені Қазақстанның Қарағандыдан кейінгі екінші көмір бассейніне айнал... . Жезқазған Қазақстанның, бүкіл Совет Одағының өте ірі индустриялы орталығына айнал... .

35-тапсырма. Сөйлемдердегі етістіктердің қай шақта тұрғанын және қалай жасалғанын түсіндіріңіздер.

Жоғары оқу орындарында шамалы ғылыми жұмыстар атқарылып тұрды. Криворожье темір және Никополь-марганец кендері қазыла бастады. Түсті металлургия кен байлықтары шет ел инвестерлерінің қолында болды. Марганец кен байлығы Чиатура мен Никополь райондарында болып шет елдердің қол астында болды да, олар кенді шет елдерге таси бастады. Азамат соғысы жылдары халықтың тұрмысы, оның ішінде тау-кен өндірісі көп нашарлады.

1-апта. 3-тәжірибелік сабақ

36-тапсырма. Мәтінмен танысып, мағынасын меңгеріңіздер.

37-тапсырма. Мәтінді үш мағыналық бөліктерге бөліп, бірінші бөлігіне сұрақ-жауап құрастырыңыздар.

Ү л г і :

– 1916 жылғы көтерілістің айрықша ерекшелігі неде болды?

– 1916 жылғы көтерілістің айрықша ерекшелігі – оған қазақтармен қатар

қырғыз, ұйғыр, өзбек және басқа да халықтар өкілдерінің қатысуы болды.

38-тапсырма. Мәтіннің екінші мағыналық бөлігіне жоспар құрып, жоспар бойынша әңгімелеп беріңіздер.

39-тапсырма. Мәтіннің үшінші мағыналық бөлігіндегі осы шақта тұрған етістіктерді теріп жазып, олардың түрлерін (нақ, ауыспалы) ажыратып, жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

Ү л г і: Мәдениеті қалыптасқан алты жүз тілдің және мемлекеттік мәртебеге ие екі жүз тілдің қатарында тұр (жалаң нақ осы шақ). Республикада мемлекеттік тіл ретінде бір ғана тіл – қазақ тіліне конституциялық мәртебе беріл+іп отыр (күрделі нақ осы шақ). Қоғамның жылжып, өзгеруіне байланысты тіл де дамып, өзгеріп отыр+а+ды ( ауыспалы осы шақ).