Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ксіби аза тілі, УМК, СТУДДЕНТТЕРГЕ.doc
Скачиваний:
132
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
3.18 Mб
Скачать

Түпнұсқалар үш топқа бөлінеді:

  1. Авторлық түпнұсқа – автордың дайындап баспаға өткізген нұсқасы. 2.

Баспалық түпнұсқа – баспа-редакциялық өңдеуден өткен, баспаның жауапты қызметкерлерінің қолы қойылып, теруге жіберілген түпнұсқа. 3. Түпнұсқа макеті – бұл әрбір беті болашақ басылымның әр бетіне сәйкес келетін баспалық табақ. 4. Түпнұсқа макетіне қол қойып теруге және басуға баспаханаға жібереді. 5. Репродукцияланатын түпнұсқа макеті – фотоформаларды немесе басу формасын фотомеханикалық әдіспен не сканерлеп дайындауға арналған түпнұсқа.

Түпнұсқаларды классификациялау: 1. жартылай тонды немесе штрихты түпнұсқалар; 2. мөлдір немесе мөлдір емес; 3. ақ-қара немесе түрлі түсті түпнұсқа.

6-апта. 16-тәжірибелік сабақ

223-тапсырма. Мәтінмен мұқият танысып, мағынасын меңгеріңіздер.

224-тапсырма. Мәтіннің бірінші мағыналық бөлігін орыс тіліне аударыңыздар.

225-тапсырма. Мәтіннен түсініксіз сөздерді теріп жазып, олардың сөздігін жасаңыздар.

226-тапсырма. Мамандыққа қатысты термин сөздерге түсіндірме сөздіктің негізінде түсініктеме беріңіздер.

Ақпараттық технологиялар

* * * * *

А қ п а р а т т а н у

Бізді қоршаған әлемнің ең маңызды мәні зат, энергия мен ақпарат болып табылады. Зат пен энергия сияқты ақпараттың да мәні өте зор. Оның өсімдіктердің, жануарлардың, адам мен жалпы адамзат қоғамының өміріндегі мәні олардан кем емес. Ақпарат бұл тек кітаптардан, газет мақалаларынан немесе берілген жаңалықтардан алынған мәліметтер ғана емес, күрделі биологиялық молекулалардың құрылымында, радиосигналдар мен кілт рельефінде сақталатын мәліметтер болып табылады.

Дегенмен, ақпарат ұғымы ғылымдар шегінде анықталмайтын ұғым болып табылады. Бұл ұғым тек материалдық ақпарат тасуыш, ақпарат көзі, ақпарат жеткізуші, оны қабылдаушы, көзі мен қабылдаушы арасындағы байланыс арнасы барын ұйғарады деп пайымдауға болады.

Бұл ұғым бірі қалмастан, барлық салаларда: философияда, жаратылыстану мен гуманитарлық ғылымдарда, биологияда, медицина мен физиологияда, адам мен жануарлар психологиясында, социологияда, өнерде, техникада, экономикада және күнделікті өмірде пайдаланылады.

Ақпарат туралы былай айтуға болады: ақпарат – бұл бізді қоршаған әлемді таңбалар мен сигналдардың көмегімен бейнелеу деп пайымдауға болады.

227-тапсырма. Төмендегі сөздерді орыс тіліне аударып, есте

сақтаңыздар.

Қоршаған әлем, зат, ақпарат, қоғам, мәлімет, сақтау, ақпарат тасушы, ақпарат көзі, ақпарат жеткізуші, қабылдаушы, байланыс арнасы,барлық салаларда, таңбалар, бейнелеу.

228-тапсырма. Төмендегі сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

1. Маңызды ақпарат. 2. Ақпарат ұғымы. 3. Ақпарат қабылдаушы.

4. Ақпарат тасушы. 5. Ақпаратты өңдеу. 6. Ақпаратты сақтау.

229-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, мазмұнын меңгеріңіздер.

Адамның барлық іс-әрекеті кез келген уақытта ақпарат алумен байланысты: көріп – ақпарат аламыз, естіп, зат ұстап, ас ішіп, иіскеп те ақпарат аламыз. Ақпаратты бізді қоршаған заттар мен құралдар береді: кітаптар, журналдар, газеттер, теледидар, радио т.б. Адамдардың үйдегі, мектептегі, жұмыстағы және көшедегі бір-бірімен қарым - қатынасы – бұл ақпарат беруі.

Барлық ақпараттарды төмендегідей бөлуге болады: қоғамдық – саясаттық, әлеуметтік – экономикалық, ғылыми – техникалық, химия – биологиялық, физиологиялық т.б.

Мұнымен қатар ақпарат өзінің сипаты бойынша:

  1. статикалық (тұрақты) немесе динамикалық (айнымалы);

  2. алғашқы (кірістік), туынды (аралық)немесе шығыстық ;

  3. басқарушы және мәлімет беруші;

  4. объективті және субъективті болуы мүмкін.

Ақпарат қасиеттеріне мыналарды жатқызуға болады: толықтық, сенімділік (анықтық), бағалылық, маңыздылық, айқындылық, қысқалық, нанымдылық.

Тірі табиғатта ақпарат беру мен өңдеу мысалдары: Жануарлар өздерінің жерлерін қорғап, иісті белгілер қалдырып кетеді. Басқа жануарлар иіс сезу мүшесі арқылы бөгде иісті сезіп бөтен жерден кетеді.

Кейбір ағаштар бір – біріне құрттар шабуыл жасағаны туралы мәлімет

бере алады. Мұндай хабардан кейін олар қорғану үшін, жапырақтарына улы заттар шығарады.

230-тапсырма. Төмендегі сөздердің орыс тіліндегі баламасын беріңіздер.

тұрақты, туынды, басқарушы, мәлімет беруші, тірі табиғат, сезу мүшесі, толқын, кеңістік , ақпарат беру , өңдеу, ұрпақ , бекіту , сұрыптау, ишарат, қабылдау , белгі , санау , ақпаратты тасушы , сақтау, құрал , деңгей , ұрпақ , тұқым қуалау.

231-тапсырма. Сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Сезу мүшесі, ақпаратты өңдеу, сұрыптау үшін, таңба түрінде, ақпарат тасушы, тұқым қуалау, ақпарат беру, қорғану үшін, мәлімет беру.

232-тапсырма. Сөздердің синонимдерін жазыңыздар.

233-тапсырма. Мәтіннен есімдіктерді теріп жазып, олармен сөйлемдер

құрастырыңыздар.

Ү л г і : Бұл ақпарат бізге мәлім.

234-тапсырма. Суреттің мазмұнының негізінде мәтін

құрастырыңыздар.

235-тапсырма. Сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге айналдырыңыздар.

1. Зат пен энергия сияқты ақпараттың да мәні өте зор. 2. Бізді қоршаған әлемнің ең маңызды мәні энергия мен ақпарат. 3. Ақпарат бұл тек кітаптардан, газет мақалаларынан немесе берілген жаңалықтардан алынған мәлімет. 4. Ақпарат барлық салаларда пайдаланылады. 5. Ақпарат – бұл бізді қоршаған әлемді таңбалар мен сигналдардың көмегімен бейнелеу.

236-тапсырма. а) Мәтіннен ілік, жатыс, шығыс септіктеріндегі

сөздерді теріп жазып, олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіздер. ә) Мәтіннен бес сөзді алып, олардың әрқайсысымен бірнеше сөз тіркестерін жасаңыздар.

Ү л г і : ақпараттың – ақпарат + тың (-тың-) ілік септік жалғауы, сөздің негізі қатаң т дыбысына аяқталғандықтан, -тың жалғауы жалғанады.

237-тапсырма. ”АҚПАРАТ“ деген терминге қандай мағына бересіздер? Жауапты жазбаша беріңіздер.