Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ксіби аза тілі, УМК, СТУДДЕНТТЕРГЕ.doc
Скачиваний:
132
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
3.18 Mб
Скачать

Геологиялық зерттеу әдістері (жалғасы)

Геометриялық әдіс жердің жылу өрісінің тау жыныстарының тереңдігіне байланысты өзгеріп тұратындығын зерттеуге негізделген.

Палеомагниттік әдіс тау жыныстарында сақталған қалдық магнетизмді зерттеуге негізделген. Қалдық магнетизмді зерттеу арқылы жердің өткен тарихында магнит полюстерінің қалай орналасқандығын және қалай өзгергендігін қазіргі кездегі жағдайымен салыстыруға болады.

Геохимиялық әдіс арқылы жер қыртысын және басқа планеталарды құрайтын заттарды, сонымен бірге метеориттердің химиялық құрамын салыстыра зерттейді. Бұл әдіс арқылы көп проблемаларды шешуге болады: 1. Химиялық элементтердің жер қыртысында таралу және олардың орын ауыстыру (миграция) және шоғырлану (аккумуляция) заңдылықтарын зерттеу; 2. Жер қыртысында кездесетін химиялық элементтердің әр түрлі жағдайда орналасу себептерін зерттеу; 3. Жер қыртысын, Айды және метеоритті құрайтын заттардың элементаралық және изотоптық құрамын зерттеу.

Эксперимент жүзінде зерттеу арқылы әр түрлі геологиялық процестердің моделін (жобасын) лабораториялық жағдайда жасап, мұнда қандай жаңа заттар жаратылатынын бақылауға болады. Мысалы, жоғары температура және қысым кезінде Жердің ішкі терең қабаттарында минералдар мен тау жыныстарының пайда болатынын эксперимент жүзінде зерттеу арқылы анықтауға болады.

Математикалық әдіс геология саласында соңғы кездері ғана кең көлемде қолданыла бастады. Математикалық әдістердің ішінде табиғи процестерді математикалық модельдер жасау арқылы зерттеу әдісін, математикалық статистика және т.б. әдістерді айтуға болады. Бұл әдістердің бәрі де теориялар мен гипотезаларды тексеруге көмектеседі.

Сөздік:

өріс – выгон; поле; радиус; пастбище; размах; сфера

қалдық – остаток; излишек; разность; отход; отброс;

шоғырлану – концентрироваться; скапливаться

таралу – передаваться; причесаться; раскинуться; распределение

жаратылу – создаваться; сотворяться

195-тапсырма. Геологиялық зерттеу әдістерін екі бөлікке бөліп, әр бөлігіне жоспар құрып, жоспар бойынша әңгімелеп беріңіздер.

196-тапсырма. Мәтінге сұрақ-жауап дайындап, рөлге бөліп оқыңыздар. Сөйлемдердегі тұрлаулы мүшелердің астын сызып, олардың емлесін түсіндіріңіздер.

Жердің тарихы (геологиялық жылнама)

Қазіргі таңда жердің даму тарихы геологиялық кезеңге дейінгі, яғни планетааралық немесе ғарыштық және геологиялық даму сатысы болып екіге ажыратылады.

Геологиялық кезеңге дейінгі уақыт Жердің алғашқы планета болып қалыптасуынан бастап Жер қыртыстарының құралуына дейінгі аралықты қамтиды. Оның тарихын геологиялық әдістер арқылы зерттеп, білу мүмкін емес. Жердің ғарыштық дене ретінде пайда болуы туралы ғылыми түсінік – Күн жүйесіне кіретін басқа планеталардың жаратылысы жөніндегі көзқарастар негізінде қалыптасады.

Геологиялық даму сатысы – Жер қыртысының алғашқы қалыптасуынан осы кезеңге дейінгі уақыт аралығын қамтиды. Жер қыртысының қазіргі таңдағы күрделі құрамы, бедер пішіндері өзінің даму тарихында орасан көп геологиялық процестерге ұшырағанының айғағы екені сөзсіз. Сонымен, геологиялық уақытты анықтау дегеніміз – Жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының жасын, болмаса түзілген уақытын анықтау. Геологиялық уақытты анықтағанда, салыстырмалы және абсолюттік жыл есептеу (геохронология) әдістері пайдаланылады.

Тау жыныстарының салыстырмалы жасы – олардың табиғи жағдайдағы бір-бірімен қарым-қатынасына, белгілі бір ортада алатын орнына қарай анықталады. Салыстырмалы жыл санау әдістеріне палеонтологиялық, сратиграфиялық, петрографиялық және тектоникалық жолдары жатады.

Сөздік:

кезең – время; пора; период; стадия; этап; момент

жер қыртысы – пласт почвы; земная кора; слой земли

бедер – шероховатый; шершавый

пішін – черты лица; фигура

ұшырау – встретиться; повстречать; натолкнуться; застать

айғақ – доказательство; свидетель; улика

құрау – скомбинировать; собрать; соединять

5-апта. 13-тәжірибелік сабақ

197-тапсырма. Мәтіндегі түсініксіз сөздердің сөздігін жасаңыздар.

198-тапсырма. Мәтіннің бірінші мағыналық бөлігіне сұрақ-жауап құрастырыңыздар.

199-тапсырма. Мәтіннің екінші мағыналық бөлігіне жоспар құрып, жоспар бойынша әңгімелеп беріңіздер.

ПОЛИГРАФИЯ ӨНДІРІСІ

* * * * *