Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ксіби аза тілі, УМК, СТУДДЕНТТЕРГЕ.doc
Скачиваний:
132
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
3.18 Mб
Скачать

Машина жасау технологиясы негіздернiң даму тарихы

Кеңес өкiметi құрылуының алғашқы күндерiнен бастап машина жасау мәселесi халық шаруашылығын дамытудағы ең бiр күрделi сала деп есептелiндi. Өйткенi елiмiз экономикасының негiзгi өзегi – машина жасау. 1926 жылы бiрiншi дүниежүзiлiк және азамат соғыстарында қирап қалған металл өндеу өнеркәсiбi қалпына келтiрiлдi. Осының арқасында елiмiзде ауыр индустрия, оның басты негiзi машина жасау саласы дами бастады. Өдiрiстiң жаңа салалары, әсіресе автомобиль жасау, трактор және ауыл шаруашылық машиналары, энергетикалық машиналар, кемелер, паравоз, вагон

жасау салалары дами бастады.

Ұлы Отан соғысы жылдарында машина жасау күштi қарқынмен дамыды. Соғысқа керектi техникалар көптеп шығарылды.

Соғыстан кейiнгi жылдары елімiздiң халық шаруашылығына қажет салалары – ауыр энергетикалық машина жасау, химия машиналарын, турбина, приборлар жасау, ауыл шаруашылығына керектi машиналар т.б. болып табылады. Одан кейiнгi IХ-Х бесжылдықтарда халық шаруашылығы партияның ХХIV-ХХV съездерiнiң нұсқаулары бойынша дамыды. Өнеркәсiп өнiмi өте баяу қарқынмен дамыды.

1970 жылдан осы уақытқа дейiн технологиялық процестердi жобалауда iргелi ғылымдардың жетiстiктерiн кеңiнен пайдалану мәселелерi қолға алына бастады.

545-тапсырма. Сөздерді мағынасына қарай сәйкестендіріңіздер.

1. металл а) техникалар

2. керекті ә) индустрия

3. ауыр б) өңдеу

4. ғалымдардың в) шаруашылығы

5. ауыл г) жасау

6. аспап ғ) өнім

7. өнеркәсіп д) жетістіктер

546-тапсырма. Етіс категориясының жұрнақтары жалғап тұрған сөздердің астын сызып, олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

Ү л г і: есептел+ін+ді

Есеп – зат есім; те – зат есімнен етістік тудырушы жұрнақ; л – ырықсыз етіс жұрнағы; ін – өздік етіс жұрнағы; ді – бұрынғы өткен шақтың жұрнағы.

547-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Мәтінде не туралы айтылған? 2. Машина жасау саласы қай кезден дами бастады? 3. Өндірістің қандай салалары дами бастады? 4. Ұлы Отан соғысы жылдарында машина жасау кезеңі қалай өтті? 5. Соғыстан кейінгі жылдары қандай мәселелер қолға алына бастады?

548-тапсырма. Тірек сөздерді пайдаланып, сөйлемдерді толықтырыңыздар.

.........жаңа салалары, әсіресе автомобиль жасау, трактор және ........машиналары, энергетикалық ........., кемелер, паравоз және вагон жасау салалары дами бастады. Соғысқа керекті ......... көптеп шығарылды. Соғыстан кейінгі ......... осы уақытқа дейін техникалық процестерді жобалауда іргелі ............ жетістіктерін кеңінен пайдалану .......... қолға алына бастады.

Тірек сөздер: Ауылшаруашылық, техникалар, өндірістің, машиналар, ғылымдардың, мәселелері, жылдардан.

549-тапсырма. Мәтіннің мазмұнына сұхбат құрастырыңыздар.

550-тапсырма. Баста, құр етістіктерін жедел өткен шақтың жекеше, көпше және болымсыз түрінде жіктеңіздер.

551-тапсырма. Сөздердің синонимдерін тауып жазыңыздар.

Алғашқы, күрделі, еліміз, қалпына, керекті, жетістіктері, баяу.

552-тапсырма. Сөздермен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Машина, тарих, кеме, ғылым, ауыл, уақыт, еліміз.

553-тапсырма. Қарама-қарсы мағыналы сөздерді сәйкестендіріңіздер.

1. ауыр а) соңғы

2. алғашқы ә) ескі

3. баяу б) жеңіл

4. жаңа в) керексіз

5. күшті г) кемшіліктері

6. күрделі ғ) әлсіз

7. жетістіктері д) оңай

8. керекті е) жылдам

554-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Машина жасау технологиясы қандай сала? 2. Машина жасау технологиясының дамуы мен ғылымға алғаш енуі туралы айтыңыз?

555-тапсырма. Мәтіннен мамандыққа қатысты термин сөздерді

теріп жазып, оларға түсіндірме сөздіктің негізінде түсініктеме беріңіздер.

556-тапсырма. Мәтіннің мазмұнымен мұқият танысып, мазмұндаңыздар.

557-тапсырма. Мәтіннің алғашқы екі абзацын орыс тіліне аударыңыздар.