Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ксіби аза тілі, УМК, СТУДДЕНТТЕРГЕ.doc
Скачиваний:
132
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
3.18 Mб
Скачать

Дүниежүзілік тау-кен ісінің даму тарихы

Адам баласының даму тарихы тау-кен ісімен байланысты: күрек пен қайла, балға – бірінші тау-кен ісінің құралдары осы уақытқа дейін тау-кен жұмыстарында қолданылады.

Жердің бетінен барлау жұмыстары жер қыртысына тереңдеген сайын әр жерлерде жаңа технологиялық және техникалық әдістер қолданыла бастады.

Таужыныстарын қопару үшін бірінші атылғыш зат ретінде XIV ғасырда Қытайда оқ дәрі жасалды. Басында оқ дәріні соғыста қолданды, кейін тау-кен саласында қопару жұмыстарында қолдана бастады.

XV ғасырда Европа елдері тау-кен ісінде, Ресейде профессор Зимин жасаған – динамит деген дәріні қолданды.

Оның патентін Нобель сатып алып 50 жыл бойы Европа елдеріне зауытта жасап сатып отырды.

XVIII ғасырда Америкада тау-кен ісі дами бастады.

XIX ғасырда Европа елдерінің қол астындағы Африка, Азия және Австралия мемлекеттерінде тау-кен өндірісі дами бастады.

Қазіргі заманның талабына сай жер қойнауындағы пайдалы қазбаларды өндіруде табиғатты қорғау және жер бетін ежелгі қалпына келтіру мәселелері адамзат тіршілігі саласынан орасан зор орын алатындығы белгілі. Сондықтан, жер қойнауындағы әр түрлі пайдалы қазындыларды қосқабат өндіріп, олардың өндіру және байыту барысында ысырапқа ұшырамауы көзделуге тиіс. Сонымен қатар, су көздерінің сарқылып қалмауы және олардың әр уақытта таза болуы да табиғат қорғау мәселесінен тиісті орын алулары қажет. Бұл мәселенің орасан зор маңызы бар екендігі – өндірілген кен көлемінің жыл сайын 3%-ке аса түсуге кепіл бола алатындығы. Мысалы, IX жер жүзілік халықаралық тау-кен Конгресінің тұжырымы бойынша 1973-1974 ж.ж. аралығында 220-225 млд. АҚШ долларына пайдалы қазындылар өндірілген. Ал X тау-кен Конгресінің есебі бойынша 1979 жылы бүкіл жер жүзінде 450-470 млд. АҚШ долларына пайдалы қазындылар өндірілген.

Сөздік:

дүниежүзілік – всемирный барлау жұмыстары – разведочные

қыртыс – залежь работы

даму – развитие әдістер – методы

тау-кен ісі – горное дело тығыз байланысты – тесно связано

балға – молоток атылғыш зат – вещество взрывчатое

күрек – лопата оқ-дәрі – боеприпасы; заряд ; порох

қайла – кирка қопару – подрывка; выворачивать

6-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Тау-кен ісінде ең алғаш қандай құралдар қолданылды? 2. Жердің бетінен барлау жұмыстары тереңдеген сайын қандай әдістерді қолдана бастады? 3. Тау жыныстарын қопару үшін атылғыш зат ретінде не жасалды? 4. Европа елдерінде тау-кен өндірісі қай кезеңнен дами бастады? 5. Пайдалы қазбаларды өндіруде не мәселе көзделуде? 6. Жер жүзінде кен өндіру қалай дамыған?

7-тапсырма. Мәтіндегі көптік жалғаулы сөздердің астын сызып, олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

Ү л г і: Егер сөздер дауысты және үнді р, й, у дыбыстарына аяқталса, онда: -лар, -лер жалғаулары жалғанады. Мысалы: қазба+лар, қазынды+лар, үй+лер.

8-тапсырма. Мәтіннен тау-кен саласында қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерін теріп жазып, олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Мысалы: жер қыртысы, пайдалы қазындылар, тау-кен ісі, тау жыныстары.

9-тапсырма. Тау-кен саласы бойынша мамандықтарға негізделген терминдердің мағынасын есте сақтаңыздар.

Ірі сепкілді кен крупновкрапленная руда. Сепкілдікті ірі не ұсаққа жатқызу шартты ұғым. Мыс.: қара металл кендерінде бағалы минералдардың ірілігі 10-20 мм, не одан да ірі болып кездеседі де, 1-2 мм болса сепкілдікке жатады. Ал түсті металл кендерінде минерал түйшіктерінің размері 1 мм болса, олар ірі сепкілді кен деп аталады.

Көбікті флотацияпенная флотация. Флотациялау процесінің ең көп тараған түрі.

Аралас кенруда смешанная. Бағалы зат сульфидті және тотықты минералдар түрінде кездеседі. Әдетте мұндай кендердің байытылу дәрежесі жоғары болмайды және әр түрлі процестерді қолдануға мәжбүр етеді.

Кен қаттылығытвердость руды. Ұсату және ұнтақтау процестеріне үлкен әсер ететін кеннің физикалық қасиеті.

Ұсақ сепкілді кентонковкрапленная руда. Кенде бағалы минерал түйіршіктерінің диаметрлері 0,1-0,074 мм-ден төмен болса, онда олар ұсақ сепкілдікке жатады да, мұндай кендер тек флотациялау әдісімен байытылады.

Пайдалы қазбаларды байытудың су-шламды сұлбасы - водношламовая схема обогащения полезных ископаемых. Байыту технологиясының сұлбасында судың қандай операцияларға түсірілетіні және қанша түсірілетіні көрсетіледі.

Зумпф зумпф (на фабрике). Пульпалы өнім бір операциядан екінші операцияға тасымалдау мақсатымен айдағышқа (насосқа) берілу алдында жинағыш сиымдылыққа түседі. Онда пульпа деңгейі бір қалыпта болады да, айдағыштың тұрақты жұмыс істеуіне мүмкіндік жасалады. Зумпф бетоннан не металдан жасалуы мүмкін.

Сөздік:

тотық – окись; ржавчина; коррозия ұсату – колоть

тотық түсті – ржавого цвета айдама желдеткіш – вентилятор

байытылу – обогащаться; обогащение нагнетательный

ұнтақтау – перемалывание ; размельчение

10-тапсырма. Тау-кен мамандығына қатысты төмендегі синонимдес сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Кен жұмыстарының дамуы, кен жұмыстарының өркендеуі, кен жұмыстарының игерілуі, кен жұмыстарының табысты жүргізілуі, кенді шығару, кенді конвейерге тиеп жоғары көтеру, кен институты, тау-кен жоғары оқу орны, кен ісі институты, кен орнын игеру, кен орнын тиімді қазу, кен орнын тасымалдауға дайындау, кен орнын тазалау, кен даярлау жұмыстарын жүргізу.

11-тапсырма. Көп нүктенің орнына көптік жалғауларын қосып жазып, олардың емлесін түсіндіріңіздер.

Тау жыныс...ын қопару үшін бірінші атылғыш зат ретінде XIV ғасырда Қытайда оқ дәрі жасады. Оның патентін Нобель сатып алып 50 жыл бойы Европа ел...іне зауытта жасап сатып отырды. Африка, Азия және Австралия мемлекет...інде тау-кен өндірісі дами бастады. Жер бетін ежелгі қалпына келтіру мәселе...і адамзат тіршілігі саласынан зор орын алатындығы белгілі.

12-тапсырма. Мамандыққа арналған сұхбатты рөлге бөліп оқып, мағынасын меңгеріңіздер. Сұхбатқа берілген сөздікті жаттаңыздар.