Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ксіпшілік геофизика.doc
Скачиваний:
52
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
3.05 Mб
Скачать

№1 ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС

ҰҢҒЫМАЛАРДА ЖҮРГІЗІЛЕТІН ГЕОФИЗИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР

1.1 Жұмыстың мақсаты

Кәсіптік геофизиканың аппаратураларымен және жабдықтарымен, ұңғымадағы геофизикалық әдістерді жүргізу технологиясымен, геофизикалық парметрлерді өлшеу мен тіркеу әдістерімен танысу.

1.2 Кәсіптік геофизика аппаратуралары мен жабдықтарына жалпы түсінік

Ұңғымаларды геофизикалық әдістермен зерттеу ұңғыманың геологиялық қимасын зерттеу үшін, пайдалы қазбаларды анықтау үшін, оның өндірістік құнын бағалау үшін, ұңғыманың техникалық жағдайын анықтау үшін және мұнай мен газ кен орындарының игерілу процессін бақылау үшін қолданылады.

Геофизикалық жабдықтардың көмегімен ұңғымада өнімді қабаттарды ашуға, қабат флюидінен үлгі алуға, аварияға ұшыраған бұрғылау аспабын алуға байланысты күрделі жұмыстар жүргізіледі. Айтылған мәселелерді шешу үшін кәсіптік геофизикада тау жыныстарының электрлік, магниттік, ядролық серпінділік және т.б. қасиеттеріне негізделген геофизикалық әдістер маңызды орын алады.

ҰГЗ кешені ұңғыманы тексеру мақсатына, геологиялық қиманың ерекшелігіне, бұрғылануына және күтілетін геолгиялық мәліметтер сипатына қарай анықталады.

Ұңғымада геофизикалық зерттеулер арнайы құрылғылар көмегімен жүргізіледі. Оларға бір-бірімен байланыс каналы- геофизикалық кабельмен қосылған жер бетіндегі және жер астындағы (ұңғыма ішінде) аппаратуралары, сонымен бірге, жабдықтардың ұңғыма бойымен қозғалуын қамтамасыз ететін көтеріп-түсіргіш механизмі жатады. Бұл құрылғылар автоматты каротаж станциялары деп аталады.

Жер бетіндегі аппаратура- каротаж станциясының лабораториясы деп аталады. Мұнда өлшеуші- ион аппараттары, қорек көздері, бақылау жабдықтары орналасқан. Жер астылық геофизикалық аппараттарға ұңғымадағы әртүрлі физикалық параметрлерді анықтауға арналған өлшеуіш құрылғылар құрамасы жатады. Мәліметтер ұңғымалық жабдықтан жоғарыға геофизикалық диаграмма болып шығады. Мәліметтердің тереңдігі тіркелген аралыққа сәйкес болып, сол аралықтың геофизикалық параметрін көрсетеді.

Кешенделген және жинақталған ұңғыма жабдығы көп каналды телеөлшеуші жүйені қолданудың арқасында, аспапты бір түсіріп-көтеру арқылы бірнеше физикалық параметрлерді тіркеуге мүмкіндік береді.

Ұңғыма жабдықтары жоғары қысымда (120 МПа дейін), температурада (250º), ішкі ортаның химиялық агрессивтігінде ( тұздардың, мұнай мен газ ерітіндісінде) жұмыс істейді. Ұңғыма бойымен қозғалғанда олар механикалық қозғалысқа ұшырайды. Ұңғыма жабдықтарын ұңғыма сағасына көтеріп- түсіру подъемниктің, кабельдің, ілінген және бағыттаушы роликтердің көмегімен жүргізіледі.

Кабельдің түрі мен ұзындығына қарай мөлшері мен конструкциясы әртүрлі лебедкалы полъемникті қолданады. Лебедка подъениктің арнайы металл кузовында орналасқан, ол өздігінен қозғалатын құрылғы. Кабельді көтеріп-түсіру лебедканың көмегімен іске асады. Лебедканың барабаны тежеуішпен қамтамасыз етілген. Қозғаушыдан барабанға келетін беріліс кабельдің көтеру жылдамдығын 40-1000 м/сағ диапазонында өзгертуге және кабельді баяу түсіруге мүмкіндік береді. Подъемниктің лебедканы басқаруға, оның кабелін түсіріп-көтеруге мүмкіндігі бар және онда кабельдің қозғалу жылдамдығын, түскен тереңдңгң мен ауырлығын өлшеуші жабдықтар орналасқан. Сонымен бірге, жарықтық сигнализация мен екі жақты байланыс (бұрғылау мен лаборатория аралығында), кузов пен ұңғыма сағасын жарықтандыратын құрылғы және т.б. геофизикалық зерттеудегі монтаждық жұмыстарды жүргізу үшін әртүрлі жабдықтар орналасқан. Геофизикалық зерттеулер процесінде аспаптың тереңдігі, оның ұңғыма бойымен қозғалу жылдамдығы мен кабельдің ауырлығы туралы мәлімет белгілі болуы керек. Одан басқа, ұңғыма бойымен қозғалған аспаптың тереңдігі, өлшенген геофизикалық параметрлердің қисығы диаграммаға сәйкес келуі керек.

Бұл бағыттаушы және ілінген роликтердің тереңдікті, ауырлықты көрсететін құрылғын қабылдау арқылы іске асырылады.

Блок-баланс кабельді ұңғымаға бағыттаушы және ілінген роликтен тұрады. Олар ұңғыма сағасының үстіне және бұрғы жабдығымен ротор столына қыстырылған құрылғы.

Каротаж станцияларындағы кабельдің қозғалуын бақылаушы барлық аспаптар арнайы бақылау панелінде орналасқан. Олардың негізгі элементтері төмендегіше:

  1. тереңдік санағыш- ондық нумератор;

  2. кабель қозғалысының жылдамдығын көрсеткіш- сельсин-қабылдағыштың валына орналасқан фотодиодты беріліс.

  3. кабельдің ауырлығын көрсеткіш- ауырлық беріліс.

Геофизикалық кабельдер зерттеулерді, ату-жару жұмыстарын және әр тығыздықта, әр құрамда, әр температурада, әр қысымда сұйықпен не газбен толған ұңғымадан тау жыныстарынң үлгісін алу жұмыстарында аспаптарды көтеріп-түсіруге арналған.

Кабель арқылы ұңғыма аспабына қорек беріледі және өлшенген сигналдар жер бетіндегі қабылдаушы аспаптарға беріліп, олар сонда тіркеледі. Сонымен бірге, кабельді ұңғымадағы аспаптың тереңдігін анықтау құралы ретінде қолданылады.