Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ксіпшілік геофизика.doc
Скачиваний:
52
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
3.05 Mб
Скачать

5.3 Тапсырма

1. Акустикалық каротаждың физикалық негізі мен жұмыс істеу принципін оқып танысыңыз.

2. Акустикалық каротаждың түрлерімен танысыңыз.

3. Акустикалық каротаждың қолдану аймағы мен шешетін мәселелерін оқыңыз.

5.4 Бақылау сұрақтары

1. Акустикалық каротаждың жұмыс істеу принципі (сұлбасы) мен қолдану аймағы?

2. Акустикалық каротаждың шешетін мәселелері?

3. Мұнай газ кен орындарында осы әдісті қолданудағы жетістіктері?

6 ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС

КАВЕРНОМЕТРИЯ ЖӘНЕ ПРОФИЛИМЕТРИЯ, ИНКЛИНОМЕТРИЯ ӘДІСТЕРІ

6.1 Жұмыстың мақсаты: Каверномер және инклинометр аспаптарымен, олардың жұмыс істеуінің физикалық негізімен және принципімен танысу.

6.2 Теориялық мағлұматтар

Ұңғымалардың техникалық жағдайын бақылау төмендегі кәсіпшілік- геофизикалық жұмыстарды орындаумен жүреді. Ұңғыманың қисаюын зерттеу, олардың диаметрі мен қима профилін анықтау, шегенделген колоннаның цемент сапасын бақылау, ұңғымаға құйылған ағын аймағын және ұңғыма сыртындағы сұйықтықтың қозғалысын бақылау, шегенделген ұңғыманың ескіруін анықтау.

Ұңғыманың қисаюын өлшеу (инклинометрия)Ұңғымалар геологиялық, геоморфологиялық және басқа да жағдайларға байланысты тік немесе еңісті-бағытталған болып жобаланады. Бұрғылау барысында ұңғыма оқпаны әртүрлі геологиялық және техникалық факторлардың әсерінен жобаланған бағыттан ауытқып, қисаяды. Суретте кеңістіктегі

ұ

1 сурет 2- сурет 3- сурет

1 сурет- Кеңістіктегі ұңғыма оқпанының шын мәнінде орналасу сұлбесы.

2 сурет- Инклинометрдің механикалық бөлігінің құрылысының сұлбасы.

1-подщипник, 2- байланыстырушы сақина, 3- коллектор, 4- магниттік оқтар, 5- баланысиырушы оқтар, 6- сақиналы азимуттық реохорд, 7- ток өткізгіш сақина, 8- ұшы, 9- кернге тайланған рамка, доғал тәрізді.

3 сурет- КИТ инклинометрінің электрлік схемасы.

Rаз, Rуг- азимуттық және бұрыштық шығын, К1- плата, ЭМ- электромагнит, Р- разрядтаушы, R1500 Ом баланстық кедергі, Ш1-Ш4- коллектор щеткасы, ЦЖК- кабельдің орталық желісі, ОК- кабелдің орамы.

1- сурет.

ңғыма оқпанының орны келтірілген. Тереңдіктің белгілі аралықтарында ол ауытқу бұрышы және азимутпен  сипатталады. Ұңғыманың қисаюы туралы мәліметтер оның кеңістіктегі орны мен түбін анықтау үшін, геологиялық қималарды, құрылымдық және басқа да карталарды тұрғызу үшін қажет.

Ұңғымалардың оқпанының қисаюының азимут және зенит бұрыштарын өлшеу үшін КИТ, КИТ-А сияқты магниттік стрелкасы немесе гироскопы бар инклинометр аспабын қолданылады.

КИТ инклинометрі шегенделмеген, температурасы 200С-ге дейінгі және қысымы 65 МПа-ға дейінгі ұңғымада бір- және үш желілі кабельмен жұмыс істеуге арналған. Ол құлау бұрышы 050 диапазонында ±0,5-тан аспайтын қателікпен, ал азимуты 0360 диапазонында , құлау бұрышы 3 болғанда ±4-тан аспайтын қателікпен зерттеу жүргізуге мүмкіндік береді. Инклинометрдің қалыпты жұмыс істеуін қамтасыз ету мақсатында, оны айына бір рет градуирлеп (градуировка) отырады.

Инклинометрдің жұмыс жасау принципі магниттік стрелкаға, отвеске және реохордқа негізделген, өлшенетін аймақтар кедергісі тік оспен аспаптың еңкею бұрышы және азимутына пропорционал

Ұңғыма ішіне түсірілетін аспап ұңғымаға қарама қарсы орналастырады, сондықтан берілген нүктедегі азимут және қисаю бұрышы аспаптың кеңістіктегі жағдайын біле отырып осы нүктедегі ұңғыма осінің бағытын білуге болады.

Кеңістіктегі инклинометр жағдайы ұңғымалық аспаптың ішіндегі рамка, отвес және буссольдардың көмегімен анықтайды