Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ксіпшілік геофизика.doc
Скачиваний:
52
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
3.05 Mб
Скачать

1.3 Ұңғымада кәсіптік геофизикалық зерттеу жүргізудің технологиясы

Ұңғымада кәсіптік геофизикалық зерттеу жүргізудің технологиясына база мен бұрғылаудағы дайындық жұмыстар, аспаптар мен кабельді көтеріп-түсіру, диаграммаларды тіркеу, оларды алдын-ала өңдеу және талдау жатады.

Базадағы дайындық жұмысына: геофизикалық зеттеу жүргізу нарядын алу, жер бетіндегі және жер астындағы аспаптардың жұмысқа дайындығын бақылау, подъемник пен лабораторияны техникалық байқаудан өткізу.

Ұңғымада геофизикалық жұмыстар ұңғыманың техникалық жағдайы геофизикалық жұмысұа дайын болған кезде ғана жүргізіледі.

1.4 Жұмыстың жүргізілуі

1. Ұңғыма сағасынан 25-40 м арақашықтықта подъемникті орналастырады. Лебедка осі көлденең және ұңғыма сағасына перпендикуляр орналастырылады.

2. Подъемниктен 5-10 м қашықтықта лаборатория орналасады.

3. Лебедкадан кабель босатылып, оны ұңғыма сағасына дейін тартып, кабельдің басын жер асты аспабына жалғайды.

4. Бағыттаушы және ілінген роликтерді орналастырады.

5. Подъемник пен лабораторияның қауіпсіздігін сақтау мақсатында жерге қосылады (заземление)

6.Лаборатория мен подъемникті бір-біріне, станцияны қорек көзіне қосады. Лабораторияны тереңдік берілістерге және подъемникке арнайы желі арқылы қосады, ал лабораторияның өлшеуші құралдары мен қорек схемалары кабельге подъемниктің коллекторы арқылы қосылады.

7. Ілінген роликте тереңдік пен ауырлық туралы мәлімет беруші мен магниттік белгі ұстаушы орналасады.

8. Арасынан кабель өткен ілінген роликті бұрғы жабдығы арқылы ұңғыма сағасынан 25-30 м көтереді.

9. ұңғымаға зонд пен тереңдік аспабын түсіргеннен кейін, санағышта көрсеткіштерді орналастырады.

Тереңдік аспаптарын көтеріп-түсіру сақтандыру шараларына сай жүргізіледі.

Геофизикалық параметрлердің өзгеруі

Диаграммаларды тіркеу кабельдің ұңғыма бойымен көтеру арқылы жүреді (тек термометрия түсіргенде жазылады). Жұмыс соңында каротаж диаграммаларын өңдеп талдайды.

Геофизикалық параметрлерді тіркеу әдістері

Тіркеу- өлшенген өлшемдерді материалдық түрге келтіріп, сақтау үшін жүргізілетін символдық мәлімет. Ол аналогты және цифрлі тіркеу болып бөлінеді. Аналогты тіркеу өлшенген өлшемдердің өзгерісін график түрінде (қисық, геометриялық жатыс не кескін түрінде) көрсетеді. Мұның дәл өлшеуге, бөгеттерді ұстаудағы әлсіздігіне және алынған мәліметтерді өңдеп-талдау үшін компьютерге енгізуге байланысты кемшілігі өте көп. Осы кемшіліктердің орнын цифрлі тіркеу толтырады. Цифрлі тіркеу өлшенген өлшемдердің физикалық символдарын цифр не әріп кодымен (қағаз, магнит лентасы не проволка) көрсетеді. Бұл әдістің үлкен артықшылығы- мәліметтерді компьютерге енгізу өте ыңғайлы, автоматизацияны толық қамтып, жұмыс өнімділігін арттырады.

Подъемник пен лабораторияның орналасуы және оның бұрғы қондырғысына қосылуының сыртқы көрінісі:

  1. Лаборатория

  2. Подъемник

  3. Жерге қосу (заземление)

  4. Бұрғы қондырғысы

  5. Ілінген ролик

  6. Кабель

  1. Бағыттаушы ролик

  2. Қорек көзі

  3. Тереңдік датчик

  4. Подъемник кабелі

  5. Коллектор

  6. Ротор

1.5 Лаборатория жұмысы бойынша тапсырма

1. Оқытушының көмегімен жер бетіндегі және тереңдік ұңғыма аспабымен, кабельмен және көтеріп-түсіру жабдығының элементтерімен танысу

2. Әр түрлі маркадағы кабельдердің ерекшелігі

3. Подъемниктің конструкциясы және функциональдық схемасымен танысу

4. Тереңдік датчиктің, ауырлық датчиктің, магнитті белгіұстаушының конструкциясымен және схемасымен танысу

№2 ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС

КӨРІНЕРЛІК КЕДЕРГІ ӘДІСІНІҢ ӘДЕТТЕГІ ЗОНД ӘДІСІ

Жұмыстың мақсаты:

КК зондтарын, олардың құрылымын, белгілерін, жіктелуін, шарттары мен қолдану әдістемесін оқып үйрену. КК зондтарының мәліметтері арқылы қабат шекаралары мен олардың қалыңдығын анықтау.