Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ксіби аза тілі, УМК, СТУДДЕНТТЕРГЕ.doc
Скачиваний:
132
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
3.18 Mб
Скачать

Өндіріс процесі мен тұтыну процесі

Өндіріс процесі бір мезгілде тұтыну процесінің болуын талап етеді. Өндіріс пен тұтынудың байланыста болатынын есепке алып, өнім осы екі кезеңнің динамикасы мен өзара алмасуының нәтижесі деп тұжырымдауға болады.

Егер экономиканы өндіріс пен тұтынудың біртұтастығының нәтижесі деп қарасақ, онда өндіріс пен тұтыну табиғатпен және оның қорларымен байланысы жоқ өзіндік жабық процесс деген ұғым пайда болуы мүмкін. Бірақ бұл жағдай басқаша. Адам өндіріс үшін тұрақты түрде табиғат заттарын алып тұрады және қайтарып қалдықтар тастап отырады. Тұйық жабық экологиялық-экономикалық цикл туындайды. Тұтыну сферасына жетуден бұрын заттар өндіріс сферасында өңдеуден өтуге тиісті.

Егер табиғат заты өңдеуден өтпей тұтынуға жарамды болса, онда ол экономикалық игілік емес категориясына жатады.

Өндіргіш күштер - бұл адам өзінің өндірісіне және тұтынуына бейімдеп қызмет етуге жұмылдырған күштер. Ал адамсыз өндірістің және тұтынудың болуы мүмкін емес. Сондықтан өндіру және тұтыну үшін қолданатын табиғат күштері, адамның өндіргіш күштері болып табылады.

Өндіргіш күштердің ішкі құрылымы болады. Олардың ішінен алдымен өндіріс құралдарын және жұмысшы күшін бөліп атау қажет.

Өндіріс процесінде экономикалық немесе өндірістік қатынастар қалыптасады. Өндіргіш күштер және өндірістік қатынастар тұрақты динамикада болады. Адамдар өздерінің өндіргіш күштерін өзгертіп отырады. Олар өздеріне жаңа технологияларды, жаңа материалдарды және т.б. қызмет еткізеді. Техника, технология және осылардың негізінде қалыптасатын қатынастар, қоғамның және экономиканың даму дәрежесінің индикаторы болып табылады.

470-тапсырма. Сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырыңыздар.

Өндіріс, өңдеу, жарамды болу, игілік, құралдарын, күш, бөліп алу, қатынастар, қалыптасу, өзгерту, қызмет ету, дәрежесі, процесс, талап ету, өзара алмасу, нәтиже, тұжырымдау, қорлары, тұрақты, табиғат заттары, қалдық.

471-тапсырма. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар.

  1. Рынок средств производства. Торговля средства­ми производства – это грандиозный рынок, на котором взаимодействуют между собой непосредственные произ­водители продукции. Все предприятия органически свя­заны друг с другом как поставщики и потребители ма­шин, оборудования, сырья, топливных ресурсов.

472-тапсырма. Мәтін бойынша бір-біріңізге сұрақтар қойып, жауап беру арқылы, сөйлеу тілін жаттықтырыңыздар.

473-тапсырма. Мәтінмен мұқият танысып, мағынасын меңгеріп, мазмұндаңыздар.

474-тапсырма. «Өндіріс факторлары» тақырыбына шығарма жазыңыздар.

Қоғамдық өндірістің негізгі факторлары

Материалдық игіліктерді жасап шығаратын процесс өндіріс деп аталады. Өнім өндірісінде адам табиғат объектеріне әсер етеді, оларға өзінің материалдық қажеттерін қанағаттандыратындай форма береді.

Айтқандай, өндіріс дегеніміз тікелей тұтыну үшін немесе өндірісті әрі қарай жүргізу үшін табиғат заттарын өңдеу болып табылады. Өндірістің осы қызметі оның әлеуметтік формасы қандай болмасын сақталады.

Игіліктерді дайындауға қатысатын факторларды анықтап білу маңызды мәселе болып табылады. Экономикалық теорияда өндірістің мүмкіндігі мен нәтижелілігіне шешуші әсер ететін ерекше маңызды элементті немесе нысанды өндіріс факторлары деп атайды. Өнім өндіруде пайдаланатын осындай факторлар өте көп болады. Және әр жекелеген өнімді өндіруге икемделген өзіндік факторлар болады.

Факторларды бөліп, топтастырудың көптеген әдістері бар. Марксистік теория факторларға жұмыс күшін, еңбек заттарын, еңбек құралдарын жатқызады. Бүлар екі ірі топ құрады: өндірістің жеке факторы- жұмыс күші және өндірістің заттық факторы - еңбек заттары жоне еңбек құралдары болып бөлінеді. Қашан болсын, өндірістің жеке факторына жұмысшы күші яғни адамның еңбекке деген физикалық және интеллектуалдық қабілетінің жиынтығы жатады.

Өндірістің заттық факторына барлық құрал-жабдықтардың жиынтығы жатады.

475-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.

  1. Қандай процесс өндіріс деп аталады? 2.Өндірістің қызметі не?

3.Өндіріс факторлары деп нені атайды? 4. Марксистік теория факторларға нелерді жатқызады? 5. Өндірістің жеке факторы деген не? 6. Өндірістің заттық факторы қалай бөлінеді? 7. Маржиналистік теория өндіріс факторларын қанша топқа бөледі?

476-тапсырма. Мәтінмен мұқият танысып, мағынасын меңгеріп, мазмұндаңыздар.