Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ксіби аза тілі, УМК, СТУДДЕНТТЕРГЕ.doc
Скачиваний:
132
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
3.18 Mб
Скачать

Машина жасау кешені

Машина жасау кешеніне мына салалар кіреді: ауыр, энергетикалық және көліктік машина жасау, станок пен сайман өнеркәсібі, автокөлік, трактор және ауылшаруашылық машиналарын жасау, электротехникалық өнеркәсіп, аспап жасау құрылысы және мұнай қажетіне машина жасау, құрылыс, жол және коммуналдық машина жасау өндірістері.

Қазақстанда машина жасау саласы металл өңдеу және машина жасау деген екі бағытта жұмыс істейді. Негізгі жабдықтар Ресейдің машина жасау зауыттарынан келіп отырған, ал оларды қолданған кезде кішігірім жөндеуден өткізуге, кейбір бөлшектерді өзгертіп, жаңалау қажеттігін өтеуге арнайы цехтар, шеберханалар кейде кішігірім зауыттар ұйымдастырылған. Бұлар негізінде темірден жасалатын бұйымдар, ыдыстар және басқа да халықшаруашылығына қажетті жеңіл-желпі тауарлар жасау болған.

Республикада машина жасау саласында ең алда келе жатқан ауылшаруашылық, ауыр және электротехникалық машина жасау өндірістері. Бұлар «Қазақсельмаш», Павлодар трактор зауыты, Алматының «Поршень» зауыты, «Ақтөбесельмаш», «Манкентживмаш», АЗАМ (АЗТМ), Қарағандының машина жасау зауыты, Өскеменнің конденсатор, Кентаудың трансформатор, Шымкенттің «Электроаппарат», «Семейкабель», Алматының төменгі вольт аспаптар, Үштөбенің жөндеу-механика, Солтүстік Қазақстан облысындағы Булаев тәжірибе-сынау зауыттары. Осылармен қатар құрал-жабдық жасайтын «Ақтөберентген», Өскемен мен Көкшетаудағы зауыттарды, құрылыс, жол және коммунальдық машиналар жасайтын, Кентаудың экскаватор, Тараздың құю-механика зауыттарын атауға болады.

Республика халықшаруашылығының мұқтажын өтеу үшін жан-жақты дамыған машина жасау кешенін құрған жөн, себебі қазір негізгі қажетті машиналарды, жабдықтарды, механизмдер мен қосалқы бөлшекткрді сырт елдерден тасымалдап халықтың талап-мүдделерін қамтамасыз етеміз.

558-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Машина жасау кешеніне қандай салалар жатады? 2. Қазақстанда машина жасау салалары қандай бағытта жүреді? 3. Қазақстанда қандай машина жасау өндірістері бар? 4. Машина жасау кешені дегеніміз не?

559-тапсырма. Төмендегі сөз және сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Қазақстан, мұнай, машина, өнеркәсіп, экономика, кешен, аспап, қосалқы бөлшектер, қамтамасыз ету, дамыған, ауылшаруашылық, жол.

560-тапсырма. Мәтіндегі тәуелдік жалғауында тұрған сөздердің астын сызып, олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

561-тапсырма. Мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріңіздер.

1. Аққу көлін аңсайды, Адам туған жерін аңсайды.

2. Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.

3. Істегенің еліңе жақсы, үйренгенің өзіңе жақсы.

4. Көп жасаған білмес, көпті көрген білер.

5. Ердің атын еңбек шығарады.

15-апта. 45-тәжірибелік сабақ.

III. Аралық бақылау жұмысы.

Қорытынды бақылау.

2.2. СОӨЖ т а қ ы р ы п т а р ы

Тапсырмалардың тізімі мен түрлері

№ Ап-та

Жұмыстың түрі

Жұмыстың тақырыбы

Баға-лау пай-ызы

1

2

3

4

1-апта

Реферат

1. Тау-кен ісінің көршілес салалармен

байланысы ( геология, байыту және

металлургия істерімен).

2. Кен машиналарының құрамы, олардың

топтастырылуы .

3. Ашық және жерасты қазбалары.

4. Кен орындарының ашу тәсілдерін таңдау,

анықтау.

100%

2-апта

Реферат

1. Экскаватормен тау жыныстарын ашу

технологиясы.

2. Қазақстан Республикасы жер қоры

санаттары мен жерді пайдаланудың

сипаттамасы.

3. Жер кадастрының құрамдық бөліктері,

олардың принциптері.

4. Карьерлерді жобалау құрылысындағы және

қайта жөндеудегі маркшейдерлік

жұмыстар.

100%

3-апта

Реферат

1. Металлургия ғылымының негізін салушы

металлург ғалымдар.

2. Жезқазған мыс комбинатының тарихы.

Бүгіні мен ертеңі.

3. Қазақстан Республикасындағы түсті

металлургия өндіріс орындары.

4. Металлургиялық кәсіпорындар.

5. Қазақстанның қазба байлықтары.

100%

4-апта

Реферат

1. Геологиялық процестерді зерттейтін

ғылымдар.

2. Геологияның даму тарихы.

3. Геологиялық зерттеу жұмыстарының

әдістері.

4. Геологияның халық шаруашылығындағы

маңызы.

5. Жер қыртысының құрамын зерттейтін

ғылымдар.

100%

5-апта

Реферат

1. Полиграфия өндірінің технологиясы.

2. Қазақстан баспагерлері мен

полиграфистері.

3. Басу формасын жасау технологиясы.

4. XX ғасырдың басында пайда болған баспа

бөліктері.

100%

6-апта

Реферат

Лл

1. Ақпараттық жүйенің маңыздылығы.

2. Алғашқы электрондық есептеуіш

машиналары.

3. Қазақстандағы байланыс жүйесінің дамуы.

4. Радиотехниканың дамуы.

100%

7-апта

Реферат

1. Ақпараттың ғұмырлылығы және оның

ерекшелігі.

2. Информатика әлемі.

3. Электрондық пошта байланысы.

4. Компьтердің даму тарихы.

100%

8-апта

Реферат

1. Ақпараттық мәдениет.

2. Телекоммуникация.

3. Ақпараттық жүйе мен ДК-дің

айырмашылығы.

100%

9-апта

Реферат

1. XIX ғасырдағы мұнай саласының

зерттелуі.

2. Д.И. Менделеевтің мұнайдың химиялық

қасиеттерін зерттеу арқылы ашқан күрделі

жаңалықтары.

3. Академик И.М. Губкин есімінің мұнай-газ

кен орындарымен байланысы.

4. М.В. Ломоносовтың мұнайдың пайда

болуы жөніндегі дәлелдемелері.

100%

10-апта

Реферат

1. Маңғыстау мұнайлы өлкесінің зерттелуі.

2. Мұнай газдарының түрлері және олардың

айырмашылықтары.

3. Мұнай құрамына кіретін заттар.

4. Жер қойнауындағы кен орындарының

түрлері.

100%

11-апта

Реферат

1. Сәулет өнері және оның зерттелуі.

2. Түркі дәуіріндегі сәулеттік құрылыс

өнерінің дамуы.

3. XX ғасырдағы сәулет өнері: Тәуелсіздік

монументі; Медеу мұз айдыны.

4. Имарат құрылыстары: Қазақстан қонақ үйі;

Сумен жабдықтау.

100%

12-апта

Реферат

1. Архитектура ғылымының зерттейтін

салалары.

2. Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің салыну

тарихы.

3. Ғимараттарға жататын құрылыстар.

4. Құрылыс материалдары өнеркәсібінің

дамуы.

100%

13-апта

Реферат

1. Қазақстандағы экономиканың дамуы.

2. Меншік және экономикалық жүйе.

3. Өндіріс және оның ерекше формалары.

4. Нарықтық қатынастар, олардың мәні,

қызметтері, құрылымы.

100%

14-апта

Реферат

1. Экология ғылымының қалыптасу

кезеңдері.

2. Экологияның адам өмірінде алатын орны.

3. Қазіргі экологияның даму кезеңдері.

4. Экологиялық мәселелерді шешудегі

халықаралық шарттар.

100%

15-апта

hhhhh Реферат

1. Қазақстандағы машина жасау

технологиясының даму тарихы.

2. Машина жасау өндірісінің түрлері мен

типтері.

3. Машина жасаудағы өндірістік және

технологиялық процестер.

4. Технологиялық базаларды таңдау.

100%