Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ксіби аза тілі, УМК, СТУДДЕНТТЕРГЕ.doc
Скачиваний:
132
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
3.18 Mб
Скачать

Қазақстандағы баспалардың қысқаша тарихы

Қазақстанда кітап шығару ісі 1918 жылдан басталады. 1918 жылдың қазан айында Орда қаласында баспа бөлімі құрылып, онда қазақ және орыс тілдерінде газеттер, қазақша журнал, парақшалар, кітапшалар, үндеулер басылып тұрған.

Қазақ АССР-інің Орталық Атқару Комитеті 1920 жылдың 3-қарашасында «Қазақтың мемлекеттік баспасын құру туралы Декрет» қабылдады. 1922 жылдары Қазақстанда 29 баспахана жұмыс істеді.

1931 жылы Қазақстандағы баспа ісін қайта құру туралы қаулы қабылданды. Бұл қаулы бойынша Қазақтың мемлекеттік баспасы (ҚазГосиздат) құрылды. Ол елдегі қоғамдық өмірдің түрлі салаларын қамтып саяси әдебиеттер шығарған орталық баспаға айналып, жергілікті жерлерде өзінінің бөлімдерін құрды. Бұл баспаның аты кейіннен «Қазақстан» болып өзгерді. «Қазақстан» баспасы 1991 жылы өзінің 60 жылдық торқалы тойын атап өтті.

1946 жылы Қазақ ССР Ғылымдар Академиясының баспасы құрылды. Бұл – қазіргі ғылымның түрлі саласындағы зерттеу еңбектерін шығарып жүрген «Ғылым» баспасының түп негізі.

1971 жылы Қазақтың оқу-педагогикалық баспасы (ҚазОГИЗ) құрылды. Кейіннен бұл баспаның аты көп жылдар «Мектеп» болып тұрды да, 1990 жылдан бастап «Рауан» болып өзгерді. Бұл баспа еліміз мектептерін оқу әдебиеттерімен қамтамасыз етіп келеді. Қазір қайта «Мектеп» деп аталады.

1950 жылдан бері Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы (Қазмемкөркемәдеббас) поэзиялық, прозалық, әдеби сын, драматургиялық, сатиралық, фантастикалық кітаптарды жарыққа шығара бастады. Кейінірек оның аты «Жазушы» болып өзгерді.

1968 жылы Қазақ Кеңес энциклопедиясы Бас редакциясының баспасы құрылды. Оның Бас редакторы болып әр жылдары академик М.Қ, Қаратаев, ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі Р.Н. Нұрғалиев қызмет атқарды.

Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің газет-журнал баспасы 1974 жылы құрылған. Кейіннен аты – «Дәуір» баспасы болып өзгерді.

1976 жылы Творчестволық жастармен жұмысты жақсарту туралы қаулы шыққаннан кейін, «Жалын» баспасы құрылды. «Жалын» жасөспірімдер мен жастарға арналған әдебиеттерді шығарып келеді.

«Өнер» баспасы – өнердің түрлі салаларын қамтитын әдебиеттерді шығарып келеді. Жаңадан құрылған «Білім» баспасы жоғары оқу орындарына, колледждер мен училищелерге қоғамдық және жаратылыстану ғылым салалары бойынша оқулықтар мен оқу құралдарын шығарады.

210-тапсырма. Төмендегі сөздерді дәптерлеріңізге көшіріп жазып, олардың аудармасын есте сақтаңыздар.

  1. Тарихтағы ақтаңдықтар – белые пятна истории

  2. Ақиқатын ашып берген – раскрывшие правду

  3. Тамаша зерттеулер – прекрасные исследования

  4. Оқу құралдары – учебные пособия

  5. Тәуелсіз баспа – независимое издательство

  6. Мемлекеттік сыйлық – государственный приз

  7. Сыйлықтың иегері – обладатель приза

  8. Ірі баспа – крупное издательство

  9. Құрылтайшылар – учредители

  10. Меншікті иелену – принимать частную собственность

  11. Тендр жарияланды – объявлен тендр

  12. Мемлекеттік баспа – государственное издательство

  13. Жекеменшік баспа – частное издательство

211-тапсырма. Жоғарыдағы сөз тіркестерін пайдаланып, олармен бес сөйлем құрастырыңыздар.

212-тапсырма. Баспалар туралы берілген мәтінмен мұқият танысып, олар туралы мәлімет алыңыздар.

Арнайы тоқталатын баспалардың бірі – 1991 жылы құрылған «Ана тілі». Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру саясатын жүргізу мақсатында құрылған.

Гуманитарлық бағыт ұстанған «Санат» баспасының шығарған өнімдері жоғары деңгейде орныдалып жүр. «Санат» баспасы тарихтағы ақтаңдақтар ақиқатын ашып берген тамаша зерттеулер мен оқу құралдарын, монографияларды шығаруды да дәстүрге айналдырды.

Қазақстандағы жекеменшік, тәуелсіз баспалардың бірі «Атамұра» баспасы 1992 жылы наурыз айында құрылған. Бұл баспаны Мемлекеттік сыйлықтың иегері, тарих ғылымдарының докторы, профессор, журналист, қоғам қайраткері Мұхтар Құл-Мұхаммед мырза басқарып келді. Баспаның ісі жыл сайын оңға басып, ірі баспа корпорациясына айналды. Бұған қоса «Алматы полиграфиялық комбинаты» Атамұра иелігіне көшті.

Белгілі бір министрліктердің және мекемелердің қарауна жататын салалық баспа- лар да жоқ емес. Оларға қаржы министрлігінің «Қаржы-Қаражат», Әділет министрлігінің «Жеті жарғы», Қазақ статистикалық басқармасының баспаларын жатқызуға болады.

1992 жылы құрылған «Балауса» баспасы балаларға арналған суретті кітаптар шығаруды қолға алды.

Республикадағы діни әдебиеттерді шығаратын, діни күнтізбелер мен діни журнал, кітаптарды басатын «Ислам әлемі» баспасы тұрақты түрде жұмыс істей бастады.

Сонымен Қазақстанда неғұрлым танылған жиырмадан астам баспалар жұмысына қысқаша шолу жасап өттік. Ал соңғы ресми деректерге жүгінсек, елімізде 500-ден астам кітап баспалары бар екен.

Құрылтайшыларына және меншікті иеленуіне қарай баспалар мемлекеттік және жекеменшік болып екі үлкен топқа бөлінеді.

Қазіргі кезде Мәдениет және ақпарат министрлігінің жүйелі жүргізіліп отырған жұмысы негізінде көптеген мемлекеттік баспаларға тендер жарияланды. Сөйтіп, мемлекеттік баспалардың көбі дерлік жекеменшік баспаларға айналатын күн алыс емес сияқты.

213-тапсырма. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардағы ашылған баспалардың жұмысы туралы сабақ барысында талқылаңыздар.

5-апта. 15-тәжірибелік сабақ

214-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын түсініңіздер.

215-тапсырма. Мәтіндік түпнұсқаларды сабақ барысында талқылаңыздар.

216-тапсырма. Суреттік түпнұсқалар төңірегінде пікірталас ұйымдастырыңыздар.