Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ксіби аза тілі, УМК, СТУДДЕНТТЕРГЕ.doc
Скачиваний:
132
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
3.18 Mб
Скачать

Мұнай мен газдың халық шаруашылығындағы маңызы

Мұнайдың шаруашылықтағы маңызын халық ерте кездерден-ақ жоғары бағалаған. Оны “жер майы”, “асыл май”, “тау майы” деп құрметпен атаған.

Қазіргі дәуірде мұнайды және одан алынатын әртүрлі құнды өнімдерді қолданбайтын өндіріс немесе ауыл шаруашылық салалары кемде-кем.

Мұнайдан алынатын өнімдер мыналар: жанар май (отын); мұнай майлары; парафиндер, церезиндер, вазелиндер; мұнай битумдары; жарықтандырғыш керосиндер; еріткіштер; басқа мұнай өнімдері (кокс, күйе консистентті майлайтын майлар, мұнай қышқылдары және т.б.).

Бензин, керосин, т.с.с. сан-алуан түрлі жанар және жағар майлардың мұнай айыру зауыттарында жоғары температурада қыздыру, т.б. әдістер арқылы алынатыны бәрімізге мәлім. Бұл өнімдер болмаған жағдайда жер үстінде жүретін, суда жүзетін, ауада ұшатын сан алуан механизмдер мен машиналардың қозғалысы не болмаса, космос корабльдерінің ғарышқа самғауы мүмкін емес еді.

Мұнай- қуатты және арзан отындардың қатарына жатады. Тас көмірмен салыстырғанда оның қызуы әлдеқайда артық.

Сондай-ақ, мұнай тектес газдың да қуаты күшті. Газ күлінен резина, машиналардың дөңгелектері, пластмасса т.б. көптеген өмірге керекті заттар шығарылады.

Мұнай тектес газдардан алынатын шайырлардан пластикалық масса, жасанды дәрі-дәрмектер, фотография пленкалары және қысымға шыдамды сынбайтын әйнектер ,т.б. жасалады.

Медицинада аурулардың кейбір түрін емдейтін құнды әрі қымбат дәрі-дәрмектер осы мұнайдан бөлініп шығарылған “ақ майдан” жасалады.

Мұнай мен газдан алынатын сан түрлі химиялық, т.б. заттардың шегіне адам баласы әлі де болса жете қойды деп айтуға болмайды, оның шегі жоқ екені шындық. ғылым мен техниканың бұдан былай да дами түсуіне байланысты мұнай мен газдан алынатын пайдалы заттардың саны да арта беретіні сөзсіз.

356-тапсырма. Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыздар.

Бензин, керосин, т.с.с. сан-алуан түрлі жанар және жағар майлардың мұнай айыру зауыттарында жоғары температурада қыздыру, т.б. әдістер арқылы алынатыны бәрімізге мәлім. Бұл өнімдер болмаған жағдайда жер үстінде жүретін, суда жүзетін, ауада ұшатын сан-алуан механизмдер мен машиналардың қозғалысы, не болмаса космос корабльдерінің ғарышқа самғауы мүмкін емес еді. Мұнай – қуатты және арзан отындардың қатарына жатады. Тас көмірмен салыстырғанда оның қызуы әлдеқайда артық.

357-тапсырма. «Құнды, кемде-кем, мәлім, самғау, тектес, шегіне жету» сөздерінің мағынасын түсіндіріңіздер.

358-тапсырма. Мұнай өндірісіне байланысты қандай көркем шығармаларды білесіздер? Оқығандарыңызбен ой бөлісіңіздер.

359-тапсырма. Жоғарыдағы мәтіннен жатыс, шығыс, көмектес септіктерінде тұрған сөздердің астын сызыңыздар.

360-тапсырма. Төмендегі сөздіктің аудармасын есте сақтаңыздар.

халық шаруашылығының маңызы жөнінде әңгімелесіңіздер.

халық шаруашылығы – народное хозяйство

маңызы – смысль, суть

қыздыру – нагреть, нагревать

ғарышқа самғауы – полет в космос

қуатты – сильный, мощный

арзан – дешево

күлінен – из золы

шегі жоқ – нет предела

дами түсуіне – с развитием

сөзсіз – безусловна

361-тапсырма. Сөйлемдерді етістіктің болымсыздық формасына қойып, көшіріп жазыңыздар.

Газ күлінен резина, машиналардың дөңгелектері, пластмасса т.б. көптеген өмірге керек заттар шығарылады. Мұнай – қуатты және арзан отындардың қатарына жатады. Мұнай мен газдан алынатын сан түрлі химиялық, т.б. заттардың шегіне адам баласы жете қойды деп айтуға болады. Мұнайды тасымалдау мен ауыстырып тиеуге арналған жаңа қуаттар салынды.

362-тапсырма. Сөйлемдерден келер шақ қатегориясының жұрнақтарын тауып, олардың түрлерін ажыратып, жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

Қазақстан әлемдегі мұнай өндіруші жетекші елдер қатарына кіруді көздемек. Жер үстінде жүретін, суда жүзетін, ауада ұшатын сан алуан механизмдер мен машиналардың қозғалысы, космос корабльдері ғарышқа самғамақ. Кәсіпорын қызметкерлері маңайдағы елге қатер тудырмайтын тәсілдерді қолданар. «ҚазТрансОйл» АҚ қоғамы кәсіпорындарды басқару құрылымын оңтайландырып, инвестициялар тартпақ. Алғашқы геофизикалық жұмыстар мен айналмалы бұрғылау станоктары арқылы жұмысты алға бастырар.

10-апта. 29-тәжірибелік сабақ

363-тапсырма. Мәтінді өздеріңіз білетін мәліметтермен толықтырыңыздар.

364-тапсырма. Мәтіндегі түсініксіз сөздердің сөздігін жасаңыздар.

365-тапсырма. Мәтінмен мұқият танысып, мазмұндаңыздар.

Мұнай мен газды өңдеу

Мұнай мен газды өндіруді дамытумен қатар, өңдеу өнеркәсібі де құрылуда. Қазіргі уақытта республикада 3 мұнай өңдеу және 4 газ өңдеу зауыттары жұмыс жасайды.

Қазақстандағы отын-энергетика өнеркәсібінің мұнай-газ өңдеу саласы 40 -жылдардың ортасынан бері қалыптасып келеді. Тұңғыш құрылған Атырау мұнай өңдеу зауыты 1945 – 1960 жылдар аралығында Түрікменстан, Татарстан, Башқұртстаннан тасып әкелінетін мұнайды өңдеген. Зауыт мұнай өнімдерімен Қазақстанның батыс облыстарын қамтамасыз етіп отыр.

Өнімділігі жөнінен Қазақстандағы ең қуатты – Павлодардың мұнай өңдеу зауыты. Шымкенттің «Мұнайоргсинтез» зауыты елдің оңтүстік-шығыс бөлігін мұнай өнімдерімен қамтамасыз етеді. Өнімділігі бойынша екінші орында. Зауыт жылына 6 млн.т. мұнай өңдейді. Өңдеу тереңдігі 59 %.

Қазақстанда таза газ өңдеумен айналысатын Қазақтың газ өңдеу зауыты 1973 жылдан бастап істейді. Ол Жаңаөзен қаласында орналасқан.

Ақтөбе облысының Жаңажол газ өңдеу зауыты 1984 жылдан бері күкіртті ілеспе мұнай газын өңдейді. Жылына 2,0 млн. т. мұнай, 0,8 млрд. мЗ газ дайындайды.

Батыс Қазақстан облысында «Қарашығанақ» кешені бар. 1991 жылдан бері Теңіз газ өңдеу зауыты іске қосылды.

366-тапсырма. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударып, мәнерлеп оқыңыздар.

Наряду с развитием добычи нефти и газа в республике создана и развивается отрасль, осущестляющая переработку нефти и газа, производящая различные виды топлива и углеводородного сырья. Павлодарский НПЗ самое мощное по производительности нефтеперерабатывающее предприятие в Казахстане. Казахский газоперерабатывающий завод в городе Жаңаөзен является чисто газоперерабатывающим заводом.

367-тапсырма. Сөздердің аудармасын есте сақтаңыздар.

отынның түрі виды топлива

көмірсутегі шикізаты углеводородного сырья

энергетика өнеркәсібі энергетический профиль

өңдеу переработка

қалыптасу формируется

тұңғыш первенец

өнімділігі жөнінен для удовлетворения потребности

ең қуатты самое мощное

қамтамасыз етеді обеспечивает

даму развитие

газ өңдеу газоперерабатывающий

таза чисто

өндіру добыча

368-тапсырма. Сөйлемдердегі көп нүктенің орнына төмендегі берілген сөздерді мағынасына қарай дұрыс орналастырыңыздар.

Қазақстандағы отын-энергетика өнеркәсібінің мұнай-газ өңдеу саласы 40 жылдардың ортасынан бері .... Зауыт жылына 6 млн.тонна ... Мұнай мен газды өндіруді дамытумен қатар, өңдеу өнеркәсібі де ... Қазақтың газ өңдеу зауыты Жаңаөзен қаласында .... Ол ... мұнай газын өңдейді.

Тірек сөздер: Күкіртті ілеспе, қалыптасты, жұмыс істейді, орналасқан, мұнай өңдейді.

369-тапсырма. Жақшаның ішіндегі сөз және сөз тіркестерін аударып, оларды тиісті формаға қойыңыздар.

Өнімділігі жөнінен Қазақстандағы (самое мощное) – Павлодардың мұнай өңдеу зауыты. Мұнай мен газды өндіруді дамытумен қатар, (переработку) өнеркәсібі де құрылуда. Қазақстанда (газоперерабатывающий) айналысатын Қазақтың газ өңдеу зауыты 1973 жылы бастап істейді. Қазақстандағы (виды топлива) энергетика өнеркәсібінің мұнай-газ өңдеу саласы 40 жылдардың ортасынан бері қалыптасып келеді.

370-тапсырма. Мәтіннен ашық райда тұрған сөздердің астын сызып, олардың қай шақта тұрғанын ажыратыңыздар.

371-тапсырма. Сөйлемдерден шартты райда тұрған сөздерді тауып, олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

Барлаудың қорытындысы бойынша белгілі бір нәтижелерге жетсе, онда мұнайды пайдаланудың экономикалық тиімділігі анықталады. Мұнай мен газды өндіруді дамытумен қатар, өңдеу өнеркәсібі де құрылса, республикада мұнай өңдеу және газ өңдеу зауыттары жұмыс жасайды. Түрікменстан, Татарстан, Башқұртстаннан тасып әкелінетін мұнайды өңдесе, Қазақстанның батыс облыстарын қамтамасыз етуге болады.

10-апта. 30-тәжірибелік сабақ

372-тапсырма. Мәтіннің мағынасын меңгеріп, мазмұндаңыздар.

373-тапсырма. Мәтіндегі түсніксіз сөздердің сөздігін жасаңыздар.

374-тапсырма. Мұнайды тасымалдаудың өзіңіз таңдаған бір түріне мәтін құрастырыңыздар.

Мұнай және газ өнімдерін тасымалдау

Мұнай тек экономика емес, ол сонымен бірге үлкен саясат та. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстанның геосаяси мүддесі көп ретте мұнайды тасымалдау жолдарын таңдауда шешуші рөл атқарды.

Мұнай скважиналарының өнімі – мұнай, газ және жерасты қабатының суынан тұрады. Мұнай мен судың қуатты араласуынан көбінесе қоспа-эмульсия түзіледі. Мұнай мен газды жинау, тасымалдау және бір-бірінен ажырату үшін көптеген қызметтер атқарылады.

Мұнай және мұнай өнімдерін қашық жерлерге жеткізу үшін теміржол, су көлігі, құбыр жолы және автокөлік қолданылады. Кейбір жағдайларда олар ұшақпен және тікұшақпен тасылады.

Су көлігімен (теңізбен, өзенмен) ішкі мұнайды және мұнай өнімдерін (бензин, керосин, дизель отынын, мазутты, т.б.) өздігінен жүретін (танкерлер) және өздігінен жүрмейтін (лихтерлер, баржалар) типтегі кемелермен тасиды.

Автокөлікпен мұнай өнімдері ірі мұнай базарларынан ұсақ мұнай базаларына, әрі қарай тұтынушыларға жеткізіледі. Бұл ретте өнімдер автоцистернамен, сол сияқты ұсақ ыдыстармен тасылады.

Мұнай және мұнай өнімдерін құбырмен өте көп мөлшерде және кез-келген қашықтыққа тасымалдауға болады.

375-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Мұнай қандай жолдармен тасымалданады? 2. Тасымалдану

ерекшеліктеріне тоқталыңыз? 3. Мұнай тұтынушыларға қалай жеткізіледі?

4. Мұнай өнімдеріне нелер жатады.

376-тапсырма. Төмендегі анықтаманың мағынасын меңгеріп, ондағы негізгі және туынды етістіктердің астын сызыңыздар.

Газ тасымалдау жүйесі – тұтынушыларды газбен қамтамасыз етуге арналған, өзара байланысқан газқұбырлары және оларға жалғасқан құрылыстардың жиынтығы. Құрамына газқұбырлары – қосқыштар, таратқыштар, жеткізгіштер, компрессор станциялары кіреді.

Газотранспортная система – совокупность взаимосвязанных газопроводов и сопутствующих им сооружений, предназначенных для обеспечения газом потребителей. В состав газотранспортной системе входят: магистральные газопроводы и распределительные газопроводы – перемычки, отводы, подводы, компрессорные станции.

377-тапсырма. Берілген сөз және сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Газ ұңғысы (газовая скважина), жерасты қоймасы (подземное хранилище), пайдалану (эксплуатация), бұрғылау (бурение), отын газы (топливный газ), газдық күкірт (газовая сера), табиғи газ (природный газ).

378-тапсырма. Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыздар. Олардың қай шақта тұрғанын ажыратыңыздар.

Мұнай тасымалы алыс дайындалған мұнайды мұнай кәсіпшіліктерінде өңдеу және тұтыну орындарына жеткізіп беру. Мұнай тасымалы құбыржелілік, теміржолдық, теңіздік, өзендік және автомобильдік түрлерімен атқарылады. Мұнай мен газды жинау, тасымалдау және бір-бірінен ажырату үшін көптеген қызметтер атқарылады. Автокөлікпен мұнай өнімдері ірі мұнай базарларынан ұсақ мұнай базаларына, әрі қарай тұтынушыларға жеткізіледі. Мұнай және мұнай өнімдерін қашық жерлерге жеткізу үшін теміржол, су көлігі, құбыр жолы және автокөлік қолданылады.

379-тапсырма. Етістіктің тұйық формасында тұрған сөздерді өткен шақ формасына айналдырып жазыңыздар.

Тасымалдау, сақтау, орналастыру, жинау, дайындау, жобалау, игеру, бұрғылау, өндіру, бұрғылау.

380-тапсырма. Мұнай мен газдың тасымалдану жолдарын сызба арқылы көрсетіңіздар.

381-тапсырма. Сөйлемдердегі етістіктердің жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

Іздеу жұмыстары бірнеше кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде жер бедерінің жалпы геологиялық көрініс картасы жасалады. Екінші кезеңде геофизикалық және геохимиялық зерттеулер жасалады. Үшінші кезеңде скважиналарды тереңдеп қазу басталады.

Білгенге маржан!!! Біліп алыңыздар!

1911 жыл көкек айының 29 күні Доссор алаңында тәулігіне 13 мың тоннадан, 225 – 226 м. тереңдіктен ең алғашқы рет Қазақстан аумағында өндірістік маңызы бар мұнай-газ фонтаны атқылады.

1912 жыл – Ембі ауданында Стахеев, Нобель, т.б. қатысуымен “Ембі” мұнай қоғамы құрылды.

1915 жыл – Ембі ауданында екінші болып Мақат мұнай-газ кен орны ашылып, одан мұнай өндіріле бастады.

11-апта. 31-тәжірибелік сабақ

382-тапсырма. Мәтіннің мазмұнымен танысып, мағынасын түсініңіздер.

383-тапсырма. Мәтінге сұрақ-жауап құрастырыңыздар.

384-тапсырма. Мәтіндегі термин сөздермен жұмыс жасаңыздар.

385-тапсырма. Мәтінді өздеріңіз білетін мәліметтермен толықтырыңыздар.