Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ксіби аза тілі, УМК, СТУДДЕНТТЕРГЕ.doc
Скачиваний:
132
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
3.18 Mб
Скачать

Билл Гейтс және оның компаниясы

Билл Гейтс – әлемдегі бай адамдарының ішінде ең байы, жасы жағынан ең жасы. Жеке байлығы 100 млдр. долларды құрайды. Әкесі – адвокат, анасы – мектеп мұғалімі болған. Лейксайд жекеменшік мектебінде оқыған. Осында компьютерге деген қызығушылығы артады. Ол кезде жеке компьютерлер болмағандықтан, ғылыми орталықтардағы үлкен ЭЕМ-дарда жұмыс жасау уақыты ақша тұратын. «Болашаққа жол» кітабында «Біз Поль Алелен екеуіміз қарапайым программа жасаудан бастадық. Оқушы үшін әр жазда 500 доллар табу үлкен қаржы еді» - деді.

Сонау 1974 жылы американдық MITS фирмасы Altair 8800 шағын қондырғысын шығарды. Кейіннен бұл әлемде алғашқы жеке компьютерлер болып саналды. Ол Гарвард университетінің бірінші курсында оқитын Билл Гейтстың программасы – программистер үшін құралмен (Бейсик тілінің интерпретаторы) жабдықталды. Бұл Гейтс үшін әлі күнге дейін үлкен мақтаныш. Осы арқылы ол бірінші болып нарық әлемінде өзі қалаған күрделі тірлікке сәтті қадам жасады.

Алғашқы жетістікпен қанаттанған олар екінші курстан оқуларын тастап, компаниясын құрады. Altair компьютері алғашқы шыққаннан кейін арада төрт жылда Microsoft Бейсик программасы жеке компьютерлердің 23 үлгісіне жұмыс жасай бастады. Осының бәрі Гейтстың мектептегі жобалары еді.

IBM-ның сенімін алған соң енді кезек күттірмей операциялық жүйе жасау керек. Бұл үшін операциялық жүйемен айналысатын инженер Тим Паттерсон дегеннен дайын жобаларды сатып алады. Мұның бәрі IBM-ның «тұңғышы» саналатын MS-DOS көпшілік үшін IBMPS-DOS операциялық жүйесі жарыққа шығардан бір ай бұрынғы тірлік еді. Осы отыз күн Гейтстің табандылығы мен фирмадан 60 инженердің «ми шабулының» нәтижесі еді. Арада бірер жыл өтеді. Гейтстің фирмасы енді операциялық жүйе жасауда «көгілдір алып» IBM-ның өзін басып озады. Олардың жүйесі ондаған миллион компьютерді іске қосады, сұраныс күн сайын арта түседі. Осылайша, Microsoft операциялық жүйе жасау жөнінен әлемде жетекші ролге ие болады.

Гейтстің жетістіктерінің сыры, оның өз тауарын стандартқа айналдыруында жатыр. Сонда ол тауар өзін қайта-қайта сатып отырады. Гейтс қолдануға ыңғайлы, жан-жақты жетілдірілген жүйенің компьютерлер үшін үнемі қажет болатының дер кезінде бағалай білді. «Бір үйреніп алған тұтынушы өзгені қажетсінбейді (немесе өзгені қолдана алмайды)». Ол ұстанған бағыт осы болды.

302-тапсырма. Төмендегі сөздермен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Жекеменшік,құрайды, қызығушылық, қаржы, қондырғы, нарық, жоба, жүйе, жетістік, тауар, тұтынушы, бағыт.

303-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Б.Гейтстың жеке байлығы қанша доллар құрайды?

2. Ата-анасы кім болған?

3. Б.Гейтс қандай мектепте оқыған?

4. MITS фирмасы не шығарды?

5. Б.Гейтс қандай университетте оқыды?

6. Қандай жүйе жасау жөнінен жетекші ролге ие болды?

304-тапсырма. Мәтіннен кейінді ықпалға әсер ететін сөздерді көшіріп жазыңыздар.

305-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін қолданып, шағын мәтін құрастырыңыздар.

Бай адам, жеке байлық, ЭЕМ-да жұмыс жасау, университетте оқу, операциялық жүйе, алғашқы жетістік, программа жасау, компания құру, Б.Гейтстың әке-шешесі

306-тапсырма. Суретке қарап, өзара әңгімелесіңіздер.

307-тапсырма. Мәтінге жоспар құрып, мәтінді жоспар бойынша әңгімелеп беріңіздер.

308-тапсырма. Мәтіннің мазмұнын өздеріңіз білетін мәліметтермен толықтырыңыздар.

309-тапсырма. Мәтін мазмұнының негізінде сөйлемдерді толықтырыңыздар.

1. Осында компьютерге деген .......... артады. 2. Гейтстың ........ сыры, оның өз тауарын стандартқа айналдыруында жатыр. 3. Арада ........ жыл өтеді. 4. Кейіннен бұл ........ алғашқы жеке компьютерлер болып саналады. 5. MITS фирмасы шағын......... шығарды. 6. Осының бәрі Гейтстың мектептегі ........ еді. 7. Бұл Гейтс үшін әлі күнге дейін үлкен......... . 8. Б.Гейтс қолдануға ....... жүйенің компьютерлер үшін үнемі қажет екенін бағалай білді.

310-тапсырма. Берілген бақылау сұрақтарымен өздік жұмысын дайындаңыздар.

Бақылау сұрақтары:

  1. Компьютер қауіпсіздігі дегеніміз не?

  2. Компьютерлік жүйенің ең әлсіз жері?

  3. Не жаман: ақпаратты жоғалту ма, әлде жабдықты жоғалту ма?

  4. Сенің ақпаратқа қатынасын бар немесе жоқ екендігін компьютер қалай ажыратады?

  5. Ақпаратты компьютерлік жабдықтан дискетаға көшіруді не қорғайды?

  6. Ақпаратты ұрланудан қорғау үшін қандай шаралар қолданылуы мүмкін?

  7. Программисттің компьютерлік оператор да болуы керек пе?

  8. Компьютерлік индустрия қорғау программаларынсыз және құпияланбай қауіптілікте болуы мүмкін бе?

  9. Қандай вирустарды білесіз?

8-апта. 23-тәжірибелік сабақ

311-тапсырма. Мәтінмен мұқият танысып, мазмұнын меңгеріңіздер.

312-тапсырма. Мәтіннің бірініші абзацына сұрақ-жауап құрастырыңыздар.

313-тапсырма. Мәтіннің қалған абзацтарына жоспар құрып, жоспар бойынша әңгімелеп беріңіздер.

Электрондық пошта

Электрондық пошта жұмысы кәдімгі тұрмыстағы поштаға ұқсас болғандықтан, оның жұмыс істеу принциптерін меңгеру тұтынушылар үшін аса көп қиындықтар туғыза қоймайды. Оның негізгі айырмашылығы – физикалық заттар (хат, бандероль, посылкалар) емес, ақпараттық мәліметтер, бейнелер жөнелтіледі. Бұл – байланысқа бірқатар шектеулер қоя отырып, электрондық алмасудың кәдімгіге қарағанда бірқатар айырмашылықтары бар екендігін білдіреді. Осы себепті де электрондық поштаны планетаның бүкіл аймағында бар пошталық қызметтің баламасы (альтернативі) деп қарастыруға болмайды. Тек байланыстың бір түрін басқасымен толықтыру деп айтуға болады.

Электрондық пошта географиялық адрестеуді қолданбайды. Электрондық поштаның адресі төменгідей түрде болады:

Тұтынушы_ аты @домен_ аты (мысалы, intkaz@ok.kz) «@» символы – тұтынушы аты мен домен атын айырып тұратын белгі. Орыс тілінде мұны көбінесе күшік (собачка) деп атайды, ал ағылшынша - «аt» дейді, біздің мысалымызда «ok.kz» доменінде «intkaz» тұтынушы аты.

Электрондық пошта қызметі өзімізге таныс «клиент-сервер» принципі бойынша жұмыс істейді. Тұтынушы компьютерінде оның электрондық пошталық жәшігі тіркелген пошталық сервермен үнемі байланыс жасап отыратын клиенттің пошталық программасы (мысалы Outlook Express) орнатылған. Байланыс сеансы кезінде тұтынушыларға жөнелтуге дайындалған корреспонденцияларды жөнелту және тұтынушы компьютеріне келген (кіріс) корреспонденциялары қабылдау әрекеті орындалады. Бұдан кейін байланыс сеансы аяқталып компьютерлер бір-бірінен ажыратылады. Тұтынушы хаттарды құру және келген поштамен атқаратын жұмысты сол клиенттік программа көмегімен Интернетке қосылмай-ақ атқара алады.

314-тапсырма Мәтіннен мағынасы түсініксіз термин сөздерге түсіндірме сөздіктің негізінде анықтама беріңіздер.

315-тапсырма. Сөздерді сөз таптарына ажыратыңыздар.

Көп, хат, бұл, осы, мұны, сол, әрбір, бірнеше, ешқандай, екінші, қабылдау,

жөнелту, немесе, кейбір, өзіңіз.

316-тапсырма. Көп нүктенің орнына сөздерді мәтіннен тауып, тиісті орындарына қойыңыздар.

1. Пошталық қызмет кез келген жағдайда сіздің хатыңыз ....... жоғалып кетпейтіндей етіп жасалған. 2. Дербес компьютерлерге арналған пошталық программалар поштаны ......... және .......... үшін әр түрлі хаттамаларды қолданылады. 3. Электрондық пошта ...........адрестеуді қолданбайды. 4. Оның негізгі айырмашылығы – физикалық заттар емес, ........ мәліметтер, бейнелер жөнелтіледі. 5. Электрондық пошта ......... өзімізге таныс клиент-сервер принципі бойынша жұмыс істейді. 6. Бұдан кейін ........... сеансы аяқталып компьютерлер бір-бірінен ажыратылады. 7. Тұтынушы .......... құру және келген поштамен атқаратын жұмысты сол клиенттік программа көмегімен Интернетке қосылмай-ақ атқара алады. 8. Сіздің ........... жөнелту әрекеті бірнеше күнге дейін қайталанады. 9. Егер бірнеше сағаттан кейін әрекет ........... болса, сізге хабарламаның көшірмесі жазылған бірінші ескертпе мәлімет келеді. 10. Бұл ескертпе .......... ақпараттық сипатта болады, сізден ешқандай әрекет талап етілмейді.

317-тапсырма. Жалғаудың түрлерін анықтаңыздар.

Принциптерін, поштаны, хаттамаларды, серверлердің, провайдеріңізден, кмпьютеріңізге.

318-тапсырма. Суреттерге тақырып қойып, әңгіме құрастырыңыздар.

319-тапсырма. Сөзжұмбақты шешіңіздер.

1. Бір-бірімен өткізгіш сымдармен, кабельмен және телефон арқылы байланыстырылған көптеген компьютерлер. 2. Компьютерік желі арқылы алмасу жүйесі. 3. Бір-біріне жақын орналасқан компьютерлерді біріктіретін компьютерлік желі. 4. Өзіне қосылған желідегі басты компьютерлерге қызмет көрсетеді және басқарады. 5. Бір-бірінен қашық, түрлі мектептерде, қалаларда, мемлекеттерде орналасқан көптеген компьютерлерді біріктіретін желі. 6. Компьютерлерді телефон желісі арқылы қатыстыруға мүмкіндік беретін құрылғы. 7. Әрқайсысы басқаларының қорларын қолдана алатын тең құқы бар компьютерлерді біріктіретін компьютерлік желі. 8. Дүние жүзіндегі ең үлкен компьютерлік желі дамыған мемлекеттің 500 000 компьютерін байланыстырады.

320-тапсырма. Электрондық пошта мен кәдімгі поштаның ұқсастығы және айырмашылығы неде? Жауап беріңіздер.

ҰҚСАСТЫҒЫ АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ

1................................................ 1..................................................

2................................................ 2..................................................

3................................................ 3..................................................

4................................................ 4 ................................................

8-апта. 24-тәжірибелік сабақ.

Аралық бақылау жұмысы.

9-апта. 25-тәжірибелік сабақ

321-тапсырма. Мәтінді өздеріңіз білетін мәліметтермен толықтырыңыздар.

322-тапсырма. Мәтінмен мұқият танысып, мағынасын меңгеріп, мазмұндаңыздар.

323-тапсырма. Мәтіннен түсініксіз сөздерді теріп жазып, оның сөздігін жасаңыздар.

МҰНАЙ-ГАЗ ІСІ САЛАСЫ

* * * * *

Мұнай мен газ көздерінің