Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ксіби аза тілі, УМК, СТУДДЕНТТЕРГЕ.doc
Скачиваний:
132
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
3.18 Mб
Скачать

Металлургия саласының зерттелуі

(жалғасы)

1748-1795 жылдары Н.П.Соколов бірінші рет балқытылған металдардың күкіртпен әрекеттесуін зерттеп, олардың өзіне тән әртүрлі қасиеттері бар екендігін дәлелдеген. Академик Г.И.Гесс 1802-1850 жылдарда химиялық реакциялардан бөлініп шыққан жылудың сақталуына байланысты термохимия мен термодинамика заңдарын ашты. Жалпы химия мен химиялық термодинамика негізі Гиббстің, Ванг-Гоффтың, Гельмгольцтің және Ле-Шательенің жұмыстарында кең өріс алып дамытылды.

1834 жылы М.Фарадей металдарды электролизбен өндіруге болатындығын дәлелдеді. Осыған байланысты қазіргі кезде көп металдар осы тәсілмен өндіріледі. Орыстың ұлы ғалымы Д.И.Менделеев 1869 жылы көптеген зерттеудің нәтижесінде элементтердің периодтық заңын ашты. Бұл сол кездегі дүниежүзіндегі химия саласындағы жетістіктердің бірі болып есептеледі. Д.И.Менделеевтің жасап берген элементтер системасы осы уақытқа дейін өзінің күшін жойған жоқ, қайта ары қарай дами түсуде.

Сөздік:

балқыту – литье; расплавить

күкірт – сера; спички

әрекеттесу – взаимодействие

жылу – теплеть; потеплеть; тепло; теплота

жетістік – достижение; успех; успешность

115-тапсырма. Төмендегі сұрақ-жауапты рөлге бөліп оқып, мағынасын меңгеріңіздер.

С ұ х б а т

  • Д.И.Менделеев кестесіндегі 107 химиялық элементтердің қаншасы металдарға жатады?

  • Осы кездегі Д.И.Менделеев кестесіндегі 107 элементтердің 80-нен астамы металдарға жатады.

  • Оның қаншасы сирек кездесетін металдар тобына кіреді?

  • Оның ішіндегі 40-тан астамы сирек кездесетін металдар тобына жатады.

  • Металдар ненің қатарына жатады, ал қалыпты жағдайда олардың атомдарында қандай байланыс болады?

  • Металдар жай заттардың қатарына жатады, ал қалыпты жағдайда олардың атомдарында металдық байланыс болады.

  • Бұл байланыс олардың несін көрсетеді?

  • Бұл байланыс олардың физикалық және химиялық қасиеттерінің ұқсастығын көрсетеді.

116-тапсырма. Мәтінмен танысып, металдар туралы айтылғандарды есте сақтаңыздар. Мәтінге сұрақ-жауап құрастырыңыздар.

Металдарға жалпы тән қасиетке олардың токты және жылуды өткізгіштігі, металдық жарқылы, соғылғыштығы жатады. Атомдар мен иондар кристалда белгілі бір тәртіппен орналасып, металға тән металдық кристалды тор түзеді. Металлургия саласында көп компонентті металдар алынады, мысалы, металдар, олардың құймалары, металл керамикасы және композиттер.

Біздің елдің өндірістік структурасына сәйкес металдар мынадай топтарға бөлінеді:

1. Қара металдар. Бұл топқа: темір, марганец, ванадий, хром және осы металдардың қосылыстары жатады.

2. Түсті металдар. Бұл топтағы металдар олардың технологиясына байланысты төмендегідей топтарға бөлінеді.

Түсті металдардың техникалық классификациясы

1. Ауыр металдар. 5. Сирек жер металдары.

2. Жеңіл металдар. 6. Радиоактивті металдар.

3. Шашыранды металдар. 7. Асыл металдар.

4. Баяу балқитын металдар.

117-тапсырма. Түсті металдардың топтастырылуын меңгеріп, есте сақтаңыздар. Олар туралы өздеріңіз білетін мәліметтерді қосып, мазмұндаңыздар.

Сирек кездесетін шашыранды металдардың (германий, галлий, индий, таллий, селен, теллур) басқа металдарға қарағанда ерекшелігі - олардың табиғатта шашыранды түрінде кездесетіндігі, өз минералдарының және кен орындарының жоқтығы. Сондықтан оларды өндіру күрделі жұмыс. Яғни бұл металдарды шикізаттардан алдын ала байыту керек. Сондықтан олар полиметалдық концентраттарды өңдегенде, ерітіндіде, қалдықта және шаңда жиналады.

Ал сирек кездесетін баяу балқитын металдардың (вольфрам, молибден, тантал, ниобий, цирконий) табиғатта өздерінің минералдары мен кен орындары бар. Олардың рудаларын байыту арқылы концентраттарын алып, содан соң металдарды өндіреді.

Сөздік:

шашыранды – брызги

байыту – обогащать; обогащение

өңдеу – обработка; обрабатывать; починка

ерітінді – раствор

қалдық – остаток; излишек; отход; отброс

өндіру – производить; вырабатывать; добывать

118-тапсырма. Пирометаллургия, гидрометаллургия процестері туралы берілген түсініктемені оқып, меңгеріп, ауызша айтып беріңіздер.

Материалдарды қыздыру мен балқыту аса жоғары температуралық пештерде жүргізілетін процестерді пирометаллургиялық (көне грек сөзі «пир» - от деген мағынаны білдіреді); ал су ерітінділеріндегі процестерді гидрометаллургиялық («гидро» - су деген мағынада) деп атайды.

Гидрометаллургиялық процестер суда, ерітінділерде, қышқылды, сілтілі немесе тұзды орталарда 1000 температурадан төмен жағдайда жүзеге асырылады. Қазіргі кезде аппараттарда жоғары температура мен қысымның күшімен жүргізілетін гидрометаллургиялық процестер кең өріс алып отыр. Оны - автоклавтық әдіс деп атайды.

Түсті металлургияда металдарды алу пирометаллургиялық және гидрометаллургиялық процестер комбинациясынан тұратын аса күрделі технологиялық схемалар арқылы жүзеге асырылады.

Сөздік:

балқыту – литье; расплавить

қыздыру – нагревать; греть; накаливать; возбуждать

сілті – щелочь

қысым – давление; напор; натиск; стеснение

жүзеге асыру – осуществить; претворить в жизнь

119-тапсырма. Төле би атынан айтылған толғаудағы шартты райда тұрған сөздердің астын сызып, олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

Толғау

Жаңбыр жаумаса, жер жетім, Балаң жақсы болса,

Басшысы болмаса, ел жетім. Жан мен тәннің шырағы.

Ұқпасқа айтқан сөз жетім ... Әйелің жақсы болса,

Атың жақсы болса, Бірінші – иманың,

Ер жігіттің пырағы. Екінші – жиғаның,

Үшінші – ырысыңның тұрағы ...

(Төле би)

120-тапсырма. Төмендегі сөз және сөз тіркестерімен шартты рай формасында сөйлемдер құрастырыңыздар.

Тыңдау, сауатын ашу, шешен болу, көзге түсу, шақыру, кеңесші болу, көріну, тығыз байланысу, сақталу, суреттеу, білімді болу.

121-тапсырма. Мәтіннен бірнеше етістікті теріп жазып, оларды бұйрық райдың болымсыз түріне қойып, сөйлемдер құрастырыңыздар.

Ү л г і: Ғылым таппай мақтанба, орын таппай баптанба, құмарланып шаттанба.

3-апта. 8-тәжірибелік сабақ

122-тапсырма. Төмендегі берілген мәтінді мұқият оқып, мағынасын меңгеріңіздер.

123-тапсырма. Мәтінді өздеріңіз білетін деректермен толықтырыңыздар.

124-тапсырма. Мәтіннен бес етістікті теріп жазып, оларды бұйрық рай формасында жіктеңіздер.

Ү л г і : Меңгеру (тұйық етістік). Меңгер+гі+м келіп тұр (осы шақ); меңгер+гі+м келді (жедел өткен шақ); меңгер+гі+м келеді (келер шақ).

125-тапсырма. Мәтіннен он етістікті теріп жазып, оларды қалау райға айналдырыңыздар.

126-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ-жауап (сұхбат) құрастырыңыздар. Сөздікті жаттаңыздар.

Ү л г і :

– Қазыбекті кім би етіп тағайындады?

– Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің Бас биі етіп

тағайындады.