Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ксіби аза тілі, УМК, СТУДДЕНТТЕРГЕ.doc
Скачиваний:
132
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
3.18 Mб
Скачать

Экономикалық дамудың жалпы негіздері

* * * * *

Өндіріс және оның ерекше формалары

Тарихи дамудың барлық сатысында адамзат қоғамында материалдық игіліктер болады. Олар – адамның өмір сүру үшін қажетті тамақ, киім, тұрғын үй және басқалар. Адамдардың өмір сүруіне қажет заттар өндірілуге тиісті. Бұлар өндіріс процесінде жасалады.

Өндіріс – бұл қоғамның дамуына қажетті материалдық игіліктер мен қызметтер істеу мақсатымен табиғат заттарына адамның ықпал ету процесі. Бұл процестің дамуы жабайы өнімдер өндіруден өте күрделі техникалық жүйелер, өзгерістер, икемді кешендер, есептеу машиналар өндірістеріне дейін ұзақ мерзімді қамтиды. Өндіріс процесінде игіліктер мен қызметтер жасау тәсілдері және түрлері өзгеріп қоймайды, осымен бірге адамның өзінің өнегелілігі дамып жетіле түседі.

Өндіріс процесінде экономикалық өсудің бастапқы негізі қалыптасады. Бұл жалпыұлттық масштабтағы дамуда басты экономикалық көрсеткіштердің біреуіне айналады. Сонымен, коғамның қандайында болмасын өндіріс түбінде қажеттіктерді қанағаттандыру үшін қызмет етеді. Қажеттіктер - бұл жеке адамның, әлеуметтік топтардың немесе тұтас қоғамның тіршілік іс-әрекеттерін қолдауға және орындау үшін керек.

Бастапқыда, алғашқы қауымдық қоғамда, адамдардың тіршілік әрекеттерінің барлығы материалдық өндірісті дамытуға жұмсалған. Адамзат қоғамының және өндірістің келесі сатыларында интеллектуалдық қажеттіктер пайда болады, тұтыну көлемі өсті, оның кұрылымы күрделене түсті, адамдардың тұрмыс деңгейі жоғарылады. Жетілген, жоғары дамыған индустриалдық өндіріс жағдайында, адамзат қалыптасқан қажеттіктерінің: материалдық, рухани және әлеуметтік, барлық түрлерінің елеулі дәрежесін қанағаттандыруға мүмкіндік алды. Қоғамдық ұжымдық әрекеттегі әлеуметтік қажеттіктердің өсуі қоғам прогресін көрсетеді.

Сөздік:

өндіріс – производство икемді – гибкий

тұрғын үй – жилье өзгеру – измениться

қызмет – услуга қызмет ету – служить

өзгеріс – изменение қажеттіктер – необходимости

ұжымдық әрекет – коллективная деятельность

материалдық игіліктер – материальные ценности

өндіріс процесі – производственный процесс

экономикалық өсу – экономический рост

437-тапсырма. Төмендегі сөз және сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыздар.

Материалдық игіліктер, өндіріс, қызмет көрсету, тұрғын үй, тамақ, қызмет, даму, мақсат, күрделі, жүйе, өзгеріс, икемді кешен, жабайы өнімдер, тәсіл, түр, өсу, жалпыұлттық, көрсеткіш, қажеттілік, қанағаттандыру, жеке адам, әлеуметтік топ, тұтас қоғам, адамзат қоғамы, саты, тұтыну, көлем, рухани, әлеуметтік, адамның тұрмыс деңгейі, мүмкіндік, ұжымдық әрекет, дәреже.

438-тапсырма. Термин сөздердің мағынасын есте сақтаңыздар.

Қажеттіктер – бұл жеке адамның, әлеуметтік топтардың немесе тұтас қоғамның тіршілік іс-әрекеттерін қолдауға және орындау үшін керек.

Өндіріс – бұл қоғамның дамуына қажетті материалдық игіліктер мен қызметтер істеу мақсатымен табиғат заттарына адамның ықпал ету процесі.

Қоғамдық ұжымдық әрекеттегі әлеуметтік қажеттіктердің өсуі қоғам прогресін көрсетеді.

439-тапсырма. Берілген сөздермен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Өзгеру, даму, қолдау, қызмет ету, орындау, өсу, күрделену.

440-тапсырма. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар

Одна из важнейших проблем экономической теории и практики — это проблема выбора. Оптимальный вы­бор - это одна из ключевых стадий процесса принятия экономических решений. Он заключается в выборе луч­шего варианта хозяйственного решения из набора воз­можных вариантов экономического поведения.

Бақылау сұрақтары: 1. Материалдық игіліктер дегеніміз не? 2. Өндіріс сөзіне түсініктеме бере аласыз ба? 3. Материалдық өндіріс пен индустриалдық өндіріс туралы айтып беріңіздер. 4. Қажеттілік дегеніміз не?