Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ксіби аза тілі, УМК, СТУДДЕНТТЕРГЕ.doc
Скачиваний:
132
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
3.18 Mб
Скачать

Дүние жүзіндегі және Қазақстандағы қазіргі экологиялық мәселелер

Ең басты мәселенің бірі – жер шарындағы халық санының артуы. Жер шарындағы халықты азық-түлікпен, жылу энергиясымен, киім-кешекпен, т.б. материалдық жағдайлармен қамтамасыз ету үшін қаншама табиғат ресурстары қажет. Ғылыми-техникалық прогрестің дамуы қоршаған орта жағдайын нашарлатып, адамдардың денсаулығына орасан зор зиян келтіруде.

Әлемдік экологиялық мәселелердің ішіндегі ең қауіптілерінің бірі - биосфераның ластануы. Адамның табиғатты өзгертуге байланысты іс-әрекеттері ғаламшардағы тіршілік үшін қауіп тудыратын өзгерістерді тудыратын деңгейге жақындады. Апатты құбылыстар бүкіл ғаламшардың ырғақты тепе-теңдігін бұзып, дүниежүзілік климаттың өзгеру қаупін туғызуда. Мысалы, адам Қарабұғазкөлді Каспий теңізінен топырақ қамалы арқылы бөліп, теңіз деңгейінің төмендеуін тоқтатқысы келді. Кейіннен, 25-30 жыл өткен соң Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі шығанақпен байланысты еместігі, оның жердің эволюциялық даму заңына тәуелді екені айқындалды.

Қазақстанда соңғы жылдары Каспий теңізі деңгейінің көтерілуі және Арал теңізі мен Балқаш көлі деңгейінің төмендеуі жалпы ауа райына, фауна мен флораның қалыпты тіршілігіне зиян келтіруде.

1970 жылы Балқаш көліне құятын Іле өзенінің орта ағысы тұсынан Қапшағай су электр станциясының салынуы Іле – Балқаш су алабының экологиялық жағдайын шиеленістіріп жіберді. Қапшағай су қоймасы өзінің ауқымын кеңейтіп, мыңдаған гектар табиғи жайылымдар мен тоғайлар су астында қалды. «Қызыл кітапқа» енген ағаштар жойылып, көптеген аңдар мен әнші құстар саны азайып кетті.

Қазақстанның экологиялық жағдайы табиғатты тиімді пайдалану, көркейту және қорғау мен қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүйелі әрі ғылыми негізде, кешенді тұрғыда жүргізуді қажет етеді.

509-тапсырма. Төмендегі сөздердің мағыналарын түсіндіріңіздер.

Арту, қамтамасыз ету, зиян келтіру, ластану, қауіптілерінің бірі, тәуелді болу, шиеленістіру,тиімді пайдалану.

510-тапсырма. Екі топқа бөлініп, Қазақстандағы қазіргі экологиялық мәселелердің бүгіні мен ертеңі жайлы пікірталас ұйымдастырыңыздар.

511-тапсырма. Мәтіндегі сөздердің синонимдерін табыңыздар.

1. Мәселе 3. Көркейту 5. Әлемдік 7. Ластану

2. Қауіпті 4. Деңгей 6. Тіршілік

512-тапсырма. Мәтін бойынша берілген бақылау сұрақтарына жауап

дайындаңыздар.

1. Дүниежүзілік экологиялық мәселелерге не жатады? 2. Экологиялық

мәселелердің туындау себебі неде? 3. Каспий, Арал теңіздерінің мәселелері туралы не білесіздер? 4. Экологиялық мәселелерді шешудің қандай жолдары бар?

513-тапсырма. Мәтіндегі негізгі ой түйінін тауып, сұрақ дайындап, өзара пікір алмасыңыздар.

Табиғат – тәңірдің сыйы

Табиғатқа саяхат кезінде көпшілігіміз орман саясына барып демалып, тынығатынымыз белгілі. Бізді орман алқабына тартатын қандай күш? Ол –орман ауасының тазалығы, ондағы сайраған құстар үні, алуан түрлі ағаштар, жемістер мен жидектер, жұпар иісті шөптер мен гүлдер, ондағы сылдырап аққан өзен суының жарастығы және тағы басқа тіршілік. Орман саясына келгенде біз өзімізді ерекше сезінетінбіз, ұзақ жұмыс күндері мен оқудан қажыған кездерімізден лезде-ақ арылатынымыз аян. Біз орманға келгенде өзімізді тек қонақ ретінде ғана емес, орманның қожасы, мәпелеп күтуші иесі ретінде сезінгеніміз жөн. Сонда ғана біз орманның бар игілігін тиімді пайдалана аламыз, оның келешекте де біздің саялы ормандарымыздың бірі болып қала беруіне мүмкіндік жасаймыз. Өкінішке орай, қазір де жастардың тынығып қайтқан жерлерінде кездесетін сынған ағаш бұтақтары, ағаш қабығына ойып жазылған әріптер, үйілген қағаз, қалбыр, тағам қалдықтары, шыны-шөлмектер орманды жақсарту мен жасартуға бағытталған шаралар болмаса керек. Мұндай тұтынушылық әдеттен мүлде арылмайынша, біз орманның берерін, оның эстетикалық ләззаттын барынша пайдалана алмаймыз. Сондықтан да, жас дос орман алқаптарында өткізетін сенің әр күнің, әр сағатың бұл байлыққа қамқорлықпен қарап, оның бар игілігін өзің және басқалар да көретіндей мақсатқа жұмсалғаны жөн.

514-тапсырма. «Жиырма бірінші ғасырдың жеткіншегі қандай болу керек?» деген тақырыпта пікірталас ұйымдастырып, мақала жазыңыздар.

515-тапсырма. Табиғат, жыл мезгілдеріне байланысты мақал-мәтелдер жазыңыздар. «Көктемнің әр күні жылға азық», «Сәуір болмай, тәуір болмас» сияқты тақырыптарға сұхбат құрастырыңыздар.

14-апта. 42-тәжірибелік сабақ

516-тапсырма. Мәтінмен мұқият танысып, мағынасын меңгеріңіздер.

517-тапсырма. Мәтіннен қандай ақпарат алдыңыздар? Сабақ барысында талқылаңыздар.

518-тапсырма. Мәтінді мағынасына қарай екі мағыналық бөліктерге бөліп, әр бөлігіне тақырып қойыңыздар.

519-тапсырма. Мәтінде берілген негізгі ойды (ақпаратты) орыс тіліне аударыңыздар.

520-тапсырма. Мәтіннен мамандыққа қатысты термин сөздерді теріп жазып, оларға түсініктеме беріңіздер.